Материалдар / Қазақстан тарихы пәні бойынша "Қасым ханның қасқа жолы"

Қазақстан тарихы пәні бойынша "Қасым ханның қасқа жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәні бойынша "Қасым ханның қасқа жолы" бойынша Қасым ханның өмірбаяны, заңдары жазылған
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі

Қасым хан және «Қасым ханның қасқа жолы» атты әдет-ғұрып заңдары

Мақсым Динара Алмасбекқызы,

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі,

тарих пәнінің оқытушысы


Аннотация


В статье уделяется внимание своду законов хана казахского народа – Касым хана «Светлый путь Касым хана» основанная на правилах обычаев и традиции. Этот период остался в истории как период рацвета Казахского народа.

Annotation

In the article, it is addressed to the problem of famous Kazakh khan Kassym khan and his laws collection «Kassym khan path of light», based on customs and traditions rules. This period remained in the heyday of the Kazakh Khanate

Қасым хан – Керей ханның немере інісі Жәнібектің ортаншы ұлы. Қазақ хандығы Қасым ханның билігі кезінде шарықтай түсті. Алғашында Керей ханның баласы, тақ иесі Бұрындық ханның атты әскеріне қолбасшылық етті. Бұрындық хан көз жұмбай тұрып-ақ таққа Қасым хан отырды. Қасымның хан сайлануымен билік Жәнібек ұрпағына ауысады. Қасым көптеген шайқастарда ерлігімен көзге түскен батыр, тапқыр қолбасшы болды. Ол хандық құрған 1511-1522 жылдары қазақ қоғамы жоғары сатыға көтеріліп, ең қуатты мемлекетке айналды. Ханның басты мақсаты бейбіт өмір кешу болатын.

Көршілес рулар мен тайпалар Қасым ханның атақ-даңқын, кемеңгерлігін естіп, өз еріктерімен келіп қосылып жатты. 1514 жылы Моғолстан билеушісі Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығая түсті. Осылайша хандықтың шекарасы оңтүстігінде Сырдарияға дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың едәуір бөлігін, солтүстік-батысында Жайық өзені аңғары мен солтүстік шығысында Ұлытау және Балқаш көлінен өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін кеңейді.

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық дерлік қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті. Қасым ханның қол астындағы халық саны миллионға жетті. Еуропаның бірнеше елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты.Жан-жақты білгірлігінің, саясаткерлігінің арқасында 1516-1517 жылы Мұхамед Шайбанидың әскерін тас-талқан етіп жеңіп, Оңтүстік Қазақстан аумағы үшін шайбанилықтармен талас-тартыста басымдыққа жетті. Қасым хан қалың қол жинап, Ташкентке жорыққа шықты. Сүйініш қожа хан әскерімен Ташкент түбінде болған шайқаста Қасым хан жарақаттанып, кейін шегінді. Қасым хан 1518 жылы (кей деректерде 1523/24 жыл) Сарайшық қаласында қайтыс болды.

Қасым хан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасым ханның қасқа жолы» деп енген өзі дайындаған Дала заңының көмегімен ел басқарды. Бұл қазақ ұлтында тұңғыш жасалған заң еді.

Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:

1. Қасым ханның билігі тұсында Керей мен Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;

2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;

3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарады, рөлі артты;

4. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейдтін.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығының едәуір нығайғанына қарамастан, ол орталықтандырылған мемлекет ретінде әлсіздеу болды. Өйткені ол, Қасым хан қайтыс болғаннан кейін бірден байқалды. Қазақ сұлтандары мен феодалдарының оқшаулануы айқын аңғарылып, өзара қырқыс басталды. Қасым хан өлген 1520 жылдардың басынан, оның ұлы Хақназар билікке келген 1538-ші жылдар аралығы, Қазақ хандығының тарихында «Уақытша әлсіреу кезеңі» деп аталатындығы соның айғағы.

Үлкенге бағыну дәстүрін ұстанған нағыз дала ұлы ретінде Қасым әкесінің үлгісі бойынша бастапқыда барлық жағынан Бұрындық ханға бағынып, оған бас иіп жүреді. Бірақ, 1511 жылы Бұрындық ханның Мұхаммед Шайбани ханмен болған кезекті соғысынан кейін, Қасым хан барлық жауапкершілікті өз қолына алады. Яғни, хандық билікті басқаруды Бұрындық ханнан тартып алды. Сөйтіп, бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісіне айналды.

Міне, осылайша Қасым ханның тек Қазақ хандығының тарихында емес, бүкіл Дешті Қыпшақ, Мауереннахр, Жетісу және тіпті Шығыс Түркістанға аты шыққан аса құдіретті билеуші болғандығына көз жеткіздік.

Қасым ханның қолбасшылық дарыны, ХҮІ ғасырдың басында Сыр өңірі және ондағы қалалар үшін Мұхаммед Шайбани ханға қарсы күресте ерекше көзге түсті. Осы кезеңде өзбектердің қазақтарға жасаған төрт жойқын жорықтарында, Мұхаммед Шайбани ханға көбіне Қасым сұлтан қарсы әрекет етті. Мұхаммед Шайбанидың 1510 жылы жасаған оңғы жорығында нақ сол Қасым сұлтанның әскерінен ойсырай жеңілді. Дарынды қолбасшылығы, соғыс ісін шебер пайдалануы арқасында, Түркістан уәлаятының оңтүстіктегі ең шеткі нүктесі Сайрам қаласы Қазақ хандығының қрамына өтіп, Қасым ханның билік ету аясы бүкіл Оңтүстік Қазақстанға берік орнықты.

1514 жылы бүкіл Жетісу аймағының да Қазақ хандығының құрамына өтуі, Қасым ханның тұсында орын алды. Осының барлығы, әлбетте, Қасым ханның көреген билеуші, құдіретті хан және дарынды қолбасшылығының арқасы екендігіне күмән тудырмаса керек. Байқап отырғанымыздай, тәуелсіз Қазақстан Республикасының территориясының аумағы нақ сол Қасым ханның билігі кезінде қалыптасты.

Қазақ халқының алғашқы заңдарының бірі Қасым ханның билігі тұсында, яғни ХҮІ ғасырдың басында өмірге келген «Қасым ханның қасқа жолы» атты әдет-ғұрып заңы болды. Ол туралы қазақтың ауыз екі әңгімелерінде аздаған мәліметтер кездесіп қалатыны болмаса, өкінішке орай осы заңдық актінің жазбаша түрі бізге жеткен жоқ. Дегенмен кейбір зерттеуші-ғалымдардың пікірлерінше, ол бес бөлімнен тұрады:

  1. Жекеменшік нормаларын реттейтін құқық;

  2. Әскери істерге байланысты құқық нормалары (міндеткерлік, әскери қосындарды құру принциптері, әскери олжаларды бөлісу);

  3. Қылмыстық құқық нормалары;

  4. Халықаралық құқық нормалары және елшілік этикет турасында;

  5. Қауымішілік және қауымаралық міндеткерлік қатынастары .

Академик Әлкей Марғұлан «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарын орта ғасырлық Қыпшақ, Шағатай ұлыстарында қолданылған «Ярғу» заңынан алынған, қазақша «Жарғы» деген ұғым береді деп есептеді. Бұл ұғымның түпкі мәні – «жару», яғни нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл, әділ һәм тура айтудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұхарасы ардақтап «қара қылды қақ жарған» деп мақтаған. Өзінің мазмұны бойынша, бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі .

Әлкей Марғұланның айтуы бойынша саяси жағдайдың осындай шиеленіскен кезінде қалың қазақтың, оның басшылары от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билердің ықпалымен Қасым хан ерте заманнан бері көшпелілер мойындап келген «Жарғы» заңын күшейтті.

«Қасым ханның қасқа жолы» бір ғасырдай өз қызметін атқарған соң, тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Есім ханның (1598-1645 жж. билік құрған) тұсында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдық жүйе өмірге келді. Аталған екі заң жүйесі еш өзгеріссіз ХҮІІ ғасырдың аяғы немесе ХҮІІІ ғасырдың басына дейін қазақ жұртының игілігіне қызмет етті. Ал Тәуке хан (1680-1718 жж. билік еткен) тұсында сол кездегі тарихи жағдайдың қажетсінуінен туындаған екі тарау дүниеге келіп, ел игілігіне қызмет етті. Ол екі тарау мыналар болатын:

1) Жесір дауы;

2) Құн дауы.

Бұрынғы бес үлкен тарауға аталған осы екі тарау қосылып, «Жеті Жарғы» деп аталған тұғын .

Қасым ханның «қасқа жолы», Есім ханның «ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» заңдарын қастерлеп, басшылыққа алған ата-бабаларымыз қазақ елінде сан ғасырлар бойы сотсыз, ру-ұлыс аралық қатынастарды әділ һәм тура жолмен реттеді. Камал ад-дин Бинаи, Фазлаллах ибн Рузбихан Рузбихан, Заһир ад-дин Мұхаммед Бабыр, Хондемир, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати сияқты замандастарының пікірлеріне қарағанда, Қасым хан жүйрік атты жақсы көрген және оларды жақсы айыра һәм тани білген. Әскери талантымен, жеке басының ержүректігімен және өзгелерді өз соңынан ерте білу қабілетімен ерекше көзге түскен. Ол қандай да болсын жорықты жеке өзі басқарып, қанды шайқастардың бел ортасында болды. Аталған авторлардың айтуына сүйенгенде моральдық қасиеттері жоғары, жігерлі, ержүрек, ешнәрседен қаймықпайтын, еліктеуге әбден лайық адамның бейнесі көз алдыңа келеді. Тегінде, Қазақ мемлекетін билеген хан билігі оның кезіндегіден ешқашанда сондай берік болмаған және қазақ хандарының ешқайсысы Қасым хан сияқты адамдар санын өз билігіне біріктірмеген. Қасым хан қазақ мемлекетінің алғашқы ең көрнекті билеушісі болған деген тұжырым жасаймыз. Оған ешқандай да дау болмаса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тарих-и Рашиди // Материалы по истории казахских ханств XV-XVІІІ вв. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) / Сост.: С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, В.П. Юдин. – Алма-Ата: Наука, 1969. – 195 б.

2. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 167 б.

3. Еркин А. История государства и права Республики Казахстан (с древнейших времен до 1992 года). 2-ое издание. – Астана, 2001. – 82 б.

4. 22. Марғұлан Ә.Х. Қасым ханның қасқа жолы // ҚСЭ. – Алматы: 1975. – 6 том. – 541-542 бб.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ