Қазақстан тарихы пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан тарихы пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласы,

«С.Байшев атындағы ЖОББМ» КММ-нің

Тарих пәнінің мұғалімі Н.А.Анарбеков



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ПӘНІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

«Қазір бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман» , - деп тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі уақытта білімді жастарымызды көбейтіп, ұстаз ретінде олардың болашаққа нық қадам жасап, білікті маман болуына алғашқы қадамды мектептен бастауымыз керек.

Бала қиялы болмашыға бағынбайтын,шексіз әлемнің шеңберінде ой қуалайтын жүйрік тәрізді. Сол жүйріктің санасына сәуле құятын,әрі сол сәулені шұғылалы шыраққа айналдыратын,жұлдызын жағатын бала жанының зергері,болашағының баптаушысы, ол-мұғалім. Болашақта ұлттың тұтқасын ұстар жас шәкіртті өмір биігіне, ой шыңына сай етіп,жан-жақты демеу беріп,шәкірт жанына жігер беретін,шәкірт жүрегіне жылылық сыйлайтын кәсіп жолында еңбек етіп келемін.

Тарих - бір халықтың өткені мен бүгінін байланыстырып, белгілі бір мемлекеттің тарихында қандай елеулі оқиғалар болғанын зерттейтін ғылым. Қазақстан тарихына үнілер болсақ, еліміздің өткені сонау ерте заманнан басталып бүгінгі күнге дейін сан қилы оқиғаларға толы болды. Осындай тарихымыз бар ұлы мемлекетпіз. Келешек ұрпаққа осы өткенімізді дәріптеп, тарих сабағына қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімдерін одан әрі жетілдіру басты міндетіміз.

Заман талабына сай жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, білім алушылардың сабаққа деген ынтасын аша білуіміз керек. Келесі кезекте қазақстан тарихы пәніне оқушыларды қызықтыру барысында тиімді әдіс тәсілдермен бөлісіп, сабақ өткізудің кезеңдеріне тоқталайын.

Сабақты өткізу барысында,түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,сапалы білім,саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін пайдаланамын. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын,білімге деген құштарлығын әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы меңгертіп келемін. Тарих сабағын өткізуде пікірталас,сынақ ,тест тапсырмаларын қолданамын. Тарих сабағында картамен жұмыс ерекше рөл атқарады, карта арқылы оқушылар қалалар мен мемлекеттердің орналассқан жерін біліп пәнаралық байланыс ретінде география пәніненде білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар тұлғалармен танысу үшін арнайы тарихи портрет жасауын талап етемін. Бұл әдіс тұлғаның тарихта қандай қызметтер атқарғанын, әлемде қандай өзгерістер енгізіп, жаңалық ашқанын білуге болады. Тірек-сызбалар,кластерлер, сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру әдістерін де қолданамын.Оқушылардың білім деңгейін анықтауда тест тапсырмасы маңызды рөл атқарады.АКТ-ны қолдану арқылы Kahoot, Flippity сынды әдіс-тәсілдерді қолданамын. Бұл әдіс-тәсілдер қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауына едәуір мүмкіндік туғызады. Оқушылар тарихи оқиғаларды өз бетінше талдайды,салыстырады, қорытынды жасап,баға береді.

Сабақ барысында осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданамын.Бұл әдіс –тәсілдер оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады,оқушының өзіне деген сенімінділігін қалыптастыруға көмектеседі.Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп,логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады.

Бүгінгінің жаңа бастаушы мұғалімі ретінде ел тағдырына әрі болашағына мұғалім мамандығының тигізер септігі зор. Ойымды қорытындылай келе, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылған жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жақтарына күнделікті сабағымда көз жеткізіп келемін. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады,әр оқушының жеке қабілеті айқындалады,әр оқушы өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады.Жаңашыл әдіс-тәсілдер оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан ұлы елдің ұрпағының лайықты дәрежеде білім алуына ықпалымды тигізіп,білім беруде ерінбей еңбек етемін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2025
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі