Материалдар / «Қазақстан тарихын» оқытуда сындарлы оқыту стратегияларын ұтымды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақстан тарихын» оқытуда сындарлы оқыту стратегияларын ұтымды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық тарих пәнінің мұғалімдеріне қажетті материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақстан тарихын» оқытуда сындарлы оқыту стратегияларын ұтымды пайдалану


Қазақстан білім беру жүйесінің алдына қойып отырған мақсаты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.


Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке — ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі білім алушы жастар,оқытушы оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық — психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.


Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлаудың сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту,... білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». — деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын мектеп практикасына белсенді түрде ендіру — қоғам талабы.

Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат – оқытушылар тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс –тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады. Ол үшін жергілікті және облыстық білім беру ұйымдары педагог кадрлардың ізденісі бағытындағы тәжірибе алмасу шараларының формаларын жетілдіріп отыруы қажет. Ұстаздар қауымының республикалық және өңірлік тәжірибе алмасуы үнемі болуы шарт. Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай: білім алушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру,шығармашылық таланттарын жан –жақты ашып көрсету,сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, сабақ үдерісінде АКТ –ны тиімді пайдалану, тарих сабағында білім алушының белсенділігін арттыру,танымдық белсенділігін ынталандыру. оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру,ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту. Ұлы данышпан Әбу Насыр әл Фараби « Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз »деп атап көрсеткендей ,оқушы жүрегінен жол табам деген ұстаз мына қағидаттарды естен шығармауы тиіс: оқыту мазмұны мен әдіс икемділігінің маңыздылығы қағидаты. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқытуға жеке дара қарау, яғни ғаламтор материалдарын тиімді пайдалана білумен білім алушының жаңа тың материалдарды тауып , сұрыптауына мүмкіндік туады. Әл-Фараби: « оқыту дегеніміз – үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру»,- дейді. Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.. Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау. Нәтижелі оқытуға қол жеткізу жолында мынадай сұрақтар туындайтыны заңды деп ойлаймын. "Нені оқыту керек?”, "Қалай оқыту керек?: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?”, "Кімдерді оқыту керек?”, "Не үшін оқыту керек?” "Қайда оқыту керек?”. Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге бағыттап тәжірибеге енгізеді. Топтық оқыту, өзін-өзі оқыту – оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді. Өзара оқыту (жұптық оқыту) – оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды . Сындарлы оқытуда .оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты ,мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді.


Тарих сабағында оқушылармен жұптық және топтық жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру сындарлы оқытудағы негізгі білім беру бағыты топпен жұмыс жасау арқылы жүргізіледі.Қазақстан тарихы пәні бойынша «1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілістің алғышарты, сипаты, мақсаты, барысы мен нәтижелері» деген тақырып бойынша сабақ өтіп, оқушыларға топта жұмыс жасата отырып, жаңа білімді игеруіне бағыт бердім. Сабақтың ұйымдастыру сәтінде мен оқушы назарын сабаққа аудару мақсатында С.Мұқановтың «Ботакөз» романынан үзінді оқып, оқушыларға «Бұл үзіндіде қандай тарихи оқиға суреттелген?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар І дүниежүзілік соғыс кезі деп жауап берді. Осыдан соң бүгінгі сабағымыздың сол соғыс кезінде қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерілісі жайлы екендігін хабарладым. Сабақты ілгері апару үшін шағын екі топқа бөліну керек екендігін ескерттім.Оқушыларды өздері ұнататын түстерге байланысты екі топқа бөлдім.Топтарға жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсіну мақсатында тапсырма бердім. 1-топқа көтерілістің болу себебі, мақсаты, сипаты, негізгі ошақтары жайлы оқып постер әзірлеуді тапсырдым. Ал екінші топқа интернет материалдарын пайдаланып көтерілістің басшылары, көтеріліс барысындағы ірі шайқастар, олардың нәтижелері мен тарихи маңызы жайлы деректер алуды тапсырдым және сол іздену жұмыстарын ортаға салып қорғау қажеттігін ескерттім. Екі топта өздеріне берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындады, постермен жұмыс жасап қорғады. Бұл сабақта әр топтың алдында ғаламтор жүйесіне қосылған компьютер және ұялы телефондар тиімді қолданылды. Мен бұрын ғаламтор материалдарын өзім таратып беретін едім. Осы сабақта оқушылар өздері оқулықта жоқ көтерілістің басшылары туралы мәліметтерді тауып, оқып үйренді, талдады. Осы тапқан мәліметтерін топ бойынша қорғады. Оқушылар топ бойынша жұмыс жасай отырып бір –бірін тыңдады, оқып үйренді. Тақырып мазмұнын ашты. Тақырып мазмұнын әр топ дөңгелек стол әдісі арқылы қорғады.Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар өздерінің нені меңгерді,нені меңгермегенін анықтау мақсатында «Жедел жауап» сайысы арқылы өз білімдерін тексерді. Сабақ соңында топтарға әр топтың сабақ барысындағы іс-әрекетіне «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы баға беруін сұрадым. Кері байланысқа түсе отырып сабақтың ұнаған жақтары мен ұсыныстарын оқушылардың өздері дәлелдейді, яғни бұл келесі сабақта алдыңғы сабақта кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады. Топпен жұмыс тәсілін өз сабағымда пайдалана отырып мен бұл әдістің тиімділігіне көз жеткіздім. Бұл тәсіл оқушылардың бір-бірін тыңдай білуіне, сөйлеу мәдениетіне, өздерін сенімді ұстауына, ұйымшыл болуға тәрбиелейтінін байқадым.


Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады :

1. Оқушының белсенділігін арттыру.

2. Шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Оқушы дарыны мен талантын анықтау.

Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы. 25-бет

2.Ақылдың кені /Ұлағатты сөздер/-Алматы, 2008 жыл.

3.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары. - Алматы, 2007 жыл.

4.Аймаханова. Қ., Аманова Ф., Әбубакирова А.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!