Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аударту саясатының қазақ халқының тұрмысына әсері

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аударту саясатының қазақ халқының тұрмысына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала XIX-XX ғасырлардағы Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аударту саясатының қазақ халқының тұрмысына әсері туралы баяндайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАППАЙ ОТАРШЫЛДЫҚ ҚОНЫС АУДАРТУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰРМЫСЫНА ӘСЕРІ


Ғ. Т. Амангелді

Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан

galym2300@mail.ru


XIX-XX ғғ. Ресей империясымен қазақ даласының өзара байланысы тарихи зерттеулерде ерекше орын алады. Қазіргі таңда Ресей және Қазақстан егемен елдер болсада, бұл тақырып өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Шаруалардың қоныс аудару қозғалысы 1861 жылы крепостнойлық құқық күшін жойғаннан кейін басталды. Босатылған шаруалардың экономикалық жағдайы өте ауыр болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты үкімет органдары қоныс аудару саясатын жасауға мәжбүр болды. Жалпы XIX ғ. екінші жарытысы - XX ғ. басы халық миграциясын басқару бойынша құқықтық негіздері қалыптасуының алғашқы тәжірибесі болды.

XIX-XX ғғ. аралығында қазақтардың шаруашылықтың басқа формаларын игерудің себептері – қазақ далаларына қоныс аударушылардың келуі, территориялардың көп бөлігінің қоныс аударушылар иелігіне берілуі, шектеулі көшпелі ареалда халық санының көбеюі болды. XIX ғ. екінші жарытысы - XX ғ. басында қазақтардың шаруашылығымен қатар тұрмысы, яғни киім-кешегі, ыдыстары, тұрғын үйлері, жалпы өмір салты өзгеріске ұшырады [1, б. 12–13].

Қазақ халқының материалдық мәдениеттің элементтері, киімі және оның пішілуі, матасы көптеген жүздеген жылдар барысында өзгеріске ұшырады, бұл халықтың көшпелі өмірі және тұрмыс жағдайымен байланысты. XIX ғасырдың басына дейін киімдердің негізгі элементтері көшпелі шаруашылықтың шикізатынан жасалды, тері, былғары, киіз т.б. XIX ғ. екінші жарытысында қазақ ауылдарына орыс маталарын әкелу күрт өсті. Ұлттық киім үлгілерінің элементтерін орыс маталарынан тіге бастады. Ауқатты қазақтар киімдерін бархаттан, атлас пен парчадан тіккізді. Аудармашы, алыпсатарлар қызметін атқарушылар, бай өкілдері – орыс және татар халықтарының қалалық киімдерінің кейбір элементтерін игерді. XX ғ. басында тігін машиналары пайда бола бастады. Киімдерді көбіне сатып ала бастады, әсіресе оны орыс ауылдарында, қалаларда тұрып, жұмыс істеген қазақтар киетін. Осы жағдайға қазақтарды жұмысқа қабылдаған орыс кулактары батрак-қазақтарға еңбегін ақшамен немесе киіммен төлейтіні де себеп болатын [2, б. 2].

Ал бөлек мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда ұлтық киімдер сақталды. Жалпы қазақтардың киім-кешегінде болған негізгі өзгерістер 1-кестеде көрсетілген.


1-кесте – Қазақтардың киім-кешегінде болған негізгі өзгерістер

Киім-кешегіне байланысты негізгі өзгерістер

XIX ғ. екінші жарытысында қазақ ауылдарына орыс маталарын әкелу күрт өсті

Ұлттық киім үлгілерінің элементтерін орыс маталарынан тіге бастады

Аудармашы, алыпсатарлар қызметін атқарушылар, бай өкілдері, орыс және татар халықтарының қалалық киімдерінің кейбір элементтерін игерді

XX ғ. басында тігін машиналары пайда бола бастады


XIX-XX ғғ. басында қазақ халқының тұрмысына кірген үлкен өзгерістердің бірі – тамақ пісіретін және тамақ дайындайтын ыдыстардың өзгеруі. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына байланысты ыдыс-аяқтары көшіп қонуға ыңғайлы, жеңіл және сынбайтын материалдан жасалды. Қазақтардың сүйікті сусыны қымыз болғандықтан, қымыз ішітен ыдыстар алуан түрлі болды. Теріден жасадған кейбір ыдыстар (кенек, кеукерін, жанторсық) оюмен безендендірілді. Ағаштан жасалған ыдыстар ертеден бері кең қолданылды, көлемі, формасы және қолдану мақсаты жағынан әр түрлі болды. Ағаштан жасалған кейбір ыдыс түрлері (ожау, тегене) қашалды және күміспен қапталды. Шойыннан жасалған үлкен қазандарда ас дайындап, сүт пісірді. Орта азиялық хандықтарда қазақтар мыстан жасалған шәйнектер мен құмандар сатып ала бастады. Теріден және ағаштан жасалған кейбір ыдыстар (кенек, кеукерін, шара, тегене) өз маңызын жоғалта бастады. Жәрмеңкеден қазақтар керамикалық ыдыстармен (кесе, тостаған) қатар эмальданған ыдыстар және тағы басқа ыдыс түрлерін (шелектер, табалар, металл қасықтар) қолдана бастады. Ауқатты отбасыларында самауыр мен шәй ішетін ыдыс жиыны болды. Шығыстың қазақтары ағаштан жасалған шелектер мен қайың қабығынан жасалған ыдыстарды қолдана бастады. Орыс ауылдарына жақын орналасқан көптеген отырықшы ауылдарда бидай сақтайтын шұңқырлардың орынына, ағаш жәшіктер жасай бастады. Ыдыстарды сақтау үшін орыстардан шкафтар мен сүрелер сатып алды.

Бұл үрдіс біріншіден Ресей елінің құрамына Қазақстанның кіруі барысындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсеріне байланысты жүрді. Бұл жағдайда шаруашылықтың және тұрмыстың жаңа, алдынғы қатарлы формаларын тек қазақ тұрғындары ғана меңгерген жоқ, сонымен қатар орыс және украиндық қоныс аударушы шаруаларда қазақтардан жер суарудың, мал өсірудің көптеген әдістерін үйреніп, тұрмыстық элементтерін қабылдап, тілін және т.б. үйрене бастады.

XIX ғ. екінші жартысы даланың сыртқы нарықпен қарқынды саудалық-экономикалық байланыстардың орнауымен, қалалардың өсуімен, өндірістік ошақтардың пайда болуымен және көптеген шаруашылық ауылдардың пайда болуымен сипатталады. Бұрынғы керуен жолдары өңірдің экономикалық дамуын, кеңейген сауда тасымалын, қанағаттандырмады. Пошталық үштіктер және арнайы адамдар тұратын пикеттер құрылған көптеген саудалық ат жолдары мен пошта тракттері пайда болды. Қазақстанның барлық ауылдық пункттері біртіндеп, өңірден тыс шығаратын уездік және облыстық орталықтар ат жолдарымен біріктірілді. Пошта жолдарымен жергілікті жәрмеңкелерге өндірістік тауарлар жеткізетін және мал шаруашылығының өнімдерін сыртқа тасымалдайтын доңғалақты жүк транспорты жіберілді. Жергілікті қазақ және татар көпестерінде, ауқатты қазақтарда жақсы тарантастар, рессорлы арбалар пайда болды.

Қазақ және орыстар арасындағы орнаған байланыс олардың экономикасына және тұрмысына көп өзгеріс енгізді, қазақ халқының өмірін түбегейлі өзгертті. Қазақстан малшыларының тұратын жерлері яғни үйлері негізгі екі түрге бөлінді – уақытша және стационарлы.

Жыл сайын отырықшы шаруашылықтарда әлеуметтік теңсіздік қарқыны күшейді, бір жерде киіз үй иелері өз малдарымен шоғырлануына байланысты, ауылдар – бай, орташа ауқатты және кедей болып бөлінді. Осыған байланысты гүлденіп келе жатқан байдың немесе бидің ауылы бай болып саналды. Бұл ауылдар екі бөлікке бөлінді: жеке меншік қонысы және қызмет етуші ауыл болып. Орташа ауқатты ауылдар – жеке шаруашылығы бар туыстас отбасыларының топтары. Кедей ауыл – кіші шаруашылықтарды біріктірді, үйлер саны көп болғанымен мал саны аз болды. Осының салдарынан жер үйлер кең тарады.

Жер бетіндегі тіктөртбұрышты қысқы үйлердің пайда болуы 1840-1890 жж. жатады, 1880-1890 жж. барлық қазақ тұрғындарының қыстауда үйлері болды. Г. Е. Катанаев айтуы бойнша «Павлодар және Семей уездерінің казак жерлерінде, Ертістің екі жағын бойлай саны жағынан 12000 жуық салыстырмалы отырықшы қырғыздар тұрады. Отырықшы қазақтар қоныстарын көше бойынша, көбінесе сызықтық жоспар бойынша құрды. XIX ғ. басында ауқатты адамдар үшін ағаштан жасалған үйлерді арнайы шақырылған орыс балташы-ұсталар салды. Ағаш үйлерді кез келгеннің қалтасы көтермеді, сондықтан үйлер саманнан немесе шымнан салынды. Үйдің конструкциясын (қабырғаның салынуын, терезе, есік қою, үйдің формасын) орыс құрылысшыларынан қолданысқа алды. XIX ғ. екінші жарытысында біртіндеп, екі немесе үш бөлмелі, пеші бар, едені тақтайдан жасалған үйлер салына басталды» [2, б. 3–4] .

XIX ғ. екінші жарытысында Ресей империясының саясаты қазақтардың жерді пайдалану жүйесінен қолайлы жерлерді тартып алуға әкелді. Көшпелі жолдардың азаюына байланысты қазақтар қыстауларында көбірек отыруға мәжбүр болды. Көшпенділердің отырықшылыққа немесе жартылай отырықшылыққа массалық ауысуы отаршылаулардың иелігіне көп жерлердің көшуіне байланысты. Шаруашылықты жүргізудің жаңа формасы қажет болды. Бұл үшін қазақтар қысқыға қор жинау үшін шөп шабуды дамытты және ауылшаруашылық дақылдарды қарқынды өсіре бастады. Бұл шаруашылықтарды жүргізу үшін, жартылай отырықшы немесе отырықшы өмір салты қажет болды. Ескере кететін жағдай еңбек етушілердің көбі уақыт өте келе отырықшы қоныстардың артықшылығын қысқы мезгілдерде түсіне бастады. Жұт болған жағдайда қазақтар малдарын басқа алыстағы жайылымдарға айдап, құтқаратын. Казактар мен қоныс аударушылар қазақтардың жерін тартып алғандықтан, яғни қысқы жайылым жерлері азайғандықтан жаппай шөп шабумен айналысуға мәжбүр болды [3, б. 50].

Далалы аймаққа шаруалардың қоныс аударуы көшпелі қазақ ауылдарының тұрмысына елеулі әсер етті, бұл өзгерістер бір жағынан жақсы әсер етсе, екінші жағынан кері әсері болды. Болып жатқан өзгерістерді алғашқы болып ауылдар сезінді [1, б. 18].

Далалы аймаққа шаруалардың қоныс аударуы көшпелі қазақтарға кері әсері:

- көштердің дәстүрлі маршруты бұзылды;

- көптеген су артерияларына, казак қоныстарына жақындауға тыйым салынды, бұл қоғамның өндірістік күшінің бұзылуына әкелсе, территорияның жетіспеуі, мал басының азаюына әкелді;

- қазақтар жер жыртумен айналысқан жерлердің ең жақсы территориялары қонысаударушыларға берілді. Осының нәтижесінде қалған жерлерде ауылдың ауқатты деген адамдары ғана мал шаруашылығымен айналыса алды, қалғандары өз жерлестерінің немесе тұрмысы жақсы қоныс аударушылардың батрактарына айналды, не болмаса басқа шаруашылық түрімен айналысты;

- ауылдың әлеуметтік және рулық құрылысы бұзылды;

- тұрмыстағы ұлттық нақыштар жойыла бастады;

- арзан бағамен ауылшаруашылық өнімдердің елден шығарылуына әкелді.

Далалы аймаққа шаруалардың қоныс аударуы көшпелі қазақтарға оң әсерін тигізді:

- Қазақстанның империя құрамына толық кіруі ресейлік және шетелдік капиталдың енуіне әкелді;

- пайдады қазбалардың кен орындарын белсенді өндіріле бастады;

- орыс көпестері және казактар айырбас саудамен шұғылданғандықтан, қазақтар көшпелі шаруашық жағдайында жасалмаған тұрмыстық заттарды ала бастады, мысалға мата, ас пісіруге арналған заттар, азық-түлік сияқты заттарды мал және мал өнімдеріне айыр бастады;

- шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды;

- отырықшы тұрмыс салтына ауысты.


Әдебиет


1. Сорока Н.Н. Крестьянские переселения в Степной край на рубеже XIX- XX вв. и их влияние на социально-экономическое развитие региона // Кадровое обеспечение региональной экономики и управления: правовое поле6 проблемы и перспективы; материалы первой международной научно-практической конференции. – Омск : СИБИТ, ИПЭК, СРШБ, 2006. С. 104-109.

2. e-history.kz – Сулейменов А. / Как изменился быт казахов под влиянием колониальной политики, 26.10.2018. С. 7.

3. Казахско-русские отношения в XVIII-XIX веках. Сб. документов и материалов. – Алма-Ата: Наука, 1964. 575 с.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2025
36
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі