Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі: статистика, себептері және оның шешу жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі: статистика, себептері және оның шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы жылдары Қазақстанда жұмыссыздықтың тұрақты өсу үрдісі байқалады. Жұмыссыздық мәселесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары, ал кейбір аймақтарда еңбек нарығының тиімсіздігі айқын байқалады. Неліктен?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі: статистика, себептері және оның шешу жолдары

Соңғы жылдары Қазақстанда жұмыссыздықтың тұрақты өсу үрдісі байқалады. Жұмыссыздық мәселесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары, ал кейбір аймақтарда еңбек нарығының тиімсіздігі айқын байқалады. Неліктен? Бұл тергеулік мақалада елдегі жұмыссыздықтың негізгі себептерін, статистикасын және оның салдарын азайту жолдарын талдаймыз. Ресми деректер бойынша елдегі статистикаға сүйенсек: “2024 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) деректері бойынша халықты жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп жүрген адам ретінде 84,1 мың адам жүгінген.” Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, “Жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 4,6% құрады. Алайда бұл дерек елдегі нақты жағдайды толық көрсете ме? Жасырын жұмыссыздық жайлы айтатын болсақ,ауылдық аймақтарда көптеген адамдар жұмыспен қамтылған болып есептеледі, бірақ олардың табысы өте төмен немесе тұрақсыз әрі нақты тіркеуде жоқ.Ал жастар жұмыссыздығы: 2024 жылғы мәліметтер бойынша 15-28 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі шамамен 7%-ды құрайды, 15 пен 34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ды құрады.ал бұл көрсеткіш кейбір аймақтарда одан да жоғары. Жұмыссыздық деңгейі Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жоғары.Алматы мен Астана қалаларында жұмыссыздық төменірек болғанымен, қалаға көшкен ауыл тұрғындары арасында бейресми жұмыс істейтіндер саны өсіп келеді.

Жұмыссыздықтың негізгі себептерін айта кетсек: 1)Экономиканың әртараптанбауы.Қазақстанның экономикасы негізінен мұнай мен шикізат секторына тәуелді. Бұл секторлар тұрақсыз болғандықтан, нарықтағы өзгерістер жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі.Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында жеткілікті жұмыс орындары жоқ.Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждерден бітірген түлектердің алған мамандықтары еңбек нарығында сұранысқа ие болмауы жиі кездеседі немесе оқуларын аяқтаған жас мамандар өз салаларынды жұмыс істегілері келмей,бейресми жұмысты жөн көреді.IT, инженерия, экология сияқты салаларда маман тапшылығы байқалғанымен, бұл салаларға арналған оқу бағдарламалары әлсіз әрі толық дамымаған.

Ауылдық аймақтарда экономикалық инфрақұрылымның нашар дамуы жұмыссыздықты күшейтеді.Интернет,техника жетіспеушілігі,білім төмендігі де қарқынды рөл ойнайды.Ал ірі қалаларда арзан жұмыс күшінің артуы жергілікті тұрғындардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.Қазақстандағы көлеңкелі экономика жұмыссыздықты азайтқандай көрінгенімен, бейресми жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктері мен тұрақты табысы болмайды.

Жұмыссыздықтың салдарына келетін болсақ:

Әлеуметтік шиеленіс: Жұмыссыздықтың өсуі кедейшілік деңгейін арттырып, жастар арасында қылмыс, миграция және әлеуметтік наразылықты күшейтеді.

Миграция: Жұмыс іздеп шетелге кететін қазақстандықтардың саны артып келеді. Бұл әсіресе Ресей, Түркия және Еуропа елдеріне кететін жастар арасында байқалады.

Мемлекеттік ресурстардың тиімсіздігі: Жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу және еңбек бағдарламаларын қаржыландыру бюджеттің тиімділігіне әсер етеді.

Мәселені шешу жолдарына тоқталсақ: Ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдауды күшейту арқылы әртүрлі секторларда жұмыс орындарын ашу.Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу салаларына инвестиция тарту қажет. Екіншіден ,білім беру жүйесін реформалау яғни жастарды еңбек нарығына дайындайтын бағдарламаларды енгізу.Университеттер мен колледждерде сұранысқа ие мамандықтарға басымдық беру.Себебі қажет етпейтін әрі вакансиясы өте аз мамандықтар басым. Аймақтық дамуды ынталандыру:Ауылдық аймақтарда шағын бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несие беру.Аймақтарда жаңа жұмыс орындарын ашатын ірі кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету.Әрі бейресми жұмыс орындарын заңдастыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жақсарту.Салықтық жеңілдіктер арқылы заңды жұмыспен қамтуды ынталандыру.

Цифрландыру және инновацияны да атап өтсек болады:IT саласын дамыту және қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін арттыру.Себебі қазіргі таңда қашықтықтан жұмыс жасаған тиімдірек әрі ыңғайлы.Технологиялық білім беру бағдарламаларын қолжетімді ету.

Қорытындылай келе,Қазақстандағы жұмыссыздық – шешімін талап ететін күрделі мәселе. Оның негізгі себептері экономиканың құрылымдық проблемалары мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделмеуден туындап отыр. Әлеуметтік саясатты нығайтып, экономикалық әртараптандыру және білім беру жүйесін реформалау арқылы бұл мәселені тиімді шешуге болады.Бұл мақала еліміздегі жұмыссыздықтың түпкі себептерін ашуға және оны шешу жолдарын ұсынуға бағытталып жазылған.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1)https://stat.gov.kz/industries/labor-and-income/stat-empt-unempl/publications/184950/


2)https://www.gov.kz/?lang=kk


3)https://ranking.kz/


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі