Қазақстандағы патша əкімшілігінің қоныс аудару жəне жер саясаты 8-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы патша əкімшілігінің қоныс аудару жəне жер саясаты 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені, Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақтардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеу; Барлығы: Қоныстану саясатының мақсатын біледі. Көпшілігі: Шаруалардың жағдайын сипаттай алады. Кейбіреулері: Реформаның нәтижесі мен тарихи маңызын сипаттап айта алады. Жаңа сабақты оқытудың жоспары: 1. Шаруаларды Қазақстан аумағына орналастырудың себептері мен басталуы. 2. Шаруаларды қоныстандыру қарқынын күшейту. 3. Қоныс аударушы шаруалардың баспана тұрғызу ерекшеліктері. Олардың жаңа жердегі қиыншылықтары. 4. Жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуы. 5. Омарта шаруашылығы, бақша өсіру мен балық аулау. 6. Қоныс аударушылар мен қазақтар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып: 8Ә, Ә1-сынып.

Пән; Қазақстан тарихы

Күн; 19.02.18.

Сабақтың тақырыбы: § 39. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясаты.

Сабақтың мақсаты:Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені, Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақтардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеу;

Барлығы: Қоныстану саясатының мақсатын біледі.

Көпшілігі: Шаруалардың жағдайын сипаттай алады.

Кейбіреулері: Реформаның нәтижесі мен тарихи маңызын сипаттап айта алады.

Түзету: Мәтінмен жұмыс істеу машығын, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау қабілетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Негізгі түсініктер: жерге мемлекеттік меншік, 60-90 ж. әкімшілік реформалар, Қазақстанды кең көлемде отарлау, басыбайлы тәуелділік, Столыпиннің реформасы, тоғышарлар мен мещандар, жатақтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

Мұхтар Әуезов

  1. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Үй тапсырмасын сұрау:(жалпы сұрақтар)

Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер.



Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары



  1. Қоныс аудару Қазақстанның қай өңірінде басым болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығы қай өңірлерде сақталды?

  3. Суландыру әдісімен өңделген жерден неше пұт астық өндірілді?

  4. Кедейленген қазақтар күнкөріс үшін қандай жұмыстарға араласты?

  5. Қазақтардың қарапайым соқаны тұрақты пайдалануына қандай жағдай әсер етті?

  6. «Жатақтар» дегеніміз кімдер?


Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Шаруаларды Қазақстан аумағына орналастырудың себептері мен басталуы.

  2. Шаруаларды қоныстандыру қарқынын күшейту.

  3. Қоныс аударушы шаруалардың баспана тұрғызу ерекшеліктері. Олардың жаңа жердегі қиыншылықтары.

  4. Жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуы.

  5. Омарта шаруашылығы, бақша өсіру мен балық аулау.

  6. Қоныс аударушылар мен қазақтар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар


Оқушылар белгілі бір уақыт ішінде осы тірек сөздерді естеріне сақтап, дәптерлеріне жазуы тиіс.Уақыт мүмкіндігіне қарай тірек сөздерге қысқаша түсінік беріп кетуге болады.

Жаңа сабақ БжС технологиясының ФСС технологиялық картасы бойынша түсіндіріледі. (Қысқаша жоспар)

1- тапсырма

ФАКТ-Патша үкіметінің қоныс аударту саясаты

СЕБЕП:1.Шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды

2.Қазақ өлкесінде сенімді тірек қалыптастыруды мақсат етті.

3.Қазақ халқын отырықшылықпен айналысуға көшіргісі келді

4.Орыстандыру туралы ниеті болды.

САЛДАР:Жер тапшылығы сезілді

Қазақтардың жері тартып алынды

Мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты

Демографиялық жағдай өзгерді


Қалған тарихи мәліметтер өзіндік жұмыс ретінде сабақты бекіту бөлімінде беріледі.

Бекіту:

2- тапсырма (тапсырмалардың қиындығы әр түрлі деңгейде):

Патша үкіметінің Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды орналастыруға байланысты шаралары мен жарлықтарын хронологиялық ретпен жазыңдар.

3-тапсырма.

Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер. Әрбіріміз бір түйін сөз айтамыз.

Алғашқы кезеңде патша әскерлері қазақ жеріне казак әскерлерін орналастырумен шектелді.

ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Орталық Ресейдегі орыс шаруаларын қоныс аудару басталды; ол үшін қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды.

ХІХ ғ. 70-жылдарында орыс, украин, белорус шаруаларын-Ақтөбе, Қостанай, Орал, т.б. жерлерге жаппай қоныс аудару басталды. Әсіресе Жетісуға көп адам көшіп келді.

Қоныс аударушыларға төмендегідей жеңілдіктер жасалды:

Әрқайсысы 30 десятинадан жер алды;

15 жыл бойы салықтың барлық түрлері мен міндеткерліктен босатылды;

100 сом мөлшерінде несие берілді.

Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан қазақтар ең құнарлы жерлері мен табиғи байлықтарынан айырылды. Оған қоса рухани мәдениеті де зардап шекті. Ол жөнінде біз келесі сабақтарда айтамыз. Ары қарай біз сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға оқулық пе хрестоматия материалдары негізінде төмендегідей өзіндік жұмыс тапсырамыз.


Үйге тапсырма: Үйге тапсырма:

Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды пайдаланып, хабарлама дайындаңдар: «Патша үкіметінің отаршылдық саясаты».

1.Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар мен қоныс аударушылар бір-бірінің өміріне, тұрмысына, мәдениетіне өзара ықпал етті ме?

2. Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.

3.Қазақ малшылары мен Ресей шаруаларының өмірі мен тұрмысын салыстырыңдар.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2018
1489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі