Материалдар / Қазақстандағы қазіргі туризм инфрақұрлымның даму жағдайы

Қазақстандағы қазіргі туризм инфрақұрлымның даму жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада туризм инфроқұрлымнегізгі сипатамасы мен мәнін білу, оның халықаралық экономикада алатын орны мен жалпы даму тендециясын анықтау және Қазақстанның туристік инфрақұрылымының жағдайы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - елдің туристік секторының даму деңгейін бағалау және оны жақсарту жолдарын ұсыну. Қазіргі уақытта көлік желілері, орналастыру құралдары, қызмет көрсету сапасы, және рекреациялық аймақтарды сияқты негізгі аспектілер зерттелуде. Зерттеу сонымен қатар үкіметтің ұсынылған бағдарлама мен жеке сектордың қатысуының, сондай-ақ табиғатты тұрақты пайдалану стратегиялақ жолдардың әсерін қарастырады. Алынған нәтижелер негізінде көлік жүйелерін жаңғырту, қызмет көрсету стандарт деңгейін арттыру, цифрлық шешімдерді интеграциялау және экотуризмді дамыту сияқты, нақты ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, зерттеу барысында халықаралық тәжірибе талданып, Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру үшін озық әлемдік тәжірибелердің енгізу мүмкіндіктері қарастырылады. Туристік са
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қадыр А.О, А.А.Қаршығаева

«Тұран» Универститеті, Қазақстан, Алматы қ.

e-mail:24251949@turan-edu.kz



Қазақстандағы қазіргі туризм инфрақұрлымның даму жағдайы

Андатпа. Бұл мақалада туризм инфроқұрлымнегізгі сипатамасы мен мәнін білу, оның халықаралық экономикада алатын орны мен жалпы даму тендециясын анықтау және Қазақстанның туристік инфрақұрылымының жағдайы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - елдің туристік секторының даму деңгейін бағалау және оны жақсарту жолдарын ұсыну. Қазіргі уақытта көлік желілері, орналастыру құралдары, қызмет көрсету сапасы, және рекреациялық аймақтарды сияқты негізгі аспектілер зерттелуде. Зерттеу сонымен қатар үкіметтің ұсынылған бағдарлама мен жеке сектордың қатысуының, сондай-ақ табиғатты тұрақты пайдалану стратегиялақ жолдардың әсерін қарастырады. Алынған нәтижелер негізінде көлік жүйелерін жаңғырту, қызмет көрсету стандарт деңгейін арттыру, цифрлық шешімдерді интеграциялау және экотуризмді дамыту сияқты, нақты ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, зерттеу барысында халықаралық тәжірибе талданып, Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру үшін озық әлемдік тәжірибелердің енгізу мүмкіндіктері қарастырылады. Туристік саланы дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің рөлін күшейту қажеттілігі атап өтіледі. Сондай-ақ, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, туристік инфрақұрылымды аймақтық деңгейде дамыту стратегиялары ұсынылады. Жалпы, мақалада ұсынылған шаралар Қазақстанның туристік индустриясын жаңғыртуға және оның экономикалық өсімге қосатын үлесін арттыруға бағытталған.

Түйін сөздер: Инфрақұрылым,туризм,қонақүй,туристік индустрия, кәсіпкерлік,рекреациялық аймақтар, өндіріс,кәсіпкерлік,мемлекеттік бағдарлама, туристік cұран

Development of Tourist Infrastructure in Kazakhstan

Annotatio:This article examines the key characteristics and significance of tourism infrastructure, its role in the international economy, overall development trends, and the current state of Kazakhstan's tourism infrastructure. The main objective of the study is to assess the level of development of the country's tourism sector and propose ways to improve it. At present, key aspects such as transportation networks, accommodation facilities, service quality, and recreational areas are being analyzed. The study also considers the impact of the government's proposed programs, private sector involvement, and strategic approaches to the sustainable use of natural resources. Based on the obtained results, specific recommendations are provided, including the modernization of transportation systems, improvement of service quality standards, integration of digital solutions, and the development of ecotourism. Additionally, the research analyzes international experience and explores opportunities for adopting best global practices to enhance Kazakhstan's tourism potential. The importance of strengthening public-private partnerships in the development of the tourism sector is emphasized. Moreover, strategies for developing tourism infrastructure at the regional level, taking into account local specificities, are proposed. Overall, the measures outlined in the article aim to modernize Kazakhstan's tourism industry and increase its contribution to economic growth.

Keywords:Infrastructure, tourism, hospitality, tourismindustry, entrepreneurship, recreational areas, production, business, state program, tourism demandand supply, tourism market.

Текущее состояние развития туристической инфраструктуры в Казахстане

Аннотация. В данной статье рассматриваются ключевые характеристики и значение туристической инфраструктуры, её роль в международной экономике, общие тенденции развития, а также текущее состояние туристической инфраструктуры Казахстана. Основная цель исследования — оценить уровень развития туристического сектора страны и предложить пути его улучшения. В настоящее время анализируются такие ключевые аспекты, как транспортные сети, средства размещения, качество обслуживания и рекреационные зоны. Исследование также рассматривает влияние предложенных государственных программ, участие частного сектора, а также стратегические подходы к устойчивому использованию природных ресурсов.На основе полученных результатов даются конкретные рекомендации, включая модернизацию транспортных систем, повышение стандартов качества обслуживания, интеграцию цифровых решений и развитие экотуризма. Кроме того, в ходе исследования анализируется международный опыт и рассматриваются возможности внедрения передовых мировых практик для повышения туристического потенциала Казахстана. Отмечается необходимость усиления роли государственно-частного партнёрства в развитии туристической отрасли. Также предлагаются стратегии развития туристической инфраструктуры на региональном уровне с учётом местных особенностей. В целом, меры, изложенные в статье, направлены на модернизацию туристической индустрии Казахстана и увеличение её вклада в экономический рост.

Ключевые слова:Инфраструктура,туризм,гостиничныйбизнес, туристическая индустрия,предпринимательство,рекреационные зоны, производство, бизнес, государственные программы, туристический спрос и предложение, туристический рынок.






Кіріспе

Қазақстан Республикасы бай табиғи, тарихи және мәдени мұрасымен ерекшеленеді. Алайда елдегі туристік инфрақұрылымның даму деңгейі халықаралық стандарттармен салыстырғанда төмен. Туризм инфрақұрылымын дамыту экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарады. Туризм саласы ұлттық экономиканың әлеуетті бағыттарының бірі болғанымен, оның дамуы көптеген объективті және субъективті факторлармен шектелген. Бұл мәселе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері көтеріліп келе жатса да, қазіргі кезеңде шешімін толық таппаған. Осыған байланысты, туристік инфрақұрылымның қазіргі жағдайын кешенді түрде зерттеу және оны жетілдіру жолдарын ұсыну өзекті болып табылады


Қазақстан Республикасы бай табиғи, тарихи және мәдени мұрасымен ерекшеленеді. Алайда елдегі туристік инфрақұрылымның даму деңгейі халықаралық стандарттармен салыстырғанда төмен. Туризм инфрақұрылымын дамыту экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарады. Туризм саласы ұлттық экономиканың әлеуетті бағыттарының бірі болғанымен, оның дамуы көптеген объективті және субъективті факторлармен шектелген. Бұл мәселе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері көтеріліп келе жатса да, қазіргі кезеңде шешімін толық таппаған. Осыған байланысты, туристік инфрақұрылымның қазіргі жағдайын кешенді түрде зерттеу және оны жетілдіру жолдарын ұсыну өзекті болып табылады.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы туристік инфрақұрылымның даму деңгейін талдау және оны жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:

Туристік инфрақұрылымның негізгі компоненттерін анықтау және олардың рөлін талдау.

Қазіргі инфрақұрылымның проблемаларын жүйелеу.

Шешу жолдары мен перспективаларын қарастыру.

компоненттері:Туристік инфрақұрылым елдің туристік әлеуетін жүзеге асырудың негізгі факторы болып табылады. Оның басты компоненттері:Көлік инфрақұрылымы. Автомобиль жолдарының сапасының төмендігі, ішкі әуе және теміржол қатынастарының жеткіліксіздігі – Қазақстандағы негізгі мәселелердің бірі. Әсіресе, шалғай аймақтарға қолжетімділік шектеулі.

Тұру және қызмет көрсету орындары. Қонақүйлердің халықаралық стандарттарға сәйкессіздігі мен жетіспеушілігі, сондай-ақ қызмет көрсету сапасының төмендігі туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Туризм – экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде елдің халықаралық имиджін қалыптастырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға зор үлес қосады. Қазақстан – Еуразия құрлығының орталығында орналасқан, ерекше табиғи ландшафты, тарихи мұрасы мен этно мәдени дәстүрі бай ел. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін елімізде туризм саласының инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту қажет. Бұл мақалада қазіргі туризм инфрақұрылымының даму деңгейі, негізгі проблемалары және оларды шешу жолдары қарастырылады.


Негізгі бөлім

Туризм саласы XXI ғасырда жаһандық экономиканың ірі қозғаушы күштерінің бірі болып отыр. Бұл сала инвестициялық тартымдылығымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, жұмыс орындарын ашуға және елдің халықаралық беделін арттыруға зор үлес қосады. Қазақстан үшін туризм – мұнай мен металл ресурстарына тәуелділікті төмендетудің баламалы жолдарының бірі. Алайда, бұл бағытта дамудың басты кедергілерінің бірі – инфрақұрылымның жеткіліксіздігі. Осы мақалада еліміздегі қазіргі туризм инфрақұрылымының жағдайы, нақты мысалдармен бірге қарастырылып, мәселелер мен шешу жолдары жан-жақты талданады.

Туристік инфрақұрылым – бұл туристік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қажетті материалдық-техникалық база. Оның құрамына келесі компоненттер кіреді:

  • Көлік инфрақұрылымы(автомобиль жолдары, әуежайлар, вокзалдар)

  • Тұру орындары(қонақүйлер, хостелдер, глэмпингтер)

  • Қоғамдық тамақтану орындары (мейрамханалар, дәмханалар)

  • Ақпараттық қамтамасыз ету (туристік навигация, онлайн жүйелер, гидтер

  • Рекреациялық инфрақұрылым(парктер, жағажайлар, демалыс аймақтары)

  • Инженерлік инфрақұрылым (су, электр, жылу, кәріз жүйелері)

  • Қауіпсіздік және медициналық қызметтер.

Осы элементтердің бір-бірімен байланысы мен сапасы туристік тәжірибенің жалпы деңгейіне тікелей әсер етеді.


Көлік инфрақұрылымы

Сапалы көлік жүйесі туристік нысандарға қолжетімділіктің басты шарты болып табылады. Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдардың көп бөлігі жөнделгенімен, кейбір аймақтарға жету әлі де қиын. Мысалы, Алматы облысындағы Шарын шатқалы мен Көлсай көлдеріне апаратын жолдардың сапасы туристер тарапынан жиі сынға алынады.

Сонымен қатар, ішкі әуе рейстерінің тапшылығы мен бағасының қымбаттығы да инфрақұрылым мәселесіне жатады. 2023 жылы жаз мезгілінде туристер Астана–Өскемен бағытына билеттердің жетіспеушілігіне, ал Алматы–Үшарал бағытына рейстердің жиі кешігуіне шағымданған.Теміржол көлігі арқылы ел ішіндегі қатынас біршама қолжетімді, алайда туристік бағыттарға тікелей пойыздар саны шектеулі. Мысалы, Қызылорда облысындағы Байқоңыр кешеніне тікелей теміржол қатынасы жоқ, бұл шетелдік туристер үшін қолайсыз.


Қонақүй және тұру инфрақұрылымы

Қазақстанда 2022 жылғы дерек бойынша 3 200-ден астам туристік орналастыру нысандары тіркелген. Алайда олардың көпшілігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында шоғырланған. Өңірлік аймақтарда қонақүй инфрақұрылымы жеткілікті дамымаған. Мысалы, Шалқар-Имантау курорттық аймағында қонақүйлер саны шектеулі және жаз мезгілінде бос орын табу қиын.Қазіргі таңда туристер арасында глэмпинг (табиғи ортада жайлы шатыр қалашықтары) кең танымал. Бұл формат Алматы облысының Ассы үстіртінде, Түркістан облысындағы Қазығұрт тауларында енгізілгенімен, әлі де кең қолданысқа ие емес.


Ақпараттық инфрақұрылым және туристік навигация

Ақпараттың қолжетімділігі – заманауи турист үшін маңызды фактор. Қазіргі таңда Kazakhstan.travel секілді ұлттық туристік порталдар жұмыс істеп тұрғанымен, шетелдік туристер үшін толық, көптілді ақпарат ұсынатын мобильді қосымшалар мен оффлайн навигациялық жүйелер жетіспейді.Мысалы, Алматыдағы Медеу және Шымбұлақ кешендерінде QR-код арқылы бағыттар туралы ақпарат беретін жүйе бар, алайда Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде, Баянауылда немесе Марқакөл көлінің маңында мұндай жүйелер қарастырылмаған.


Рекреациялық инфрақұрылым

Табиғи-рекреациялық аймақтар еліміздің туризмінің басты байлығы. Дегенмен, көптеген нысандарда қажетті жағдай жасалмаған. Катонқарағай ұлттық паркінде жол белгісі, қоқыс жәшіктері мен қоғамдық дәретханалар жоқтың қасы. Бұл экологиялық және әлеуметтік проблема.

Көлсай көлдеріне жыл сайын келушілер саны артқанымен, рекреациялық жүктеме есепке алынбайды, бұл табиғи тепе-теңдікті бұзуы мүмкін. Сонымен қатар, Балқаш жағалауындағы жағажай аймағының инфрақұрылымы (жарықтандыру, қауіпсіздік, таза су) туристік стандарттарға сай емес.


Туристік қызмет көрсету және кадрлар мәселесі

Қызмет көрсету сапасы – туризмнің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты фактор. Алайда елімізде бұл салада білікті кадрлардың жетіспеушілігі өзекті. Қонақүйлерде ағылшын тілінде еркін сөйлейтін қызметкерлер саны аз. 2022 жылғы зерттеуге сәйкес, тек 23% ғана қызметкер ағылшын тілінде туристпен сөйлесе алады.

ЖОО мен колледждердегі туризм мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талабына сай емес. Оқу мен тәжірибе арасындағы алшақтық бар.


Мемлекеттік қолдау және жеке сектордың қатысуы .

Мемлекет туризмді дамыту мақсатында бірқатар бағдарламалар қабылдады Нұрлы Жол бағдарламасы аясында жолдар салынды.Kazakh Tourism ұлттық компаниясы құрылдыҰлы Жібек жолы маршрутына кіретін 14 қаланың инфрақұрылымы ішінара жаңартылды.Алайда жеке сектордың қатысу деңгейі төмен.PPP (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) тетіктері сәтті іске аспай отыр. Инвесторлар инфрақұрылымның жоқтығынан немесе құқықтық тетіктердің жетілмегендігінен жобалардан бас тартады.Мысалы, 2020 жылы Алакөл жағалауында салынуы тиіс болған демалыс базасы жобасы инвесторлардың кетуімен тоқтады. Себебі жол сапасы мен су инфрақұрылымына қатысты шешілмеген мәселелер болған.Экологиялық тұрақтылық және тепе-теңдікИнфрақұрылымды қарқынды дамыту барысында табиғи ландшафттардың бұзылуы – басты қауіптердің бірі. Туристік объектілер көбінесе экожүйелік әсері есепке алынбай салынады. Бұл – экотуризмнің идеясына қайшы.

Бурабай ұлттық паркіне жыл сайын 1 миллионнан астам турист келеді, алайда тазалық, қоқысты шығару және биоәртүрлілікті сақтау мәселесі жеткілікті шешімін таппаған. Жыл сайынғы туристік қысым табиғи ортаға кері әсер етуде.


Шетелдік тәжірибе және салыстырмалы талдау Қазақстандағы туризм инфрақұрылымын жетілдіру үшін халықаралық тәжірибені зерделеу – маңызды қадам. Туризм саласында табысты елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфрақұрылымның сапасы туристік ағын көлеміне тікелей әсер етеді. Түркия мысалы. Түркия 1990-жылдардан бастап туризм инфрақұрылымын мемлекеттік деңгейде жүйелі түрде дамытты. Жергілікті билік инфрақұрылым құрылысына арнап арнайы экономикалық аймақтар құрды, шетелдік инвесторларға жеңілдетілген салық режимі ұсынылды. Соның нәтижесінде Түркия бүгінгі күні жылына 50 миллионнан астам турист қабылдайтын елге айналды. Ең басты ерекшелігі – қонақүй желілерінің стандартизациясы және көлік қолжетімділігі.Грузия тәжірибесі. Қазақстанға ұқсас табиғи ресурстарға ие Грузия елі де туризмді дамытуда инфрақұрылымдық реформаларға басты көңіл бөлді. Жолдарды толық жөндеу, жергілікті тұрғындарды гид және қонақ үй иесі ретінде тарту, ауылдық туризмге грант бөлу – бұл елдің туризм саласын 10 жыл ішінде 5 есеге ұлғайтты.Қазақстанға да осы елдер секілді мемлекеттік жоспарлау мен жергілікті кәсіпкерлердің ынтасын үйлестіріп, инфрақұрылымға бағытталған нақты қолдау құралдарын енгізу қажет.Құқықтық және институционалдық базаҚазақстанда туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар заңнамалық және стратегиялық құжаттар қабылданды:Қазақстан Республикасының Туризм туралы Заңы (2001 ж.) – бұл туризмнің құқықтық негізін анықтайтын басты заң. Бірақ заңда инфрақұрылымға қатысты бөлімдер толық емес және практикада қолдану қиын.2025 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасы – бұл құжатта 10 басым туристік кластер анықталған (мысалы: Алматы тау кластері, Түркістан мәдени кластері). Алайда осы кластерлердің инфрақұрылымдық даму қарқыны әртүрлі және жоспарлау мен іске асыру арасында алшақтық бар.«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы – туристік имидж қалыптастырумен қатар, инвестор тартуға бағытталған. Бірақ нақты инфрақұрылымдық жобаларды өздері жүзеге асырмайды.Мемлекеттік органдар арасындағы үйлестірудің жеткіліксіздігі, жергілікті атқарушы органдардың құзыретінің шектеулігі – инфрақұрылым жобаларын тежейтін факторлардың бірі.Инвестициялық ахуал және экономикалық әсер 2023 жылғы деректерге сүйенсек, Қазақстанның туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 220 млрд теңгені құраған. Бұл салыстырмалы түрде аз көрсеткіш, себебі инфрақұрылым нысандары (жол, су жүйесі, электр, кәріз, интернет) жоғары шығынды талап етеді.Алакөл мен Балқаш жағалауындағы туристік кешендерге жасалған инвестициялардың кейбірі басталғанымен, инфрақұрылым шешілмегендіктен жобалар толық іске аспаған.Экономикалық әсер: Туризм саласының ЖІӨ-дегі үлесі қазіргі таңда 1,8%-ды құрайды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш орташа 10-12% деңгейінде. Қазақстанда туризм инфрақұрылымын дамытқан жағдайда, сала 2030 жылға қарай 5%-ға дейін өсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Туризм инфрақұрылымын дамытудағы аймақтық ерекшеліктер мен нақты мысалдарҚазақстандағы туризм инфрақұрылымының даму деңгейі өңірлерге қарай қатты өзгереді. Мәселен, Алматы мен Астана қалаларында халықаралық деңгейдегі әуежайлар, қонақүй желілері, туристік қызметтер жақсы жолға қойылған. Алматы қаласының маңындағы Медеу мен Шымбұлақ кешендері, сондай-ақ БАО (Бесшатыр – Алтын Емел – Ойқарағай) бағыттары туристік ағынды тұрақты түрде қабылдап отыр.Бірақ бұл жағдай Абай, Жетісу, Ұлытау секілді жаңа құрылған облыстарда мүлдем басқаша. Мысалы, Семей қаласы мен оның айналасындағы тарихи нысандар (Абайдың туған жері, Еңлік-Кебек кесенесі, Алаш қаласы) үлкен тарихи-мәдени әлеуетке ие болғанымен, жол инфрақұрылымы мен қонақүй базасы дамымаған. Туристерге арналған көлік байланысы, сапалы тамақтану орындары, гид қызметтері жетіспейді.Ұлытау – тарихи-рухани орталық. Алайда 2023 жылғы деректерге сүйенсек, бұл өңірде тек 4 қонақүй мен 2 хостел жұмыс істейді. Жолдардың тозығы жеткен, кейбір жерлерге тек жол талғамайтын көлікпен баруға болады. Жергілікті билік бірнеше жылдан бері инфрақұрылым тартуға уәде бергенімен, нақты жүзеге асқан жобалар аз.Осыған ұқсас жағдай Күршім – Марқакөл бағыты бойынша да байқалады. Бұл – Шығыс Қазақстан облысының табиғи ғажайыптарының бірі. Марқакөл – таза су, таулы ормандар және экологиялық туризм үшін таптырмас орын. Бірақ оған апаратын жолдар ауыр, байланыс желісі жоқтың қасы, қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз. Туристік нысан бар, бірақ оған жету – турист үшін кедергі.Қазақстан туризміндегі жетістіктер мен уақытша серпілістер Қазақстандағы туризм инфрақұрылымына қатысты уақытша, бірақ айқын серпіліс ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде байқалды. Астана қаласында сол кезде жаңадан салынып, пайдалануға берілген нысандар: Nursultan Nazarbayev International Airport жаңа терминалы, халықаралық қонақүйлер (Hilton, Marriott), қоғамдық көлік желілері – қалаға келген шетелдік туристердің көңілінен шықты. Бұл инфрақұрылым туризмге ғана емес, жалпы экономикалық ортаға да оң әсер етті.Алайда бұл серпіліс тек елорда шеңберінде қалды. Көрмеден кейін ел ішіндегі инфрақұрылым мәселелері өзекті күйінде қалып қойды. Көптеген өңірлік бағыттарға қаржы салынбады немесе жартылай жүзеге асты.Қазіргі бастамалар мен даму тетіктері Соңғы жылдары Қазақстан Үкіметі бірқатар бастамаларды қолға алды. Соның ішінде: Kazakhstan. The Land of the Great Steppe атты ұлттық туристік бренд құрылды.Kazakh Tourism ұлттық компаниясы арқылы шетелде Қазақстанды таныстыру жұмыстары жүргізілуде.«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында 100-ден аса нысан таңдалды.Бірақ бұл бастамалар тек сыртқы жарнамаға бағытталған. Ал ішкі инфрақұрылым мәселесі шешілмейінше, шетелдік турист бұл нысандарға жете алмайды немесе келуден бас тартады.Қазақстандағы қазіргі туризм инфрақұрылымының даму деңгейі – әлеуеті жоғары, бірақ бірқатар жүйелі қиындықтарға тап болған сала. Еліміздің табиғи ресурстары мен тарихи-мәдени мұрасы өте бай болғанымен, оларды туристік өнімге айналдыру үшін қажетті инфрақұрылым жеткілікті деңгейде дамымаған.Негізгі кедергілер:Шалғай аймақтарға баратын көлік қатынасының әлсіздігі Қонақүй мен қоғамдық қызмет көрсету орындарының сапасының төмендігі Ақпараттық, инженерлік, цифрлық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі Экологиялық тепе-теңдікті ескермей дамытылған жобалардың салдары Жеке инвестиция тартудағы әкімшілік кедергілер.Аталған проблемалар мен мысалдар негізінде Қазақстанда туризм инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жаңа мемлекеттік саясат пен қоғамдық көзқарас қажет. Жергілікті деңгейде іске асырылатын нақты жобалар, кәсіпкерлерге жағдай жасау, экологияны ескере отырып туризмді дамыту – елдің ішкі және сыртқы туризміндегі жаңа серпіннің негізі бола алады.



Қорытынды

Қазақстанның туризм саласы ел экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Туризм инфрақұрылымының дамуы шетелдік және ішкі туристер ағынын көбейтуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлік теңсіздікті азайтуға ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстан Үкіметі бұл салаға ерекше назар аударып, кешенді бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда. Мысалы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жұмыс істеуі, мемлекеттік бағдарламалар арқылы инвестициялық қолдаудың артуы және туристік аймақтардың арнайы мәртебеге ие болуы – осының айғағы.

Сонымен қатар, туризм инфрақұрылымының басты элементтері – жол-көлік желісі, қонақ үй кешендері, ақпараттық қызмет көрсету, байланыс құралдары мен қауіпсіздік жүйелері – жаңартылып, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуде. Сандық технологияларды енгізу, мысалы, онлайн брондау жүйелері мен туристік порталдардың дамуы, бұл салада қызмет сапасын арттырып, туристердің Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруда.

Алайда шешімін күткен мәселелер де бар: кейбір аймақтарда инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, білікті кадр тапшылығы, сервистік қызмет сапасының төмендігі және жарнама жұмыстарының әлсіздігі байқалады. Бұл мәселелерді жүйелі шешу арқылы ғана Қазақстан туризмінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болады.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның туризм инфрақұрылымы даму үстінде және болашағы зор. Кешенді көзқарас пен тиімді саясат арқылы елдің туристік әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.Қазақстан Республикасы Туризм саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Нұр-Сұлтан, 2020.

2.«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ресми сайты: https://qaztourism.kz/ru/

3 Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) есебі: «Туризм инфрақұрылымын дамытудағы үздік тәжірибелер».

4.Мамыров, Н.К., Есенғалиева, Ж.Ш. «Экономика және туризм».

Алматы: Экономика, 2019.

5.Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) есебі: «Туризм және

тұрақтылық».

6.«ЭКСПО-2017: Астана тәжірибесі және оның елдің туризм саласына ықпалы» // Қазақстанның инвестициялық зерттеулері журналы, 2018.

7.Жанғазы, С. «Экологиялық туризм: теория және практика». – Алматы: Қазақ университеті, 2021.

8.Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің ресми баяндамалары, 2023.

9.Сұлтанов, Т.К. «Цифрлық экономика және туризм: Қазақстан тәжірибесі». – Нұр-Сұлтан: Қаржы-қаражат, 2020.

10.«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының ресми сайты – www.kazakh-tourism.kz

11.ҚР Туризм индустриясын дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, 2019.

12.Дүйсен Г.Р. Қазақстандағы аймақтық туризмді дамыту мәселелері // География және табиғат. – 2022. – №3. – Б. 20-26.

13. Назарова Г.Т. Туризм инфрақұрылымының дамуы – өңірлік экономиканың өсу факторы // Экономика және статистика. – 2021. – №4. – Б. 78-85.

14. World Tourism Organization (UNWTO). Tourism Highlights 2023 Edition. – www.unwto.org

15. Мырзабаев Б. Туризм және сервис. – Алматы: Экономика, 2020.

16. Бекенов С., Сейітов Е. Қонақжайлылық және туризм негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2021.

17. Еркінова А. Туристік инфрақұрылым: теория және практика. – Нұр-Сұлтан: Нұр-принт, 2022

18. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы. Туризм саласы бойынша статистикалық мәліметтер – www.stat.gov.kz

10 Мамыр 2025
80
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі