Материалдар / Қазақстандағы су тасқыны жағдайы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстандағы су тасқыны жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның қай жерлерінде су тасқыны күрделі? Қанша үй зардап шегуде? Қандай қарсы күрес жүргізілуде? Барлық жауапты осы жерден оқи аласыздар.
Авторы:
28 Наурыз 2024
176
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстандағы су тасқыны жағдайы

Жыл сайын көктемнің алғашқы күндері әдеттегідей табиғи ахуалға ұшырап жатады. Елімізде биылғы жылғы қалың және ұзақ қыстың салдарынан су тасқыны ауқымды болуда. Синоптиктердің айтуы дәл келіп, соңғы 20 жылда болмаған аяз қыс болды, қар жауын мөлшері көбейді, тіпті ыстық өңірлерді де айналып өтпеді. Сонымен қатар наурыз айында жаңбыр жауу да аз емес.

«Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде – нормадан көп түседі. Ал Қазақстанның оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс бөлігінде норма шамасында болжанады» - деп хабарлайды Қазгидромет.



"Республиканың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі кейбір таулы өзендер (Іле Алатауының оңтүстік беткейі және Кетмен жотасының солтүстік беткейі) алаптарын қоспағанда, шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөліктерінің таулы өзендері алаптарында ылғалдану кезеңінде жауын-шашын мөлшері көпжылдық орташа мәндерге жақын және одан жоғары.

Ақпанда ауа температурасының жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендер бойында жоғарыдан еріген қар мен жаңбыр әсерінен су тасқыны болуы мүмкін"

Мәселен, су тасқыны Қазақстанның көптеген аймақтарда орын алып жатыр. Павлодар облысының Ақсу қаласында үй, аула, шағын аудандарды су басты. БҚО-дағы елді мекендерде 200-ден астам үйді су алды. Батыс Қазақстан облысында тәуліктен асқан толассыз жауыннан кейін өзендер деңгейі күрт көтерілді. Қаратөбе ауылында тұтас ауыл су астында қалды. Арқалық қаласына қарасты Екідін және Қызылжұлдыз ауылдары қарғын судың ортасында қалды. Су деңгейі екі метрден асты. Ақтөбе облысы Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде бес үйге еріген қар суы кіріп, 25 ауланы су басқан. Сонымен қатар Ақтөбе, Ақмола, Батыс, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын-шашын түсіп, күннің жылынуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, – деп ескертеді Қазгидромет мамандары. Қолайсыз күн райынан адамдар ғана емес, жануарлар да зардап шегіп отыр. Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Бүйректөбе елді мекенінде 25 түйе су ортасында қалып қойған. Оларды үрлемелі қайықпен жедел жеткен арнайы топ құтқарды. Мамандар тізеден су кешіп, ойсылқара түліктерін қауіпсіз аймаққа айдап апарды.

Алайда бәрі ойлағандай көңілсіз емес. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов СҚ облысына президенттің арнайы тапсырысымен барды. Солтүстік Қазақстан облысы су тасқыны қаупі бар аймаққа кіреді.
Жұмыс сапары барысында өңірдегі су қоймаларының жай-күйі мен су тасқынына қарсы іс-шараларды сапалы әрі уақтылы жүргізу жұмысына ерекше назар аударылды. ыттау мәселелері қарастырылуда. Жалпы, өңірде су тасқынына бейім 87 елді мекен есепке алынды. 24 қаңтардан бастап облыс күшейтілген дайындық режиміне ауыстырылды, 26 наурыздан бастап Жедел штаб жұмылдырылды. Премьер-Министр Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне жоспарланған барлық алдын алу іс-шараларын аяқтауды, ал ТЖМ-ға су тасқыны жағдайы ушыққан жағдайда күштер мен техниканы жұмылдыруды тапсырды.

Ал Ақтөбе аймағына қатысты айтатын болсақ Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келді. Кеше күні бойы өңір құтқарушылары айлақ аумағында су сору жұмыстарын жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар облыстық маңызы бар автожол учаскесін қолдан жарды. Сөйтіп жайылған суды ағызуға мүмкіндік берді. Ал көлік қатынасына айналма жол бар. Қазіргі уақытта рейстер жанданды.

Қазір жағдай күрделі аймақтарға қолдау көрсетуге басымдық беріліп отыр.
-Барлық министрліктің бөлімшелері күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. БҚО, Ақтөбе, Қостанай облыстарына жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда, - дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!