Қазақстандық және шетел медиамәдениетінің өзара байланысы
Қазақстандық медиамәдениет , тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, жаңа дәуірге қадам басты. Әлемдік медиа ағындарына еркін қолжетімділік, өзге елдердің мәдениетін еркін қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл процесс екі жақты: бір жағынан, шетелдік медианың ықпалымен жаңа технологиялар, жанрлар енген болса. Екінші жағынан, отандық медианың өзіндегі шығармашылық қуат, жаңашылдық, өзіндік ерекшеліктер шетелдік аудиторияға жеткізілді. Жаңа технологиялармен бірге жаңа форматтар енгізілді: интернет, спутниктік теледидар, социалдық желілер. Батыс медиасының қазақстандықтардың өмір салтына, ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне әсері күшті болды. Реалити-шоу, телесериал, ток-шоу, олардың өмір салтына, ойлау тәсіліне ықпал етіп, жаңа тенденцияларға әкелді.Бірақ, бұл процесс бір жақты емес. Қазақстандық медиа өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, шетелге жаңашылдықтарды таныстырды.
Қазақстандық фильмдер халықаралық фестивальдарда көрсетіліп, халықаралық танымалдылыққа ие болды. Қазақстандық әншілердің шығармашылықтары әлемдік деңгейде танылды, әлеуметтік желілерде қазақ тіліндегі мазмұнның таралуы, қазақ тілінің халықаралық деңгейде танымалдылығын арттырды. Мысалы,әйгілі Димаш Құдайбердіұлы. Медиа өздігінен дамып, өзге елдердің медиасына сүйеніп қана қоймай, оған өзіндік жаңашылдықтар қосты. Ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлер жаңа технологиялармен ұштастырылып, қазақстандық медиа өздігінен дамитын, өзге елдердің медиасымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатын деңгейге жетті.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, қазақстандық медиа ұзақ жолды басып өтті. Шетелдік медиамен байланыс, оның ашықтығына, әртүрлілігіне әкелді. Жастардың ұлттық идентификациясына да оң әсерін тигізді. Қазақстандық медианың келешекте де дамып, өзге елдердің медиасымен бәсекеге түсе алатынына сенімдімін. Бұл үшін ұлттық ерекшеліктерді сақтап, жаңа технологияларды пайдалана отырып, жаңашылдықтарды енгізіп, жоғары сапалы контент жасау қажет.
Қорытындылай келе, қазақстандық және шетел медиамәдениетінің өзара байланысы, екі жақты процесс екенін айтуға болады. Шетелдік медиа қазақстандық медиаға жаңа технологияларды, жанрларды және бағыттарды әкелді. Бұл, қазақстандық медианың ашықтығы мен әртүрлілігіне ықпал етті. Бірақ, қазақстандық медиа да шетелге өзінің ұлттық ерекшеліктерімен, жаңашылдықтарымен таныстырып, әлемдік медиа кеңістігінде өзіндік орнын тапты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстандық және шетел медиамәдениетінің өзара байланысы
Қазақстандық және шетел медиамәдениетінің өзара байланысы
Қазақстандық және шетел медиамәдениетінің өзара байланысы
Қазақстандық медиамәдениет , тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, жаңа дәуірге қадам басты. Әлемдік медиа ағындарына еркін қолжетімділік, өзге елдердің мәдениетін еркін қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл процесс екі жақты: бір жағынан, шетелдік медианың ықпалымен жаңа технологиялар, жанрлар енген болса. Екінші жағынан, отандық медианың өзіндегі шығармашылық қуат, жаңашылдық, өзіндік ерекшеліктер шетелдік аудиторияға жеткізілді. Жаңа технологиялармен бірге жаңа форматтар енгізілді: интернет, спутниктік теледидар, социалдық желілер. Батыс медиасының қазақстандықтардың өмір салтына, ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне әсері күшті болды. Реалити-шоу, телесериал, ток-шоу, олардың өмір салтына, ойлау тәсіліне ықпал етіп, жаңа тенденцияларға әкелді.Бірақ, бұл процесс бір жақты емес. Қазақстандық медиа өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, шетелге жаңашылдықтарды таныстырды.
Қазақстандық фильмдер халықаралық фестивальдарда көрсетіліп, халықаралық танымалдылыққа ие болды. Қазақстандық әншілердің шығармашылықтары әлемдік деңгейде танылды, әлеуметтік желілерде қазақ тіліндегі мазмұнның таралуы, қазақ тілінің халықаралық деңгейде танымалдылығын арттырды. Мысалы,әйгілі Димаш Құдайбердіұлы. Медиа өздігінен дамып, өзге елдердің медиасына сүйеніп қана қоймай, оған өзіндік жаңашылдықтар қосты. Ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлер жаңа технологиялармен ұштастырылып, қазақстандық медиа өздігінен дамитын, өзге елдердің медиасымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатын деңгейге жетті.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, қазақстандық медиа ұзақ жолды басып өтті. Шетелдік медиамен байланыс, оның ашықтығына, әртүрлілігіне әкелді. Жастардың ұлттық идентификациясына да оң әсерін тигізді. Қазақстандық медианың келешекте де дамып, өзге елдердің медиасымен бәсекеге түсе алатынына сенімдімін. Бұл үшін ұлттық ерекшеліктерді сақтап, жаңа технологияларды пайдалана отырып, жаңашылдықтарды енгізіп, жоғары сапалы контент жасау қажет.
Қорытындылай келе, қазақстандық және шетел медиамәдениетінің өзара байланысы, екі жақты процесс екенін айтуға болады. Шетелдік медиа қазақстандық медиаға жаңа технологияларды, жанрларды және бағыттарды әкелді. Бұл, қазақстандық медианың ашықтығы мен әртүрлілігіне ықпал етті. Бірақ, қазақстандық медиа да шетелге өзінің ұлттық ерекшеліктерімен, жаңашылдықтарымен таныстырып, әлемдік медиа кеңістігінде өзіндік орнын тапты.
шағым қалдыра аласыз













