Қазақстан”газеті.(1911-1913)
“Қазақстан”газеті 1911 жылы 16наурыздан 1913жылғы шілде айына дейін шығарылып тұрды.Бұл уақытта газет шығарушылары редакцияны және баспахана жабдықтарын Ордадан Орал қаласына көшірді.Осылайша,газет Орал қаласында 15қазан айында қайтадан 1нөмірінен бастап шығарылды.Газеттің бар жоғы 18нөмірі шығып,жұмысы тоқтатылды.
Газеттің кейбір нөмірлері қазақша,орысша аралас екі тілде шығып,кейде татар тілінде де материал басылган.Орыс тілінде қазақша материалдардың кейбіреуінің қысқаша армасы ғана берілген.Көлемі шағын форматты,алты бет.Редакторы педагог,ақын және журналист Елеусін Бұйрин болды.Қазан қаласында оқытушылар семинариясын бітіргеннен кейін 1910-1911жылдарда Астрахань қаласында оқытушы болып жүрген кезінде “Қазақстан”газетіне қызметке шақырылды.
Редакция “Қазақстанның”әр нөмірінің басында “Газеттің асыл мақсаты-кәсіп ету,ғылым үйрену турасында”деп жариялап отырған.[1,80-б]
“Қазақстан” газетіндеи ақын-жазушылардың шығармалары және қазақ әдебиеті туралы мақалалар басылып тұрды.Мысалы,”Әдебиет таңы”деген мақалада мынадай қызықты пікір айтылды:”Россияның ішінде әр облыстарда таралып жатқан қазақ халқы бір жерге ақылы қосыла алмай жүрген заманда артымызға тастап,енді баспасөз арқылы сөйлесіп,пікірді майданға салып,Республика туы астына жиналып ,бір тілекте болса ғана жұрт қатарына қосыла алады.Ел билеген азамат,ғылым жолындағы талапкерлер әрқайсысы өз пайдасын ған ойламай,халық мүддесін жоғары санаса,біз де тез заманда кім екенімізді жұртқа танытармыз”,-делінген.[2,47-б]
Газет 1911жылғы бірінші нөмірінде жарияланған “Хал-жайымыз”деген басмақаласында “шаруа,кәсіп жайын кеңесейік”деп мәселе көтеруден бастады.”Заман өзгерді.Ол шаруаны,адамды өзгертеді”деп бұрынғы байлық-феодалдық заман өзгеріп,оның орнына қоғамдық жаңа қатынастар дамып келе жатқандығын,енді мал шаруашылығының күнкөрістің бірден-бір қайнар көзі болн қалып бара жатқандығын ескертеді.Сондықтан “жаңа заманға бейімделуге”,басқаша айтқанда,”егіншілік,са сияқты кәсіппен”айналысуға шақырады.
Газет әйел теңдігі мәселесін ағарту ісіне байланыстыра көтерді.Мысалы,Есен Аманов қазақ қыздары са малы есебінде екенін,қыз бала туғанда “қырық жеті”деп сүйінші сұрайтынымен дәлелдей келіп,бұл кезде қызларға деген көзқарас біраз өзгере бастағанына тоқталады.Орал облысының Жымпиты,Жиренқопа және Үрімжар болыстарында қазақ қыздары өзінің бас бостандығы үшін күрескені көрінбейді деп ренжиді.Оның ойынша оқыған қыздар бас бостандығы мәселесін өздері шешу керек.Феодалдық-патриархалдық қалдықтар жойылмай тұрып әйел теңдігі мәселесін толық шешуге болмайтынын ол түсінбеген.
Дегенмен қыздар оқыса теңін тауып тиеді,келешекте қоғамдық өмірден өзінің орнын табады және жақсы тәрбиеші болады деп үгіттеу заманында орынды да пайдалы іс.
“Қазақстан”газетінің тілі мен стилі өзінен бұрынғы қазақ тілінде шығарылған газеттерден анағұрлым жатық,айқын.Қолтума материалдар нақыз қазақ тілінде көпшілікке түсінікті жазылған.Газеттің стиль жағына келетін болсақ,онда оның идеялық мазмұны негізгі мақсатқа-“кәсіп ету,ғылым үйрену”мақсатына бағындырылған.Хат-хабар,заметка,корреспонденция,мақаа,фельетон,рецензиясияқты жанрлардың барлығы да газеттің алдына қойған мақсатына сай келетін принципте жазылған.
“Қазақстан газетінің пайдалы жағы оның бетінде ғылыми-атеистік насихат материалдарының,агрономиялық,зоотехникалық және малдәрігерлік кеңестердің басылып шығуы,сондай-ақ газеттің өз оқушыларын ішкі және сыртқы хал-жағдайларымен таныстыруы болып табылады.
Газет қазақ елінің әлеуметтік-шаруашылық өміріндегі қайшылық тардың себептерін,кедейлер санының көбеюін “жердің тарлығынан”деп жалпылама түрде сипаттайды да,бай мен кедей арасындағы қайшылықтарды ашық көрсете алмаған.Соған қарамастан осы газеттің қазақ бұқарасының арасында озат қоғамдық,демократиялық ой-пікірлерді насихаттауының,заман талаптарына қарай отырықшы тұрмыстың шаруашылық пен мәдениеттің дамуына қолайлы жағдай жасайтындығын түсіндіруінің үлкен маңызы болды.”Қазақстан”қазақ баспасөзінің тарихынан прогресшіл-демократиялық бағыттағы газет ретінде орын алды.
Қолданылған әдебиетер.
1.Бекхожин Х.Қазақ баспасөзінің даму жолдары.
(1860-1930 жылдар). -Алматы: Қазақ мемлекеттік
баспасы, 1964.-196 бет.
2.Сарсеков Ж. Тарихи шындық бұрмаланбасын. //
«Эдебиет жане искусство» журналы, No 7, 1951.
Орындаған:Ерқожа Дина 1курс студенті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Қазақстан”газеті.

шағым қалдыра аласыз