Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде Сабақтың мақсаты: 1. Мемлекеттік тіл - қазақ тілін құрметтеу, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізе білуге, өз ойын ашық айтуға үйрету. 2. Қызығушылықтарын арттыра отырып, тыңдау қабілеттерін дамыту; 3. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өз ана – тілін сүйе білуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Сабақтың мақсаты:
1. Мемлекеттік тіл - қазақ тілін құрметтеу, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізе білуге, өз ойын ашық айтуға үйрету.
2. Қызығушылықтарын арттыра отырып, тыңдау қабілеттерін дамыту;
3. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өз ана – тілін сүйе білуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Түрі: пікірсайыс

Барысы:
Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда үш спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін таныстырады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.
3. Екі фракция бір - біріне сұрақ қояды.
ІІІ. Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады. Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.
2. Қорытынды.

Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу
2. Сыпайы сөйлеу.
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
4. Қарма - қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.
6. Жеңілсең басқалардан көрме, кемшілікті өзіңнен ізде.

Мұғалім: Тіл адамдардың қарым – қатынас жасауының мәдени дамуының құралы. Тіл мәдениеті – сөйлеудегі сыпайылық қана емес, сонымен қатар ақын ойлылық, сөйлеу өнеріне шыныққандық, сауаттылық.
Жүргізуші: Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру Уақыттарыңыз - 1 - минут
Жақтаушы жақтың спикері:(Парасат тобы) – Өтепова Эльнара, Кенжеғалиев Таңат, Сариева Гүлназ.
Қарсы жақтың спикері: (Ақиқат тобы)- Хайрушева Әсемгүл, Акишев Абай, Абатова Аршат.
Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен - кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі - 2 минут.

1 – спикер (Парасат):
Біздің қарарымыз: Ана тілін құрметтемеу – ана сүтін ақтамау.
Анықтауымыз бойынша: Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді бола алмайды.
Дәлелдеу: Тіл – тілімнің тірегі. Мұндай теңеу тек адамдық парыздан ғана туындап қоймай, ол мемлекет алдындағы қарыздан да туындайды.
Яғни, мемлекеттің кез келген азаматы сол елдің көркеюіне, өсіп – өркендеуіне, өркениетті елдер қатарына қосылуына аянбай қызмет ету керек. Өз тілін өшірмеуге, өшіргенді көшірмеуге шақырған үндеу, ананың ақ сүтімен дарыған туған тілімізге менсінбеушілік танытқандарды кешіру өскелең ұрпақ алдында ағаттық екенін аңғартса керек. Ана тілін құрметтемеу – ана сүтін ақтамаумен пара - пар. Сөзімді Құрмен Малдыбаевтың өлең жолдарымен қорытқым кеп тұр:

Жете алмадым ұшығына қиялдың,
Ұлт тағдырын мен есіме жиі алдым.
Қазақ тілін қазақ ұқпай тұрғанда,
Бөгде жұрттан бетім күйіп ұялдым.

1 - спикер: (Ақиқат):
Аргумент: Ана сүтін ақтау – ана үмітін ақтау.
Анықтауымыз бойынша: Заманына қарай - адамы
Ана тілін құрметтемеу – ана сүтін ақтамау деген ойыңызбен келіспеймін. Ана тілін меңгермеген, заман талабына сай – ағылшын тілі басым түсіп, жұмыс орындарынан сұрап жатса, ұялу дегенді ұмытып, ағысқа қарай бейімделесің. Ана сүтін ақтау деген – ана үмітін ақтау. Табысы мол – жақсы жұмыс болса болды деп ойлайтындар қаншама. Қазақ тілін білмейтін адамдар үшін болашақ жоқ деп айтуға болмайды. Неге десеңіз, мемлекеттік тілді білмей, жетік меңгермей лауазымды орындарда талай адамдар отыр.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2023
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі