Материалдар / Қазақстанның киелі жерлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның киелі жерлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын мақтан тұтса, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді ұлық етеді. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру маңызды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2022
1726
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы


Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.


Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау

Киелі жерлер терең зерттелуде. Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын мақтан тұтса, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді ұлық етеді. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру маңызды.

Назарбаевтың сөзі: Медина: Еліміз жаңа кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Осы соңғы кезе жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Маңғыстау аймағында жер асты мешіттреі табылды. Бұлар – Қазақстанның киелі жерлеріне енгізілді.


Шопан ата мешіті, Масат ата Мешіті, Қараман ата мешіті, Оңтүстік Қазақстанда киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Қарашаш барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысты. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды


Арыстан баб кесенесі: ол туралы аңыздар халық арасында кеңінен таралған. Арыстан баба Қожа Ахмет Яссауидың ұстазы болған. Сол жердегі жергілікті тұрғындардың айтуынша Арыстан кесенесінің төбесінде ешқашан бұлт тұрмайды екен. Басқа елдерден зират етіп келетін туристерде өте көп екен. Отырар өңірінде біз естіген аңыз бойынша Арыстан баб дүние салған соң оның денесін ақ бураға артады. Қай жерге бура шөксе сол жерге зираты салынады деген. Сол шөккен жерге Арыстанбаб қойылыпты. Оны жерлеген соң зиратына екі құс ұшып келеді. бірі лашын, бірі қарға. Ертеде түркілердің Ашина тайпасын жау шауып жаппай қырып кетеді екен сол кезде сонда жалғыз бала ғана аман қалады екен. Оны қасқыр емізіп, қарға ет әкеліп асырап бағады, міне сол Арыстан баб екен. Қазақтардың қарғаны киелі құс санағаны жөнінде дерек ер аз емес. Қарға сөзімен байланысты мынадай мақал-мәтелдер бар: «Біздің де қолымызға қарға келер», «Қарға тамырлы қазақ», «Қарғам-ау» деген сөз қарағым, қалқам деген мағынада қолданылады. «Қарғам, қарғашым, қарғатайым" деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткен. Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды.


Қожа Ахмет Яссауи Сайрам елді мекенінде туып өскен. Ол арыстан бабтың шәкірті. Оның анасыАйшабибі кей деректерде Қарашаш деп алынған. Сондай-ақ, Сайрамда Ибраһим ата кесенесі бар. Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Ибраһим ата – Қожа Ахмет Ясауидің әкесі, діни көсем. Әмір Темір Қожахмет Яссауиды ерекше сыйлап өткен. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Ал Сайрам ауылындағы Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Кесене Қожа Ахмет Ясауидің анасына арнап салынған. Тарихи деректерге жүгінсек, Ясауидің анасы Қарашаштың шын есімі – Айша бибі. Өте білімді әйел болған. Медресе ашып, қыз-келіншектерді жинаған, оларға ілім-білім берген, Құранды араб тілінен түркі тіліне аударған.


Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді. Ол Қараханға Тараз қаласына келген кезде жылан шағып өлтіреді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде. [1] Б.Әбілдаев “Айша бибі” деген пьесасын жазды. Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогика институтына Айша бибі аты берілген


Домалақ ана. Шын есімі Нұрила– есімі ел ұранына айналған абызаналардың бірі Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібекбиге тұрмысқа шығады. Байдібекби өте бай болады. Үйір – үйір жылқысы, келе- келе түйесі, отар – отар қойы өрген. Қалың жау жылқысын айдап алып кетеді, ал Бәйдібек алты үлын ертіп жауға аттанғалы жатқанда, Нұрила былай деп тоқтау айтады: жылқының иесі айғыр қолда қалды, алты күннен соң жауға қайыру бермей өзі ақ алып келеді, азаматтар аман болсын –диды, бырақ ол көнбей кетіп қалады. Жаумен ұрыста алты ұлын Үшқарағай деген жерге жерлеп келеді. Ал алты күннен соң жылқысы қайтып келеді, міне осыдан бастап Домалақ ана атанады. Анар-ана — Домалақ-ана. Бұл арнайы зират етілетін жерге айналды


Домалақ-ана – Анар-ана – бұл қасиетті екі тас арасынан тек сенімі бар адам ғана өте алады. - Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл сынақ адам қаншалықты жанын тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігенін тексеріледі.

Түркістан — екі дүние есігі ғой,

Түркістан— ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,

Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.

Тұранның жері менен суы да жат,

Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.

Бурабай

Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суы мен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді.

Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйе).


Оқжетпес туралы аңыз

Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты

Өз өңіріміздегі қасиетті жерлерге қандай жерлер жатады?


Еділ

Кергенбайқызы Қырмызының еншісін беруі. Әкесі бар жасауын дайындағаннан кейін, Қырмызы өзі мініп жүретін ақ жалды шұбыртпа құйрық, күрең еншіге кірмей реніш білдірген қыз батаның аяқталуына қарамай, далаға шығып кетеді. Қатал әке жалғыз қызына теріс бата береді.

«Сымқарағай сынтас бол» - деп қолын жайып бата қайырады. Әке қаталдығына ренжіген қыз басқа атқа бінбей, еншіге бөлінген малдың және жиһаз артылған көш- керуеннің соңына ере береді. Күзгі мұздақты түнде әке қарғысына ұшыраған қыз сынтас болып қатып қалыпты.

Міне, Сынтас жайлы аңыздар осындай. Ал геологтар млн жыл бұрынға теңіз табаны болған екен. Арал маңында Ақеспе деген кішігірім балықшылар ауылы бар. Бұл елді мекенге ағылатын меймандардың санында шек жоқ. Дені ауыл тұрғындарының «Ыстық су» деп атап кеткен шипалы суынан ем іздеп келеді. Мұнда ешқандай шипажай, демалыс орны сияқты құрылыс нысаны салынбаған. Десе де, дауа іздеген халық жаз айларында өз бетінше шатыр тігіп, демалыстарын осында өткізеді.

Елімізде осындай киелі жерге барып көрдік пе?


Қорыту



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!