жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТЕ 30 ЖЫЛ
Бастауыш сынып мұғалімі
«Айсары жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы,
Қостанай ауданы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТЕ 30 ЖЫЛ
Тәуелсіздік сөзін естігенде әрбір жанның жүрегіне үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар құрбан болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған адамдардың куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Осы биылғы жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы болмақ. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы дегеніміз – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктері. Біз өткен 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерді ұрпақ есінде қалдырып, еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салтын дәріптеу біздің қолымызда. Осы 30 жылдағы жеткен жетістіктеріміз өткен күннің жемісі болып саналады. Бұл мемлекетіміз бен алқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне отыз жыл толмақ. Осындай тәуелсіздік ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жан жүрегімен сезінуі керек. Бұл – қазақ халқы үшін, Қазақстанды Отаным, елім, жұртым деп білетін әрбір қазақстандықтар үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Халқымыздың азаттық жолының сан ғасырлық тарихы бар. Ерлік пен елдіктің керемет үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігіміз сақталды, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте екендігін жадымыздан шығармай, достық пен келісім арқылы елімізді биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекетке айналдыра аламыз. Бірлік пен келісім – Қазақстан дамуының негізі.
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев теңдік пен Тәуелсіздіктің туын тікті, әлемдік қауымға терезесі тең, еңсесі биік қазақ ордасын құрды. Осы оқиғалардың арқасында Тәуелсіз Қазақстанды барша әлемге алып та айбынды мемлекет екендігін мойындата білді. Соның дәлелі ретінде мектебімізде жыл сайын Тұңғыш Президент күніне орай Елбасымыздың өмір жолын, ерен еңбегін, қайраткерлік қасиетін бағалайтын мектеп оқушыларына сынып сағаттарын, кітапханалық видеосабақтар, Елбасы түскен кинолар көрсетіледі. Осындай кемеңгерлікті жастарға үлгі ете отырып, өскелең ұрпақтың Елбасына қарап бой түзегендерін қалаймыз. Мемлекет басшысының еңбекқорлығы, ізденімпаздығы, көрегендігі, ақыл-парасаты жастарға үлгі, ғибратты тәрбие беру құралы. Олай дейтінім Елбасымыздың өзінің назары қашанда жастар жағында.
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің бақытты болуы үшін барлық жағдай жасалған. Әрбір бала білім алуға, қабілеттерін шыңдауға, медициналық көмек алуға, қорғануға құқылы. Еліміздің болашағы болсын десек, оның бүгінгі күніне қамқорлық жасау керек. Сондықтан да, бәсекеге қабілетті ел құру жолында Қазақстан балалар өміріне басты назар аударылуда. Тәуелсіз мемлекетте өскен қазақстандықтардың қазіргі жас буыны үшін көптеген жылдар бойы үлкен бір бүтіннің бөлшегі болу дегеннің қандай екенін өсіп келе жатқан ұрпақтың түсінгені абзал.
Әрбір іс-шара елді бірлікке, ынтымаққа, болашаққа деген нық сенімді қалыптастыруға шақырса, ол халықтың көңілінен шығатыны сөзсіз. Мән-мағынасы зор іс-шараларымыз игілікті, мерейтойларымыз мәртебелі болғай! Қазіргі таңда Тәуелсіздік – бәріміз үшін ең ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулық күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең бірінші халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бастап осы уақыттар ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз орасан табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт, байтақ, шуақты жарқын күндерді бағалай отырып, жаңа биік жетістіктерге ұмтылу – біздердің, келешек жастардың бағыты болуы тиіс.
Қорыта айтқанда, отызға жақын уақыт ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып, біз болашаққа нық сеніммен қарай аламыз. Еліміз осындай аздаған уақыттар арасында үлкен құрметке ие, көптеген жетістіктерін танитын мемлекетке айналып отыр. Біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихын ерекше қадірлеп, сақтауымыз керек. Келешек ұрпаққа да ақылымызды айтып, жеткізіп отырсақ, біз де алып, ең мықты мемлекет бола алатынымызға сенімім мол. Әр адам еліне тағзым етіп, оның өркендеуіне үлес қосқанда, бір-біріне бауырмалдық танытқанда бірлігі жарасқан, келісімі келіскен ғажайып ел боламыз. Дамудың тура жолы бірлік пен келісімде. Олай болса, ұстанымымыз анық, татулығымыз мықты ел екенімізді көрсетейік! Отанымыз Қазақстан жайында айтарымыз да мақтанарымыз да көп. Ендігі жеңіс – Қазақстанды көркейтетін, абыройын асыратын, ақылға кемел, ойға жүйрік, білім мен білік жолын таңдаған дарынды жастардың қолында. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойы құтты болсын!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Республикалық педагогикалық журнал. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. №12, 2014 жыл.
-
«Қазақстан балалары» журналы. №4 (36) 2018 жыл.
-
«Мектептегі кітапхана» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №6, 2014 жыл
-
«Мектептегі мерекелер» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. №6, 2010 жыл.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген