Қазақтың алғашқы ордасы Сығанақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың алғашқы ордасы Сығанақ

Материал туралы қысқаша түсінік
кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Кіріспе бөлімінде Сығанақ қаласын зерттеудің өзектілігі. Сығанақ қаласын зерттеген ғалымдар мен олардың еңбектері жайлы айтылады. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарауында ортағасырлық Сығанақ қаласының тарихы, қаланың саяси өмірі, қала туралы алғашқы деректер, қаланы зерттеген ғалымдар қамтылады. Екінші тарауында Ақ Орда мен Қазақ хандығының дәуіріндегі Сығанақ қаласының саяси тарихы қамтылса, үшінші тарауында Сығанақ қаласынан табылған археологиялық құнды жәдігерлер туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы










Тақырыбы: Қазақтың алғашқы ордасы Сығанақ





Бағыты: тарих






Орындаушы:






















2023 жыл

Аннотация

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мазмұнында Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан өз дәуірінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ірі сауда және Ақ Орда мен Қазақ хандығының саяси орталығы болған ортағасырлық Сығанақ қаласы туралы баяндалады. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспе бөлімінде Сығанақ қаласын зерттеудің өзектілігі. Сығанақ қаласын зерттеген ғалымдар мен олардың еңбектері жайлы айтылады.

Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарауында ортағасырлық Сығанақ қаласының тарихы, қаланың саяси өмірі, қала туралы алғашқы деректер, қаланы зерттеген ғалымдар қамтылады. Екінші тарауында Ақ Орда мен Қазақ хандығының дәуіріндегі Сығанақ қаласының саяси тарихы қамтылса, үшінші тарауында Сығанақ қаласынан табылған археологиялық құнды жәдігерлер туралы айтылады.

Қорытынды бөлімінде Сығанақ қаласының Қазақ тарихындағы маңызы туралы айтылады

Аннотация



 В научно-исследовательской работе повествуется история древного города Сыганак, который стал в средние века политическим и торговым центром Белый Орды и казахского ханства. Работа состоит из вступительной, основной и заключительной частей и содержится использованная литература.

Во вступительной части показывается актуальность исследования города Сыганак. Основная часть состоит из трех разделов.

В первом разделе характеризуются история средневенового города Сыганак и политическая жизнь в городе. А также в работе говорится о жизни ученых которые исследовали город. Во втором разделе содержится политическая история города Сыганак. В третьем разделе говорится об исторических ценных предметах, найденных в древнем городе.

В заключительной части характеризуется важная роль древнего города Сыганак в казахской истории.





МАЗМҰНЫ



  1. Кіріспе_______________________________________________________

  2. Негізгі бөлімі________________________________________________

    1. Сығанақ

    2. Сығанақ-қазақ хандығының сатанасы

    3. Сығанақ қаласының тарихы.

    4. Сунна-пайғамбар өнегесі

    5. Хиссамиддин Сығанақи

    6. Сырға толы Сығанақ

    7. Исламның тарихи маңызы

    8. Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті-Ақ Орданың сатанасы

  3. Зерттеу бөлімі

3.1 Сауалнама нәтижесі

  1. Қорытынды__________________________________________________

  2. Пайдаланылған әдебиеттер____________________________________























КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының мақсаты:
Көне Сығанақ қаласының тарихын насихаттау арқылы тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауға әрі көркейтуге үлес қосу


Зерттеу жұмысының міндеті:
Көне Сығанақ қаласының тарихына зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінің археологиялық қазбаларымен танысу;


Зерттеу жұмының өзектілігі:
Көне Сығанақ қаласының орындарын сақтау, құнды мұраларымызды
көркейту. Ұлттық мұраны дәріптеу. Ішкі және сыртқы мәдени туризмнің осы қастерлі мұраларға сүйенуі тиістігін насихаттау.


Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: жинақтау , топтау, талдау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Ортағасырлық Сығанақ қаласы бойынша жүргізілген зерттеулерге негізделген жобада қазақ халқының тарихындағы қаланың рөлі мен маңыздылығына шолу жасау арқылы қазақ тарихында көп айтылмаған сунақтардың тұрмыс-тіршілігін тарихи шындықпен дәлелдеу.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

















Сығанақ

Сунақ – ортағасырлық қала орны. Қызылорда облысы Төменарық тау жыныстары стансасының солтүстік-батыс жағында 10 км жерде орналасқан.

Қаланы 1867 ж. П.И. Лерх, 1906 – 07 ж. И.А. Кастанье, 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы “Худуд әл-Әлемде” кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанаққа көшпелі елдер мал, ет, тері, жүн, т.б. әкеліп, өздеріне қажетті заттарын алған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты “Қыпшақ даласының гаваны” деп атаған. Шыңғыс хан шапқыншылығынан бұрын Сығанақ Хорезмшах Текештің қол астында болған. 1219 – 20 ж. Сығанақты Жошы әскері басып алып, қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысының (Алтын Орда) құрамында болды. XII ғасырдың 2-жартысында қала қайта жандана бастады. Жошы ұрпақтары кезінде Сығанақ Ақ Орданың орталығы болып, онда теңге соғылған. XV ғасырдың 80-жылдары қаланы қазақ ханы Бұрындық биледі, ал маңы қазақ тайпаларының қысқы қоныстарына айналды. Осы кезден бастап Сығанақ пен оның төңірегі біржола қазақ хандығынақарады және негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды. XV– XVIII ғасырларда қала бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы болды. XVII –XVIII ғасырларда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар және басқа да әр түрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1801 жылғы “Сібірдің сызба кітабында” да Қазақстанның Сырдария алабындағы қалалардың бірі деп көрсетілген. Қаланың қазіргі орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда Сығанақ VI – XVIII ғасырларда өмір сүрген.[1]

СЫҒАНАҚ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ АСТАНАСЫ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап өтеді. 

Сыр еліндегі тарихи мәні терең көне қалалардың бірі – Сығанақ. Қазақстанның киелі жерлерінің картасына еліміз бойынша таңдалып алынған 100 қасиетті орындардың тізіміне облыстан 12 ескерткіш енгізілсе, соның бірі біз әңгімелеп отырған қала. 

Мамандар Сығанақты қыпшақ даласының қақпасы деп те атайды. Оның өзіндік тарихи дәлелдері жетіп артылады. Бұл қала кезінде Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған. Тіпті, оның екі мыңжылдық тарихы бар деген де деректер кездеседі. 

Сығанақ қаласының орны Жаңақорған ауданына қарасты Сунақата елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл қала туралы алғашқы мәлімет 982 жылы жазылған «Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб» («Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары») атты авторы белгісіз еңбекте «Сунах» атымен кездеседі. Х ғасырда өмір сүрген араб географы аль-Мукаддаси (Макдиси) аталған қаланы Отырармен кіндігі бір егіз қала деп көрсеткен. Сығанақ пен Отырардың ара қашықтығы 160 шақырым екенін де айта кеткен жөн. Ал, ХІ ғасырда қаланың Сығанақ деген атау атақты ғұлама, түркі тілінің маманы, ғалым Махмут Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» деген атақты еңбегінде жазылған. ХІ-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезіндегі жазба деректердің барлығында қаланың аты жиі кездесіп отырады.

ІХ-Х ғасырларда Сыр бойын оғыз тайпалары мекендеген. Сол кездері Сығанақ оғыздардың иелігінде болған. Х-ХІ ғасырлардың ортасында ішкі алауыздық салдарынан Оғыз мемлекеті әлсірей бастады. Осының әсерінен ХІ ғасырдың бас кезінде қыпшақтардың шапқыншылығына төтеп бере алмайды. Біраз оғыздар Сыр бойынан ығысып кетсе, қалғаны қыпшақтарға сіңіседі. Парсы деректерінде қыпшақтар мекендеген жерлер «Дешті Қыпшақ», яғни «Қыпшақ даласы» деп атала бастады. ХІ-ХІІ ғасырларда Ертістен Еділге дейінгі ұланғайыр аумақты қамтып жатқан Қыпшақ мемлекеті Сығанақ қаласын өз астанасына айналдырады. Ол 20 гектардай жерді алып жатыр. Кейінгі зерттеу мәліметтерінде Хан сарайы маңының өзі 30 гектардан астам екені, ал, Сығанақ қаласының аумағы 300 гектардан асатыны анықталып отыр. Қала өмірі VІ ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейін созылған.

«Менің Отаным – Қазақстан» сериясы аясында жарық көрген «Жаңақорған» ғылыми-көпшілік кітабында да осы қала жайлы мәліметтер келтіріледі. «Сығанақ» сөзінің алғашқы буыны көне түркі сөзі «суб», «сығ» немесе «сұғ», «су» деген түсінікке саяды. Екінші буыны «ан-ақ» «он оқ» деген І-VІІІ ғасырлар арасында түркі ру-тайпалары одағының жалпы атауынан шыққан. Айтыла келе, үндестік заңына байланысты «Сығанақ» болып шыққан, яғни «Сулы қала» «су жағасына салынған қала» деген мағынаны білдіреді. Өйткені, Сығанақ – бұрын Сырдарияның Қаратау жақ етегінен ағатын үлкен арнасы мен түстік жағынан өтетін кіші бір саласы арасында, айнала судың ортасында жатқан табиғи су қорғанымен қоршалған. Тарихшы Зардыхан Қиянатұлының пікірінше, «Сығанақ» атауы түрікшеден аударғанда «қамал, қорған» деген мағынаны береді. Ортағасырлық деректерде «Сығанақ – Қыпшақ даласының гаваны (қақпасы)» деген теңеулер айтылған. «Абдулла-намеде» осы шаһар туралы «Ол ежелден бері қыпшақ (қазақ) хандарының астанасы» деп жазылады. Хорезмшах Атсыз (1127-1154) және Ала ад-Дин Мұхаммед «дінсіздерді бағындыру» деген желеумен Сығанаққа бірнеше дүркін жойқын жорықтар жасап, ақырында Сығанақ билеушісімен бейбіт келісімге келді. Сығанақ Шығыс Қыпшақ даласындағы гүлденген қалалардың біріне айналды. «Худуд-аль-Аламда» Cығанақ диірменінде тартылған ұн әлемнің шартарабына таратылатыны туралы дерек бар. Академик Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан-байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан деп атап өтеді. Олардың еңбектеріне сүйенсек, Сығанақ – қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Ескі дәуірлерде ол өте гүлденіп тұрған үлкен қаланың бірі болған. Бұл өлкенің жер байлығы, елінің әдеп, мәдениеті көзге ерекше түскен. Сәулетті салынған шаһардың халқы да көп болған. Қаланың базарында күн сайын 500 түйеге артылған тауар сатылады екен. Оның маңайы толған егіндік, бақша, арық, тоған еді. Бұл қалаға Арқадан Хажы-Тархан (Астрахань) жағынан қаншама бай дүние келетін, олардың ішінде мыңдаған қой, топталған жылқы, түйе, қымбат ішіктер, тондар, қару-жарақ, қайыңның безінен жасалған жебелер, жібек маталар болатын. Сығанақ әрі сәулетті, әрі бай жер болғандықтан, оған Еділден, Каспий теңізінен, Қашқардан, Хотаннан, Мәуереннахрдан қаптаған саудагерлер келіп, сауда-саттық жасайтын.

Моңғол шапқыншылығы қаланың гүлденген шағына тап келеді. Сығанақ қаласы бұл кезде Дешті Қыпшақ жеріне көз алартқан Мұхаммед Хорезмшахтың ықпалындағы бекініске айналған еді. Бекініс ішінде негізінен осы аймақты бағындыру үшін жиналған парсылық әскер болды. Тарихи айғақтарға сүйенсек, Жошы қалаға шабуыл жасамас бұрын ең алдымен Шыңғыс ханның қарамағында сауда және дипломатия жөніндегі қызметшісі болған көпес Хасан-қажыны қала тұрғындарымен келіссөз жүргізу үшін жібереді. Бірақ, бұл қаланың тұрғындары Хасан-қажыны өлтіріп, өздері жауға қарсы күреске шығады. Жошының әскері қаланы қоршап алады. Қаланы бекініске айналдырған Хорезмшах әскері 7 күн бойы берілмей, қарсыласып бағады. Күші басым Жошы әскері жеңіске жетеді.

ХІV ғасырдан бастап Сығанақ қаласы қайта қалпына келтіріледі. Қала жандана түседі. Біртіндеп Сыр бойындағы саяси және экономикалық орталыққа айналады. ХІV ғасырдың ортасында Алтын Ордадан бөлініп шығып, Ақ Орда мемлекеті құрылады. Оның аумағы Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап Сырдарияның оң жағалауынан Қаратауға дейінгі аралықтарды қамтиды. Астанасы Сығанақ қаласы болады. Бұл мемлекетті Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан тараған ұрпақтары билей бастайды. Ерзен хан тұсында Сығанақта көптеген құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қала гүлденеді. Сыр бойындағы қалалармен байланыс орнатады. Одан кейін хан тағына оның ұлы Мүбарак отырады. Оның хандық тұсында Сығанақта теңге соғылады. Мүбарак хан Сығанаққа жерленген. Натанзидің «Ескендір анонимі» деректерінде Ерзен хан Орда Еженнің ұрпағының бірі, ол Отырар мен Сауранда мешіттер мен басқа да ғимараттар салдырған деген дерек айтылады. Орыс ханның тұсында Әмір Темірге арқа сүйеген Алтын Орда ханы Тоқтамыспен үлкен соғыстар жүреді. Орыс хан өлгеннен кейін Әмір Темір Сығанақты алып, Тоқтамысты хан етіп отырғызады.

Ақ Орда Темір әулетінің ықпалына енгеннен кейін ХV ғасырдың басына дейін Сығанақты Ұлықбек иеленеді. Ал, 1446 жылы бұл қала Әбілхайыр ханның иелігіне көшіп, оны ол өз билігінде өмірінің соңына дейін ұстады және ХVІ ғасырдың басына дейін Сыр бойындағы қалалар Шайбан әулетінің иелігінде болды. Сыр бойы қалаларын қайтару үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Ең алғаш Қазақ хандығының құрамына қосылған Қаратау етегіндегі Созақ және Сырдария жағасындағы Сауран қалалары болды. XV ғасырдың аяғында Отырар, Иассы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі. Осы кездегі Сығанақ қаласының тұрғындары туралы Рузбихан «қала аймағындағы қыстақ кенттер мен қала тұрғындарының қазақ хандығына ылғи да жақсы ниетте болып, қақпаларын ешбір қарсылықсыз айқара ашып қарсы алады. Қала тұрғындарының басқарушысы Қазы Садыр ал-Ислам, Шақпақ жүзбегі, Садыр-Шайхтар қаланы алуға келген Бұрындық ханға қала тұрғындарын жинап алып, «бұрын бұл аймақ Бұрындық ханға қарайтын, сондықтан ешбір қарсылық көрсетпей, қаланы оған берсек дұрыс болады» деп қаланы ешбір қарсылық-шығынсыз берген» деп хабарлайды. Сонымен бірге, оның еңбегінде қаланың діни-қоғамдық ғимараттарында ислам дініне байланысты сұрақ-жауаптар, түрлі жиындар болып тұратындығын, ондай кештерге өзінің де қатысатыны жазылған. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы үшін «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заман туады. Оның билігі тұсында саяси-экономикалық маңызына қарай Сығанақ қаласы Қазақ хандығының астанасына айналды. Одан кейін Есім ханның тұсында ғана хандықтың орталығы Түркістанға көшірілді.

Сығанақтың Дешті Қыпшақ территориясында сауда орны ретіндегі маңызын Рузбихан «Дешті Қыпшақтың Еділ өзені шегіне дейінгі иеліктері мен жергілікті көпестері... Сығанақ қаласын өздерінің жиналатын орны істеді және осында сауда тауарларын әкелді. Түркістан, Мәуереннахр аймақтарының және Шығыстан Қашқар, Хотан шегіне дейінгі жерлердің көпестері Сығанаққа осы елдердің тауарларын әкеліп, сауда мәмілелерімен айырбас жасайды. Бұл сауда мәмілелері Сығанақта жасалатын болғандықтан, «бұл иелік әрқашан да шет елдерден көпестер келіп тұратын орын болып табылады және онда барлық елдердің байлығы мен тауарлары мол», ондай тауарларға: «бұлғын мен тиін терісінен тігілген тондар, мықты садақтар мен ақ қайыңнан жасалған жебелер, жібек маталар мен басқа да қымбат бағалы бұйымдар» жататынын суреттейді. Бұл деректер Сығанақ қаласының өз заманында ірі халықаралық сауда орталығы болғанын айғақтайды.

Кезінде үлкен орталық болған қала көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Шаһардың орнында болған көк күмбезді керемет кесененің қирандысын ХХ ғасыр басында ғалымдар зерттеп, сызба суретін салған болатын. Көп ұзамай кесене құлап, төбеге айналған. Сығанақты зерттеуге қатысқан ғалымдар осы кесене Әбілқайыр ханға арнап салынған деп топшылауда.

1867 жылы орыс археологиялық комиссиясының тапсырмасы бойынша археолог П.Лерх Түркістан аймағындағы ортағасырлық қалаларды қарап шығуға жіберілгенде ол Сығанақ қаласына арнайы тоқтайды. Ғалым қалада болып, оның қай жерде орналасқаны туралы ақпарат қалдырған. Ал, 1892 жылы өлкетанушы Е.Смирнов Ташкенттен Қызылордаға жасаған барлау жұмысы кезінде Сығанақта болып, Төменарық пен қаланың суландыру жүйесі туралы ғана хабарлап, қала туралы жазбаған. Ал, 1899 жылы Түркістан өлкетану бөлімінің меңгерушісі В.Каллаур қалаға барлау жұмысын жүргізіп, оның топографиясын сипаттап, қаланың шығыс қақпасынан 100 метр жердегі мешіттің жобасын қағазға түсіреді.

Зерттеу жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды. 1906 жылы қаланы археолог И.Кастанье қарап шығады. Ол Каллаурдың қала туралы жазғандарын толықтырады. 1927 жылы Ресей Академиясы жанындағы Материалдық мәдениет институтының тапсырмасы бойынша Сығанақ қаласын А.Якубовский зерттеу нысанына айналдырады. Ол қаланың топографиялық жағына көңіл бөліп, жанындағы кейбір керегелері сақталған ғимараттардың суретін түсіріп алған. Нәтижесінде қала туралы үлкен ғылыми мақала жазған. Араға 20 жыл салып 1947 жылы ОҚАЭ-ның жетекшісі А.Бернштам келіп, қаланың топографиялық жобасын түсіріп, жиналған материалдар бойынша қаланың біздің дәуірімізге дейінгі қаңлы дәуірінен бері өмір сүріп келе жатқандығы туралы мәлімет келтіреді.

Бұдан кейін қалаға ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының аяғында, 50-ші жылдардың басында ОҚАЭ-ның жетекшісі Е.Агеева мен Г.Пацевичтер археологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Олар жинастырылған материалдар бойынша қаланың V-VІІІ ғасырларда өмір сүріп, одан кейін құлдырап, ХІІ-ХVІ ғасырларда қайта көтеріліп, Ақ Орданың кезінде қайта жанданғанын алға тартады. Алайда бұлар да қалаға қазба жұмыстарын жүргізбеген.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Сығанаққа Отырар археологиялық экспедициясының меңгерушісі К.Акишев пен К.Байпаков келді. Отырарды зерттеп жүрген олар Сығанақ қаласының топографиялық тарихына да назар аударып, бұл қала ортағасырлық қалалардың ішінде Отырар қаласынан кейінгі атақты екінші қала деген қорытындыға келеді.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында да бұл қалаға бірнеше рет археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2003-жылдан бастап Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археология, этнология және мұражай кафедрасы ұстаздарының басқаруымен далалық практикалық жұмысы басталды. Қазба жұмысы бірден үш жерде жүргізілді. 2004-2006 жылдардың аралығындағы қазба жұмысының барысында 5,5 м тереңдікке түсті. Соңғы ярустен алынған материалдар ХІІІ-ХІV ғасырлардың арасын көрсетеді. Жалпы, қаланың мәдени қабатын тексеру үшін салынған кесіндідегі қазба жұмысының кезінде алты мәдени қабат белгілі болды. Әрбір мәдени қабатта бұзылған үйлердің іргелері, оның ішіндегі қазан-ошақтардың және олардың алдындағы жуынды-шайынды су құятын ташнаулар ашылып отырды. Ташнаулардың үсті қыштан жасалған кірпіштермен төселген. Су ағатын жеріне төрт бұрышты кірпіш қойылып, оның ортасы тесілген. Төрт бұрышынан ортасына қарай су ағатын жолақтар тартылған. Су сол жолақтар арқылы тесіктің астындағы күбі көзеге құйылып сыртқа шығады немесе қаланың астыңғы жер табанына сіңіп кетеді. Қызық. Бұл сол кездің өзінде қалада тазалық мәселесі басты орында тұрғанын білдіреді. Бөлмелердің ішінде, есіктің маңайында немесе ас үйдің бұрыштарында астық сақтайтын ұралар кездесіп отырады. Ал үйдің аулаларында керексіз сынған ыдыс-аяқтың сынықтары, сүйек-саяқтың қалдықтарын тастайтын шұңқырлар көптеп кездесіп отырады. Ондай шұңқырлар үстіңгі мәдени қабаттан басталса, астыңғы бірнеше мәдени қабаттарды бұзып өтіп, бірнеше метрге барып тоқтауы мүмкін. Мәселен, көк түсті орта кесе, бесінші мәдени қабатта басталған шұңқырдың бір жарым метрлік тереңдігінен жинастырып алынып, лабораториялық жөндеуден өтіп құрастырылып, бүтін болып шықты. Сол сияқты екінші шұңқырда бесінші мәдени қабаттан басталып он бірінші ярустен тоқтағанда қара түспен өрнектелген орта кесенің сынықтары табылып, лабораториялық жөндеуден өтіп, бүтін болып шықты.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2009-2011 жылдарға арналған Мәдениет және ақпарат  саласындағы  қолданбалы ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша «Ортағасырлық Сығанақ қаласы» атты ғылыми жобаны орындау мақсатында 2009 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Археология ғылыми-зерттеу орталығының Сығанақ археологиялық экспедициясы Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылынан 1,5 шақырым батыста орналасқан ортағасырлық Сығанақ қаласы мен оның алқабында далалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Биылғы жылдың маусым айында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың облысымызға сапары барысында Сығанақ қаласында жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстармен танысқан болатын. Сол кезде Археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры К.Жетібаев қазіргі таңда Сығанақ аумағында мешіт-медресе мен нысанның солтүстік-шығыс бөлігінің қақпалары ашылып, тазартылғанын, қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылып жатқанын айтты. Бұл көне қала республикалық маңызға ие ескерткіш болып табылады. Оның ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының алдын ала тізіміне енгізілгенін де айтып өткен жөн.

Толассыз зерттеу жұмыстары нәтижесін берді. Бүгінде Сығанақ тарихи мәні жоғары орындардың бірі болып саналады. Оның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енуі біз үшін үлкен мақтаныш. Демек, Сығанақ әлі де зерттеле түседі. Оның ішіне бүккен сыры ашылып, талай тарихи жайға қанығарымыз анық.[2]

Сығанақ қаласының тарихы.

Сығанақ қаласының тарихы, бұл ең алдымен қазақ халқының тарихы. Мақтану үшінде, өткен қателіктерді жібермей сақтану үшін де ең алдымен ел өз тарихын білуі керек. Бізді қазақтарды, батыс елдері артта қалған халықтар қатарына санайды. Бұл монографияда біз Батыста да, Шығыста да бірен сарандарынан басқа оқып, жаза білмеген көне замандарда қазақ халқының көшіп қонып жүріп-ақ оқып, жаза білгенін, сауатты болғанын, астрономия, астрология т.б. ғылымдарды іс жүзінде пайдаланғанын көреміз. «Мың бір түн» сияқты әдебиеттерді және тағы да басқа шығармаларды оқып тіліміз байып, ақыл-ойымыз өрістеп тереңдей түскен.

Ескі заманнан қалған Сығанақтағы ескерткіштермен Сунақ Ата кешенінің мұнаралары да маңызды да, қызықты. Яссыға,Сығанаққа, Отырарға жібек жолымен жүретін керуеншілермен қатар Хорезмнен, Мауараннахрдан тауарлар тасылып жеткізіліп тұрған. Сырдария мен Қаратау қалаларының – Түркістанның, Отырардың, Сығанақтың, Созақтың, Құмкенттің, Жөлектің, Жаңакенттің тағдырлары басқаша қалыптасты. ХІІІ ғасырдың бас жағында талан-таражға түскен, содан кейін өртелініп жіберілген бұл қалалар көп кешікпей жаңадан бұрынғы қалпына келтірілді. ХІҮ-ХҮ ғасырларда аталған қалалар Темір және оның мұрагерлерінің терістік- шығыс жақтағы жаулап алушылық жорықтарында тіректі бекініс, қорған ретінде қызмет атқарды, сонан соң қазақ хандықтарының өмірінде маңызды орын алды. Қолөнер кәсіптерінің және сауда орталықтары, сонымен қатар хандардың резиденциялары болды. ХҮІІ ғасырда Россиямен саудада Яссы, Сығанақ, Отырар нақты маңызды иелікте болды. Сырдария мен Қаратау қалалары арқылы өтетін транзиттік сауда ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларға дейін бұл аудандарда қалалық өмірді сақтауға қолайлы маңызды стимул болды. Бұл жағдайларды толығырақ қарау үшін және көшпелі дана дала халықтарының бұрынғы талантты өнеріне Араб миссионерлерімен бірге келген ғылымдар тәжірибеде тез пайдаланылғанын, мәдениетін үзеңгінің үстінде жүріп-ақ ерте заманда көтере білгенін мына шап щағын тарихи деректерден байқауға болады.

Ғылымда да және қоғамдық сана-сезімде де осы кезге дейін «жабайы далаға» ой-өрісі дамыған урбанизациялық орталықтардың әсері арқылы мәдениет табыстары таралған деген түсінік кеңінен орын алған. Шындығында ертедегі Азияның мал шаруашылығындағы көшпелі халықтары тарихында ғажап, таң қаларлықтай өзіне тән стильдік өзгешеліктері бар бейнелеу өнері Скифтерден бастап болғандығы белгілі. Бұл стильді өнерді оңтүстік Кореядан Дунайға дейінгі территориялар үлгі, өнеге етіп еліктеген және бұл стиль буддизм мен християн храмдарының архитектураларына, қазіргі замандағы көптеген халықтардың іс жүзінде қолданылатын шебер өнерлеріне әсер етіп, әліде ықпалын жүргізуде. Оңтүстік Қазақстан ортағасырдан егін шаруашылығының, сауда және жоғары дамыған мәдениет орталығының бірі болды.

Сунақ қаласында он хандық өткен. Осы хандардың уақытысында қала хандықтың астанасы болған. Бұлар жайындағы білмейтініміз білетінімізден әлде қайда көп. Сондықтан ҮІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың 20 – шы жылына дейін өмір сүрген Сунақ қаласы Біздің тарихшыларымыздан әліде көптеген зерттеулерді талап етеді. [3]

Сунна - пайғамбар өнегесі

Ислам діні ҮІІ ғасырдың басында Мұхамед пайғамбардың (569-632) қырық жасқа толу шамасында (609ж.) қазіргі Сауд Аравиясының территориясында пайда бола бастады. Бұл дінге дейін осы арада өмір сүрген халықтардың басым көпшілігі пұтқа, көп құдайға табынатын болған. Сондықтан арабтардың жарты арал түбегінің өзінде де исламның таралуы оңайға түскен жоқ. Олардың тайпа көсемдері мен аристократиялық топтары ислам дініне қарсы күресумен бірге исламда түрлі ағым тудыруға да тырысты.. Дегенмен жаңа дін араб жеріне 633 жылы тарап үлгерген. Оның үстіне ықлым заманнан араб көпестері көптеген мемлекеттермен тар да тайғақ жолдар арқылы сауда байланысын үзбей жүргізіп отырған. Мысалы, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу деген үлкен қала біздің эрамызға дейін 214 жылдан Наньхай облысының орталығы ретінде белгілі болған. Осы уақыттан бастап бірнеше жүз жылдан кейін, ТАСС-ның мәліметі бойынша, осында тұрақты орналасып алған араб көпестері шапшаң, пысық, өжетті түрде сауда жұмысын жүргізген. В.В.Бартольдтің айтуы бойынша да арабтар Мұхаммед пайғамбардан алты жүз жыл бұрын маңызды сауда жолымен айналысқан.

Сауданың қоғам мен мемлекет үшін экономикалық маңызының орасан зор екендігі тарихта да, қазіргі замандарда да белгілі. Діннің көбірек, кеңірек тарауына байланысты араб жұрты бір системаға келіп сауда одан әрі дамып күшейе түскен. Жаңадан пайда болған ислам дінінің системалық көмегімен ҮІІ ғасырдың бас жағындағы әлеуметтік экономика, саяси және этникалық процестер Аравиядағы тайпаларды өз алдына Араб халқы ретінде құрастырып мемлекет етуге жеткізген. Бұл жайында тарихтада көрсетілген. Осы кезең жайында кейбір тарихи еңбектерде төмендегі анықтама ретінде айтылған: «Сол уақытта өзінің бірлестігі, ауызбіршілігімен мықты, күшті ислам, мұсылман емес халықтарға қарсы «Дін үшін қасиетті соғыс» деген ұран жариялап, бұл ұран әрбір мұсылманның міндетіне, борышына айналған.[5]

Хиссамиддин Сығанақи

Ислам қозғалысы Арабстанда басталған тұста Пайғамбармен(салла аллаһу әлейһи уа салам) бірге басқа да мұсылмандар кәдімгідей қарапайым араб ұлттық киімдерін киген. Алайда Пайғамбар мұсылмандардың мұсылман еместерден сыртқы бейнесінің де айырмашылығы болуын қалады. Ол ерекшелік сол кезеңде айрықша роль атқарды. Сунна – пайғамбарымыз Мұхамедтің ұстанған жол өнегесі. Оның жолын қуушыларды сунниттер деп атайды. Сонымен қатар шииттер ағымы да бар екендігін де білеміз. Хадистер топтамасын сунна деп атаймыз. Сунниттер мойындайтын аса беделді алты хадистер жинағы бар екендігін әрбір мұсылман біледі.Оларды, яғни хадистерді Әл Бұхари, Мүсілім, Әбу Дәуіт, ат-Термизи, ан-Нассай, ибн Маджа құрастырып шыққан. Осыған байланысты мұны мойындайтын қандайда бір мұсылман баласы болмасын діни мәселелерді шешуге келгенде Сунна кітабына хадистерге жүгінеді. Сунна қасиетті Құран Кәрімнен кейінгі екінші кітап болып саналады. Сол себепті, ислам өріс алып дүние жүзіне тараған кезде төрт халифты мойындайтынжәне төрт мазғаб жолының бірін ұстанатын мұсылмандар өздерін «сунниттер» деп атады. Суннизм негізі Суннадан бастау алады.Сунна жолын дәріптейтін Ислам дініндегі мұсылмандар. Осы сунна жолын ұстанушы Араб тұқымынан тарайтын Һисамиддин Сығанақидың(Сунақ Ата) да дін таратушылығына қатыстылығынан болып отыр. Ол Сығанақ қаласында медресе ұстап, мешіт салдырады. Исламға халықты баулиды. Мұсылмандыққа шақырып, дінге кіргізеді. Өзі туып өскен Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің мәдени орталықтарының бірі болды. Оның аты Араб, Парсы,Орыс ғалымдарының жазуымен әлемге белгілі еді. Сығанақ қаласының тарихы кітапқа жазылып, хандық құрылған дәуір сипатталды. 1219 жылы Жошыхан әскері, Сығанақты жаулап, оның қорғанын бұзып, қиратқан. 100 жылдан соң қайта қалпына келіп гүлденген. Онда талай қазақ хандықтары өткен. Сығанақ қаласының қорғаны қасында Һисамиддин Сунақидың (Сунақ Ата) мазары орналасқан. Оның шығу тегін тағы да еске салар болсақ арабтың Құрайыш тайпасының Тайм руынан Пайғамбарымыз Мұхаммедтің қайын атасы, төрт халифтың алғашқысы Әбу Бәкір Сыддықтың он алтыншы ұрпағы. Ол қазақ жеріне хақ дін исламды насихаттаған. Кезінде Қожа Ахмет Иассауидің имамы болып қызмет атқарған. Сонымен қатар Һисамиддин Сунақидың алдыңғы аталары да қазақ топырағында өмір сүрген. Сунақ Атаның арғы аталарының бірі Мәнсүр Мәліктің де Сығанақ қаласында мазарының болуы, үлкен бабамыздың сол Сығанақ қаласымен өмір сүргендігін дәлелдейді Аты әйгілі Сығанақ қаласында ертеде Сунна(қ) қаласыда жапсарлас болғандығын атақты гоеграф Ремезовтың картасынан анық көреміз. Десекте жергілікті тұрғындар мен басқа да халықтар екі қаланың атауын қатар айтып, алып жүрген. Тіптен ата бабаларымыз өздерінің аттарын ру атымен емес, қала атымен атап отырғанға ұқсайды. Қожа Ахмет Иассауи де өзінің ныспысын Түркістани демей, сол ғасырда дәурені жүріп тұрған Иассы қаласына байланыстыра атауында да үлкен мән бар сияқты. Сунақ Атаның да өз ныспысын лақап атпен «Сығанақи» деп атауы екі ғұламаның бір-біріне ұқсастығын байқатады. [4]

Сырға толы Сығанақ

Кез келген қандай халықтың өткен тарихын білмейінше, оның тәуелсіз мемлекет болуы мүмкін емес. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолымыз жеткен, өз тарихымызға деген көзқарасымыз өзгеріп, төл тарихымыз қайта жазылып, қасиетті қазақ жерінің тарихы жандана бастады. Сол тарихымыздың бір бөлшегі боп саналатын орта ғасырлық Сығанақ қаласындағы Хисамиддин бабаға салынған кесенесі мен мешіт медресесі өте көрнекті болған деседі. Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі бабамыздың кесенесінің үлгісімен салынған, олардың қыштары мен бояулары ұқсас болғанын ел аузындағы аңыздардан білеміз. Кеңес үкіметі кезінде кесене мен мешіт қараусыз қалғанын пайдаланып 1937 жылы Владивостоктан Шиеліге келген кәрістер оларды бұзып «Гигант» колхозының конторы мен клубын салған. Баба кесенесін бұзып жатқан кезде кәрістердің біразы түрлі аурудан өлген. Олардан қалған қыштар тоналып, бабаның кесенесі толығымен бұзылып кеткен. Сондай жағдайға ұшырасада Бабаның орнында қалған мазаратының басынан үнемі шырақшылар үзілмей, бабаға арнап құран бағыштап отырған. Хисамиддиннің ұрпағы Қошан-Ата бабаға шырақшы болған. Тәтібай ұлы Қошан немересі Мәженов Әнуардың айтуы бойынша шамасы 1866 жылы туылып 1933 жылы қайтыс болған.Олар ел-жұрт, ағайын туыстардың арасында аңызға айналған Тәтібайдың 5-ші ұлының 4-ші ұлы Қошанды 1906 жылы ағайындары Сунақ ата бабасының басына қарауыл етіп бекітіп, егелік жасауды тапсырған екен. Бір қызығы ол кісі «Биссмилләдан» басқа сөз білмеген екен. Әулиелер ұйықтағанда түсінде «Сен Меккеге қажылыққа барып қайыт» деп аян беріп тынышын ала берген соң 1908 жылы ақпан айында Қошан ата жолға жарты қап құрт алып Меккеге қарай жаяу шығып кетеді. Кетерде Сунақ Ата әулиенің Ішіне 3 қап құнды кітаптарды тығып кеткен. Ол кітаптарды сауаты болмағандықтан оқи алмаған. Сол кеткеннен ол Меккеден 1909 жылдың қараша айында елге оралады. Сол Маженов Әнуардың анасы Ұлбибі қайынатасының әулие Сунақ Ата кесенесі жақтан келе жатқанын көреді. «Ата келгеніңізде үйге кіріп бізді қуантып, содан соң бармадыңыз ба?», деп сұрағанда Қошан «Шырағым-ай мына әулиенің айналасында жатқан әруақтар ортаға алып, Сунақ Ата бабаның басына ертіп барып маған құран оқытып бағыштатты, сонда намаз оқып келемін» деген екен. «Ата намаз бен құран оқуды қашан үйрендіңіз, бұрын білмейтін едіңіз ғой», деп сұрағанда «Қошан ата Меккеге барып келгенше аруақтар түнде құран сүрелері мен намазды түсімде үйретіп оқытты», деген екен. Қошан атаның ұрпағы Жаңа қорғандағы Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғыны Ахметов Файзулла да мешіт көріп оқымасада, аруақтар түсінде оқытып, білімді молда және білгіш емші қасиетімен танымал болған .Қошан ата Меккеден сауаттанып келгеннен кейін, кетерде тығып кеткен 3 қап кітаптарын енді оқиын десе жоқ болып шығады. Ол кітаптарды кім алганын білмей жылап жүріп іздегенімен таба алмайды. Бір күні түсінде әруақ «Балам көп әбіржіме алған адам өзі келіп алдым деп мойындайды, бірақ саған бермейді, сен онда Меккеден әкелген кітапты пайдаланып оның қолына ұстат, сонда ол жазасын тартатын болады», - деп аян береді. Сонымен ол кітаптарды алған адам әруақтың айытқанындай Қошанға келіп кітаптарды алғанын мойындағанымен кітаптарды қайтып бергісі келмейді. Сол кезде Меккеден әкелген кітабын әлгі кісінің қолына ұстатып тұрып «Саған құдайдан залал келсін» дейді. Ол кісі қайтып бара жатып үйіне жетпей жолда қайтыс болады, оның әйелі күйеуінің бір жағдайға ұшырайтынын сезіп, күйеуі алып келген 3 қап кітапты қайтадан Сунақ Атаға жеткізіп береді. Әйелі үйіне қайтып келе жатып, жол үстінде күйеуінің өлгенінің үстінен шығады, үйіне келсе үйінің өртеніп кеткенін көреді. Қошан атаның Меккеден әкелген қасиетті кітабы Мәженов Әнуардің үйінде сақталған. Келіні Жиенбаева Қарашаштың айтуы бойынша , өмірінің соңында Әнуар белгісіз бір себептермен сол кітапты жоғалтып алады. Қошан ата әулие әрі көріпкел болған, зиярат етуге келген адамдарға берген бәтесі қабыл болса, біреу кеуіліне орынсыз тиіп нала етсе, наласы қате кетпеген. Ол кісі баба басында 27 жыл шырақшы болып 1933 жылы қайтыс болған, мазары Сунақ Ата кесенесінің тау беткейінде 2 метр жерде жерленген.

Жаңақорған ауданының тұрғыны Әшімов Мұсабек 77 жаста.Бала кезінде өз әкесімен Сунақ Атаға келіп көргені мен әкесінен естігені туралы баяндаған әңгімесінің желісімен, құпия құдық жайлы. Балалық шағым, соғыс жылдарының алды болатын. Ауыл үйдің адамдары көбінесе біздің үйге жиналып құрылған әңгімені бар ықыласыммен әкемнің тізесіне шынашақтап жатып тыңдаушы едім. Сол бір әңгімелерінің бірі осы құпия құдық жайлы еді. Мәденит колхозы жанындағы Сунақ Ата әулие жеріне әкем бірде зиярат етуге барғанда, онда зерттеуге келген бір орыс әйелі мен бір студент балаға жолығып, әңгімелесіп, өздерінің Ленинградтан арнайы тапсырмамен келгені туралы айтып, Сығанақ қаласының картасын көрсетеді. Ойларын ортаға салып, хабарласып тұруын өтінеді. Бірнеше күдерден кейін орыс әйелдің әкемді іздегенін естіп, әкем барса, олар бір шыңырау құдықты тауып едік, шелек салсақ жібіміз бос шығады. Әбден әуреге түстік, енді сізден өтініш, бізге ақшасына бір ешкі тауып беріңіз деп, енді құдыққа ешкі салады.Ешкінің де үні өшіп жібі бос шығады. Не салсада жіптері бос шығып, сол күні кешке дейін әуреге түседі. Орыс әйелдің қасына еріп келген студент жігіт енді кезек менікі, мен түсемін деп түседі де оның да үні өшеді. Қолдан келер еш амалы болмай орыс әйел, шашын жұлып жылайды. Дәл сол жылы соғыс басталады. Ашық қалса тегістеліп кетер деп, құдықтың бетін сексеуілмен жауып, аман болсам соғыстан кейін келем деп орыс әйел еліне қайтады.

Тарихымызда сардоба деп орта ғасырларда құдық үстіне салынған күмбезді құрылысты айтады. Әшимов Мұсабектің әкесінің тағы бір әңгімесі бойынша Қошан қажы әкесін бірде сардобаға ертіп түседі де , саған бір аманатым бар дейді. Аласалау төбеге келіп сол төбені топырақтан аршып,бүйірден бір үңгірді көреді. Төмен қарай тепкішек арқылы түсіп, жалғыз аяқ жолмен жүреді. Алдымызда түрегеп тұрған бір адамның тұлғасын көреді. Әлгі тұлғаны түйенің мойын терісімен қаптап, бет әлпетін тірі адамдай сақтаған екен, бірақ сақал мұрты өсіңкіреп кетіпті. Қасында шағын ғана үстел үстінде бәкі, сабын, қайрақ тасы тұр екен. Ал екі жағына жиып қойған сүйек көп екен. Шырақшы жақын барып алдымен сәлемдесіп ,сақал мұртын реттеп , аптасына, айына бір рет келіп, осылай жасап тұруымды өтінді. Еш нәрседен қорықпа, өзім қасыңда боламын деп, сыртқа шығып Сардобаны белгі болсын деп сексеуілмен бекіттік дейді. Бірақ соғыс кезі болатын, жұмыстан еш қолымыз тимей,колхозымыз бөтен жерге көшіп, араға 30 жылды салып оралдым. Жерде, атыз, арықта бәрі өзгерген, сол көзіммен көрген тосын жай құпия болып қала берді.- деп әңгімесін аяқтайды.[8]

Исламның тарихи маңызы.

Қорыта айтқанда ҮІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың 20 – шы жылына дейін өмір сүрген Сунақ қаласы біздің тарихшыларымыздан әлі де көптеген зерттеулерді талап етеді.Сонымен ерте замандағы ислам дінін таратушы араб миссионерлерінің халықтарды бір күшке сендіруінің арқасында Орта Азия мен Қазақстан территорияларындағы көптеген жеке-жеке рулар мен тайпалардың өзара әдетке айналған үнемі болып тұратын жаугершіліктері, бір-бірін тонап, өлтіріп жеңгендері жеңілгендерін қанаушылыққа айналдыруы, алыс-жұлыс пен бақталастықтары уақытқа байланысты біртіндеп азайып, соңырақ хандықтар құрылған. Уақытқа байланысты деп отырғанымыз - халықтардың эволюциялық прогрестік өсу процесін айтып отырмыз. Бұл процесте олардың, яғни арабтардың көптеген сөздері кірігіп, ғылымдары тарап, өрісіміз кеңейіп, ойымыз тереңдеп, мәдениетіміз бен экономикамыз күшейген. Осылардың нәтижесінде медреселер салынып, жастарды тәрбиелеуде, қалалар көбейіп тұрақты өмір сүруге, сауда және жер шаруашылығымен айналысуға , ықпал болған.Бұлардың қазіргі халықтар үшінде әлі де ролі аз емес. Сонымен мен бұл жазған ғылыми-зерттеу жұмысымды қазақтың дара туған дана поэтесса қызы Фариза Оңғарсынованың мынадай өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Сунақтың жері – жұмақ, дала бағы,

Перзенті періштедей дара бәрі.

Жаны мен тәні таза мұндай ұрпақ,

Тек қана құштарлықтан жаралады!

Сейіліп көңілдегі көп күдігім,

Менің де шаттанатын жетті күнім.

Осында көргендеймін даламыздың

Ертегі сұлулығын, тектілігін.[7]

Тарихи біліммен тәрбие беру жастардың туған халқының әлемінен нәр алуына, оның мәдениеті мен тарихының бастауын байыптауына жәрдемдеседі, халық поэзиясын, музыкасы мен бейнелеу өнерін терең түсінуге жетелейді. Осы мақсатта өлкетану жұмысын жандандыру, тарих, мәдениет пен тарихи ескерткіштерді қорғауды күшейту, дәстүрлі қолөнер кәсібін түлетіп, дамыту қажет. Араб миссионерлерінің таратқан дінімен бірге ала келген сол кездегі арабтардыңғылыми еңбектерінің өз заманындағы халықтардың білімін тереңдеткені, мәдениетін кеңейтумен бірге ауыл шаруашылығы мен денсаулықтарына көмектескені байқалады. Бұлардың қазіргі халықтар үшін де әлі де ролі аз емес. Сондықтан жаһандану бізден әлі көп зерттеулерді қажет етеді.

Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы.

Бүгінгі күнге дейін «Көшпенділер отырықшы өркениет жасамаған, сондықтан олар мемлекеттілік деңгейіне көтеріле алмаған» деп қарайтын сыңыржақ пікірдің сеңі бұзылмай отыр. Әттеген-ай дейтін бір жағдай мұндай пікірді қолдаушылар европалықтар былай тұрсын, отандық тарихшыларымыздың арасында да кездеседі.Көшпенділік ол тек экзотика емес, ол адамдардың өмір сүріп отырған төл табиғаты, жер-суы, ауа-райы, тұрмыс салтына орай көк тәңірінің адамзатқа берген сыйы, өркениеттің ерекше құбылысы. Кезінде «Көшпенділерді малы мен бірге өріп, бірге жусаған қауым» деп таныған немістің таңдаулы философтары Ф. Гегель және И. Кант табиғатпен тайталасып өмір сүрген қауымға европалық сырт көзбен сүзе қарамай көшпенді халықтың өз өмірімен етене танысқан болса олар тіптен өздері де көшпенділердің ортасында қалып қоюы мүмкін еді. Көшпенділер делінетін жұрт өзгеге ұқсамайтын сындырлы өркениет жасады. Деректерге жүгініп көрелік. Б.з.б. 128 жылы төтенше тапсырмамен сыр бойына келген қытайлық Чжан Цян тек бір ғана Ферғана өңірінде (Сырдың ортаңғы бойы) ірі 70 қала бар деп жазыпты. Тек кәзіргі Моңғолия жерінде ежелгі түркі-моңғол-кидандардын 220 қала, қалашығының орыны жатыр. Зерттеушілер тек Жошы ұлысы (орысша Алтын Орда) қарамағында 150-200 қала болғаны жайлы қабарлайды. ХІ ғ. өмір сүрген ғұлама Жүсіп Баласағұн,Болған талай қалалар да халық та,Уақыт көмді бәрін жерлеп табытқа.Болған талай ауылымыз, тайпамыз,Енді соның ізін тауып байқаңыз деген аманат қалдырды.Бұл аманатты бүгінгі біздің археолог әріптестеріміз орындап жүр. Тарихта Сыр бойы қалаларының қатарында Сығанақ қаласы аталады. Ал осы Сығанақ қазақтың алғашқы мемлекеті – Ақ Орданың астанасы болғаны туралы мәселенің сыры әлі күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Біз енді осы мәселеге тоқталып көрмекшіміз.Қала 982 жылы түзілген «Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб» («Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары») атты авторы белгісіз еңбекте «Сунах» атымен алғаш белгілі болды. Мұнда протоқазақтық Кимек мемлекетінің аймақтарымен қалалары туралы жазылған.Х ғасырда өмір сүрген араб географы аль-Мукаддаси (Макдиси) Сығанақты Отырар мен кіндігі бір егіз қала деп көрсеткен. Сығанақ пен Отырардың ара қашықтығы 24 фарсах (160 км). «Сығанақ» атауы ежелгі түрікше «Қамал, қорған» деген мағынаны білдіреді. Ол ежелгі түркі-қалаларының бірі. Мұсылман деректерінде Сығанақ «Дарь-уль-Куфр» немесе «дінсіздердің ордасы» атанып келді. Өйткені Сығанақ ХІІ ғ. соңы ХІІІ ғ. басында әлі де мұсылман дінін қабылдай қоймаған, тәңірге табынған көшпенді қыпшақ хандығының шығыс астанасы болатын. Абдулла-намеде Сығанақ туралы «Ол ежелден бері қыпшақ (қазақ) хандарының астанасы» деп жазады [ ]. Хорезм шах Атсыз (1127-1154) және Ала ад-Дин Мухаммед дінсіздерді бағындару үшін Сығанаққа бірнеше дүркін жайқын жорықтар жасап ақыры Сығанақ билеушісімен бейбіт келісімге келді. Нәтижесінде Сығанақ Шығыс қыпшақ даласындағы гүлденген қалалардың біріне айналды. «Худуд-аль-Аламда» сығанақ дейірменінде тартылған ұн әлемнің шартарабына таратылатыны туралы жазылған.Сығанақ осылай құлпырып тұрған шағында моңғол шабуылына тап болды. Жошы бастаған моңғол қолы 1220 жылы маусым айында Сығанақты қоршауға алып қала тұрғындарынан қарсылықсыз берілуін талап етіп ұйғыр Хасан қажыны елшілікке жібереді. Бірақ Сығанақ тұрғындары бұл талапты мойындамай Хасан қажыны өлтіреді. Осыдан кейін Жошы қаланы күшпен басып алып жермен жексен етіп, тұрғындарын қырғанға ұшыратты. Д′Оссон, А.М. Жувейнидің айтуынша «Жошы Сығанақта тірі жан қалдырмаған делінеді». Менімше бұл аса сенімді дерек емес. Егер тірі жан қалмаған болса, Жошы Хасанның ұлын кімдерге басшы етіп Сығанақта қалдырды. Одан гөрі «…Ихэд алж…» немесе «көп адамды қырды» делінетін моңғол тарихшысы А.Амардың пікірі сенімдірек естіледі. Осы оқиғадан кейін Сығанақ Жошы ұлысы оның әскери сол қанаты Ақ Орданың билігіне өтті. Жошы ханның төртінші ұрпағы Сасы-Бұқаның тұсында (1309-1315) Жошы ұлысының орталығы Ертістен – Сығанаққа аударылды. Осы кезден бастап Сығанақтың қайта өрлеу дәуірі басталды. Ерзен ханның тұсында Сығанақта Ақ Орда хандарының атында күмістен ақша құю жолға қойылды. Ол кезде хандарының атында ақша соғу деген биліктің дербестігін көрсетеді. Ерзен хан 25 жыл билік құрып 1344/1345 жылы дүние салып Сығанақта жерленді. Осыдан бастап Сығанақ Жошы-хан — Орда ежен әулетінен тараған Ақ Ордалық ақсүйектерін жерлейтін ата қорыққа айналды.Мүбәрәк-Қожа кезінен Ақ Ордада басталған бүліншілік 16-17 жылға жалғасты. Тек 1351-1361 жылдар аралығында Ақ Орданың 8 ханы өлтірілді. Бүліншілік 1361 жылы Орда тағына Шымтайұлы Орыс ханның келуі арқасында тынышталды. Орыс ханның таққа келуі Ақ Орда мемлекеті және оның астанасы Сығанақтың өрлеу дәуірі болып табылады.Түрік тілінде жазылған, авторы белгісіз «Аноним Искандердің» тұжырымына жүгінсек «Орыс хан Ақ Орданы түбегейлі дербес мемлекетке айналдырды». XIV ғ. екінші жартысында Ақ Орда мемлекеті «Орыс хан ұлысы» атанған тұстары бар. Орыс хан Сығанақта хан сарайын салдырды. Қазақтың алғашқы қарулы қолы «Алаш мыңдығын» жасақтап, ақ қара ала ту алып жауға шапты.Ақ Орданың астанасы ретінде Сығанақтың нағыз шарықтап өскен кезеңі Орыс ханның тұсы. Орыс ханның атында ақша соғылды. Орыс ханның елі тарихи әдебиетте «Алаш елі» атанды. Ш.Уәлиханов және А.И.Левшиндер Орыс ханды «Алаш хан» деп атап, оны қазақ хандарының атасы деп тануы тегіннен тегін емес. Қазақ түсінігінде «Алаш» ұғымы «қазақ» атауының баламасы болып табылады. Сондықтан Алаштың астанасы Сығанақты қазақтың астанасы деп тануға толық мүмкіндік бар.Сығанақ жайлы аса құнды дерек қалдырған авторларының бірі Мұхаммед Шайбани ханның жылнамашысы Фазлалах ибн-Рузбихан Исфахани. Ол өзінің «Михман-наме Бұқар» («Бұқара қонағының жазбалары») атты еңбегінде «Дешті қыпшақты жер жұмағы» деп атап, Сығанақтың орналасу жайы аса қолайлы, ол Дешті Қыпшақтың шекарасы, Түркістанның орталық шебі, онда «күн сайын бес жүз түйенің еті қуырылып кешке қарай одан түйір де қалмайтын» деп жазған еді.Дештінің атақты хандарының мәйіті міндетті түрде Сығанаққа жерленіп қабірінің үстіне кесене (мавзолей) тұрғызылатыны туралы деректі жазып қалдырған да осы Рузбихан. XIV ғ. соңына қарай Сығанақ үшін күрес күшейді. 1375-1376 жылдардан бастап бұл күреске Мауеренахр билеушісі Темір араласа бастады. Ол өз ордасына бас сауға іздеп келген Тоқтамысқа Сығанақты сыйға тартты. Темірдің бұл әрекеті Орыс хан бастаған Ақ Ордалықтардың қарсылығын тудырды. Қалыптасқан жағдайға байланысты Орыс хан 1375 жылы үлкен Сарайдан Сығанаққа қайтып оралды.1376 жылдың қараша күзінде Сығанақ үшін бір жағынан Темір-Тоқтамыс қолы, екінші жағынан Орыс ханның ұлы Темір Мәлік қолы арасында ұлы шайқас болып Темір Мәлік қолы жеңіліс тапты. Сөйтіп Сығанақ Тоқтамыстың қолына өтті. Орыс ханның немересі Барақ хан 1423 жылы Сығанақты қайтарып алды. Сығанақ кімге тиесілі екендігін Барақтың Ұлықбекке қойған датынан айқын көруге болады. Онда «Сығанақ жайылымы әдеттегі заң ережелері бойынша маған тиесілі, өйткені менің атам Орыс хан Сығанақта Орда тұрғызған» деп жазылған.Ақсақ Темір 1395-1396 жылы Тоқтамысқа қарсы жорықтан қайтқан жолында Қажы-тархан, Сарайды жаулап алып Сарайды жермен-жексен етіп қана қоймай жолай сығанақты қиратты. Осыдан болып Сығанақтың қайта құлдырау дәуірі басталды.Сығанақты 1446 жылы Шайбанилік Әбілқайыр басып алды. Бірақ Орыс ханның ұрпақтары Әбілқайыр билігін мойындамады. 1456 жылы Әбілқайыр мен қалмақ Енге — төре арасында Сығанақ үшін болған ұлы шайқаста Әбілқайыр жеңіліс тапты. Орыс ханның шөбелері Жәнібек пен Керей бастаған Ақ Орда хан ұрпақтары Әбілқайырдың әлсірегенін пайдаланып стратегиялық шегініс жасап ел ордасын Шу бойындағы Қозыбасына әкеліп тігуі Сығанақтың саяси маңызын әлсіретті. Бірақ Сығанақ өлкесі территориялық тұрғысынан қазақ мемлекетінің қарамағында қала берді. Соңғы орта ғасырларда Сығанақ талай қияметті басынан кешірді. Ақ Орда хандары мен Темір әулеті арасында, кейінірек қазақ хандары мен (Мұрындық, Қасым хан) Мұхаммед Шайбани, оның ұрпақтары арасында Сығанақ үшін талай кескілескен ұрыстар болды. Қалай деген — мен Сығанақ XVII ғ. дейін қала атын сақтап тұрды да кейін үйінді, төбешігіне айналып жер астында қалды. Кәзірде халық оны қастерлеп «Сунах-ата» деп атайды. Қаланың орны Ташкент темір жолынан Төмен-Арық станциясының солтүстік-шығысына қарай 20 шақырымда жатыр. Тарихшылар Муин ад-Дин Натанзи, Б.Д. Греков, А.Ю. Якубовский, А.А. Семенов, Ш.Ш. Уәлиханов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, С. Жолодасбаевтар Сығанақтың тарихын әрдайым Ақ ордамен байланыстырып зерттеп келді.Соңғы жылдары біз Ақ орда тарихын зерттеуде моңғол және қытай деректерін айналымға енгіздік. Чин империясы кезінің тарихшысы Ломаның 1735 жылы жазған «Моңғолдың Боржығын тайпасының тарихы» атты еңбегінде «Баты хан 1235 жылы батыс жорығына аттанды. 1240 жылы әкесінің иелігіне тиген ел, жердің негізінде Еділдің құйғанында Сарай қаласын тұрғызып астана етті. Тарихта оны Қыпшақ хандығы деп атайды. Арал теңізінің шығыс солтүстігін ағасы Ордаға беріп «Ақ орда хандығы» деп атады. Аралдың солтүстігін Сыбанға (Шибан) беріп ол «Көк орда» атанды деп жазды.Ежелгі және кәзіргі замандағы моңғол авторларының еңбектерінде «Хасгийн цагаан ордны улс» (Қазақтың Ақ орда мемлекеті) деген аталым қолданылады. Ш.Уәлиханов Мухамед Қайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегіне жасаған талдау белгілеуінде Ақ орданы Моңғол ұлыстарының басқадай ордаларынан айырып жеке атап көрсетеді. Бұл пікірді Л.Н.Гумилев жалғастырды. Ол былай дейді «Ныне казахи занимают огромную площадь с монотонным степным ландшафтом. В XIII в.степь обезлюдела после жестокой Монголо-половецской войны и была поделена между тремя ордами: Золотой или Большой, -на Волге, Синей между Аральским морем и Тюменью, и Белой (т.е Старшей)-в Тарбагатае и на верхнем Иртыше, на Волге из конглемерата народов сложилась Татары. Синяя орда оказалась нежизнеспособной и в ХІV в слилась с Волжской, зато Белая орда, опиравшаяся на окрайны Сибирской тайги до Оби, склоны и предгорья Алтая и степи Сырдарьи, в то время перемежавшиеся борами, развивалась в самостоятельный этнос, позднее экстроординарные степи Приаралья, Мангышлак и Рынпески».Сығанақты астана еткен Ак Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы (концентрат) болып табылады. Олай болуының себебі мынада:

  1. Ақ Орда Жошы Қыпшақ ұлысының әскери сол қанаты ретінде қазақ даласының төрінде, бұрынғы қыпшақ хандығының негізінде құрылды. Билікке Шыңғыс хан әулеті өкілдері келгенімен қазақ қоғамының дәстүрлік сыр-сипаты орасан өзгерістерге ұшыраған жоқ.

  2. Ақ Орданың территориясы (Ертістен Сырдәрияның құйғаны, Саураннан-Арал, Қараталдан Төменге (Тюмень) дейінгі) қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін (шамамен 60-65%) қамтиды.

  3. Ақ Орда халқының негізгі бөлігін қазіргі қазақ халқын құрап отырған байырғы тайпалар (Үйсін, Қаңлы, Дулат, Арғын, Қыпшақ, Найман, Жалайыр қатарлы) құрады.

  4. Ақ Орданың шаңырағын алғаш көтеріскен Жошы хан ұлы Орда еженнің жетінші ұрпағы Орыс хан Ақ Орданың алғашқы дербес билеушісі, Қазақ хандарының атасы (Қазақ мемлекетінің алғашқы ханы) деп танылады.

  5. Қазақ мемлекетінің алғашқы ресми қарулы қолы «Алаш мыңдығы» Орыс ханның тұсында, Сығанақта жасақталды. Мыңдықтар ақ қара ту ұстап «Алаш» деп ұрандап жауға шапты, ел, жерінің тұтастығын жанкештілікпен қорғады.

  6. Ақ Орда дәуірінде Шыңғыс хан әулетінен тараған қазақ хандары династиясы (Орыс ханнан – Кенесарыға дейін) қалыптасты.

  7. Ақ Орда дәуірінде Алаш ұраны – ел ұранына айналып қазақтың бірлігін дәріптейтін мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілді.

  8. Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қыпшақ-қазақ тілі мемлекеттік жазба тіліне айналды.

  9. Ақ Орда кейін «Қазақ хандығы» атымен Қазақ мемлекеті қайта құрылуының алғы шарты болды.[6]

Зерттеу бөлімі

Сығанақ қаласынан табылған қыш бұйымдардың құрамы

Қыш-құмыра жасау-көнеден жеткен мұра

Табылған бұйымдардың заманауи үлгісі

Бала күнімізде бәрімізде лайдан неше түрлі мүсіндер жасадық. Aлaйда, күнге кептірілгеннен кейін бұл мүсіндер жарылып кететін. Ал Ахмет Ясауи кесенесіндегі кесектерде жарылған іздер жоқ. Бұл кірпіш лайының аса ыждағаттылықпен дайындалғандығын көрсетеді. Лай құрамына қосылған шөпшектер, жылқы қылы, жүн – арматураның жұмысын атқарып кесектің жарылуына жол бермеді.

Кірпіштер қажеттілігіне қарай әр түрлі формада және көлемде әзірленді. Көпшілігі қалындығы 50-60 мм, көлемі 240 мм-ден 460 мм-ге жететін, салмағы жеті килограмм кірпіштер болды. Бір қызығы, көптеген кірпіштерде алақан мен саусақ ізі кездеседі. Адамның саусақ іздерінің анықтығы сондай содан бері ғасырлар емес, бірнеше күн ғана өткендей сезіледі.

Заманауи өңделген бұйымдар жасаудың жаңа технологиясын қолмен жасап зерттеп келдім. Көнеден келе жатқан қыш бұйымдары аса бір сұранысқа ие болмаса да көрмелерде, үлкен-үлкен іс-шараларда, музейлерде байқалып қалады. Қыш құмыралар десе археологиялық қазбалар ернеуі жарылған сынған құмыралар ішінде тарихтың талай құпиясы сақталған.

Құмыра әр түрлі техникамен жасалады. Мен құмыраны саз балшықты гончарлық шеңбердің ортасына қою арқылы жасадым.

Құмыра жасау – онкологиялық аурумен ауыратын балаларға қол маторикасын дамытуға, бала бойындағы ойлауды, тепе-теңдікті ұстауда үлкен пайдасы бар екенін білдім.

Абдиев Асқар ағаймен сұхбатта білдім.

ХХІ ғаысыр технология ғасыры. Қазіргі уақытта сапа жағынан да, сан жағынан да көздің жауын алатын ыдыстар ыдыстар өте көп олардың безендірулеріде ерекше. Себебі, соңғы технологиямен жасалған бірақ эскизі сол баяғы ата-бабаларымыздың қол еңбегімен жасалған дүниелерінен алынған.


Сауалнама нәтижесі


Осы жобада мен, мектептегі 9-10 сынып оқушыларынан сауалнама алуды жөн көрдім. Сауалнамаға 35 оқушы қатысты.



  1. Сығанақ қаласының орны қайта тұрғызылып, өркендеп туристік аймаққа айналғанын қалайсыз ба?

  • Ия, туристік аймаққа айналғанын қалаймын.

  • Жоқ, туристік аймаққа айналғанын дұрыс емес деп санаймын.

  1. Сығанақ қаласының тарихи маңыздылығы қандай деңгейде деп ойлайсыз?

  • Жоғары деңгейде деп ойлаймын

  • Орташа деңгейде

  • Төмен деңдейде

  1. Сығанақ қаласының атын аңызға айналдыруға бола ма?

  • Ия

  • Жоқ

  • Білмеймін

  1. Сығанақ қаласынан табылған жәдігерлер мұражайының көп болғанын қалайсыздар ма?

  • Ия

  • Жоқ

  • Білмеймін

  1. Қазақстанда туризмді дамытуға үлес қосу мүмкіндігі болса, сығанақ қаласынан бастар ма едіңіз?

- Ия, бастар едім

- Жоқ қажет емес

- Білмеймін



Нәтижесі

пайызы

1

- Ия, туристік аймаққа айналғанын қалаймын.

- Жоқ, туристік аймаққа айналғанын дұрыс емес деп санаймын.

-26 оқушы


-9 оқушы

2

- Жоғары деңгейде деп ойлаймын

- Орташа деңгейде

- Төмен деңдейде

- 24 оқушы

- 6 оқушы

- 5 оқушы

3

- Ия

- Жоқ

- Білмеймін

- 35 оқушы

- 0 оқушы

- 0 оқушы

4

- Ия

- Жоқ

- Білмеймін

- 33 оқушы

- 2 оқушы

- 0 оқушы

5

- Ия, бастар едім

- Жоқ қажет емес

- Білмеймін


- 32 оқушы

- 2 оқушы

- 1 оқушы























Қорытынды

Қазақстан тарихы мен мәде­ниетінде айрықша орны бар ортағасырлық Сығанақ қаласын ашық аспан астында мұражай жасау тарих үшін жасалған тың бастама болары сөзсіз. Бұл өз кезегінде қазақтың қалыптасуы мен дамуы жайында біртұтас ұғым туғызу үшін ғана емес, халқымыздың саф алтынындай рухани байлығын аманат ретінде келешек ұрпаққа табыстауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Қазақ хандығының алғашқы ордасы болған Сығанақ қаласының тарихымыз үшін маңызы зор. Сығанақ қаласы әліде толыққанды зерттеуді қажет етеді.

Елбасының 2005 жылғы Қазақ­стан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауына сәйкес, Алғашқы астанамыз Сығанақ қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін археологиялық қазба жұмыстар жүргізіп, қорған қақпасын, қаланың ішіндегі ғимараттарды, мешіт, медреселер, кітапханалар сияқты маңызды әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына келтіріп, реставрация жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан қомақты қаржылар бөлінуде.

Алайда қаржының жеткілік­сіздігінен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген сәулет құрылысы нысандары сыртқы табиғи күштердің әсерінен бұзылып, тартымдылығын жоғалтуда. Ен­де­ше, Сығанақ қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін қорғанды толығымен қайта ашып, ашық аспан астындағы тарихи және мәдени-археологиялық қорық ашу – болашақтағы кезек күттірмес мәселелердің бірі.

Ұ с ы н ы с ы м

1. Қазақ тарихындағы маңызы зор Сығанақ қаласын Орталық Азиядағы ең ірі тарихи-танымдық туристік нысанға айналдыру

 

2. Мектеп оқушыларымен Сығанақ қаласына арнайы тарихи-танымдық экскурсиялар жасау.

3. Жалпы орта мектептерде ата-бабамыздың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарын жасап көруге арналған шеберханалар мен үйірмелер ашу.










Пайдаланылған әдебиеттер:

[1] https://kk.m.wikipedia.org

[2] https://tirshilik-tynysy.kz

[3] Сунақтардың этногенезі және Сунақ қаласының тарихы.Алматы қаласы,1992ж

[4] Танымдық – ғұмырнамалық толғау Шаһизында Қарақожаұлы Сунақ Ата (Һисамиддин) Астана - 2003 жыл «Нұржол»

[ 5] Нұртай Ерназар «Суннаның маңызы» «Шапағат нұр» №8, 2001 жыл

[6] https://martebe.kz

[7] https://bilim-all.kz

[8] Cкендір Құдияров Сунақ шежіресі: «Атамұра» баспасы 1995 жыл






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі