Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру
кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу,
түгендеу. Сынып реттілігін
қадағалау.
2.Ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне тілек айтады,
сабаққа қызығушылығын арттырып, назарын сабаққа
аудару
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек
білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық
оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі
артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту
арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын
оятады.
|
Жаңа сабаққа
кіріспе

|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы
өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау
сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.
Сыныптастырының пікірін
толықтырады.
Өз ойымен
бөліседі.
Дара үстеу дегеніміз
не?
2. Күрделі үстеу дегеніміз
не?
3. Туынды үстеу қалай
жасалады?
4. Қазақ тілінде қанша сөз табы
бар?
5. Үстеу дегеніміз
не?
6. Бірігу арқылы жасалған
туынды үстеу
7. Қосарлану арқылы жасалған
үстеу
8.Үстеулер мағынасына қарай
қандай түрлерге жіктеледі?
9.Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
Мысал келтіріңіз.
10.Мекен үстеуі қандай
сұрақтарға жауап береді?
11. Негізгі үстеулерге мысал
келтір
12. Дара үстеуге мысалдар
келтір
13. Туынды үстеу қалай
жасалады?
14. Сөз таптарын
ата
15. Мекен үстеуге мысалдар
келтір
16. Қандай салт-дәстүрді
білесің?
17. Бағана, қазір, енді, ерте,
кеш, әрдайым, үнемі деген сөздер үстеудің қай түріне
жатады?

|
Тыңдалым
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлттың құндылықтарын сақтауға ықпал
етеді. Солардың ішінде бала тәрбиесіне байланысты маңызды
дәстүрлер:
•Бесікке салу – сәбидің
өміріндегі алғашқы маңызды қадамдардың
бірі.
•Тұсау кесу – баланың тәй-тәй
басып, жүре бастағанын атап өтетін
рәсім.
•Атқа мінгізу – баланы
жауапкершілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу үшін жасалатын
дәстүр.
Салт-дәстүр дегенді қалай
түсінесіңдер?
Немере іні деп қандай туысты
айтады?
Осы тапсырманы орындау арқылы
оқушылардың айтылым дағдысы
қалыптасады
ЕББҚ
тапсырма
Үстеу дегеніміз
не?
Қандай салт-дәстүрдің түрлерін
білесің?
«Білім дақылын жинау»
әдісі
Ү стеудің мағыналық түрлерін
ажырату

|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды
түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық
дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын
көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік
береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға
«Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың
ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Үстеудің түрлерін
түсіндіреді.
Сын (я бейне)
үстеулері
Сын-қимыл (бейне) үстеуі
іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді.
Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?)
жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?)
отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?)
шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
Мөлшер
үстеулері
Мөлшер үстеуі қанша? қаншама?
қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі
сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын
білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың
шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты,
біршама (қаншама?) кешігіп қалды, едәуір (қалай?) өскен екен. Ал
сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, едәуір (қалай?) ұзақ
дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін,
көлемін білдіреді.
Күшейту (я ұлғайту)
үстеулері
Күшейткіш үстеуі қимылдың,
іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп
көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі,
мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің
күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең),
тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де
жатады.

|
Жазылым.
Мезгіл үстеулерін
түрлерін қолданып эссе жазады.
Осы тапсырманы орындау
арқылы оқушылардың жазылым дағдысы
қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 4
балл.
- Мөлшер үстеулерін
түрлерін табады,жазады.
-Сын-қимыл үстеуін
табады;
Күшейткіш үстеуін
табады;
Ө зара талқылау, талдау
жасайды.
|
ДК
Оқулық
|

|
№1-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші,
түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы
сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Жазылым.
Мәтіннен
негізгі,қосымша ақпаратты тауып, жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы
қалыптасады.
|
Дескриптор:
Жалпы-3
балл.
- Мәтіннен
негізгі,қосымша ақпаратты табады ; үстеулерін тауып, мәндес
сөздерін жазады.
|
Оқулық
Жұмыс дәптерлері.
|

|
3-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші,
түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы
сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Айтылым.
Сұрақтарға жауап
береді. Өз пікірлерін алмасады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы
қалыптасады.
|
Дескриптор:
Жалпы-3
балл.
-Сұрақтарға жауап
береді. Өз пікірлерін алмасады.
|
Оқулық,
жұмыс
дәптері
ДК
|
Сабақтың соңы
8 мин
Ой толғаныс.
Рефлексия

|
«Сөзді дұрыс орналастыр»
әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа
деген көзқарасын, рефлексиясын
тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін
саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша
оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын
қадағалайды.
|
Жеке
жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп
береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді
айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым,
ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын.
т.б.
Отбасыңдағы ұлттық
дәстүрлер туралы әдеби эссе жазу.
Мөлшер және сын-қимыл
үстеулерін қолданып, 5 сөйлем құрастыру.
|
Мұғалім оқушылардың
сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр
оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар,
оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу»
әдісі арқылы
бағалайды.
|

|