ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ
МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ
Алшынбеков
Қазақбай магистр-аға
оқытушы
Бексауыт
Улжан «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ
студенті
Академик Ә.Қуатбеков атындағы
ХДУ
Қазақтың шешендік сөз өнері –
еліміздің мәдени мұрасының бір бөлігі, оның ғасырлар бойы
қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан құнды асыл
қазынасы. Шешендік сөз – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау,
адамдарды ынталандыру, ойландыратын ойлар мен пікірлер айту,
бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде қолданылатын сөз өнері.
Қазақтың шешендік өнері өз алдына жеке бір сала болып табылады және
халықтың ішкі мәдениеті мен өмірлік философиясын көрсететін айна
іспетті.
Шешендік сөздер қазақ халқының
тарихында, оның рухани өмірінде, салт-дәстүрінде маңызды орын
алған. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, оның ішінде айтыстар, толғаулар,
мақал-мәтелдер, баталар мен бата-жырлар да шешендік өнердің ерекше
түрлеріне жатады. Мұндай сөздер адамдардың қиял-ғажайып әлемін,
өмір сүру принциптерін, қоғамдастығы мен рухани құндылықтарын паш
ететін мәнге ие.Қазақ халқының шешендік өнері халықтың санасындағы
өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, әдет-ғұрыптар мен
дәстүрлерді ұстану, болашаққа деген сенімділік пен үмітті көрсетуге
бағытталған. Бұл өнер түрі халықтың қоғамдық санасында ой-сананы
өзгертуге, қоғамдағы тыныштықты сақтау мен бірлікті нығайтуға
қызмет етеді. Шешендер өз сөздерінде жекелеген адамдардың ғана
емес, бүкіл халықтың мүддесін қорғауды мақсат
етеді.
Қазақтың шешендік сөз өнері
бір жағынан сөздің асқан шеберлігімен ерекшеленсе, екінші жағынан
халықтың тәрбиелік міндеттерін орындауда маңызды рөл атқарады.
Әрбір шешен сөзінің астарында терең мән мен мағына жатыр. Осыған
байланысты қазақ шешендерінің айтқан сөздері ұрпақтар үшін үлгі
болып, жастарды тәрбиелеуге үлкен әсер етеді.Қазақтың шешендік
өнерін насихаттау арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды,
салт-дәстүрлерімізді жаңғырта аламыз. Бұл – өткенімізге құрмет
көрсету, болашақ ұрпаққа өзіміздің мәдени мұрамызды
ұсыну.
Қазақтың шешендік өнерінің дәл
қай уақыттан басталатынып дөп басып айту қиын. Себебі қазақ
шешендік сөздері қағазға түспей ауызша айтылып халық жадында
сақталып келді. Бізе деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің
атасы – жиренше деп. айтуға болады. Аңыздарда жиренше әз – Жәнібек
ханмен Асан қайғының XIV - XV ғ тұтасы ретінде айтылады. “Түгел
сөздің түбі бір түп атасы Майқы би” дейтін сөз бар. Абай сол
Майқыны “Шыңғыс ханның он екі биінің бірі ” деп айтады. Бұл дерекке
қарасақ, шешендік сөз тарихи әрі қарай тереңдей түсуі. Майқы би
“XII-XIII” ғасыр Жиренше шешен, Асан қайғы есімімен бізе жеткен
өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, молшылықты көксеген қияшыл
арманы, тілек –талабы бейнеленген.
Қазақ шешендік өнерінің
кейінрек дамып биіктеген кезеңі XVII-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ
халқының жоңғар, қалмақ, қытай басшыларына, патша үкіметінің
озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жайындағы олармен
күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билермен шешендердің,
ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта
түсті. Әлемдік тарифи сақынаға қарасақ, шынайы шешендерден
көрінетін орны сот залдары, парламент сарайлары, көпшілік және
жекелеген адамдар қатысуыен де болатын заң жолдар шешілер жер екені
белгілі. Жоғары аты аталатын Демосфен, Цицерон т.б. адвокат әрі
парламент мүшелері болған. Ал, қазақтың аты аңызға айналған
шешендері- Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болыпты . Сөз өнерін же тік
меңгерген адамдар сирек дарын ертінде жоғары бағаланып, қай
замандад да, қай қоғамда да, алкен сый-құрметке ие болып отырған.
Шешендік сөздердің кейде билер сөзі атауының өзі де талай сырдың
бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы,
билік шешім үстінде туып отырған.
Би – халықтың көкейіндегісін
айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы.
Биді байлық та, барлық та, жасай алмаған. Би өз тұрғысына топты
жарып, тарзы тең Остап қара қылды қақ жаратын әділ төрілігімен
асқан тең ұстап кемеңгерлігімен, данышпандылығымен, салиқалы
сабырлығымен жеткен. Би-табиғи дарын, асыл текті ақыл, алысьтағы
көре білген көсем қызыл тілінен бал тамған
шешен.
Көшпелі елдің тіршілік жағдайы
да шешендіктің дамуының тағы бір деректері болып саналады. Қазақтың
мол шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің
қалыптасуында дамуында алкен роль атқарды. Мал. Мен дәулет, жер
барымта нәтиелері айтыспен тартыстың, дау таластың айықпас көзі
болван.
Қазақ даласында шешендік
өнердің өсіп өркендеуіне себеп болған фактор халықтың сөз
бостандығына ерік беріп, еркіндікке жол ашқан. “Бас кеспек болсада
тіл кесепк жоқ” – сөзге тим салмаған, сынға ешқандай шек
қоймаған.
Шоқанның пайымдауынша шешендік
сөздер әз- Жәнібек хандығының кезеңінде туып дамығанда, үш жүздің
басон қосқан әз Тәукенің тұсында хан ордасы Түркістан қаласында
жолданған. Та плай ғасырлардан бері ауыздан ауызға көшіп халық
жадында жасап келе жатқан әдеть ғұрып, қарым қатынас ережелерін
жинақтап қалыптастыратын белгілі “Жеті жарғы ” әдет ғұрып заңы да
Түркістанда жасалған. Ердің құнын екі ауыз сөз бен бітіретін
данықты даңықты дала сөз зергерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке
шешендердің атақ даңықтары да сол кезде шыққан. Шешендік сөздің
дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат, Шөже, Махам бет, Шернияз,
Шал, Қазтуған сынды ақын жыраулардың шығармаларында кестелі сөз
оралымды ой мол кездеседі.
Қазақтың шешендік өнері
бүгінгі қоғамда да маңызды рөл атқарып келеді. Ол арқылы біз
өзіміздің ұлттық болмысымызды айқындай аламыз, қоғамдағы
өзгерістерге жауап ретінде салмақты ой-пікірлер айтып, халқымыздың
рухани дүниесін байыта аламыз. Шешендік тек тарихи құбылыс қана
емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи қиын кезеңдерде шешендік өнер
қоғамға қызмет етті. Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек,
шешендік, әсіресе тәуелсіздік жолындағы күресте өте-мөте белсенді
қызмет атқарды. Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын қозғаса да,
түбі елдікке, бірлікке, теңдікке барып тірелді. Сондықтан да әйгілі
шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер болуы тегін емес
еді. Біз білетін шешендердің әрі би, әрі батыр, әрі қолбасшы, әрі
жырау, философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны
белгілі.
Соңғы жылдары, яғни еліміз
тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғаннан бастап шешендік өнердің
қажеттілігі күн санап артып келеді. Елдің тәуелсіздігі өзімен бірге
ойлау тәуелсіздігін, тіл тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы
тәуелсіздікті қоса алып келді. Демократиялық қоғам өмірдің барлық
саласында сөйлеу еркіндігін қамтамасыз етті. Әр түрлі саяси
көзқарастағы топтар қалыптасты, дін тақырыбында шешіліп сөйлеуге
мүмкіндік туды.
Қорытындылай келе, қазақтың
шешендік сөз өнері тек көркем сөздің шеберлігі ғана емес, халықтың
өмір сүру философиясы мен дүниетанымының айнасы. Шешендер айтқан
әрбір сөз қазақтың мәдениетін, құндылықтарын және оның терең
ақыл-ойын паш етеді. Сондықтан шешендік сөз өнері ұлттық сананы
қалыптастыруда, тарихи мұраны сақтауда, сондай-ақ қоғамды
тәрбиелеуде маңызды құрал болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Билер сөзі. / Құрастыр.
Кәкішев Т. А., Қазақ университеті: 1992
2. Шешендік шиырлары. А.,
Қайнар, 1993
3. Шешендік сөздер. А., Отау,
1992
4. Сөз тапқанға қолқа жоқ. А.,
Жазушы, 1988
5. Дәдебаев Ж. Шешендік өнер
және шешен таланты. «Ұлағат», 2006
6. Адамбаев Б. Халық даналығы.
А., 1976