Материалдар / Қазақтың қайсар ұлы Қасым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың қайсар ұлы Қасым

Материал туралы қысқаша түсінік
"ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ ҚАСЫМ" атты тарихи кештің сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2024
203
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ





ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ

Picture 1

«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ ҚАСЫМ»

атты тарихи кеш











Шымкент қаласы



«Қазақтың қайсар ұлы Қасым»

/ Жазушы,Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы Қ.Қайсеновтың туғанына 105 жыл /


Өткізілетін орны: Абай атындағы орталық кітапхана Өткізілетін мерзімі: 20.04. 2023.

Сағат: 11:00




БАҒДАРЛАМА

11:00

11:05

Модератор: Нұрман Алпамыс

Ерниязқызы Жанел

11:05

11:10

Кеш қонақтарымен таныстыру.

11:10

11:15

Бейне ролик

11:15

11:20

Қонаққа сөз: Профессор, химия ғылымдарының докторы

Алимбетов Маулен

11:20

11:25

Әуенді үзіліс: Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері Анафия Рамазан, Исахан Тоғжан «Қазағымсың» әні

11:25

11:30

Қонаққа сөз: Ішкі істер басқармасының ардагері, зейнеткер

Юсупов Абдрахман Қосанұлы

11:30

11:35

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері Қасым Қайсеновтің өмір жолымен таныстырады.

Дүйсен Балнұр, Шаймерденова Айгерім, Ерниязқызы Жанел.

11:35

11:40

Әуенді үзіліс: Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің музыка пәнінің оқытушысы Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Қабылов Дархан Әділбекұлы «Әке-ана» әні

11:40

11:50

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері көркем сөз

1. Әміртаева Жанар

2.Жұман Тайсар

3. Алдан Еркежан

4. Анафия Рамазан

5.Ізбасқан Аяна

11:50

11:55

Әуенді үзіліс: Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті Исахан Тоғжан «Атамекен» әні

11:55

12:05

Қорытынды сөз; Шымкент қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила Серікбайқызы.








«Қазақтың қайсар ұлы Қасым»

атты тарихи кеш


Мақсаты: Іс-шараның мақсаты – жастарды патриотизмге тәрбиелеп, тарихи

құндылықтар мен әйгілі тұлғалардың ерліктерін дәріптеу.



Көрнекілік – Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан Қасым Қайсенов туралы бейнеролик, кітап көрмесі, Қ.Қайсеновке арналған ақын-жазушылардың өлеңдері, әндер, кеш қонақтарына сөз беру.

1-ші жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ оқырмандарымыз.Бүгін Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай өткізіліп отырған «Қазақтың қайсар ұлы Қасым» атты тарихи кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар Профессор, химия ғылымдарының докторы Алимбетов Маулен және Ішкі істер басқармасының ардагері, зейнеткер Юсупов Абдрахман Қосанұлы



Қайсенов туралы бейне ролик



2-ші жүргізуші: Отан қорғау жолында ерлік көрсетуде қазақтың ер жүрек азаматтары ешқашан аянып қалған емес. Әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде толарсақтан қан кешкен қазақ сарбаздары өздері әлемді ат тұяғымен дүбірлеткен жауынгер, ер жүрек көшпенді елдің ұрпақтары екенін сан мәрте дәлелдеп бақты. Сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, ерлік көрсеткен қазақтың аяулы ұлдарының бірі – Қасым Қайсенов. Болмыс-бітімі батырлық пен өрлікке толы атамыз бейбіт кезеңде де тегеурінділік танытып, ұлт рухын асқақтатып, басы ноқтаға сыймай өтті. Асаулығы мен өр мінезінен айныған жоқ. Қонаққа сөз берсек. Алғашқы сөз кезегі бүгінгі кешіміздің қонағы профессор, химия ғылымдарының докторы оқырманымыз Алимбетов Маулен ағаға беріледі.



1-ші жүргізуші: Әуенді үзіліс: Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері Анафия Рамазан, Исахан Тоғжан «Қазағымсың» әні

1-ші жүргізуші: Келесі сөз кезегін бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы, Ішкі істер басқармасының ардагері, зейнеткер Юсупов Абдрахман Қосанұлы мырзаға беріледі.


2-ші жүргізуші: "Мен соғыстың кезінде ажалдың алдына неше барып, неше қайтқан адаммын. Періштем қақты ма, әлде суішкілігім болды ма, соның бәрінде аман қалдым. Ал алғаш шабуылға шыққан күні-ақ бірінші оққа ұшқан бейшаралар аз ба?! Солардан менің қай жаным артық еді. Ендеше, мына көріп жүрген күндерімді "олжа" демей, не деймін", - дейді Қасым Қайсенов естелігінде.

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері Қасым Қайсеновтің өмір жолымен таныстырады.

1 –студент: Дүйсен Балнұр.

Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылғы сәуірдің 23-інде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. 1941 жылы Мәскеудегі барлаушылар мектебінде соғыс әліптерін танығаннан кейін, Қасым Қайсенов жау қолында қалған Украина жеріне аттандырылады. Жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен бастап, Қасымның партизандық өмірі басталады. Өмірге Қасым Қайсенов болып дүниеге келген ол Украинаға барғанда бәрі оны "Василий, Вася" деп атап кеткен. Ол кезде Украина жеріне аттану жау тылына, ажал аузына барумен тең болатын. Қазақтың қас батыры Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Соғыс жылдары «Вася» деген атпен бүкіл Украинаға танылған Қасым Қайсенов бұрын қазақ деген халықты көрмек түгіл, атын естімеген алуан түрлі ұлттардың арасында жалғыз өзі жай оғындай жарқылдап, қазақтың батырлығын сан мәрте дәлелдеп, еліміздің абыройын асқақтатқанын мақтанышпен айтуға болады. Қасым Қайсенов 1940 жылы әскерге шақырылып, кейін Мәскеу маңындағы әскери барлаушы мектебіне жіберіледі. Мұнда барлаушыларды екі бағыт бойынша дайындаған: бір тобын Шығыс Түркістан өлкесін Совет құрамына қосуға және Қытай мен Жапонияға қарсы соғысқа жұмылдырмақ болса, екінші тобын батыстағы майдан үшін пайдаланбақ болды. Қасым Қайсеновтың тағдыры герман-совет соғысына байланысты өрбіді.


2- студент: Шаймерденова Айгерім

Араға бір жыл салып, 1941 жылы  Киевте алғашқы ұрысқа қатысты. Әскери барлаушы мектебін аяқтағаннан кейін, оңтүстік-батыс майданының штабына жөнелтілді. Ол жерде арнайы тапсырма алып, басқыншылардың қолында қалған Украина аумағында партизандық қимылдарды ұйымдастыру үшін жаудың тылына жіберілді. Бір жылдың ішінде барлау ісінің қыр-сырын меңгерген сарбазды Украинаның Богуслав деген қаласының маңындағы орманға қарамағындағы он жауынгермен бірге парашютпен түсіреді.

Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдер мен қарапайым жауынгерлердің ерлігін шынайы баяндайтын көптеген шығарманың авторы. 1955 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген "Илько Витряк" кітабы жарық көрді. 1959 жылы "Ажал аузынан", 1960 жылы "Жау тылындағы бала" атты партизан жазбалары шықты. Жетпісінші жылдары "Днепрде", "Жау тылында" мол тиражбен екі рет басылып шықты.

1964 жылы Тарас Шевченконың 150 жылдық тойына қатысу үшін Украинаға барды. Осы сапарынан соң "Партизан соқпақтары" кітабы жарық көрді.

1978 жылы 60 жасқа толған мерейтойына орай "Народные мстители" повестер мен әңгімелер жинағы жарыққа шықты.


3- студент: Ерниязқызы Жанел.

Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» екі орденімен, «Чехословакия партизандары», екі І дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және ІІ және ІІІ дәрежелі «За заслуги» орденімен марапатталған. Оған Қазақстан Халық батыры (Халық Қахарманы), «Отан» ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев батырды ерекше құрметтеп, өзінің 1995 жылдың 9 мамырдағы арнайы жарлығымен Қасым Қайсеновке азат Қазақстанның ең жоғарғы наградасы "Халық қаһарманы" атағын беріп, оның бар қазақты сыйдырған кең кеудесіне өз қолымен "Алтын жұлдызды" қадады. Ол тек жауынгер ғана емес, көрнекті қаламгер ретінде елдің есінде қалды.


1-ші жүргізуші: "Мен Украинада легендарный адаммын, онда мені тек "Вася" деп біледі. Украинада маған орнатылған ескерткіш бар. Карпат тауының ең ұшар басына, ең соңғы рет жау тылына барғанда алпыс адам ұшақтан түсіп, іріткі салған ғой. Ол тауға түскен алпыс адамның елу үші қаза тауып кетті, жетеуіміз тірі қалдық. Сол Карпатта ұрыс салған алпыс адамға арнап, таудың ең биігіне мрамордан ескерткіш орнатқан", – деп айтқан болатын Қасым Қайсенов.


Әуенді үзіліс: «Әке-ана» әнімен ортамызда Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің музыка пәнінің оқытушысы, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Қабылов Дархан Әділбекұлы


2-ші жүргізуші: көркем сөз Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері және математика пәнінің оқытушысы, Қасым Қайсеновке арналған ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен ортамызда


1-ші студент - Алдан Еркежан

Авторы: Хамит Ерғалиев «Қасым Қайсенов»

Әжем айтса ертегінің маңызын,

Тез таусылып қалушы еді таң ұзын.

Ендігіге біздің Қасым Қайсенов –

Ертеңгіден ұзағырақ аңызым. 

Ерлерім көп, мен де соның бірімін,

Жөні басқа аңыз болған тірінің –

Жөні басқа оттың, судың, жел құздың

Адамзаттан жаратылған пірінің. 

Қасымым көп, мына Қасым – бір Қасым,

Ажалмен де ойын – сауық құрғасын...

Бір қарасаң, жаны нәзік жауқазын,

Бір қарасаң, балқымайтын қорғасын. 

От көрдің бе қар жамылып, сөз төсеп,

Маздап жанған тамызыққа мұз көсеп?

Ондай отты ала алмаған Прометей,

Ондай отты біз табамыз іздесек. 

Ол - партизан аталып жүр бертінде,

Бес сөндірсең, он жанатын бір түнде.

Бірін атсаң, ертеңіне – екеу ол!

Жұртым десең, осыларша жұртым де! 


2-ші студент - Ізбасхан Аяна

Қасым – сол от! Көркі оттың көркінде; -

Жалын жанып тұрады оның бөркінде!

Бақ пен сорға түкірген ол, маңдайдан

Қос шырақтың бірін алсаң - еркіңде...

 

Құз басынан құласа да бір түнде –

Бәрі бір ол баз баяғы сертінде, -

Халық дейтін періштесі қаққан соң,

Оған ешбір дарымайды дертің де! 

Мен отырам осы жайды ойлап қап,

Теңеу іздеп мысқалдап та, оймақтап.

Қасым болса, айғай салып жүреді

Қарлы шыңда машинамен ойнақтап.

Шүкір!.. Аңыз Қасым інім қасымда,

Өлмеу үшін жаралған соң басында...

Саспа, құрбым, шөберең де көреді

Бұл тентекті бір жүз алпыс жасында!..


3. Оқытушы Әміртаева Жанар.

Авторы: Аслан Ғафуров «Қаһарман Қасым Қайсенов!!!»


Қақап тұрған қанға қарсы ұмтылған,

Қайран қазақ Қасым сынды ұл туған.

Қайсар жүрек қаһарман ер таптырған,

Қасиетті айналайын жұртымнан.


Алқымынан алып жауды орыған,

Аңдып басып ту сыртынан торыған.

Арыстандай ақырғаны жер жарып,

Алысқандар кеткен өліп қолынан.


Сыры бөлек сырттан мінез сабазым,

Сыр алдырмай сырттай жауды сабадың.

Сүйсінгеннен мың айналсам болмайма?

Сендей ерді туыпты ғой қазағым.


Ынтымағы ыдырамас халқымнан,

Ырыс-құттың кезі жоқ еді сарқылған.

Ықыласы, Жұмағали Саинның,

Ынтызар боп іздеп барған артыңнан.


Мақтанышым менің ағам марқасқам,

Мен-мен деуді білмей кеткен алдаспан.

Мақтанатын бірде-бір іс тындырмай,

Мына өмірде жүрміз әйтеу алжасқан.


4. Жұман Тайсар

Авторы: Әбубәкір Қайран «Аза»


Қасым Қайсенов қайтқанда
Қазақтың қара нары піл жоталы
Қайтты деп қайғы жұтты күллі Отаны.
Боздаса ботасындай қалған елі,
Аңырап тау мен дала үн қосады.
Алатау, Алтай менен Тарбағатай
Жоқтауын көк аспанға тыңдатады.
Сарыарқа, Ырғыз бен Сыр, кәрі Каспиий
«Бақұл бол, перзентім!» деп тіл қатады.
Данагөй, даңқты батыр өтті өмірден.
Жаралған құрыш қайрат, мәрт көңілден.
Жұртының жүрегінде шоқ боп жайнап,
Жұлдызы орын алды көк төрінен.
Сөздері сайрап жатыр көкіректе,
Тұлпардан қалған іздей боп көрінген.
Тарихтың тақтасынан орын алды,
Ежелгі батырлардай есте жүрген.
Дриға-ай! Соңғысы өтті алыптардың,
Маңдайға біткен сирек арыстардың!
Тоқсанға таяп келіп жығылғаны-ай,
Сом жүрек , сом білекті арыстанның!
Жаратқан нұр себелеп қабіріне,
Төгілсін шұғыласы жарық таңның!
Қашанда Қайсеновтің аты өлмейді –
Қазақты төрт тарапқа танытқанның!


5. Анафия Рамазан

Авторы: Марфуға Айтқожина «ҚАСЫМ-ПАРТИЗАН»

Кешегі кездестіріп майдандасын,
Толқып жүр ортамызда,
Қайран, Қасым!
Оранған отты жылды партизанға,
Ақ бұлтын дастарқан ғып жайған ба шың?
Қарамай тұрса дағы құйып жауын,
Карпаттың аралап жүр биік тауын.
Соғыстың саздарымен сабақтасып,
Айықпай жүрегінде жүріпті-ау, мұң.
Тұр екен Карпат тауы тосып көптен,
Үндерін жүр ғой олар қосып көппен.
Күй жетті көкірегіне бір ерекше,
Кешегі іздерінен басып кеткен.
Тау қанша ұстағанмен өзін биік,
Ол дағы тұрды ерекше сезімге ұйып!
Қазақтың Батыр ұлы қарай берді,
Дегендей қалай кетем көзім қиып.
Отанға білген соң кір жуытпасын,
Карпат та тұр ғой оған иіп басын.
Алтайдың ақ иығы алдымызда,
Аршындап бара жатыр жігіт – Қасым!



1-ші жүргізуші:

Әуенді үзіліс: Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті Исахан Тоғжанның орындауында «Ата

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!