2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ» Әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ» Әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік құрал қазақ халқының ұлттық және зияткерлік ойындарының мазмұнын зерттеуге және оларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын ұсынуға арналған. Қазақтың ұлттық ойындары халықтың мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі болып табылады, олар тек қана ойын-сауық емес, сонымен қатар тәрбиелік, танымдық және спорттық маңызға ие.Әдістемелік құралда қазақтың дәстүрлі ойындарының шығу тарихы, түрлері, олардың балалар мен ересектердің физикалық және интеллектуалдық дамуына әсері жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні, тұлға қалыптастырудағы рөлі, олардың дене шынықтыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерді дамытудағы маңызы талданады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:

«Алматы облысы білім басқармасының

Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің «МДШО бар

М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп»

МКМ-нің директоры

_______________А.Ж Салимбаева







«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ»


Әдістемелік құрал












Құрастырушы: ЕШЕЕВ АРДАК ДОНЕНБАЕВИЧ

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі


















Балқаш ауданы 2024 жыл

АННОТАЦИЯ


Бұл әдістемелік құрал қазақ халқының ұлттық және зияткерлік ойындарының мазмұнын зерттеуге және оларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын ұсынуға арналған. Қазақтың ұлттық ойындары халықтың мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі болып табылады, олар тек қана ойын-сауық емес, сонымен қатар тәрбиелік, танымдық және спорттық маңызға ие.Әдістемелік құралда қазақтың дәстүрлі ойындарының шығу тарихы, түрлері, олардың балалар мен ересектердің физикалық және интеллектуалдық дамуына әсері жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні, тұлға қалыптастырудағы рөлі, олардың дене шынықтыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерді дамытудағы маңызы талданады.Осы құралда ұлттық ойындарды мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, қосымша білім беру орталықтарында және басқа да білім беру орындарында пайдалану әдістері ұсынылады. Заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды пайдалану арқылы ұлттық және зияткерлік ойындарды дамыту мүмкіндіктері де қарастырылады.Бұл әдістемелік құрал мұғалімдерге, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына, студенттерге, ата-аналарға, сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарына қызығушылық танытатын барлық оқырмандарға арналған.



















МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ұлттық және зияткерлік ойындардың маңызы

Қазақтың ұлттық ойындары: тарихы және тәрбиелік мәні

Зияткерлік ойындардың білім беру жүйесіндегі рөлі

Әдістемелік құралдың мақсаты мен міндеттері

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

  1. Ұлттық ойындардың шығу тарихы және тәрбиелік мәні

1.2.Қазақ қоғамындағы ойындардың орны

1.3.Ойындардың түрлері: әскери, тұрмыстық, спорттық, балаларға арналған

2. Дене шынықтыруға бағытталған ойындар

II БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАР

2.1.Зияткерлік ойындардың логикалық ойлауға әсері

2.2.Қазақтың дәстүрлі зияткерлік ойындары (5 бет)

2.3. Қазіргі заманғы зияткерлік ойындар және олардың қазақ мәдениетіне ықпалы

III БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ































МАҚСАТЫ

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын зерттеп, олардың тәрбиелік, мәдени, зияткерлік және спорттық маңызын ашу, сондай-ақ оларды білім беру мен тәрбие жұмыстарында тиімді қолдану жолдарын ұсыну.

МІНДЕТТЕРІ

Қазақтың ұлттық ойындарының тарихын зерттеу – ойындардың пайда болу себептерін, олардың қоғамдағы орнын және тәрбиелік мәнін анықтау.

Ұлттық ойындардың түрлерін жүйелеу – қимыл-қозғалыс ойындары, спорттық жарыстар, логикалық және зияткерлік ойындардың ерекшеліктерін сипаттау.

Ойындардың тәрбиелік мәнін ашу – ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі, тұлға қалыптастырудағы, ұлттық сана-сезімді дамытудағы рөлін көрсету.

Зияткерлік ойындардың логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетті дамытудағы маңызын анықтау – тоғызқұмалақ, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқа да ойлау қабілетін дамытатын ойындарға талдау жасау.

Ұлттық ойындарды білім беру жүйесінде қолдану жолдарын ұсыну – мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, қосымша білім беру орталықтарында, жоғары оқу орындарында және тәрбие жұмыстарында қолдану әдістерін қарастыру.

Ұлттық ойындарды қазіргі заманғы технологиялармен ұштастыру – цифрлық құралдар арқылы оқыту, мобильді қосымшалар, онлайн-платформалар мен интерактивті әдістерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.

Педагогтар мен оқытушыларға әдістемелік нұсқаулық беру – ұлттық ойындарды сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларда қолдану бойынша нақты әдістемелік ұсыныстар жасау.

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын насихаттау – ұлттық құндылықтарды жаңғырту және жаңа буынға таныстыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы насихаттау жолдарын ұсыну.








ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ


1.КІРІСПЕ

1.1.Ұлттық және зияткерлік ойындардың маңызы

Ұлттық ойындары ұғымы – әр халықтың төл дүниетанымынан, жағырапиялық жағдайларға бейімделуінен, ел мен жерді сыртқы жаудан қорғау дайындығынан негізгі ақпар береді. Бағзыдан бері сайын дала төсінде мекендеген сан алуан тайпалар мен мемлекеттердің бүгінгі мұрагері қазақ халқының күнделікті өмір салтында ойын әрекеттерінің орны қашанда ерекше болған. Ұлттық ойындар қазақ халқының өмірінде үлкен маңызымен қатар алуан түрге ие болуында. Ең қызығы кішкентай балалардан ересек адамдарға дейін қатысып ойнайтын сан алуан ойын түрлері бар. Қазақтың ұлттық ойындары жалпы сипатына ең негізгі бес түрге бөлінеді. Бір ескерер дүние, бұл бес ойын түрі түркі тектес халықтардың барлығына ортақ десек те болады. Соның бірі тоғызқұмалақ ойыны.


1.2.Қазақтың ұлттық ойындары: тарихы және тәрбиелік мәні

Қазақтың ұлттық ойындары — ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері.

Бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған.

Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әр түрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады.


1.3.Зияткерлік ойындардың білім беру жүйесіндегі рөлі

Білім берудегі зияткерлік ойындар білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруда шешуші рөл атқарады. Зерттеулерге сәйкес, зияткерлік ойындарды пайдалану оқушылардың үлгерімін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар олардың танымдық белсенділігін, оқуға деген қызығушылығын және ойлау процестерін дамытуға ықпал етеді. Зияткерлік ойындар оқушылардың оқуға деген ынтасына оң әсер ететінін, бұл өз кезегінде оқу материалын тиімдірек меңгеруге ықпал ететінін атап өткен жөн.

 

Зияткерлік ойындар оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуда да маңызды рөл атқарады. Олар балалардың логикалық ойлауын, аналитикалық қабілеттерін, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, зияткерлік ойындарды білім беру үдерісінде қолдану оқу іс-әрекетін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың табандылық, мақсаттылық, ұжымда жұмыс істей білу және шешім қабылдау сияқты тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.Дегенмен, білім беруде ақыл-ой ойындарын пайдаланудың барлық артықшылықтарына қарамастан, осы саладағы зерттеулерді жалғастыру маңызды. Ойындарды білім беру ұйымдарының тәжірибесінде сабақта да, сабақтан тыс уақытта да тиімді қолданудың оңтайлы шарттарын анықтау қажет . Сондай-ақ, ақыл-ой ойындары оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өткен жөн, өйткені олар тек оқуға ғана емес, жалпы оқушылардың дамуына да ықпал етеді.Осылайша, зияткерлік ойындарды білім беруде қолдану оқушылардың дамуына, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жалпы білім беру үдерісінің тиімділігіне орасан зор әлеуетке ие.


I БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

  1. Ұлттық ойындардың шығу тарихы және тәрбиелік мәні

Қазақ қоғамындағы ойындардың орны Ойындардың түрлері: әскери, тұрмыстық, спорттық, балаларға арналған

Ұлттық ойындардың кейбір түрлері төмендегідей:
Бөрікпен ұру. Қырағылыққа, мергендікке баулиды. Ойынға бірнеше бала қатысады. Алдымен ескі бөрік домалақтала буылады. Ойыншылардың бірі бөрікті қорғауы, қалғандары оны қорғаушыдан алып кетуі тиіс. Бөрікті ұстаған қорғаушы келесі ойыншыны бөрікпен ұрып дәл тигізсе, ол «ұрушыдан» қашушыға айналады.
Тобық жасыру. Сақтыққа, ұқыптылыққа баулитын ойын. Бұған екі адам қатысады. Ертеректе мұны қайнысы мен жеңгесі, балдызы мен жездесі, құрбы қыздар мен жігіттер ойнаған. Шарты: екі ойыншының өзара келісімі бойынша тобықты біреуі жасырады да, екіншісі қай уақытта және қандай (немесе кез келген) жағдайда сұрайтынына уәделеседі. Белгілі мерзімде тобықты сұрағанда, жасырушы өз бойынан (қалтасынан, саусақтарының арасынан) алып берсе ұтқаны, ал тауып бермесе ұтылғаны. Келісім бойынша ұтқан адам бәске тігілген затын алады.
Тұтқын алу.
Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді. 1-топтың ойыншылары тізбекке тұрып, бір-бірлеп: ал-алай, бұл-алай, сол-алай деп әндетіп, 2-топ жасаған «қолкөпірдің» астынан өте бастайды. Ал «көпір» жасаушы жақ олардың әрқайсысына бір-бірден тас немесе бас киім ұстатады да, атын айтқызады. Бұлардың есіміне өздері шырқаған әндегі «ай» қосылады. Мысалы, Нұрқан-ай, Алтын-ай, Күміс-ай. Егер есімін қосылып айта алса, көпірден өтеді, айта алмаса оның көзін таңып «тұтқынға» алып, өз тобына қосады. Осылай қолға түскен «тұтқындар» топ ортасында өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша әр ойыншы ең аз дегенде бір реттен ортаға шақырылады.
Түйілген орамал. Ойын жүргізуші «бір, екі, үш» деп дауыстағанда, ойыншылар жан-жаққа бытырап кетеді. Оның біреуінің қолында түйілген орамал болады. Ойын жүргізуші соны қуалайды. Ал ойыншылар орамалды бір-біріне лақтырып, қуғыншының қолына тигізбеуге тырысады. Орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.
Түйе-түйе. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. 1-топтың адамдары — бірі інген де, қалғандары боталар. 2-топтың ойыншылары ойын жүргізушісінің әмірімен жан-жаққа бытырайды да, інгеннің боталарын бір-бірлеп ұрлайды. Барлық ботадан айрылған інген боздап, қайғылы, зарлы да мұңды ән шырқайды, сөйтіп, «қарақшы» топқа тап болады. Осы кезде ойыншылардың барлығы бір жерге жиналады. Ботасын ұрлаған «қарақшылар» қалай қарсы алғандығына қарай інген оларға жаза қолданады. Бұдан кейін інген мен боталардың орнына өзге адамдар шығады да, ойын жалғаса береді.
Көкпар– көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. Сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.Тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды. Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. Ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды. Серіктері жолдастарын жебейді. Қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне береді. Ол топқа қарай ала қашады. Қарсыласы қуалайды. Жетіп ұстаса, қайта тартысады. Сөйте-сөйте көрерменге жақындайды. Осы арада көкпарды жұлып алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. Ал аты ұшқыр, жүйрік жігіттер түптегі тартыста-ақ лақ қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін. Көкпар тартуға араласа алмайтын қартттар, балалар көкпаршы жігіттердің осы ойынынан ләззат алады. Жүйрік атпен мықты жігіттің қайратына сүйсінеді. Біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайды да, ел жапа-тармағай тартысқа кіріседі. Бұл дода деп аталады. Мұнда да мықты жігіттермен жақсы ат көзге түседі. Мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды шығарып береді. Олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды.
Аударыспақ– салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.
Қыз қууойыны бір тегіс, жұмсақ топырақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлығын, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныта білулері керек.
Күрес – қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Күрес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл бөліп, дәріптеген.
Мойын арқан– жекпе-жек күш сынасатын ежелгі халық ойыны. Жігіттер тойда, жазғы сауықта сайысқа түседі. Көгал алаң таңдалады. Ұзын арқанның екі ұшы тұйықталып түйіледі. Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық сызылады. Қос қанаттан ұзындығы тепе-тең мөлшерде сайыскерлер тұратын меже белгіленеді. Сайысқа қалаушылардың бәрі түседі. Сарапшылар олардың шама-шарқын мөлшерлеп, теңдесімен тартысқа түсіреді. Ойынды басқарушы тұйықталған арқанды сайыскерлердің мойнына кигізіп, екі саласын қолтықтың астынан өткізеді де, тартысушыларды жерге тағандатып қояды. Белгі берілгенде екеуі екі жаққа қарай тартуы керек. Дайындық шаралары біткеннен кейін бастаушы тартысқа рұқсат етеді. Сайыскерлер бірін-бірі шегіншектетіп сүйрей жөнеледі. Алаң ортасындағы белдеу сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп өткізген сайыскер женеді.
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанындаойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған,қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі.Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.
Алтын қабақ (жамбы ату)– шауып келе жатқан аттың үстінен нысананы дәл көздеп, атып түсіру. Бұл ойынның нұсқалары басқа халықтарда да кездеседі. Шығу тегі әскери ойынның пайда болуымен байланысты болған, оның қажеттігі 18 ғасырға дейін сақталған. Мұндай жарыс өткізілетін мерекелерде биік бағана, болмаса ұзын сырық қадалып, оның ұшар басына нысана ретінде жамбы (күміс құймасы) ілінетін болған. Оны қылмен немесе жібек жіппен байлаған. Атпен шауып кележатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп, жеңіске жетуге тырысқан. Нысананы дәлдеудің басқада түрлері кездескен. Мысалы, жерде тұрып, немесе ат үстінде отырып, мылтықпен атуда қолданылған. Жамбы ату жігіттерді шабандоздыққа, мергендікке үйрету де елеулі рөл атқарған.
Асау үйрету– ел жайлауға шығып, жайғасқаннан кейін бес-алты күн өткен соң, биебау орыны таңдалып, желі тартылады. Бұл уақытқа дейін құлындар жетіліп, ширайды. Жігіт-желең жүйрік атқа мініп, жылқыларды шашау шығармай қайырып тұрады. Қолына құрық ұстаған қарулы жаяу жігіттер құлындарды бұғалықтап ұстайды. Асау құлындарды бұлқынта арпалысып жүріп, басына ноқта кигізеді де, желіге байлайды. Барлық құлын байланып болған мезетте әжелер бастаған қыз-келіншектер желі басына дастарқан жаяды. Әжелер ырымдап, ақ мол болсын деген ақниетпен желі қазығының басына айран құйып, жаманшылықтан аман болуы үшін құлындардың маңдайларына қатық жағады. Қариялар ақ баталарын ақтарады. Ақтілеуге арналған ас ішіліп болғаннан кейін балалар асау тай мен құнандарды үйрету ісіне кіріседі. Үйір ішіндегі асауларды құрық салып ұстайды да, мықты жігіттердің көмегімен шұралап тұрып ерттейді. Өзіне сенімді біреуі мінеді. Арқасына артылған жүкті аударып тастау үшін асау тулай жөнеледі. Аспанға шапшып, басын тұқырта мөңкіп, қайсарлана тулайды. Асауға мінген жігіт осы бір адуын арпалыстың қыбын тауып, құлап қалмаудың амалын жасайды. Батылдығымен елді сүйсінетеді. Асау үйрету әдетте екінің бірінің қолынан келе бермейді. Асау үйретушінің айла-тәсілін үлкен-кіші тамашалайды. Бұл да жігітті сынға салатын қызықтың бір түрі.
Ақ сүйек– ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ерте кезде ірі қараның қу жілігі пайдаланылған. Күн көзінде ұзақ жатқан жіліктің құрап, ақсөнке болып қалатыны белгілі. Ол кезкелген жерден ұшырайды. Соған орай ойын да «Ақсүйек» атанған. Ойынға келгендер екі топқа бөлінеді. Бастаушы ақсүйекті әуелетіп, алысқа лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақ сүйектен көз айырмай қарап, қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер» деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Сақина салу– жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды түгел аралап өтеді. Содан кейін жігітке: «Сақинаны тап!» деп бұйырады. Барлық ойыншы сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, қуыстанып сезіктегендей кейіп байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдан: «Сақинаны бер!» деп сұрайды. Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады. Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады. Ал айыптың өтеуі көпшіліктің қалауы бойынша орындалады. Оның түрі де ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, салмақ көтеру секілді қызықты болғаны жөн. Осыдан кейін ортаға келесі жұп қыз бен жігіт шығарылады. Бұл ойында қыздар жағы тек сақина салушы ғана болады. Іздеуші – жігіт. Ол әр ойыншының алдына барғанда әзіл айтып, күлдіріп жүріу керек. Сол әдіс арқылы сақинаны ұстап отырған ойыншыны сезіктендіріп барып тауып алуыда ықтимал.
Тымпи– ойынға қатынасушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады. Біреуін ойынды жүргізуге белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз, бәрің түгел тым-тырыс тымпи!» – деп бұйырады. Бұдан кейін бірде-бір ойыншы дыбыс шығармауы, үн қатпауы керек. Алайда бастаушы ғана сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік қимыл-қозғалыспен әзіл-қалжың сөздерді айтып, қалай да біреуді күлдірудің амалын іздейді. Қалжың жыр да айтады. Ешқайсы шамданбайды. Өйткені ойынға қатынасушылардың аты әлгідей қалжың өлеңге қосылмауы керек. Әзілі де, сықағы да өтпесе, бет-аузын тыржыңдатып, әр түрлі құбылтады. Қолапайсыз қимылдармен құбылыстар жасап қозғалады. Жаңылыстыру үшін неше алуан сұрақтар қойып, көздеріне төнеді. Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, айып тартады. Өлең айтады, ән салады не би билейді. Сондықтан ойынды жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі болуы керек.
Бастаңғы– ауылдағы үлкен кісілер бір жаққа қонаққа немесе басқа себептермен қотарыла кеткен жағдайда қыз-келіншектер бас қосып, бір үйге жиналады. Қазақ салтында ерулік, ас беру, сүндет тойы секілді кәделер аса қәдірлі іс. Сондай кәденің біріне шақырған кісінің ниетін сыйлап, шақырылған ауылдың үлкен кісілері түгел баруға тырысады. Қыз балалар ондайда оңаша қалады. Сонда бастаңғы ойынын бастайды. Емін-еркін ойнап-күліп, қысылып-қымтырылмай сырласады. Бұл ойынға қыздардың қалауы бойынша жас жеңгелері де қатысады. Қазақтың отбасы тәрбиесіндегі «Қызға қырық үйден тыйым» деген қатал тәртібі қыз баланың айбаты секеңдеп, ербеңдеп жүруіне жол бермейді. Қазақта қыздың ары қатты ардақталады. Ол бүкіл отбасының абройы. Сондықтан қыздың өз үйінен себепсіз не рұқсатсыз ұзап шығуы ата-ананың намысын қорлайды да, оған қатаң тыйым салады. Бойжеткен қыз шешесімен не жеңгесімен үй шаруасымен шұғылданады. Бос уақытында кесте тігеді, ою ойып, терме тоқу өнерін үйренеді. Сөйте жүріп өзінің төсек-орнын, жасауын, үй мүлкін де қамдап алады. Бастаңғы – қыздардың үй іші шаруасында өз бетімен еркін әрекет етуінің бір шарасы. Бастаңғыға жиналған қыздардың әрқайсысы тәтті-дәмдіні, құрт-майды үйден ала келіп, ортақ дастарқанға салады. Тамақты өздері әзірлейді. Бұл ойынның астарында үлкен тәрбиелік мән жатады. Қыздар осы ойын арқылы қонақ күтудің, табақты мүшелеп тартудың жөнін іс жүзінде орындап байқауға бейімделетін түрі бар. Тағы бір шарты – өлең айтылмайды, шу болмайды. Алайда басқа ойын ойнап, көңілдерін көтереді. Үлкен кісілер байқаусыз келіп қалып, көздеріне түспеу үшін құрт-май, тәтті беріп, үй маңында сенімді, тіл алғыш балаларды қарауыл қаратып қояды. Өйткені бұл қылықтарын үлкен кісілердің біліп қоюын әбестік деп ұғады. Бастаңғы – қазақ қыздарының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны.
Ине жасырмақ– жастардың бас қосуында, көбіне үйде ойналатын ойын. Қажетті бұйымдар: ине және домбыра. Ойын шарты: ойыншылар ең алдымен, бастаушыны сайлайды. Ол, біріншіден, тәртіпті бақылайды, екінші, домбырада, немесе басқа музыкалық аспапты ойнайтын кісіні табады; үшіншіден, ойын ережесін түсіндіріп, екі ойыншыны таңдайды. Ойыншының біреуі бөлмеден шығып кетеді де, үйде қалған екінші инені өз бойындағы киіміне жасырады, немесе басқа біреуге береді. Бастаушының белгісі бойынша үйге қайта оралған іздеуші инені ойынға қатысушылардың жағасынан, бас киімдерінен іздей бастайды. Іздеуді жеңілдету үшін музыкант домбырада ойнап отырады. Егер іздеуші ойыншы нысанаға жақындай түссе, домбыра күмбірлей жөнеледі. Ал, егер нысана тұсынан іздеуші өтіп кетсе, домбыра үні бәсеңси бастайды. Іздеуші инесі бар кісіге жақындаған не алыстаған сайын домбырашы оны әр қилы сарынмен бағыттап, дәлдеп отырады. Нысанға дөп келген іздеуші ине осында-ау деген кісіні әбден тінте тексеріп, инені табуға тырысады. Ине жасыра алмаған, кәде бойынша ән салып, не әзіл айтып айып төлейді. Ал табылмаса іздеушінің өзі айып тартады.
Алты бақан–қатысушылар санына шек қойылмайды. Алты бақан далада, алаңда, алаңқайда көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді. Алты бақанды әзірлеу және ойын шарты: тербелетін тұғыр жасау үшін ұзындығы 3,5-4 метрлік алты бақан және үш мықты арқан керек. Алты бақан әрқайсысы үш-үштен мосы тәрізді етіліп ара қашықтығы 50-70 сантиметрге жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең арқалыққа бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқ тіреуге, қалған қысқалау екеуі – отыруға бейімделеді. Әдетте қыздар мен бозбалалар жұп-жұп болып, алма-кезек ауысып тербеледі де әуелете ән шырқайды. Қалған ойыншылар өз кезектері келгенше әнге қосылып, көңілді күлкі, шат думан түннің біруағына дейін созылды.
Тоғыз құмалақ– жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар. Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (оны кіші отау деп те атайды), әрқатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады. Әр ойыншыға 81-ден екі ойыншыға 162 құмалақ (оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін) беріледі. Олар әр үяға 9-дан орналастырылады. Тоғыз құмалақты тақтада немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды. Тіпті болмаған жағдайда ұяларды жерден қазып та ойнай береді. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін өзінің реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1-ден 4-ке дейін) және сол жақ (6-дан 9-ға дейін) қапталы бар. 5-ұя орталық ұя деп аталады. Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кезкелген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан бір-бірлеп ұяларға салады. Егер ең соңы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2,4,6,8,10т.б.) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгел алып, өз қазанына аударады. Ойының барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалса және оған серіктесі жүріс барысында өзінің ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Содан әрі қарай сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшіп отырады. Әр ойыншы өз қарсыласының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.
Асық ойынынегізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Кімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейлердің бір шетіне түпте қалған ( сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны – 6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.
Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әр түрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақ ұлты, негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген.Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойындарды орайластырып, дамытып отырған. Мұны бір ойынның бірнеше нұсқаларының болуы да айғақтайды.

  1. Дене шынықтыруға бағытталған ойындар

Кімде-кім өзінің күш-шамасын байқағысы келіп, соны анықтаудың жолын іздесе, ол үшін “Итеріспек” ойынын ойнағаны жөн.

Ол үшін дөңгелек шеңбер сызып алу керек. Оның аумағын өздерің белгілейсіңдер. Бұл арада бір ескеретін жәйт: шеңбердің аумағы неғұрлым үлкен болса, ойын соғұрлым қызықты. Сайысқа түсушілер бір аяқпен секіріп жүріп өз әріптесін шеңбердің сыртына итеріп шығарып жіберсе, сол жеңген болып есептеледі.

Белбеу тастау

Б

ір-



бірлеріңе иықтарыңды тиістіріп, үлкен шеңбер жасап отыра қалыңдар. Жеребе салып немесе санамақ арқылы ойын жүргізушіні сайлап алыңдар. Жүргізуші белбеу ұстаған қолын төмен түсіріп, шеңберді бойлап сендердің ту сырттарыңнан тез жүріп отырып, белбеуді біреудің арқасына немесе жанына білдірмей қалдырып кетуге тырысады. Соның сәті түссе, ол шеңберді тез айналып шығып, белбеуді көтеріп алып: “Бұл жер саған тар, өз орныңды тап” деген сөздерді айтып, бейқам ойыншының арқасына ақырын ғана ұра бастайды. Ұрған кімге ұнай қойсын? Ойыншы орнынан тұрып, шеңберді бойлай жүргізушіден қашып, қайтадан өз орнына келіп отыруға тырысады.

Соқыртеке

Б алалар белгіленген жерге орналасады.Олардың біреуінің көзін байлайды, бұл –соқыртеке,тәрбиешінің сигналы бойынша балалар ептеп алақандарын шапалақтап жүгіреді.Соқыртеке ұстайды.Соқыртеке біреуін ұстап алса,ойын тоқтатыла тұрады да, жаңа соқыртеке сайланады.Егер соқыртеке көпке дейін ешкімді ұстай алмаса,ол бала ауыстырылады.

Оқтау тартыс

Бұл ойынды ойнау үшін 2 бала ортаға шығады.Алдымен жерге сызық сызыңдар және сол сызықтың 2 жағына тұрыңдар.Енді оқтаудың 2 ұшынан ұстап тартыңдар.Қайсысың сызықтан өтсең,жеңілесің.Ал күшің басым болып тартып алғаның жеңіске жетесің.

Тымақ ұру

Тымақ ұру” ойыны үшін газеттен жасалған “тымақ” та жарай береді. Оған қоса биіктігі бір метрдей қада, белбеу мен орамал қажет. Қаданы мәреден 20 қадамдай жерге қағып, соның басына тымақ кигізіледі. Ойыншының көзі орамалмен байланып, қолына белбеу ұстатылып, мәреден жіберіледі. Ол көзі ашық кезде көрген зердесіне сүйене отырып қазықты тауып, белбеумен соның басына кигізілген бас киімді ұрып түсіруі керек

Көтермек



Ортаға 2 бала шығыңдар.Бір-бірлеріңе арқаларыңды тіреп тұрып,қолдарыңды шынтақтастырыңдар.Тәрбиешінің белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншіңді көтеріп алсаңдар, ұтқан болып есептелесіңдер.

Жеңіске жеткендерің ортада қалып,келесі баламен сайысқа түсесіңдер.Соңғы жеңімпаз анықталады.









Т апқыш

Бұл ойынды ойнау үшін сендерге доп, секундты көрсететін құрал немесе сағат керек. Сендер екі командаға бөлініп, араларыңнан ойын жүргізушіні сайлап алу керек. Ендеше, екі сызықты бойлап бір-бірлеріңе қарама-қарсы отыра қалыңдар. Екі команданың арақашықтығы 2 метрдей болуы керек.

Жүргізуші командалардың бірінің шеткі ойыншысына кез келген сөздің басын, мәселен, “Қар” деген сөзді айтып допты лақтырады.

Оны қағып алған ойыншы “...быз” деген жалғасын айтып, допты әрі қарай қарсыласына лақтырады. Жүргізуші жауап беру барысындағы кібіртіктің бәрін байқап, сол үшін айып ұпайын белгілеп отырады. Ол сондай-ақ ойын тәртібінің сақталуын – доптың дәл лақтырылуын, демеп жіберушінің болмауын, белгіленген уақыттың өтіп кетпеуін қадағалайды. Ойын өздеріннің алдын ала жасаған келісімдері бойынша 3-5 мин. созылуы тиіс. Айып ұпайларын ең аз жинаған команда женген болып танылады.


II БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ (10 бет)

1.Зияткерлік ойындардың логикалық ойлауға әсері

Зияткерлік ойындардың логикалық ойлауға әсері туралы ақпарат табылмады. Алайда, ұлттық ойындар балалардың танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Ойындар барысында балалар логикалық ойлап, мәселелерді талдап, қорытынды жасай алады. Бұл процестер зияткерліктің негізгі компоненті болып табылады. 

Зияткерлік компьютерлік ойынның логикалық ойынына әсер етуі мүмкін емес. Алайда жақсы есте сақтау мен жылдам ойлауды дамытатын ойындар бар. Олар ойыншының эрудициясын пайдаланып, әртүрлі салалардағы (ғылым, тарих, әдебиет, математика және т.б.) сұрақтарға жауап беруі керек. 


2.Қазақтың дәстүрлі зияткерлік ойындары

«Тоғызқұмалақ» – ең ежелгі ойындардың бірі. Ертеде өмір сүрген малшылардың отаулар мен екі қазанды үлкен ойықтары тоғызқұмалақтың осыдан төрт мың жыл бұрын жасалғандығын ғалымдар нақты дәлелдеп отыр. «Тоғызқұмалақты» қойшылар ойыны дейтіні – таңнан кешке дейін табиғат аясында қой баққан қойшылар уақыт өткізу үшін шұңқыр қазып, оған қойдың кептірілген 162 құмалағын салып ойнайтын болған. Әрине, «Тоғызқұмалақ» – зияткерлік ойын. Сондықтан шығар бұл ойынды қазақтың небір көрнекті тұлғалары құмарта ойнаған. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Қалибек Қуаншыбаевтар бар. Кеңес үкіметі жылдары «Тоғызқұмалақты» ұрпаққа аса қажетті құндылық деп дәлелдеп, Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетіне ашық хат жолдап қорғап қалған қазақ өнерінің майталмандары Кәукен Кенжетаев пен Рашид Абдуллиндер еді. 1906 жылы Ресейдің этнограф ғалымы Н.Пантусов Қазан қаласында «Тоғызқұмалақ» туралы алғаш мақала жариялады. Ал «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы 1936 жылы тұңғыш кітап жазған – қазақтың әйгілі лингвист ғалымы Сәрсен Аманжолов еді.

«Тоғызқұмалақ» - қазақ халқының баға жетпес рухани қазынасы. Бұл ойынының тарихы тым ілкіде жатыр. Қазіргі күні «Тоғызқұмалақ» әлемнің көптеген мемлекеттеріне кеңінен танымал. Атап айтқанда, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Германия, Испания, Түркия, Чехия, Ресей, Украина, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Колумбия елдерінде сан мыңдаған адам «Тоғызқұмалақ» ойнауда. «Тоғызқұмалақ» ойыны НЗМ (Назарбаев Зияткерлік Мектебі) бағдарламасында бар екендігі, сондай-ақ осыған байланысты интернеттік бағдарламалар жасалғандығын да айта кетсек болады. Ұлттық ойындардың қалыптасуына қандай да бір жағдай түрткі болды деуге бола ма? Сенімді түрде солай деп айтуға әбден болады. Кең сахараны мекен еткен еркін халық күнделікті тұрмыс-тіршілігінде ойын-сауыққа ерекше мән беріп отырған. Және үлкен-кіші ойнайтын әрбір ойынның шығу негізінде ұлттың дүниетанымы мен тарихы жатыр. Себепсіз ештеңе де пайда болмайтыны секілді қазақтың әрбір ойынның шығу тегінде өмірлік қажеттіліктер мен сұраныстар жатыр. Адамзат баласы ойын элементтері арқылы өмірде кездесетін қауіп-қатерден сақтануға, ақыл-айлалы болуға осы ойындар арқылы машықтанып отырған. Тоғызқұмалақ ойнынан өзге, қазақтардың қыстың ұзақ кештеріндегі сүйікті ермегінің бір дойбы ойыны болған. Әлем тарихында тым ілкі дәуірлерде пайда болған осы дойбы ойыны қазақ даласына да ертеректе келгені анық. Енді дойбы туралы мәліметтерге назар аударсақ. Дойбы ең алғаш Мысыр жерінде 3500 жыл бұрын пайда болған деген болжам бар. Қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таралу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін толық дәлелдеп, ғасырлар қойнауында жасырын жатқын сырды әлі де толыққанды талдап бере алған жоқ. Зерттеулерге қарағанда кәдімгі дойбы ойыны орта Азияға Х ғасырларда жеткен көрінеді. Ал, қазақ даласына дойбы XYIII ғасырда сауда жолдары арқылы келген, қазақтың батыс аймақтарында «шатраш», ал басқа аймақтарда «дойбы» деп аталған деген деректер жиі ұшырасады. Енді «Шөген» ойынының қысқаша тарихына тоқтала кетсек. Ол туралы бізге жеткен тарихи мәліметтер не дейді екен? Жылқыны алғаш қолға үйретіп, оны мініс көлігі мен азығы, сондай-ақ сусыны ретінде пайдаланушылар – қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпалар екенін ғалым В.Зайберт «Ботай мәдениеті» арқылы дәлелдеген болатын.


III БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:

 

Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар.

Берілген диаграммада  бастаушының отаулары төменгіжағында,  ал қазандағы құмалақтар саны жоғарғыжағында орналасқан.

Жүріс жасау ерекшеліктері:

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың келісімімен анықталады.

1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

 

2. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

3. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Тұздық алу ережесі:

Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

4. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді.

Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық. 

 

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды.

Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

 

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

5. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

6. Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

Атсырау” ережесі:

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

7. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

8. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады.

Мысалы:

 

 Осы тақтадағы жағдайда жүріс қостаушыдан. Ол №9 отаудағы 3 құмалағын таратады.

 Өз кезегінде бастаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.

 

 Бастаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 6 отаудағы 2 құмалақтың бірін орнына қалдырып екіншісін 7 отауға көшіреді.

Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

 

 Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды (23құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.

Есеп 88-74, бастаушы ұтты.

9. Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.

 Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.


ҚОРЫТЫНДЫ


ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары – халықтың тарихи, мәдени және рухани мұрасының маңызды бөлігі. Қазіргі заманғы жаһандану мен технологиялық прогресс жағдайында бұл ойындардың дамуы мен сақталуы ерекше маңызға ие. Олардың болашағы бірнеше бағытта өрбид

1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ

Ұлттық және зияткерлік ойындарды білім беру бағдарламасына енгізу – олардың болашағы үшін негізгі бағыттардың бірі. Бүгінгі таңда:

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға ұлттық ойындарды сабақ барысында қолдану арқылы олардың ойлау қабілетін, қимыл-қозғалысын, шығармашылық әлеуетін дамытуға болады.

Университеттерде, әсіресе педагогикалық мамандықтарда, ұлттық ойындар теориясын оқыту мұғалімдерге олардың маңызын түсінуге және сабақта тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру орталықтарында, мысалы, STEM мен робототехника курстарында ұлттық ойындарды заманауи технологиялармен біріктіру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады.

2. ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

Бүгінде цифрлық технологиялар барлық салада белсенді дамып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық ойындарды цифрлық форматқа көшіру олардың болашағы үшін үлкен мүмкіндік береді:

Мобильді қосымшалар жасау – тоғызқұмалақ, асық ату, хан талапай сияқты ойындарды онлайн режимінде ойнауға мүмкіндік беру.

Компьютерлік және виртуалды ойындар әзірлеу – қазақтың ұлттық ойындарын заманауи геймдизайн элементтерімен ұштастыру арқылы жастардың қызығушылығын арттыру.

Онлайн-турнирлер мен жарыстар өткізу – тоғызқұмалақ пен басқа да зияткерлік ойындарды халықаралық деңгейде насихаттау.

3. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ СПОРТТЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ КӨТЕРУ

Қазақтың ұлттық ойындарының болашағы олардың спорттық бағытта дамуына да байланысты:

Олимпиада және халықаралық жарыстар – тоғызқұмалақты ресми түрде зияткерлік спорт түрі ретінде әлемдік ареналарға шығару.

Ұлттық ойындар бойынша чемпионаттар өткізу – көкпар, бәйге, жамбы ату сияқты спорттық ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау.

Жасөспірімдер арасында ұлттық ойындарды дамыту – балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық ойындарға қызығушылықты арттыру үшін арнайы бағдарламалар әзірлеу.

4. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒАРУ

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары тек Қазақстан аумағында ғана емес, әлемдік деңгейде де таныла алады. Бұл үшін:

Тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ойындарды шетелде насихаттау қажет.

Халықаралық турнирлер өткізу арқылы басқа елдердің ойыншыларын тарту.

Ұлттық ойындар туралы ағылшын, қытай, орыс тілдерінде контент жасау – деректі фильмдер, YouTube видеолары, мақалалар арқылы насихаттау.

5. ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ

Қазақтың ұлттық ойындары тек спорттық немесе зияткерлік қана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәнге ие. Олардың болашағы жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын ояту арқылы айқындалады:

Отбасылық деңгейде ұлттық ойындарды дәріптеу – ата-аналар балаларына асық ату, хан талапай, тоғызқұмалақ сияқты ойындарды үйретуі керек.

Мектептерде ұлттық ойындар бойынша үйірмелер ашу – бұл балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырады.

Ұлттық ойындарды тәрбиелік іс-шараларда қолдану – жазғы лагерлер, мәдени фестивальдер мен ұлттық мерекелерде ойындарды ұйымдастыру.

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарының болашағы – оларды заманауи технологиялармен, білім беру жүйесімен және халықаралық стандарттармен ұштастыруда. Бұл ойындарды кеңінен насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, оларды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік аламыз.Егер бұл бағыттар белсенді түрде жүзеге асса, ұлттық ойындарымыз келешек ұрпақ үшін тек мәдени мұра ретінде емес, күнделікті өмірдің маңызды бір бөлігі ретінде сақталып қалады.




















ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Әубәкіров А. "Қазақтың ұлттық ойындары" – Алматы: Рауан, 1994.

Төтенаев Б. "Қазақтың ұлттық ойындары" – Алматы: Білім, 2003.

Қасымбаев Ж. "Қазақ халқының дәстүрлі ойындары" – Алматы: Ана тілі, 2010.

Нұрмағанбетова А. "Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні" – Астана: Фолиант, 2015.

Баймұратов Н. "Тоғызқұмалақ – зияткерлік ойын" – Алматы: Қазақ университеті, 2012.

Қазақ энциклопедиясы. "Ұлттық спорт түрлері" – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008.

Сейітқасымов А. "Қазақтың көне ойындары" – Шымкент: Полиграфия, 2016.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. "Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі" – Нұр-Сұлтан: Білім, 2019

Тоғызқұмалақ федерациясы. "Тоғызқұмалақ ойынының ережелері мен стратегиясы" – Алматы, 2020.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. "Қазақтың дәстүрлі ойындары мен олардың дамуы" – Нұр-Сұлтан, 2021.

Халық педагогикасы материалдары. "Қазақтың ұлттық ойындары және олардың тәрбиелік маңызы" – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы, 2018.

Интернет ресурстар:

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ресми сайты: www.nationalsport.kz

Тоғызқұмалақ бойынша халықаралық федерация: www.toguzkumalak.com

ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру порталы: www.edu.gov.kz



04 Сәуір 2025
78
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі