Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану арқылы «Дене тәрбиесі» пәнін жетілдіру
Серикбай Ясинович Омаров
Дене шынықтыру пәні мұғалімі,
«Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі» КММ
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы
«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата-бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.
Осы міндеттер төңірегінде біз дене тәрбиесінде барлық оқушыларды қатыстыра отырып, көпшілік шараларды жүзеге асырамыз, дене тәрбиесі мерекелерін, спорттық жарыстарды, ойындарды, серуендерді, саяхаттарды ұйымдастырамыз.
Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруды, дайындау жұмыстарын жүргізіп, ұстаздар мен ата-аналар арасында да үнемі насихаттап отырамыз.
Дене тәрбиесінің дамуы - спортты мойындау, яғни спорт - дене тәрбиесі жүйесіндегі негізгі құралдардың бірі болғандықтан, оқушылар онымен айналыса отырып, өзінің денесін жан-жақты жетілдіру ісін жалғастырады және жоғарғы спорттық керсеткіштерге жетуге талаптанып, дене жаттығуларының кейбір түрлеріне маманданады.
Сонымен қатар оқушылар өздерін тәртіпті, көпшіл болуға, мінез-құлық мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің өзге де белгілеріне тәрбиелейді, бұл оқушылар бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық ерік сапаларын қалыптастырады. Олардың бойындағы патриоттық сезім, яғни өз халқын, ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға төзбеу, намысшыл болуға, салт-дәстүрді қастерлеуге, оны білуге, өз достарына, ұстазына, мектебіне деген сүйіспеншілікте болуы, еңбекқор т.б., қорыта айтқанда, жан-жақты жетілген, білімді, білікті азамат болуға тәрбиелейді.
Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары жеткіншек ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. [8]
Бұл тақырыпты алғандағы менің мақсатым - қазіргі заманға сай күшті, жігерлі, төзімді, денсаулығы мықты оқушыларды тәрбиелеп, әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, ұлттық танымдық қабілетін ашып, олардың теориялық, практикалық білімдерін жетілдіруге, өз беттерімен шынығуға жағдай жасау.
Қазақта ұлттық ойындардың түрлері көп, олардың қай-қайсы да адамдарға мәдени игіліктердің бірі ретінде аса құнды. Бұл күнде оны халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Ұлт ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып, жалғасып отырған және өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі десе болады. Ойын тек жас адамдардың дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, тағы да басқадай жағдайға тәрбиелеп қана қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп, өсуіне пайдасы зор.
Ойынды оқу-тәрбиесінде пайдалану, үлкен теориялық білімділікті, мұғалімнің жан-жақты шеберлігін, төзімділігін қажет етеді деп ойлаймын.
Кеңес педагогикасының классигі А.С. Макаренко: «Ойын - баланың бүкіл өмірін қамту керек, балалар ұжымында жауапты іскер ойындар үлкен орын алады, олай болатыны, ойын - балалар ұжымынан аса маңызды орын алады» - деген.
Бала - ойын арқылы ойлап, қиялдайды. Ал біздің ұлттық ойындарымыз, адам қасиеттерін біржақты емес, жан-жақты дамытуға негізделген. Яғни, ойындар - көңіл көтеру, ермек үшін емес, адам бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, ойланып-толғануға, сезімталдыққа, басқаның жағдайына шыға білуге, жеңіске жету, өзінің күш-қуатына деген сенімділікке, денесінің шынығуына, қиялдай, ойлай білуге т.б. қасиеттерді қалыптастыру, тәрбиелеу мақсатында қолданылады. [7]
-
Оқушылардың ұлттық ойынға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
-
Ұлттық ойындарды қастерлеу.
-
Ұлттық ойындар мазмұнын түсіндіріп, көзқарастарын толықтыру, дамыту.
-
Күнделікті сабақтарда, эстафеталық сайыстарда, мерекелік шараларда ұлттық ойындарды пайдалану.
-
Ұлттық ойындар элементтерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, пәнді жетілдіру сияқты өзіме мақсаттар мен міндеттер қойып, жұмыс жасадым.
Қазақтың ұлттық ойындары өз тұрғысынан сан алуан түрлі болып келеді. Атап айтқанда: «Бәйге», «Білектесу», «Қазақша күрес», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Алтын қабақ ату», «Арқан тарту» т.б. тіршілікпен байланыстыратын мағыналы, мазмұнды ойындарға бай келеді. Соның кейбір ойын түрлеріне тоқталып өтейін.
Бұл ойынды ойнау үшін алдымен 5-6 ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Тақтайдың ортасынан арқан өтетін тесік болуы керек. Енді қарды жентектеп аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайшаның екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай тақап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тіркелгеннен кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Содан кейін екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болып шығады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Бұл ойын күш-қуатын анықтауға, таза ауада демалуға, еңбек етуге үйретеді. [4]
Керекті құралдар: арқан, ортасы тесілген екі тақтай.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке- жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан 2-3 м. жерден тереңдігі бір қарыстай 2 шұңқыр қазылады. Оған екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының бұйрығы бойынша шаба түседі де, шұңқырға жетіп, қол сұғып тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.
Бұл ойын жылдамдықты дамытады, тез әрі дәл әрекет етуге үйретеді. [4]
Керекті құралдар: шыбықтар, тереңдеу ыдыс, тастар.
Қазақ халқының ежелгі спорт ойыны. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық енері. /Самбо./
Мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақтық басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасына алып лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әрекеттердің бәрін де қолдануға болады. Қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды.
Күрес бір жақтың талассыз жығылуына және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Жасы, салмағына қарай бөлінеді. 5 минут жауырынын тигізу шарт емес. [4]
Керекті құралдар: мат, белбеу.
Әр үстелдің шетінде қарама-қарсы отырған екі оқушы оң қолдарын шынтағын үстелге тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастырып мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойынды бастаушы команда берісімен, шынтақтасқан. Қарсы алдындағы палуанның тірелген қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл ойын білек күшінің жетілуіне көмектеседі. [2]
Керекті құралдар: үстел және орындық.
Ойындар оқушылардың салт-дәстүрімізге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін ұлттық ойындарға қызықтыру, түсіндіру, қастерлей білу мақсатында және оқушылардың жастарын, ерекшеліктерін ескере, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, ойындар күрделігіне қарай әр сыныптарда әр түрлі мақсатта пайдаланады. Әсіресе 5-6-7 сыныптарының ұл-қыздары жоғары сыныптарға қарағанда қозғалғыш, икемдірек, қабылдағыш келеді. Сондықтан, ұлттық ойындарды кебірек өткізуді сұрайды. Әсіресе, бұл 1-7 сынып оқушыларына өте қатты әсер етеді. Өйткені олар бір-бірін қуалауды, итерісіп-тартысуды, алысып, жұлысуды, жүгіруді жақсы көреді. Ал біздің ұлттық ойындарымызда бұндай қозғалмалы ойындар көптеп саналады. Сонымен қатар мен ұлттық ойындарды оқу процесінің бөлімдеріне байланыстыра алдым. Мысалы: жеңіл атлетика бөліміне байланысты қазақтың ұлттық ойындары «Жаяу көкпар», «Теңге алу», «Бәйге», «Түйілген орамал», «Жырадағы қасқыр»т.б. ойындарды түрлендіріп аламын. Себебі бұл ойындар командалық және көпшілікпен ойнайтын ойын. Ойында алысып, жұлысып, итерісу, тез жүгіріп мәреге жету керек, ортаға алынған допты /терінің орнына/ ұстау, сол үшін күресу, ептілікті танытып, белгілі бір орынға әкеліп тастау керек. Әрбір ойындардың белгіленген оқушыларға қойылған талаптары, ережелері, тәртіптері де бар. Сол тәртіп бойынша ойын қадағаланып, ойнатылып, уақытымен жүргізіліп отырылады. Ал «Бәйге» деп аталатын ойын кәдімгі жүгіруден тұрады.
Қазіргі спорт және дене шынықтырудағы бағдарламаларды салыстырғанда кәдімгі марафон жүгірісі деуге болады. Өйткені, марафонға да сансыз, есепсіз адам қатыса береді және ол да қашық жерлерге, шақырымдарға жүгіру болып табылады. Әрине, қазіргі марафонды қазақтың ұлттық ойындарымен салыстыру қиындау, дегенмен атамыз қазақ кезінде жаяу емес, ойындарды ат үстінде жүріп ойнаған ғой. Сондықтан, қазіргі жағдайда, атпен емес, жаяу жарысып та, ойнаса да жеткілікті және оның денсаулықты нығайтуға деген үлесі зор. Ал, «Бәйге» ойыны, былайша айтқанда, ат шабыс, ол кәдімгі дене шынықтыру сабағында қолданып жүрген кросс жүгірісі. Кросс жүгірісі де бұл ойындардың қатарына жатады. Өйткені бұнда да оқушылар өзара жарысады, орын алуға, бірінші келуге таласады. Бұл да оқушылардың шыдамдылықты, төзімділікті, ептілікті, намысқорлықты т.б. қазақта бар қасиеттерді көрсетуіне себеп болады. Бұны ойын ретінде де, сабақ ретінде де алуға болады. Өйткені, ол тек жүгіруден тұрады. [5]
«Қыз қуу» ойынын мен дене шынықтыру сабағында, әсіресе жеңіл атлетика тақырыптарында көбірек қолданып жүрмін, өйткені менің байқауымша, балалар бұл ойында өте жақсы көреді, тез көңілденіп, жігерленіп, қызығып ойнайды. Бұнда, ортаға немесе сөреге 1 ұл бала және 1 қыз баланы шығарамын. Ойын сөреден-мәреден тұрады. Берілген белгі бойынша сөреде жігіт (ұл бала) 5-6 м қашыктан, 8-10 м адым жерде орналасқан қызды қуып жетіп, қыздың қасындағы лентаны (шүберек) шешіп алуы тиіс. Мәреге дейін жетіп алса, ер балалар тобына 1 ұпай түседі, егер жете алмаса, ойын тоқтамайды. Ендігі жерде қыз қолындағы қамшы есебінде ұстаған басы түйілген орамалмен ұл баланы мәреден сөреге дейін қуып жетіп, ұруы тиіс. Ер бала оған жеткізбей қашып құтылуы керек. Егер де қыз бала қуып жетіп ұрса, ол қыз балалар тобына 1 ұпай түседі. Бұл ойында жас ерекшелігіне, сыныбына қарай ойнатамын. Ойынның шырқын бұзатын, біріншіден, жүргізуші мұғалімнің ықпалы болуы керектігін ескеріп, мен ойын ережесін қатты талап етемін және жалқау, қырсық, нашар оқитын қабілетсіз оқушыларды ынталандырып, қызығушылығын арттыруға тырысамын. Сондай-ақ ашық алаңдарда, ауа-райына байланысты мерекелер т.б. шараларда қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға мән беріп, үнемі ойнатамын: арқан тарту, асық ату, ақсүйек, жаяу тартыс т.б. ойындар. [3]
Мені толғандыратыны тағы бір мәселе - сабаққа келген оқушылар дене шынықтыру сабағын «ойын» сабағы деп қабылдайды. Сондықтан оларға ойындарды түрлендіріп отыруым керек. Сонда олар келесі сабаққа қызығушылықпен келеді.
Ұлттық ойындардың ішіндегі аударыспақ, теңге ілу, арқан тартыс, қыз қуу, көкпар ойындарын да кеңінен қолданамын.
Дене шынықтыру сабағынан тыс мезгілде өткізілетін ұлттық ойындар:
-
Қыркүйек – Денсаулық күнін атап өту үшін көбінесе мектеп алаңында 3-5 түрінен ұлттық ойындардан жарыс өткіземін. Олар көкпар, аударыспақ, білек күші, арқан тарту сияқты ойындар.
-
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған мерекеге «Кросс-бәйге» жүгірісін ұлдар үшін 200 м, қыздар үшін 100 м.
-
8 наурыз - спорт залда сыныптар арасында аналарға арналған мерекелік шара өткізіп, оған ұлттық ойындарды, олардың элементтері бар ойындарды ойнатамын: «Қыз қуу», «Мергендер», «Көңілді старт», «Соқыр теке», «Орамал тастау» сияқты ойындарды ұйымдастырамын.
-
22 наурыз - Қазақтың Жаңа жыл мерекесі. Бұл мерекеде де сыныптар арасында жарыс өткіземіз. Мектеп алаңында - мергендер сайысы, қыз қуу, бәйге кросс, арқан тартыс, асық ату, мергендер сайысы, білек күші, көкпар ойындары ойналады. Бүкіл ауыл болып шараға ойдағыдай қатысатын бұл мерекеге ұлттық ойындарымыздың әсері - үлкен де, кіші де үлкен қызығушылықпен мән береді. Себебі, атадан балаға мұра болып келе жатқан ойындарды ойнау әсерлі де қызықты.
-
7, 9 мамыр күндеріндегі жарыстарға «Кросс-бәйге», «Көкпар», «Мергендер сайысы», «Арқан тарту» сияқты ойындарды аламын.
Бұдан басқа күзгі, қысқы, көктемгі оқушылар демалыс уақытында ететін мектепішілік жарыс түрлеріне де ұлттық ойындарды ауа райына қарай ойнаймыз. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына әдейі қоямын. Ал «Тоғыз- қүмалақ», «Бес тас» ойындарынан сайыс өткіземін.
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. [6]
Пайдаланылға әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы
-
Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл.
-
Балғымбаев М. «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері», Алматы, 1985ж.
-
Бүркітбаев Ә. «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні», Алматы, 1985ж
-
Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198
-
Сағындықов Е. С. «Қазақтың ұлттық ойындары». — Алматы: «Рауан», 1991.—176 бет арқан тарту
-
Сағындықов Е. С. «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» — Алматы: «Рауан», 1993.
-
Төтенаев Б. «Қазақтың ұлттық ойындары», - Алматы: «Рауан», 1994 жыл.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақтың ұлттық ойындары

шағым қалдыра аласыз