Қазақтың ұлттық ойындары, 6-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойындары, 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6.2.6.1 - жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 

      (білім беру ұйымының атауы)

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

IV Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Педагогтің аты-жөні

Дене шынықтыру пәні мұғалімі Андамасова Асылжамал Асылбековна


Күні:

17.10.2024

Сынып: 6 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.6.1 - жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу

Сабақтың мақсаты

Қазақтың ұлттық ойындарын біледі.

Жарыстың ережесін құрастыра алады.

Әр түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнай алады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың

басы

5-7 мин



















Оқушылармен амандасу, оқушыларға сәттілік тілеп, жағымды ахуал қалыптастыру.

Сергіту сәті: «Асық, арқан, құмалақ».

Мұғалім сергіту сәтінің ережесін түсіндіреді.

Оқушылар екі-екіден қол ұстасып тұрады. Үшінші оқушы екі кісінің ортасында тұрады. «Асық» дегенде, ортадағы кісілер орнын ауыстырады. «Арқан» дегенде, қол ұстасқан кісілер ауысады. «Құмалақтар» дегенде, барлығы ауысады. Осы сергіту сәтін 2-3 рет орындатады.

Ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында оқушыларды суреттер таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.

1 топ: Тоғызқұмалақ;

2 топ: Арқан тарту;

3
топ: Асық ату.


Мұғалім оқушыларды миға шабуыл сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстырады. Қауіпсіздің ережелерін, топ ережелерін түсіндіреді.

Миға шабуыл сұрақтары:

  1. Бұл суреттерден не байқадыңыз?

  2. Қандай ұлттық ойындарды білесіз?

Мұғаліммен амандасады.


Сергіту сәтіне белсене қатысады.






Оқушылар суреттерді таңдау арқылы

3 топқа бөлінеді.

1 топ: Тоғызқұмалақ;

2 топ: Арқан тарту;

3 топ: Асық ату.






Сұрақтарға жауап береді.




Одағай сөздер. Жарайсың! Керемет!




















Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң.








Топқа бөлуге арналған суреттер





Сабақтың ортасы

28-30




Сабақты түсіндіру

Мұғалім АКТ-ні пайдаланып «Қазақтың ұлттық ойындары»тақырыбында, соның ішінде «Тоғызқұмалақ», «Арқан тартыс», «Асық ату» ойындарының шығу тарихына тоқталады, оқушыларға мәлімет береді.


Топтық жұмыс

Топтарға қосымша ресурстар беріледі, оқушылар сол арқылы ойын түрлерін ұйымдастыруды жоспарлайды.

1 топ - тоғызқұмалақ ойынының ережесімен таныстырады. Тоғызқұмалақ ойынын ойнатады.

2 топ- арқан тартыс ойынының ережесін таныстырады, жарыс ұйымдастырады.

3 топ – асық ату ойынының ережесін таныстырады және жарыс ұйымдастырады.







Сабақты бекіту тапсырмасы «Нұрдәулеттен сұрақ» ойыны.


Жасанды интеллект D-ID нейрожелісінде жасалған бейнемультфильм арқылы сабақты бекітуге арналған сұрақтар қойылады.

1.Қай отауға тұздық қойылмайды? (9)

2.Тоғызқұмалақ ойынында бірінші жүретін адамды кім деп атайды? (бастаушы)

3.Арқан тартыс ойынына неше метрлік арқан қажет? (8-10м)

4.Атуға арналған асықты қалай атайды? (сақа)

5. Асықтардың түсу жағдайлары ? (алшы, бүк, шүк, тәйкі )

Сабақты мұқият тыңдайды.





Топ ережесін сақтай отырып, топта белсенділік танытады. Жарыс, ойындарды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырады.

Камбинацияны аяқтайды, Жұптасып ойын тактикасын көрсетеді және ойындағы қиындық ережелерін үйренеді, сұрақтарға жауап береді



Бекіту сұрақтарына дұрыс жауап береді.




Жауаптары:

1.9

2.Бастаушы

3.8-10 м.

4. Сақа

5. алшы, бүк, шүк, тәйкі








Презентация






Тоғызқұмалақ тақтасы

арқан, асық












Бейнемультфильм











Сабақтың соңы

3-5 мин


Рефлексия «Додекаэдр» әдісі

Мұғалім додекаэдрды оқушыға ұсынады, оқушы таңдаған сұрағына

сәйкес жауап береді.

1. Маған сабақ ұнады. Себебі...

2. Менің бүгінгі тақырыптан түсінгенім

3. нені орындау жеңіл болды, қандай күтпеген қиындықтар болды?

4. Бүгінгі сабақта... өзгерткім келеді

5. Сабақтағы көңіл күйім... болды. Себебі...

6. Мұғалімге ұсынысыңыз...

7. Барлық тапсырмаларды орындай алдым. Себебі...

8. ... тапсырма маған қиындық тудырды. Себебі...

9 . Енді мен ... білемін және практикада... қолдана аламын

10. Мен өзіме бүгін беремін. Себебі...

11. Әлі де үйренуім керек...

12. Сабақтың қай кезеңі тиімді болды?



Сабақты қорытындылау. Оқушыларға алғыс білдіру.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.













Сабақты қорытындылайды.

Додекаэдр

Додекаэдр


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2025
32
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі