Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс».

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұлттық ойынды күнделікте сабақта өткізу арқылы насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақ:

Дене шынықтыру

Күні : 04.12.2019

Мұғалімнің аты – жөні : Ахметов Жаңаберген Қасқырбайұлы

Сынып : 6 сынып

Қатысқандар: 12 Қатыспағандар:2

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс».

Бөлім №4

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары.

Оқу мақсаты

6.2.7.7 Жарыс кезінде адал ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді түсіну және қолдана білу.

Сабақтың мақсаты

Жарыс кезінде әділ ойын көрсету, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Арқанды тарта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады :

Арқанды тарту әдісін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады :

Арқанды тарту әдісін біледі және көрсете алады.

Тілдік мақсат

Командада және топтық қызметте сенім мен жұмыс істеу дағдылары туралы өз түсініктерін талқылай алады


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тарт, қолмен тарт, арқанмен тарт.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Арқан тартыс кезінде қатысушыларды қандай қасиет басым болған дұрыс?


Не себепті .... деп ойлайсыз?

Төзімділік қасиеті, Әр істе жеңіске жету үшін төзімділікке байланысты болып келеді. Төзімділік болмаса жеңіс қолға оңай түспейді.

Ишара :

Дайындал, баста, қолмен және жалаушамен белгі беру, тоқта.

Алдыңғы оқу:

Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту


Жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сапқа тұру, кезекшінің баяндамасын тыңдау, сәлемдесу

орында, қозғалыста орындалатын саптық жаттығулар.

Жүру жаттығулары:

А) Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.

Ә) Екі қол желкеде өкшемен жүру

Б) Екі қол белде, табанның ішкі және сыртқы қырымен жүру.

В) Қолбелде жартылай отыра жүру.

Г) Қолтізеде толықотырып жүру

Д) Қолтізеде, алғақарай ұмытыла секіріп жүру.

Спорттық жүріс.

Жүгіру жаттығулары:

Екі қол алға және артқа айналдыра , оң және сол жаққырымен жүгіру.

Екі қол алға, тізені алақанға тигізе жүгіру

Екі қол артта, өкшені алақанға тигізе жүгіру

Аяқты алдыға, артқа лақтырып жүгіру

Қолды белге қойып, оң және сол қапталмен жүгіру

Артпен жүгіру.

Жай жүріс.

Тынысалуды қалпына келтіру.

Жалпыдамыту жаттығулары:

Б.қ. Қолалғабір, екі жоғары үш жанға, төрт төмен түсіреміз.

Б.қ. Аяқ иықдеңгейінде алшақ қойып, басты 1-2 оңға, 3-4 солға айналдыру.

Б.қ. Аяқ иықдеңгейінде алшақ қойып, екі қол иықта, оң қол оң иықта, сол қол сол иықта 1-2

Иықты алға айналдыру, 3-4 артқа айналдыру.

Б.қ. Аяқ иық деңгейінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде қолды ауыстырып алға артқа сермейміз.

Б.қ. Аяқ иықдеңгейінде, қол белде, белді оңға 1-2, солға 3-4 айналдырамыз.

Б.қ. аяқ иықдеңгейінде қол тізеде, тізені ішке, сыртқа және жинақы түрде айналдыру
Н.т. Екі
қолды алға соза отырып тұру.

Тыныс алу жаттығулары:

1,2,3,4 пәрменімен.

10 -12 мин



Оқу бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық.

Ортасы

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс».

Мақсаты: Жарыс кезінде әділ ойын көрсету, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру. Топқа бөлу.

Үйрету: Бірінші, екіншіге саналу арқылы 2 топқа бөлу, жағына бір –біріне қарама –қарсы тұрғызу.

Меңгеру: 2. Қарама –қарсы тұрған оқушылар бір –бірінің қолынан ұстап, әр бақталас топ өз жағына қарай бірін – бірі тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске

жетеді.
Жетілдіру: 3. «Арқан тарту» Ойынның ережесі.

Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға ортасына қызыл жіп байланған

арқан қойылады. Ойынға қатысатын оқушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды тартады.

Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе , солар жеңіске жетеді.

Бағалау: 4.Оқушылардың «Арқан тартыс» ойынын бағалау.







Соңы

Денені қалпына келтіру жаттығулары яғни тыныс алу жаттығулары.

Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызу. Оқушыларды


бағалау.

Сабақты қорытындылау.

Жеңіске жеткен топты марапаттау



Қосымша ақпарат

Ғаламтордан


Саралауға-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырмасын қалай түрлендіресіз?

Қабілет деңгейлеріне қарай топтарға бөлдім

1-топ қабілет деңгейі жоғары- көк түс.

Тапсырма:

Кермеге тартылу.

2-топ қабілет деңгейі орташа- сары түс.

Тапсырма: Күш қабілетін дамыту.

3-топ қабілет деңгейі төмен-қызыл түс.

Тапсырма: Ойын ережесін үйрету.

А-топ

Тапсырма: Арқан тарту ойынын түсіндіру.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау критерийлері

1. Ойынды түсінуі;

2. Ережені меңгеруі;

3. Арқанды тарту әдісін білуі;

4.Арқанды тарту тәсілін үйрену, дағдылануы;

5.Жеңіске жету;


Күн. Арқан тартыс ойынының әдісін біледі, қолдана алады.

Бүлт. Әдістерін біледі, қолданаалмайды.

Жаңбыр. Арқан тартыс әдісін білмеседе, тартса алады.

Пәнаралық байланыс – тарих, физика, математика.

Рухани ұлттық құндылықтармен байланыс-қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау. Денсаулық және қауіпсіздік оқушылар бойындағы күшті дамыту.

Оқушылардың бірін-бірі сыйлауға және бағалауға баулу.

АКТ – мен байланыс- видео ролик көрсету.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?


Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Бүгін оқушылар Рухани ұлттық құндылығымызбен - қазақтың ұлттық ойындарын тәжірбие арқылы арқан тарту ойынын үйренді.

Жаңа сабақ ретінде, топтық деңгейде өтті.

Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.

Саралау орташа деңгейде іске асты, тапсырмалар сәйкес болды, уақытты барынша тиімді пайдаландым.

Арқан тартыс ойыны кезінде күн, булт, жаңбыр арқылы өзгерістер енгізе отырып, оқушыларды бағаладым.


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )


1: Арқан тартыс ойынын үйрету, жетілдіру және бағалау.


2: Арқан тартыс ойыны.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?


1: Видео ролик көрсету арқылы


2: Жарыс ретінде өткізу арқылы


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?


1: Оқушы видео роликті көру арқылы сабақты тез түсіне білуі;


2: Жарыс ретінде орындау арқылы оқушының қызығушылығын арттыру;















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2019
4593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі