Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойыны. "Бес табан" асық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту
Материалдың қысқаша нұсқасы

7-сынып қысқа мерзімді жоспар

Сабақ:

Мектеп: №42

Күні :15.04.2019 жыл

Мұғалімнің аты – жөні : Оразгалиева Гауһар

Сынып :7 «Ә»

Қатысқандар: 12 Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойыны «Бес табан» асық ойыны

Сабақтың мақсаты

Ойын дағдыларын талқылау және көрсете білу

Оқу мақсаты

7.2.3.3 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын талқылау және көрсете білу

4-бөлім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Тілдік мақсат


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Асық ойыны, Бөк, шеек, алшы, тәйке, омпы, бес табан, қабады, шиеріп ату


Талқылауға арналған сұрақтар : Асықтың адам ағзасына пайдасы?


Не себепті .... деп ойлайсыз? Саусақ моторикасын , көз мергендігін және дұрыс арақашықтықты аңықтау, вестибулярный апаратты дамыту.

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіреді, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, баланың жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады

Ишара : дайындал, ату, бес табан.

Пәнаралық байланыстар

Тарих сабағымен байланыс асық ойының даму тарихы, анатомиямен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы, (ағзадағы биохимиялық өзгерістер, вестибулярный апаратты дамыту), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), физикамен (шиеріп атқан кезде асық секіріп кетпейді, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Асық ойының алаңын схемасын қағазға шығарып көрсету, асықтын жан-жақтарының атауы, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

дескриптор

-қауіпсіздік ережесін сақтайыды

-оқушылар ережесін біледі

-шиіріп ату біледі

-асықтын жан-жақ атауын біледі



























Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері және іс -әрекет

Ресурстар

Басы 10 мин













Сапқа тұру: шеңберге тұрып, қолдарымызды тигізіп (ақуды атпаймыз, достықты сатпаймыз деген) мақалды айтып сәлемдесеміз сабақ мақсаттарымен, жетістік критерилерін таныстыру.

Оқушылар ҚЕ сақтай отырып тапсырманы орындайды. Жаттығулар дененің бірте-бірте дамуына ықпал етеді.

Саптық жаттығулар:

Оңға, солға, кері айнал.

Жүру жаттығулары:

1.Жаттығулар дұрыс тұрақтылықтың дамуына ықпал етеді. Оқушылар арқаны түзу ұстап жүруіне көз жеткізу

- қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.

- қолды белге қойып өкшемен жүру.

- табанның ішкі жағымен жүру;

- табанның сыртқы жағымен жүру;

- жартылай отырып жүру.

Жеңіл жүгіріс. 5 айналым

Жүріске ауысып, тынысалу жаттығуларын орындау. Қолды үске көтеріп дем аламыз.

Жүгіру жаттығулары

-бос жүгіріс

-тізені алдыға көтеріп жүгіру

-аяқты артқа лақтырып жүгіру

-киікші жугіру

-артпен жугіру

- отырып журі

-отырыстан секіру

-шапшан жугіру

Жалпы дамыту жаттығулары

І. Б.Қ-негізгі тұрыс: Қол белде басты оңға және солға айналдыру

ІІ. Б.Қ-негізгі тұрыс: Оң қол жоғары сол қол төмен екі қолды керіле сермеу

ІІІ. Б.Қ-негізгі тұрыс: Екі қол иықта қолды алға артқа айналдыру

ІV. Б.Қ-негізгі тұрыс: Қол кеуденің алдында қолды оңға сол керіле жасау

V. Б.Қ-негізгі тұрыс: Оң қол белде сол қол жоғары, Екі қолды алма кезек ауыстыра оңға солға жантаю 
VІ. Б.Қ-негізгі тұрыс: Екі қол белде, белді оңға солға айналдыру

VІІ. Б.Қ-негізгі тұрыс 
1.Қолды жоғары көтеріле шалқаю. 

2.Қолды аяқ ұшына тигізе еңкейю 
3.Қолды алға соза отыру 

4.Бастапқы қалып 

VІІІ. Б.Қ-негізгі тұрыс

Қолды алға созып 

Отырып- тұру 15 рет

тіреп жатып қолды бүгіп жазу ( 10 рет)

Кең алаң, проектор, ноутбук. Олар алдағы жаттығулардың алдында қызудың маңыздылығын талқылайды


Денешынықтыру сабағындағы қауіпсідік ережесі.












Кең, тегістік алаң










Мұғалімнің көрсетуімен қайталайды

Ортасы 20-22 мин

























Бес табан ойына

5 мин

1-3 Саналу әдісімен 3-топқа бірігеміз, жәні топ басшы анықталады, әрі топқа 8 асық беріледі (4 малай, 4 сақа), топ басшылары малайды тізіп және сақаларды иеріп, ату кезектілігің анықтайды.


Белсенді оқыту әдістері айналма түрде өтеді

1 топ: бес табан өлшеп атады, малайдан бес табан өлшеніп сызықша сызылады (оқушы онақай болса сызыққа оң аяқта қойып, алдыға енкейіп, лақтыру күшін анықтап шиіріп аталды)

2 топ: асықпен 2,5 метрден атады. тізелген малайдан 2,5 метр өлшеніп (шеңбердін шеті) сызықша сызылады (оқушы онақай болса сызыққа оң аяқта қойып, алдыға енкейіп, лақтыру күшін анықтап шиіріп атып) және қабады әдісін орындады.

3 топ: 5 метрден атады. тізелген малайдан 5 метр өлшеніп (шеңбердін шетінең 2,5 метр) сызықша сызылады (оқушы онақай болса сызыққа оң аяқта қойып, алдыға енкейіп, лақтыру күшін анықтап шиіріп атты)


Асық ойына спорт залдын ортасындағы немесе екі шеткі баскетбол шеңберін пайдаланамыз, шеңберден 3 метр өлшеп сызықша сызамыз (ату алаңы) Соңгысында ықшамдалған ережесімен кіші кірім асық ойынын ойнау

Асық , асық ойың схемасы, метр өлшейтін құрал.

Соңы 1-2 мин

Қалыпқа келтіру жаттығулары. Уақытты сезу жаттығуы. (Сапқа тұрған оқушыларға 1минут уақыт беріп, әр оқушы ішінең санайды және кім санап болады сол оқушы алдыға бір қадам жасайды, қай оқушы 1 минутқа және 1 минутта шығады сол уақытты жақсы сезеді)

Үй тапсырмасы: ЖДЖ

секундомер

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан ақпарат алынып қағазға шығарылып көрсетіледі.

көрнекілік

Саралауға – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырмасы қалай түрлендіресіз?


1 тапсырма

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік , АКТ – мен байланыс.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Басқа оқушылардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды барлық білім алушылар қолдана алады деп жоспарлап отырмын.


Қабілеті жоғары оқушыларға қабады әдісін орындауға тапсырамын.

Бағалау критерий барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

Өз-өзін бағалау

Сұрақтар мен жауаптар (кері байланыс)

Бірін-бірі бағалау

Мұғалімнің бағалауы

- оқушылар асықты шиіруді білді.

- шиіріп асықты атты.

- бес табан әдісін орындады

-оқушылар күшін анықтап ата білді

Асық ойының алаңын схемасын қағазға шығарып көрсету, асықтын жан-жақтарының атауы, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты мен міндетері орындалды.

Оқушылар асықты шиіріп атуды уиренді.

Сабақ жақсы денгейде өтті, оқушылар әр-турлі қашықтықта асық ату әдіс тәсілдерді сапалы орындады, көпшілік оқушылар мергендік танытты.

Саралау тапсырмалары жақсы орындалды.


Айналма тәсілді қолданғасын уақыт жақсы үнемдедім


Белсенді оқыту әдістерін енгіздім

Қортынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )

1: асықты шиіру әдісін орындауды үйрету


2: Асық ату әдісін сапалы орындап (бес табанды орындады)

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1: жоспар құрылып, мақсатқа қарай жұмыс жасалады


2: бағалау критерий (дискриптор) құрылды


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?

1: саралау тапсырмалар беріліп және соңы орындау.


2:Сыныпты 3 топқа бірігіп, айналма түрде белсенді оқу әдісін пайдаланып уқытты үнемдей алдым.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2021
1454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12