Материалдар / Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

КМҚК «Дәншік» балабақшасы







Баяндама



Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»







Дайындаған: Маут Риза

















Самар ауылы. 2015 оқу жылы



Ерте кезде, жазу –сызу болмаған уақытта адамдар өз ойларын тасқа,сүйекке,ағашқа ойып қашап түсіріп отырған.Ол оюлар белгілі бір ұғымды білдірген.Келе-келе ою-өрнектерді алашаға,текеметке,сандық беттеріне салып әшекей ретінде қолданған. Аңыз әңгімелерге сүйене отырсақ, «Оюхан мен Жоюхан» атты ертегіде ханның баласының өлімін осы өрнектермен жеткізген. Яғни, оюдың ерте заманнан келе жатқан рөлі ерекше болған. Осы ертегіде ханға бірнеше өрнектер апарады,хан ою-өрнектерге қарап отырып: «-Балам орман,судан өткен екенғой,биік-биік таулардан да асыпты,толқыны биік теңізден де өтіпті.Жолда аң құсқа кезігіп,аңшылықпен де айналысыпты.Тоқта ,тоқта мына өрнек не дейді.Балам о дүниеге аттанған екенғой» - деп аһ ұрыпты. Мінеки, қазақтың тылсым табиғатымен бірге қанымызға сіңген,ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған,сыры бөлек,сиқырлы күшке ие болған ою-өрнектерге жекелей тоқталып,аздаған мағлұматтар беріп өтейік.

Ою дегеніміз не?

Ою-өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп,латынша орнамент деген ұғымды білдіреді.Орнамент –көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин. Мағынасы-сәндеу,әсемдеу.Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі,яғни хайуанат,жан-жануарлар және өсімдік белгілерімен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементттердің үнемі ырғақты қайталанып,симетриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атааймыз.Ою белгілі бір затты ою (тас,темір,ағаш- кесу,сүйек-тілу ,(былғары ,тері,қағаз,мата (қию) тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.Ойылған,кесілген,тілінген,қиылған оюды екінші бір затқа кірістіріп,жымдастырып жабыстыру,желімдеп,әшекейлеп,түрлендіреді.Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарында,сырмақ,көрпеше,сандық,кебеже,жүк аяқ беттерін сондай-ақ,киім кешектерді,қабырғаларды т/б безендіруге қолданылады.

Оюдың мән-мағынасы неде?

Оюдың әрбір элементінде көркем өріс пен құрлымында терең мағына ,мән жатыр.оларды қалай болса солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды,әрбір оюдың компазиясында белгілі бір мақсат,мән,мазмұн жатыр.Ертеде қазақ халқы тұтынған мүліктерін оюмен әшекейлеп отырған.Барлық бұйымдар өнерлі адамның қолынан шыққан. «Өнер – таусылмас азық,жұтылмас -байлық» дейді дана халқымыз.Ою белгілі бір заттың пішінін білдіреді.Кей өрнекті адам баласы өзін қоршаған ортадан алады.Әр оюдың өзіндік сыры бар.Олардың мәнімен мақсатына қарай ою өрнек бірнеше түрге бөлінеді.

Ою- өрнектің мағанасына қарай бөлінуін түсіндіру.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып,күні бүгінге дейін әсемдігін жоғалтпаған ,ою-өрнек мәдениетінің үлгілерін кәзіргі кездегі тұрмыс салттық бұйымдардан көре аламыз. Олар:тоқыма,былғарыдан зерлеп оюлап тігілген түрлі киімдер,сүйектен ,ағаштан қашалған мүсіндер,алтын күмісті зергерлік бұйымдар шиден тоқылған,жүннен жасалған бұйымдар т.б-қа өнер әлемінің қыр-сырын түсіну үшін олардың өздігінен талпыну талаптану әрекеті жеткіліксіз.Сондықтан балаларға тікелей басшылық етіп,бағыт-бағдар беріп үнемі көмектесіп отыру міндет.Балабақшаға арналған тәрбие бағдарламасына ұлттық ою-өрнек элементтерін молынан енгізу балалардың шығармашылық ой өрісін кеңейтіп көркемдік талғамын арттыра түседі.Ою-өрнек бүлдіршіндердің әдет-ғұрып,салт дәстүрлер мен көбірек танысып ана-тілінің байлығын жетілдіруге бірден-бір әсер етуші.Тәрбиеші мектепке дейінгі жастағы балаларды халықтың қолданбалы өнерімен таныстыруда диафильмдер мен слайдтар көрсеткен және дидактикалық ойындарды тиімді ұйымдастырған кезде бала тез қабылдайтын жеңіл түрлерін қарастыруы қерек.Балаларды қазақтың ұлттық ою-өрнегімен таныстыруда ондағы қарапайым элементтерден бастап,олардың түр-түс үйлесіміне қарай құрылым түзілетінін және мағанасына қарай ою-өрнек бірнеше топқа бөлінетінін айту жөн.

1.Ай,күн,жұлдыздарға аспан әлеміне байланысты өрнектер (айшық мүйіз,жұлдызт/б.)

2. Малға,малдың түріне,аяқ таңбаларына байланысты өрнектер (қос мүйіз,сынық мүйіз,қошқар мүйіз,ботакөз,бота мойын,тұлпар,ашатұяқ,қой ізі,түйетабан т/б)

3. Аңның түріне аяқ таңбаларына байланысты өрнектер (бөріқұлақ,итқұйрық,түлкібас,бұғы мүйіз)

4. Құрт- құмырсқа,жәндіктерге байланысты өрнектер (құмырсқа бел,тышқан із)

5. Құстарға байланысты өрнектер (құстұмсық,құс қанаты,қарға,тұяқ т/б)

6.Қару құралдарға байланысты өрнектер (найза,тарақ,балта,балдақ)

7. Геометриялық денелерге байланысты өрнектер (үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек,омыртқа,тұмарша)

Ою –өрнектің былай топталуын балалар түсіне бермейді.Оларды өрнек сырларымен ауызша айтып,түсіндіргеннен гөрі көзбен көріп,қолмен ұстатып таныстыпған жақынырақ,әрі түсініктірек болмақ.

Ою- өрнектермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері.

(Естияр,ересек топтарына)

Тәрбиелік мәні: ою өрнекті қарап көру арқылы өрнек түрлерімен таныстыру,көркемдік талғамын арттыру,ой-қиялын дамыту,өрнек ішінен қабылдаған элементтерді жеке қию дағдыларын қалыптастыру. Аңдардың,құстардың,жәндіктердің қимыл қозғалысына қарай мазмұнына қарап әңгімелету. Олар жайында өлең,тақпақтар,жұмбақ,жаңылтпаштар айтқызу,тілін дамыту,сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Ою-өрнектердің мағынасына қарай бөлінуі туралы қарапайым түсінік беру.

Іс-әрекет барысы

Балалардан өздері білетін ою-өрнек аттарын сұрау,олардың назарын (ерекше) ою-өрнекке аударып,мұқият қараулары ұсынылады,көргендері жайында айтқызып,әңгімелету; қандай ертегі естігендерін өлең,тақпақтар,жұмбақтар,жаңылтпаштар айтуға болатынын сұрайды,тәрбиеші сұлбасы (силует) бойынша шоқиып отырған түлкіні,қорқақ көжекті немесе көбелек салуға мүсіндеуге ерікті. Тәрбиеші көрсеткен ою-өрнектің қандай элементтерден тұратынын сұрау. Мысалы:

  • Малдың түріне,аяқ таңбаларына байланысты өрнектерді атау,құстарға байланысты қандай өрнектерді білесіңдер? Түстері қандай?

  • Ою-өрнекті қай жерден көруге болады? (ұлттық киімдер,тұтынатын бұйымдар т/б)

Балалардың жұмысына тәрбиеші тікелей басшылық жасап,бағыт беріп отырады.Жұмыс аяқталғанда балалардың еңбек нәтижесіне бірлесіп талдау жасап,өз іс-әрекеттерінен қанағаттану сезімдерімен жағымды көңіл-күй туындату арқылы аяқталады.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне байланысты дидактикалық ойындар

1-сәбилер тобына:

Тақырыбы «Сандықты әшекейлейміз»

Ойынның тәрбиелік мәні: әртүрлі пішіндерді ажырату және оны желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық бұйымның ерекшелігімен таныстыру.

Ойын барысы: Тәрбиеші түкті қағаздан жасалған (немесе ағаштан жасалып,алдыңғы бөлігі түкті қағазбен жапсырылған)сандықты көрсетіп сұрайды: Мынау не? Қайдан көрдіңдер? т/б. Тәрбиеші балалар жауабын толықтырып,ұлттық бұйымның ерекшелігін,маңызын қысқаша айтып өтеді де,бірлесіп сандықты әшекейлеуге кіріседі.Ол үшін қорапқа салынған түрлі-түсті геометриялы пішіндерді алып көрсетеді. (үшбұрыш,дөңгелектер) түстерін сұрайды. - Ал сандықтың беті,қақпағы қандай пішінге ұқсайды? (тік төртбұрышқа)

Балаларға пішіндерді таратып береді (пішіндердің екі жағы да түкті қағаз) Сандықтың бетінде әдемі ою-өрнек бар,бірақ кейбір бөліктері бос,сол бос орындарға біз мына пішіндерді орналастырамыз.Тәрбиеші өзі жапсырып көрсету керек.Бұдан кейін шеңберлердің түстеріне қарай таңдап,бір-біріне қарама-қарсы немесе қатарластыра шетіне ортасына орналастыруды балалардың өздері жапсырып безендіреді.Тәрбиеші басшылық жасап,нұсқау береді.Барлық балалардың тапсырманы орындауын қадағалайды,сондықтан да үлкен етіп фланеграфта ұжымдық жұмыс түрінде немесе әр балаға жеке-жеке тапсырмалар беріп,орындатуға болады.

2- сәбилер тобына:

Тақырыбы: «Біздің ыдыстарымыз» д/о.

Ойынның тәрбиелік мәні: қиылған бөліктердің көлеміне қарай ,үлкен және кішкетай тостағанды құрап жасау.Қиындыларды жинақтауда ою-өрнек түсіне және санына байланысты үйлестіріп бейнесін шығарады.Қазақ халқы тостағанның кіші көлеміндегісін «Наркөз» деп атайтынын түсіндіру.

Қажетті көрнекіліктер: арнайы қапшықтарға салынған ойыншық ыдыс-аяқтар,үлкен-кіші тостағанның қиылған және тұтас үлгісі,әр балаларға таратып беретін қиынды (тостағандар).

Ойын барысы: Әдемі әшекейлі тостағандарды көрсетіп салыстыру,көлемі жайында түсініктерін нақтылау.Қиылған тостаған бейнесін құрап шығаруға тапсырма беру. Сонымен қатар,тәрбиеші бірнеше ыдыстарды немесе суретті көрсетеді.Суреттердің ішінен тостағанды табуларын өтінеді. Тостағанның не үшін керек екенін көлемі түр-түсіне көңіл бөліп,қиындылардан тостаған құрайтындарын айтады.Қиындыларды қораптан алып,үстел үстіне қояды да,өзі фланелографқа тұтас тостағанды қыстырады.Дәл осындай тостағанданды кім құрап шығаратынын балалардың қалауы мен орындауды талап етеді.Үлкенірек,кішірек, үлкен-кіші,нешеу деген ұғымдарды түсінулеріне бағыттайды. Тақтаға шығып немесе үстел үстіне құрап көрсетеді. Ою-өрнек түстері,қайсысы үлкен,қайсысы кіші екенін талданады.Үлкен тостаған неше бөліктен, кіші «Наркөз» тостағандарды неше бөліктен тұратынын санайды.Дұрыс құралып,дайын болған ыдысты қарап,біздің ыдыстарымыз қандай тамаша мұндай ыдыстармен қымыз,айран,сүт т/б-ларды ішуге қолайлы болатынын айтып,тәрбиеші «Наркөз» шығармасын оқып береді.Ересектер мен мектепке дайындық топтарына арналған дидактикалық ойындар: Сыңарын тап,түс таңда,оюлы сырмақ,текемет өрнегі қандай?Өрнекті кілем т/б.

Ойын - бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды зеректілікпен ұйымдастыра білсе,ол балаларға ою-өрнек түрлерімен жақын танысуға толық мүмкіндік береді.

Оюларға жеке тоқталу

«ШЕҢБЕР»

ДShape1 өңгелек шеңбер – шексіздік, мәңгілік үзілмейтін өмір жолы.Өмір сүріп отырған жеріміз, күніміз,кигіз үйіміз,шаңырағымыз,бәрі шеңбер пішінді дөңгелек.Ол былай бейнеленеді.















Дүниенің төрт бұрышы

ҚShape2 азақ халқы ерте заманнан көшпенділікпен айналысқан. Оңтүстік,солтүстік,батыс,шығыс деген атауларды халқымыз «Дүниенің төрт бұрышы» деп атаған. Осы дүниенің төрт бұрышында жүріп,аман-есен болайық,амандықпен жүздесейік,аман –есен болайық деген белгін қалдырады екен.









Өмір жолы

Бұл өрнектің өзіне тән сыры бар.Осы өрнек арқылы адам өмірінің биік деңгейге көтерілуін,төмен түсуін бейнелейді.Өмір сүру бағыты түзу сызық белгісімен жүрмейтіні белгілі емес пе,сондықтан да осы өрнекте «Өмір жолы» деп ат қойыпты.Бұл өрнек көбіне оюланған заттардың жиегін әшекейлеуге қолданылады.



Тұмарша

Бұл өрнектің тұмарша болып аталуы үшбұрыш тәріздес болып келеді.Оның мәнісі – аспан,жер,су тіршіліктің көзі.Соған байланысты болуға тиіс.Тұмаршаны көбінесе «Тіл – көзден аман болсын» деп бойтұмар ретінде балалардың мойнына тағып қояды.

Shape3



Қошқар мүйіз

Бұл өрнектің атауының өзі айтып тұр.Өрнек жан-жануарға байланысты.Қазақ халқының өмірінде мал маңызды рөл атқаратындықтан халық арасында қолданатын бұйымдарда,мүйіз тектес өрнектер де кеңінен кездеседі.Бұл өрнек – өте ертеден келе жатқан оюлардың бірі.



ТҮЙЕ МОЙЫН

Бұл өрнек жануарлар әлемін білдіретін элементті ою болып табылады.Кез –келген текемет,көрпешелердің шетіне орналастыруға болады.

ТАЙ ТҰЯҚ

Бұл өрнек те жануарларға байланысты шығарылған. Кілем,текеметтерді әшекейлегенде осы тай тұяқ оюы қолданылады.Әсіресе киіз үйдің басқұрлары мен баулары осы өрнекпен әшекейленеді.



ҚҰС ТАҢДАЙ

Бұл өрнектің түрі де киіз үйдің басқұрлары мен кілем текеметтерде кездеседі.Жиек оюларына пайдалануға да болады.



ТОЛҚЫН

Теңіздерде,көлдерде кездесетін толқындарды да ою түрінде пайдаланған.Бұл өрнек алаша мен текеметтерді сәндеуде қолоданады.

Shape4





ИРЕК

Ирек - жерді,өсімдікті,суды,гүлді бейнелейтін өрнек түрі.Бұл да көптеген бұйымдарды әшекейлеуде қолданады.

Қазақ халқының өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақстанның барлық жерлерінде түгелдей өрістеді.Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын жақсарту – қазіргі заман жастарының ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами береді.

Қорыта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады.

Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қоңыр ою-өрнектерімізді, қазіргі жаһандық заманда аман сақтап, жастарымыздың бойына ұялата білу біздің басты парызымыз!









Қолданған әдебиеттер:

Ф.М.Қоңыратбай «Қазақтың ұлттық оюлары»



















КМҚК «Дәншік» балабақшасы









Баяндама



Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»







Дайындаған: Маут Риза









Самар ауылы. 2015 оқу жылы











17 Желтоқсан 2017
2199
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі