400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
БАҚ барлық жамбыл облысына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын арналған іс-шара

Биыл елімізде ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаетың 175-жылдығына орай кең көлемде ісшаралар өткізілуде. Осыған орай, республикамыздың түкпір-түкпірінде түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, ғұлама ұлы ақынның шығармашылығы насихатталуда. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысы Тараз қалалық білім беру мекемлерінде де айтулы ісшаралар бой көтерді.

Мәселен, 2020 жылғы 13 қаңтарда Тараз қаласы № 24 Гимназия Коммуналдық Мемлекеттік Білім беру Мекемесінде Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері А. Омарбекова мен И. Баймұханованың жетекшілігімен

ұлы қазақ ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Іс-шараға аталмыш гимназияның білім алушылары белсенді қатысып, қазақ және орыс тілдерінде шығармаларды орындады. Кейбір білім алушылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп айтса, ал кейбір білім алушылар ақынның мысалдарынан қойылым қойды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

5. 02. 2020 жылы Тараз қаласы №26 Абай атындағы орта мектепте «Абай –дана, Абай – дара қазақта!» атты қалалық байқау болып өтті. Байқауға қалалық мектептерден көптеген білім алушылар белсене қатысты. Аталмыш байқауда №24 гимназияның 10 сынып білім алушысы, әрі тәжік ұлтының өкілі Дадаева Ситора «Абай шығармалары суретшілер көзімен» номинациясы бойынша І-орынды иеленді.

Қорыта келгенде, Ұлы Абай: Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ! деген еді. Бар өмірлік мақсатын төрт ауыз сөзбен түйіндеген ақынның берер жемісі азайып кеткен жоқ. Қаншама ғасыр өтсе де, сарқылмайтын кенге, таусылмайтын рухани азыққа айналды. Мақсатты дұрыс қою- адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа деген талап өте күшті болуы керек.

Айнұр Амангелдиева

№ 24 мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1083
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі