400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ырым-тыйымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының бүгінгі салт-дәстүрі, ырым-тыйымдары мен мәдениетінің қалыптасуы. Біздің руханиятымызға жататын ырым-тыйымдардың қолданысы. Қазақ халқы ырымдарды ұстану арқылы түрлі қатерлердің алдын алып отырғандығы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының ырым-тыйымдары

Халқымызда ырым-тыйымнан көп нәрсе жоқ. Оған біреу сенер, біреу сенбес. Қазақ халқының бүгінгі салт-дәстүрлері, ырымдары мен мәдениеті ежелгі ата-бабаммыз өмір сүрген дәуірлерден қалыптаса бастаған. Менің ойымша, бұл ырымдар мен наным-сенімдер Көк Тәңірге, Көк Бөріге, Жерге табынудан пайда болды. « Адамның адамшылдығы - ақыл,ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,- деп Абай атамыз айтып өткендей, адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап жер қойнына тапсырылғанға дейін белгілі бір ұстанымдарды қолданып өмір сүреді. Біздің руханиятымызға жататын бұл ырым-тыйымдардың қолданысы да кең. Ырым халықпен бірге көп жылдардан бері жасап келе жатқан әдет-ғұрып болып есептеледі. Қазақ халқы ырымдарды ұстану арқылы пәле-жаладан, түрлі қатерлердің алдын алып отырғандығына дәлелдер де бар. Қалай айтсақ та, ырымдар біздің әдет-ғұрпымыздың бір бөлігі. Ырымдардың мағынасына тереңірек үңіліп қарасақ, бәрінің астарында үлкен тәрбие мен мән жатыр. Ырым – халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт-дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор. Жас ұрпақтың өзін-өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырым – ешқандай ерсілігі, оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер – белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған алда болуы мүмкін, істерге психологиялық-эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер.

Тыйым – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» - деген мақал осыған байланысты шыққан. Тыйым – жаман істеуден жиреніп, жақсылыққа елінтеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер – белгілі бір іс-әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Жалпы қазақтар кие тұтатын шаңырақ, кереге, табалдырықты мүлде аяқ асты қылуға болмайды. Сол қазақтың бір ырымы «табалдырықты керме, табалдырықта тұрма» деп жиі айтатын сөздері де бар.

Қашанда бәрін білгісі келіп тұратын мен осы жайлы атамнан сұрап көрген болатынмын. Атам маған мардымды жарытып ештеңе де айтпайтын. « Болмайды деген соң болмайды» деп қысқа қайыратын. Бір күні өтірік асығып тұрған адам секілді анаммен сөйлесіп табалдырықта тұрып тұрдым. Анам да үндемеген соң, атам «ары тұр» деп мені ысырып тастады да, анама: «дап дардай болып неге үндемейсің? Әлде саған да үйретпеген бе?-» деді. Өзіңді қадірлемесең де, келген адамды табалдырықта тұрғызып қою, жалпы табалдырықты басып тұрудың дұрыс емес екендігін ешкім үйретпеді ме?

-Табалдырыққа құт қоныстаған. Берекеңді кетіретін адам осы табалдырықтағы құттың орнын басып тұрса ше? Үйге кіретін бақты бөгеп не керек? Отбасы бағы осы есіктен кіреді. Бұдан кейін табалдырықты басқаныңды көрмейтін болайын,- деді.

Осылайша табылдырық туралы бір ырымның мағынасын түсіндім.

Тағы бір ырым, үйдің ішіне тыныштық пен бақыт кірсін десең есікті табалдырықты таза сумен сүртіп шық. Ол үйдегі жаман энергияны қуып, тыныштық әкеледі деседі. Бұл ырымды маған анам үнемі айтып отырады.

Ал сіздердің өмірлік тәжірбиелерңіз бойынша тағы қандай қызықты ырым-тыйымдар бар? Және ол ырымдар мен тыйымдардың мағынасын білесіз бе?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі