400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі менеджердің білім беру процесін басқарудағы корпоративтік мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір ұйым, ол — бір команда, ал командада басшылық пен қызметкерлердің арасында үлкен түсіністік қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазіргі менеджердің білім беру процесін басқарудағы корпоративтік мәдениеті




Команда ұғымы ағылшынның «teambuilding» - команданы құру деген мағынасынан туындаған. Команда ол – жалпы мақсаты бір, шеңбер ішіндегі топ. Өзара іс-қимыл адамдар тобы, күш-жігерлері біріктірілген, жалпы мақсатқа қол жеткізуші топ. Команда сенім мен ынтымақтастықтан тұрады. Команданың басты қағидаттары «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» болуы тиіс. Сонда ғана көздегеніңе жетесін.

Бірлескен командалық жұмыс үдерісі соңғы кездері әлемнің білім беру тәжірибесінде жиі орын ала бастады. «Ынтымақтастық», «топта және кәсіптік оқу қоғамдастықтарында жұмыс жасау» ұғымдары кеңінен таралған. Оның пайда болуының бірден бір себебі - оқу үдерісіне қойылатын талаптардың күшеюі, оған қоса мұғалімдердің топта жұмыс істеуі оқушылардың үлгеріміне оң әсерін тигізеді, оқытушыларға жүктеме азаяды, мектептің тиімділігі артады. Онымен қоса топта оқытатын мұғалімдер ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын болады.

Командада жұмыс істер кезіңде міндетті түрде бір жұдырықтай үйлесімді түрде жұмыс атқарылады, себебі олардың мақсаттары бір, істейтін істері ортақ, ойлары да бір жерден тоғысады. Идеялар ортаға салынып, сараланып, атқару кезінде барлық істер бірігіп жасалады, мұндайда жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындап, істелген ісіне жауапты бола отырып, өзгелерге де көмек қолын созу керек.

Командада бөтен жоқ, бәріміз біріміз үшін жұмыс істелуі қажет. Жеке мүдде қаралмайды, тек жалпыға бірдей бір мақсат, сол мақсатқа жету жолында еңбек ету керек. Бір ұйым, ол — бір команда, ал командада басшылық пен қызметкерлердің арасында үлкен түсіністік қажет.

«Ұйымның атмосферасы немесе климаты оның мәдениеті деп аталады. Мәдениет ұйымның көпшіл дәстүрлерін, мінезін көрсетеді» (М.Х.Мэскон)

Э.Шейн (E. Schein) бойынша ұйымдастырушылық мәдениет үлгісі: Корпоративтік мәдениет (ұйымдастырушылық мәдениет) негізіне ұйым мүшелерімен қабылданатын идеялар, көзқарастар, негіз қалаушы құндылықтар жатқызылады.

Барри Феган бойынша корпоративтік мәдениет — бұл топпен бөлінетін идеялар, мүдделер мен құндылықтар.

Корпоративтік мәдениет – бұл мектеп қызметкерлерінің бәріне жалпы әрекеттер нормалары мен құндылықтардың қосындысы, бірлігі. Тура нұсқаулардың болмауынан корпоративтік мәдениет адамдардың әрекеттері мен өзара әрекеттерінің тәсілдерін анықтап, жұмыстың орындалуына көбірек ықпал етеді.

Корпоративтік мәдениет: «Біз өзімізді қалай ұстаймыз?» деген сұраққа жауап береді. Ол мына бағытта жүргізіледі:

  • ұйымдардың бiрегейлiктiгiн ұсынады;

  • ұйым туралы түсiнiк береді;

  • жаңа келгендерге ұйым жағдайын түсiндiруге көмектеседі;

  • педагогтар қауымының шығармашылық жұмысын белгiлейді;

  • педагогтардың кәсіби өсуін қадағалайды.

Корпоративтік мәдениеттің қалыптасу қағидалары:

• реттеу

• талқылау

• түсіндіру

• мадақтау

Ұйымдардағы топтың басқарудағы мәдениетінің принциптерін сараптаудағы ауқымды жұмыстарға мыналарды жатқызуға болады:

Г.Г. Зайцев “Управление персоналом” (“Ұжымды басқару”),

М.Х. Мескон “Основы менеджмента” (“Менеджменттің негізі”),

В.А.Спивак “Организационное поведение и управление персоналом” (“Ұжымды басқарудағы жүріс-тұрыстың ұйымдастырылуы”). 

Корпоративтік басқарудың негізгі принциптері:



Корпоративтік мәдениет дамуындағы қазіргі заманғы әдіс-тәсілдері


  • Тимбилдинг - команда құру (ортақ спорт шаралары, квест (ойнай отырып, ойлау), корпоратив);

  • Персоналды оқыту: психологиялық, әдістемелік тренингтер, коучингтер, брейн-шторминг (миға шабуыл)

  • Материалдық емес мотивация: грамота, құрмет тақтасы, белсенділікті марапаттау, церемониялар

  • Корпоративтік “ішкі бұқаралық ақпарат құралдары”: радио, құттықтау газеттері, арнайы бұрыштар

  • Мектепішілік жобалар (экологиялық, безендіру –дизайн, шаруашылық, мәдени)

  • Мектепішілік рәсімдер: ұжымға қабылдау, зейнетке шығарып салу, имидж жасау т.б)

  • Коворкинг – бірлескен жұмыс жасау үшін құрылған ішкі орта



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі