400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер мен жаңашыл бағыттар қарастырылады. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының ұлттық болмыс, елдік рух, тарихи жады және отаншылдық тақырыптарды бейнелеудегі ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар көрнекті қазақ ақындарының шығармалары негізінде эпикалық дәстүрдің жаңғыруы, поэтикалық тәсілдердің дамуы және қазіргі қазақ өлеңінің көркемдік әлеуеті сараланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг
университеті
Ғылыми мақала
Тақырыбы: Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер
Орындаған: Қилыбаева Іңкар
Топ: ҚТӘ 22-3
Тексерген: Қабылов Әділет




Ақтау 2025
Орындаған : Сағынбаева Гауһар
Топ : Физ-22


Page 2

Ғылыми мақала

Тақырыбы: «Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер»

Аңдатпа: Мақалада қазіргі қазақ поэзиясының ел тарихын жырлау үдерісіндегі
эпикалық дәстүр үлгісін шығармашылықпен дамыту бағыттары ӛзіндік түр, поэтикалық
тың тәсілдер тұрғысында сараланған.
Тәуелсіздік кезең әдебиетінің мейлінше сергек, заманның кӛкейкесті күйлерін
тарихи сабақтастықта зерделеудің тың кӛркемдік әдісін ашып отырған поэзиялық
туындылары қазақтың кӛрнекті ақындары Жарасқан Әбдіраш, Нұрлан Оразалин, Иранбек
Оразбай, Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов т.б. шығармашылығы
негізінде кӛркемдік талқыға түскен. Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы ұлт-азаттық күрес,
елдік, ерлік рух, қазақ мемлекеттігінің қалыптасып, даму тарихындағы тұлға тағылымын
жырлау үрдісін жеке шығармашылықтағы отаншылдық мұраттар, шеберлік тәсілдер,
суреткерлік қолтаңба ауқымында зерделей отырып, мақала авторлары қазіргі қазақ
ӛлеңінің кӛркемдік поэтикалық әлеуетін аша түседі.

Түйін сөз: эпикалық дәстүр, поэма, стиль, тұлға тағылымы, бостандық күрес тарихы,
тарихи жады, елдік рух, кӛркемдік тәсілдер.

Ұлттық сӛз ӛнеріміздің байырғы бай мазмұны жаңа уақыттың болмыс-бітім, беталыс
бағдарымен маңыздана түсті, әр қосып түлептүрленді. Қилы тарихи себептермен шынайы
ӛнерге тұсау болған қондырма мазмұн, қолдан жасалған кейіпкерлер, қолпаштау
ұстанымы, әсірелей жазу, қисынсыз тартыс құру, тақырыпқа теліну сынды құбылыстар
шығармашылық ӛрістен біртіндеп ысырыла бастады. Адам тұлғасы кӛркемдік кеңістікке
тіршілік құндағындағы бітім-болмысымен батыл енуге еркіндік алды. Қаламгерлер
шығармашылық азаттыққа шықты. Қазақ сӛз ӛнерінің даму тарихындағы тәуелсіздік кезең
әдебиеті атты жаңа шығармашылық уақытта қазақ поэзиясы жаңашылдықпен дәстүр
байытқан, дара поэтикалық туындылармен ӛріс кеңітті. Мәтінді ұлттық тұғырлармен
әсерлеу; ежелгі жыр-толғаулардағы түпнегіз, дәстүрлі поэтикалық нысандарды жаңа
дәуірдің мазмұнына ұтымды сіңіріп ұқсату; баяндау үрдісіне эпикалық үлгі мен
лирикалық нақыштар үйлесімінің жатық орнығуы, т.б. суреткерлік бағыттары жаңа
кӛркемдік дәуір поэзиясына әсер құйды, қуат қосты.
Қазақ поэзиясының алдыңғы буын ӛкілдері де, кейінгі толқыны да заманалар
ақиқатын, ұлт тағдырына құбылыс (Ж. Бӛдеш) болып енген, ғасырларды кӛктей ӛтіп аман
жеткен Бостандықтың бас айналдырар бақытын, ендігі уақыттың жаңа бағытын, азамат
ердің баласы кӛтерер замана жүгін ӛлеңге дарытуға асықты. Неден де болсын сескенбей,
қалпын түзей бастаған халқының ежелгі ғұмыр ғұрпын, ұлтжанды рухын Тәуелсіздік
тарихымен тоғыстыра, жарыса жырлады. Ақындар арғы замандарды, аруақты бабалар
тағылымын, бодандықтың азапты сапарларын, бүгінгі уақыттың болмысын оның әлі
жазылып бітпеген жүрек жарақаттарымен, жан қуантқан тарихи әсерлерімен тұтас сезінді.
Қазақ ӛлеңінің мейлінше дәстүр байытқан, жаңашыл ӛрістер ашқан ӛнімді кезеңі де осы
жылдар болды. Тәуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясы ұлттық болмыстың түп
қайнарларын сезінудегі кӛркемдік тапқырлығымен, сыршыл саздарымен, әлеуметтік
ӛткірлігімен ерекшеленеді. Ӛткен дәуірлердің поэтикалық шежіресін жасау салтқа еніп,
қазіргі заманның тарихи жырлары жазыла бастады. Қазақтың кӛрнекті ақыны Жарасқан
Әбірашұлы елдік мұрат күрескерлері – ХХ ғасыр басындағы Алаш азаматтарының рухына
бағыштаған тағзым жырлардан тұратын кӛркемдік құрылымы бӛлек «Құлпытас» кітабын
жазды [1,  15].
Ақын абырой жүгі, ар тазалығы, кісілік мінез, қымбат адамдар, ӛмір ағыстары
туралы толғанды. Артық туған жандардың дара мінез болмыстарын аялады. Жарасқан
қазақ поэзиясын таза поэтикалық бітімдегі текті, рухты жырларымен байытты. ҚР


Page 3

Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдәулетұлының отаншылдық, елдік
мұраттармен суарылған сыршыл да намысты ӛлеңдер жинағы – «Киіз кітап» қазақ
лирикасының қазіргі заманғы кӛркемдік әлуетін кӛтере түскен рухани олжа есебінде
бағаланды. «Мынау кітап тартып отырған талай тауқыметіміздің басын шолса да, кеудеңе
үміт гүлін егіп, жігеріңе жігер қосатын, тәуекелге мінгізіп, тәубеңе келтіретін парасатты
жырларға толы» (Ә.Кекілбаев) [2, 21].
Жайық үшін жан бергендер,
Еділ үшін егесіп.
Қиғаш үшін қырылғандар –
Қазір бір-бір төбешік...
Басын иіп өтуі керек
Уақыт өзі бұл жерден
Тағзым етіп тұруы керек келген қоғам төресіп.
Ұ. Есдәулетұлының «Киіз кітабындағы» «Күршім. Жаралы Барақ батыр». «Қобда.
Исатай батыр қабірі». «Ұлытау. Құрбандық. Қобыз үні». «Қарой. Махамбет». «Алматы.
Желтоқсан» толғамдарынан түзілген «Қара шаңырақ. Иманнұр» топтамасы ата мекенді
ардақты тұлғаларымен аялайды. Ақындық «Меннің» алғаусыз рас болмысынан қайнап
шығып жататын, бейнелі тілмен жасанған ӛлеңнің кӛркемдік кернеуі поэзияның бәсін
кӛтере түседі.
Қара Қобда қан сасыды,
Көбік шашып қан ақты.
Қан кірпігін әрең ашып,
Қанды көзбен таң атты.
Қапияда қырғын тапқан қобыландар жанарын
Қарға шұқып, Қорқаулар мен қара шыбын талапты.
Аса шынайы, жаны жұмсақ, кішіпейіл ӛлеңдерімен әдеби кеңістікке ерте, еркін
кірген Ұлықбек ақын Тәуелсіздік жылдары ӛлеңін ӛткірлік дарыған, әлеуметшілдігі айқын
тың бағыттармен байытты. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлының
жүздеген жылдарға кеткен Азаттық жорығын, Бостандықтың арман-арпалыспен қолға
түскен бағалы, кәделі жолын дәстүрлі эпикалық баяндау, аңыздау, тарихи жырлар
үлгісінде толғаған дастандары Тәуелсіздік кезең поэзиясының кӛркемдік даму
бағыттарында ӛзіндік мәнге ие болды. «Осы Тәуелсіздік идеясы тоғыз дастанға ортақ желі
тартқан бұл жинақ – «Тоғыз тараудан» тұратын «Тәуелсіздік дастан» атты эпикалық
роман ретінде әсер қалдырады» (С.  Қирабаев) [3, 44].
Біздің уақытымыздың рухы тұнған «Бәйтерек» поэмасында ақын Астана туралы
толғанады. Астана – тәуелсіздік құрбандарына мәңгілік ескерткіш. Астананың күн санап
бой түзеп, қазіргі заманғы сәулетті шаһарға айналып келе жатуы – тұтас елдіктің тұғыры.
Жөңкілген Бостандықтың көші қандай,
Сарқылған құрдым қайта тасығандай!
Көзінен келгендердің қымсынады,
Жыртығын жүдеу қала жасырғандай.
Бұл – 1997 жыл. Ақын болашаққа болжам айтады. Сол болжам ертегідегідей
шындыққа айналды.
Уақа емес, жалт қаратып дүниені,
Астана шыттай жаңа киінеді.
Қазақтың көсемінің алдына кеп,
Тәкаппар талай бастар иіледі!
Ата тарихты ілгерідегі бабалар дәстүрі машығында ӛлеңмен ашып, шежіре, шешен
сӛзге ұйыта баяндауды жаңғырту бағытын мығым ұстанған ақынның «Бас сүйектер»,
«Тӛлегетай», «Жалаңтӛс», «Сардар», «Бердіқожа», «Ақмола шайқасы», «Желтоқсан –
Мұқағали», «Ерлік пен тектілік», «Ту», «Тоғыз тарау», «Ерліктің ескерткіші», т.б.
поэмаларындағы эпикалық екпін, есілген сӛз оралымдарының поэтикалық салмағы


Page 4

құнарлы мазмұнға кӛркемдік маңыз қосты. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали
Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы Тәуелсіздік тұғырлары бағытындағы эпикалық
толғамның озық үлгілерінің бірі [4, 57].
Ежелгі дәуірлерден бергі ӛзекті күйді – халық пен билік баянын Есенғали ақын жаңа
уақыттың ең жауапты құбылысы мәнінде ақындық үрдіске батыл енгізді. Діни ұстаным,
дүниетаным бағытында да Алланың пәрмені, ұзақ адасуда жүрген адам баласының
шектеулі тағдырын үздік кӛркемдеу тәсілдерінде тәпсірлеген Есенғали Раушанов әлем
әдебиетіндегі шығарма бітімін Ұлы Мәнмен нәрлендірудің ежелгі озық арқауын қазақы
пайымға қайта сіңіру бағытындағы қапысыз суреткерлік әлуетін байқатты. Поэмада
кӛркем әдіптелген тұспал, астарлаудың озық үлгілері ұдайы назарға ілініп отырады.
Адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан кӛне де жасаң поэзияның аспан асты, жер
үстін ұйытқан сырлы сазы құлақтан кетпей, дауалы күйімен әлдилейді. Е. Раушановтың
дүниенің ұлы қисындарын сезіндіру машығы ақындық алқапты еркін шарлау рахатын
сыйлайды. Әр сӛз, әр тармақ, әр шумақта тұнған шыншылдықтың сәулесімен нәрленген
поэтикалық мән ұлан-асыр кӛркемдік әсерге бӛлейді. Ежелгі эпостың оралымды, ой
жетегін үзбей есіліп жататын жатық баяндау үлгісі шығармашылық ұтымдылықпен
дамытылған поэмада кейіпкерлер ой текетіресі, әрекет, аталы сӛз ауқымында авторлық,
азаматтық ұстаныммен астаса дараланып, тұлғаланады. Шығарма құрылымындағы
дәстүрге жүйрік, жаңашыл тәсілдерге де икемді дара сипатты ақындық қолтаңба назар
аударады. Ақын ұлттық тӛлтума ӛнер айтыс ӛлеңнің қатты айтуға, ащы ай туға, бетке
айтуға жол беретін жанрлық мүмкіндігін ұтымды қолданған. Айтыстың бұқарашыл заңы
шамданбауды, кектенбеуді міндеттейді. Елдік салт, тұғырлы мемлекеттіліктің мәңгілік
негіздері тұрғысында ой қозғаған шығармада автор аңыздық арқауды шындыққа
сіңістірудің ӛзгеше бір үлгісін жасайды. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар, Күлтегін, Жігіт-
қаған, ақын қыз Ғайша, мәңгілік ергежейлі жырлардың авторы Мәстекбай, Жылан-ханша,
жыландар, заман, қоғам бейнесі тұлғаланған дастанның құрылым, тіл, образ ашудағы,
табиғатты түйсіндірудегі шебер ӛрімі, автордың ой азаттығы, кӛркемдеу кеңістігіндегі
шығармашылық еркіндік үйлесімі қазіргі қазақ поэзиясының озық бағыттарын
поэтикалық әлуетін танытады. Осы кезеңдегі поэма жанрының тақырып аясы, эпикалық
құлаш-қарымы Жәркен Бӛдештің «Аңырақай бекетіндегі ой», «Генерал Жохар Дудаев»,
«Исатайдың баласы», «Жалғыз», «Бостандықтың басы», «Қарауыл тӛбе», т.б.
поэмаларында ӛзіндік кӛркемдік алымда кӛрініс беріп отырды. «Жолаушы» поэмасында
күнкӛріс қамымен шетке кеткен, толған соң Елді ұмытқан ұлдың айтқанға кӛнбес құлқын
иіткен күй құдіреті, ұлттық рух қуаты жайлы айтылады. Асқар Егеубайдың түркі
әдебиетін зерттеу бағытында нақтылы тарихи деректер қозғау салған «Шу батыр», «Мыс
шаһар», «Қала салған қазақтар» егіздастаны сынды туындылары эпикалық жанрдың
кӛркемдік ӛрісін кеңіте түсті. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Нұрлан
Оразалиннің халықтық, ұлттық мұраттар, биік адамгершілік ұстанымдар арқау болған
сыншыл философиялық толғамдары тәуелсіздік дәуіріндегі поэзияның даму, қалыптасу
бағыттарындағы жеке шығармашылық тұлға әлуетін айқындай түскен сыршыл лириканың
озық үлгілері есебінде танылып, бағаланды [5, 112].
Қазақ поэзиясы сӛз айшықтаудың небір қайталанбас үлгілерімен молықты. Ақ қар
мен кӛк мұз құрсанған қыс, желмая жел, сылдыр бұлақ, жаңбырлы күздің суланған сары
жапырағы тілге келіп, сыр ашты. Тәуелсіздік жылдар поэзиясында ана тілдің бейнелеу
мүмкіндіктері ашыла түсті. Дала суреті, тау аңғары, судың түсі, бұлақ күлкісі, бұта
сыбдыры, Тәуелсіздіктің саумал дәмі, кәрі тарихтың мәңгілікте қалған таңбалары,
адамның ақ пейіл, алаң кӛңілі, шаттығы мен шарттылықтармен шарпысуы, «күн түспейтін
қырлары да сәулелендіретін» сӛздің құштар нысанына айналды. Тіршілік иірімдерін
ақындар тосын метафоралармен тұспалдады, керемет кейіптеулер жасады. Тәуелсіздік
жылдардағы қазақ поэзиясының айтулы ӛкілдерінің шығармашылық бағыттары туралы
зерттеу еңбектер жарық кӛрді. Қазақ поэзиясының аға буын ӛкілдері мен жас ақындардың
таңдамалы томдарын, жеке жинақтарын шығару үрдісі жалғасуда. Бүгінгі Уақыттың


Page 5

ӛзекті күйлерін, ӛткен тарихтың тағылымын, келешектің баянды бағыттарын ұлттық сана,
ұлттық болмыс, ұлттық мұраттар, ұлттық мүдделер, жалпыадамзаттық игіліктер
ауқымында толғап отырған ӛміршең поэзия – халқымыздың сарқылмайтын рухани қуаты.






































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Әбдіраш Ж. Құлыптас. – Алматы: Арда, 2007.
2. Есдәулет Ұ. Киіз кітап. – Астана: Фолиант, 2012.
3. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы: «Жібек жолы» БҮ,
2011.
4. Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан. – Алматы: Жазушы, 2011.
5. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті (2001-2011 жж.). – Алматы: Арда, 2011.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қыркүйек
44
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі