ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН ОРНЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН ОРНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН ОРНЫ туралы айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Халиоллиева Алтынгул Салауатовна

Ағылшын тілі пәні оқытушысы

Астана қ. Гуманитарлық колледжі

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН ОРНЫ

Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.

Жастар –жас адамдардың әлеуметтік жағдайы, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы олардың орны мен атқаратын іс-әрекеті,ерекше қызығушылықтары мен құндылықтарының жас мөлшерімен анықталатын әлеуметтік-демографиялық топ.

Қоғамның стратаегиялық ресурсы болып табылатын жастар,қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызыметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қодау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек.

Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен және қайшылықтармен қатар жүреді,олар ең алдымен мамандақ таңдауда жастар оның еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделділігімен абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыган байланысты оқу орнын бітірген жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа орналаспайды,бұл жастар арасындағы жұмыссыздық деңдейінің артуына әкеледі. Нәтижесінде жастардың очы бөлігінің біліміне салынған қаражат өзін-өзі ақтамайды.

Қазіргі қоғамдағы жастар рөлі, жас буынның әлеуметтік қызметтері,оның саяси позицясы мен көзқарасы,білімі мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдағы үрдістегі жастар рөлі,оның қызметінің рөлі,құндылықтары,дүниетанымы,қызығушылығы,қажеттіліктері мен психалогиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты,қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипаты мен шарттастырылған. Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне,біздің ойымызша,жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты.

Бұл өз негізінде жастардың еңбек ресурсын,жастардың еңбек нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздық, көшіп-қонуы,табиғи өсуі сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік,эканомикалық,демографиялық,саяси және басқа проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет екенін көрсетеді. Жастардың рөлін әлеуметтік-эканомикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізделеді.

Біріншіден,жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды.

Екіншіден,бұл аса маңызды,олар-елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты.

Бүгінде жастар көбінесе қоғамның саяси,эканомикалық және әлеуметтік құрылымен анықтайды. Сонымен бірге бұл дүние жүзіндегі еңбек нарығында,әсіресе Қазақстанда қатты осал топтардың бірі болып табылыды.

18-24 жас аралығындағы жастар,бұл-студенттер немесе кәсіптік дайындықты аяқтаған жастар. Олар еңбек нарығына кіріп жатқан,жеткілікті кәсіптік және әлеуметтік тәжірибесі жоқ, сонымен қоса төмен бәсекелестік мүмкіндігі бар осал топ болып табылады.

25-29 жастағы жастар,негізінен кәсіптік таңдау жасайды,қандайда бір өмірілік және кәсіптік тәжірибесі бар топқа жатады. Олар не қажет ететінін біледі,көбінесе өзінің жанұясы бар және ұсынылатын жұмысқа үлкен талаптар қояды.

«Жастарды еңбекпен қамтуға Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасында ерекше көңіл бөлінеді. Бағдарламаның шамамен 60 пайыз қатысушылары- бұл жастар. Жастар саясатын дамытудың жаңа тұжырымдамасы алдымызға белгілі тапсырмалар қояды, олар келешекте орындалатын болады.

Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында құқықтық нормалар мен қатынастардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты мұнда еңбек нарығының нормативтік-құқықтық базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институционалдық факторлар олар үшін, бір жағынан мемлекет немесе аймақ деңгейіне арнайы мақсатты бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан, түрлі жәрдемақылар,степендиялар,гранттар және т.б төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі заңнамалық актілер шеңберінде жұмыспен қамту қорлары құрылатын жастардың еңбек ресурстарымен тығыз байланысты.

Мемлекет жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-эканомикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде еңбек ресурстарын басқаруға тырысуда. Сондықтан,заманауи еңбек нарығын, оның ішінде жастарды қалыптастыру саяси факторлардың әсеріне де байланысты.
Барлық ТМД мемлекеттерінің арасында шетел жұмыс күшін жалдау туралы келісімдерге қол қойылған. Сондықтан интеграция үрдісінің факторлары және басқа елдердегі жастардың кәсіби қызметі жастардың еңбек нарығын қалыптастырудың негізгі саяси факторы болып табылады. Негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі жастарды жұмыспен тиімді қамтамасыз ету механизмі мен оның жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Оның тиімді жұмыс істеуінекелесідей шараларды орындағанда және сақтағанда қол жеткізілуі мүмкін; 


  • Жастардың еңбек нарығы проблемаларының аймақтық ерекшеліктерін шешудегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін кушейту 


  • Мемлекеттік бюджет құралдары мен әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар есебінен жастар жұмыссыздығының жоғары деңнейі бар аймақтарда әлеуметтік және эканомикалық бағдарламаларды басымдылықпен қаржыландыруды жүзеге асыру 


  • Индустриялық аудандарда сонымен бірге шағын және орташа қалаларда, моноэканомикалық құрылымды кенттерде жастардың жаппай жұмыссыз болуының жағымсыз салдарын барынша азайту 


  • Жас қызметкерлердің жаппай жұмыстан шығарылуының алдын алу,жастар үшін эканомикалық мақсатқа сай бар жұмыс орындарын 
    сақтап қалу және жаңаларын ашу, жаңа прогрессивті өндіріс үшін жас мамандарды қайта даярлаудың озық тәжірибесін жүзеге асыру 


  • Жастарың дәрменсіз ұйымдардағы еңбек құқығын қорғауды,жұмысынан айырылған кезінде жастарға тиімді қолдауды қамтамасыз ету 


  • Әлеуметтік қорғау және біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым жасай отырып, ірі жастар құрылыстарын ұйымдастырылу. 

Еңбек нарығын реттеу жүйесін жүргізіліп жатқан жұмыспен қамту саясаты аясында жүзеге асыру керек. Жастардың еңбек нарығы туралы айтқанда,мемлекет жастарды оның жоғарғы емес кәсіптік бәсекелестік қабілеті мен кәсібилігіне барынша қолдау көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда, осы қолдау өзінің ықпалы бойынша еңбек нарығы өз бетімен реттеу механизмі көрсететін деңгейден төмен болмауы тиіс. Жастардың еңбек нарығына қатысты мемлекет жүргізіп отырган саясат мемлекеттік және аймақтық жастар бағдарламалары аясында әр түрлі заңнамалық актілерді іске асыру арқылы жүзеге асырады. Бұл құжаттарды жүзеге асырудың негізгі мақсаты жастардың заманауи еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал ететін тетіктер әрекетінде жастардың түрлі проблемаларын шешу болып табылады. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 

2. https://massaget.kz/blogs/25026



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2024
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі