ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманда студенттік кезең – адамның тұлғалық дамуы мен әлеуметтік бейімделуінің шешуші кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл кезеңде студенттер оқу процесінің қарқынына, әлеуметтік ортаның өзгеруіне, материалдық және эмоционалдық қиындықтарға жиі ұшырайды. Осы факторлардың барлығы психологиялық шиеленіс пен стресс деңгейін арттырып, стресске төзімділік деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Әлеуметтік жағдай – студенттің өмір сүру сапасына, психологиялық әл-ауқатына және оқу мотивациясына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Қаржылық тұрақсыздық, отбасынан алшақ тұру, жұмысты оқумен қатар алып жүру сияқты әлеуметтік факторлар студенттің эмоционалды тепе-теңдігін бұзып, бейімделу процесін қиындатады. Мұндай жағдайда тұлғаның стресске төзімділігі оның өмірлік қиындықтарды жеңу қабілетінің, психологиялық тұрақтылығының және эмоционалдық икемділігінің көрсеткіші ретінде көрінеді.Зерттеулер көрсеткендей, стресске төзімділік – бұл адамның жағымсыз факторларға жауап беру ж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бектилла Д.Н., Болтаева А.М.

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ


ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Қазіргі заманда студенттік кезең – адамның тұлғалық дамуы мен әлеуметтік бейімделуінің шешуші кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл кезеңде студенттер оқу процесінің қарқынына, әлеуметтік ортаның өзгеруіне, материалдық және эмоционалдық қиындықтарға жиі ұшырайды. Осы факторлардың барлығы психологиялық шиеленіс пен стресс деңгейін арттырып, стресске төзімділік деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Әлеуметтік жағдай – студенттің өмір сүру сапасына, психологиялық әл-ауқатына және оқу мотивациясына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Қаржылық тұрақсыздық, отбасынан алшақ тұру, жұмысты оқумен қатар алып жүру сияқты әлеуметтік факторлар студенттің эмоционалды тепе-теңдігін бұзып, бейімделу процесін қиындатады. Мұндай жағдайда тұлғаның стресске төзімділігі оның өмірлік қиындықтарды жеңу қабілетінің, психологиялық тұрақтылығының және эмоционалдық икемділігінің көрсеткіші ретінде көрінеді.Зерттеулер көрсеткендей, стресске төзімділік – бұл адамның жағымсыз факторларға жауап беру және өзін-өзі реттеу механизмдерінің жиынтығы. Ол тұлғаның ішкі ресурстарына, өзіндік тиімділік сезіміне және әлеуметтік қолдау жүйесіне тәуелді.

Сондықтан, қазіргі студенттердің әлеуметтік жағдайына байланысты стресске төзімділік деңгейінің ерекшеліктерін анықтау – жастардың психологиялық саулығын сақтау, оқу тиімділігін арттыру және әлеуметтік бейімделуін жеңілдету үшін маңызды ғылыми және практикалық мәселе болып табылады. Бұл зерттеу нәтижелері білім беру жүйесінде психологиялық профилактика мен қолдау бағдарламаларын құруға негіз бола алады.

СТРЕСС – ағылшын сөзі, қаз. шамадан тыс зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестің физиологиялық негізі – американдық физиолог У.Кенонның (1871-1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні – ішкі ағза қызметінің бір калыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г.Сельенің ағзаның сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемділігін қорғануы жөніндегі зерттеуі. Мұндай тітіркендіргіштердің ағзаға әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік-эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез- қылығына да күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады,ол бейберекет қимыл-қозғалыстар жасайды.

Адамның психикалық үрдістері – қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң, қызба болады. Мұндай жағымсыз көріністер дистресс деп аталады. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қожыратып, оған теріс ықпал етеді. Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет. Стресс (ағыл. stress күш) – кез келген күшті әсерден адамда пайда болатын психофизиологиялық күй. Стресс ұғымын 1936 ж. канадалық физиолог Г. Селье енгізді. Ол эустресс – қалыпты және дистресс – патологиялық стресс деп бөлді. Патологиялық стресс ауру симптомдарында көрінеді.[1]

Селье стресті тіршілік әрекетінің ажырамайтын атрибуты деп санады. Адамның сезім мүшелеріне тітіркендіргіштердің жеткілікті саны әсер етпесе, ол функциясын толық атқара алмайды. Егер бала кезден бастап адамның миына сенсорлық, эмоциялық және әлеуметтік тітіркендіргіштердің белгілі бір саны әсер етпесе, психикалық процестер үйлесімді дами алмайды және жеке адамның әлеуметтенуі болмайды. Әсіресе, бұл толық психикалық депривация мысалында айқын көрінеді. Қарқындылығы жоғары немесе шамадан тыс мөлшерде пайда болатын тітіркендіргіштер дистресс туғызуы мүмкін. Бұдан психика өзгеріске ұшырап, кейде адам өліп кететін жағдайлар болады. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қалжыратып, оған теріс ықпал етеді. Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет.[2]

Лазарус стресс ұғымын адамның қоршаған ортаның талаптары мен жеке мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан туындайтын айқын психологиялық қолайсыздық деп сипаттайды. Зерттеушінің пікірінше, стресс жағдайын анықтайтын негізгі фактор – адамның өз жағдайына субъективті бағасы. Яғни, адам белгілі бір оқиғаны өз мүмкіндіктерінен асып түсетін, қауіпті немесе күрделі деп қабылдаса ғана ол жағдайды стресс ретінде сезінеді. Осыған сәйкес, Лазарус «coping» ұғымын адамның психологиялық стрессті еңсеру процесіндегі мінез-құлықтық әрекеттер жиынтығы ретінде қарастырады Coping (стресспен күресу) процесінің динамикасы адамның стресс тудыратын факторды когнитивтік тұрғыдан бағалауына, туындаған жағдайдың ерекшелігіне және стресс факторының өзімен тікелей бетпе-бет келу кезеңіне байланысты болады.Өз еңбектерінде Р. Лазарус пен С. Фолькман coping мінез-құлқының екі негізгі стилін ажыратады:

1. Мәселе-бағдарлы coping – стресс жағдайын шешуге бағытталған, адамның когнитивтік бағалауына тәуелді мінез-құлық түрі;

2. Эмоция-бағдарлы coping – адам жағдайды өзгерту мүмкін емес деп бағалаған кезде басым болады және бұл жағдайда тек «болған оқиғаны интерпретациялау тәсілін өзгерту» қажет болады.[3, 57-58б]

Бұл зерттеушілердің пікірінше, барлық жағдайларда когнитивтік бағалау, қайта бағалау, стресспен күресу және эмоциялық өңдеу секілді сатылардан тұратын «даму үстіндегі динамикалық процесс» жүреді. Когнитивтік бағалау бастапқы және қайталама деңгейлерге бөлінеді.Бастапқы когнитивтік бағалау «Мен осы жағдайдан қандай да бір пайда табам ба, әлде жағымсыз немесе қиын жағдайға тап болам ба?» деген сұраққа жауап береді.Қайталама когнитивтік бағалау «Осы жағдайда мен қандай да бір әрекет жасай алам ба?» деген сұраққа жауап іздейді.

Бастапқы когнитивтік бағалаудың үш түрі бар:

  1. Бейтарап – стрессорды маңызсыз фактор ретінде қабылдау;

  2. Стрестік – жағдайды қауіп, зиян немесе сынақ ретінде қабылдау;

  3. Позитивті – стрессормен өзара әрекет аздап жағымды бағаланып, жағдайды өзгерту мүмкін болмаған кезде оны қабылдау тәсілін өзгертуді көздейтін эмоция-бағдарлы coping-ке жатады.

Бастапқы когнитивтік бағалау адамның түрлі факторлармен қақтығысу сипатын субъективті тұрғыда бағалайды, ал қайталама когнитивтік бағалау coping стратегиясын таңдау мен ықтимал нәтижені болжауға мүмкіндік береді.Р. Лазарус пен С. Фолькманның зерттеулеріне сүйенсек, стрессордың ықтимал деңгейін адам өз ресурстарымен салыстырады. Бұл процесс адамның нақты жағдайдың өзіне емес, оған деген субъективті, яғни эмоционалдық және бағалауыш қатынасына негізделеді.[3, 55б]

Ж.Е. Абдыхалыкованың пікірінше, студенттің кәсіби дамуы мен тұлғалық қалыптасуы үздіксіз жүретін динамикалық үдеріс болып табылады. Бұл үдеріс студенттің өзін-өзі жетілдіруі, кәсіби құзыреттілігін арттыруы және оқу барысында кездесетін қиындықтарды еңсеру қабілеті арқылы жүзеге асады. Ғалымның айтуынша, академиялық қолдау жүйесі студенттің оқу белсенділігін арттыруға, кәсіби бағдарын айқындауға және өмірлік мақсаттарын нақтылауға мүмкіндік береді.[4]

Сонымен қатар, студенттің өзін-өзі реттеу, өзін-өзі дамыту, проблемалық жағдаяттарды шешу дағдылары оның кәсіби және тұлғалық жетілуінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Академиялық ортада мұндай қолдау көрсету студенттердің стресске төзімділігін арттыруға, эмоциялық тұрақтылығын сақтауға және бейімделу қабілетін дамытуға ықпал етеді.




Әдебиеттер тізімі

  1. Жарықбаев Қ., Сангилбаев О. «Психология». – Алматы: Қазақ университеті,2019. – 505-506б

  2. Lazarus R.S. Psychological stress and the coping process. – New York: McGraw-Hill, 1966

  3. Трубников В.П. Құндылық-мәндік аспектілерге сабырлылық (coping) әрекеттің стильдерінің әсері және жеке тұлғаның сабырлылығы - Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 55-58 бб.

  4. Абдыхалыкова Ж.Е. – “Студенттерге академиялық қолдау көрсетудің теориясы мен технологиясы”. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2018.- 72б.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі