Материалдар / «Қазіргі заманда әкенің отбасындағы ролі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазіргі заманда әкенің отбасындағы ролі»

Материал туралы қысқаша түсінік
 Аталған тақырып өзекті мәселені көтереді, өйткені соңғы кезде әкенің отбасындағы рөлі отбасын тек материалдық жағын қамтумен шектеліп қалды. Ұлттық болмысымызда әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2022
337
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


79 негізгі мектеп









Коучинг

Тақырыбы: «Қазіргі заманда әкенің отбасындағы ролі»








Өткізген: К.Асанова

А.Ермашова

бастауыш сынып мұғалімдері








2021-22 оқу жылы


Коучинг жоспары

  • Тақырыбы және әдістемелік негіздемесі:

Коучинг тақырыбы «Қазіргі заманда әкенің отбасындағы ролі».

  • Аталған тақырып өзекті мәселені көтереді, өйткені соңғы кезде әкенің отбасындағы рөлі отбасын тек материалдық жағын қамтумен шектеліп қалды. Ұлттық болмысымызда әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі. Оқу жылының нақ ортасында коучингті жоспарлау және өткізу бір жағынан көп қиындық туғызады, екінші жағынан әкелерге ой салып тәрбиеге деген көзқарасын өзгертеді.

Мақсаты: әкелердің тәрбие барысында өз ролінің қаншалықты екенін түсінуіне ықпал ету.

Міндеттері:

- мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде ата-ананың ролі туралы пікір алмасу;

- оқушы мен әкенің көзқарас ерекшеліктерін айқындау;

- себептердің түйінің табу, дәләлдеу.

Күтілетін нәтиже:

- әкелерді бала тәрбиесіндегі ролі төмендегені ойландырады.

  • Коучинг әке, мұғалім мен оқушыға қандайда кездесетін проблеманың түйінін шешуге көмектеседі.

  • Толық аудитория

  • Коучинг барысында пайдаланған әдістер мен тәсілдер:Танысу тренингі «Көршіңді таныстыр», топпен жұмыс, ой қозғау, бейнематериал көру, постер жасау, сергіту сәті,рефлексия мен бағалау: «Екі жұлдыз-бір тілек», «Ойлаудың 6 қалпағы», «Шаңырақ, отбасы, мектеп, ұстаз» байланысы

  • Құралдар мен дидактикалық материалдар: бейнематериалдар,түрлі-түсті қағаздар, А4 формат , флипчартар, музыка, проектор, стикерлер, фломастерлар мен маркерлер.







Тақырыбы: Қазіргі заманда әкенің отбасындағы ролі

Коучинг мазмұны:

Жұмыс кезеңдері

Коуч әрекеті.

Әкелердің

қызметі

Ресурстар

Кіріспе бөлімі:

Тренинг арқылы коучинг үдерісіне тарту, топқа бөлу арқылы бір-бірін білмейтін, танымайтын адамдарды коллаборативті ортаға тарту.

1.Танысу: «Көршіңді таныстыр» әкелерге ақ парақшалар таратамын.

Фонға «Әкешім» әнін А.Дәрібаеваның орындауында жайымен жіберіп қоямын.


Топқа бөлу ( түрлі- түсті ленталарды тандату) шаңырақ ұғымымен байланыстыру


1- топ. Ынтымақ


2- топ. Татулық




2. Топқа бөлу-

«Сап түзеу» арқылы әкелердің жылдарына қарай топтастырып, 3 топқа отырғызамын.

3 «Отбасындағы әкелердің рөлі» сауалнамасының қорытындысымен таныстыру

4.Креативті үдеріс

Ол неге ? Себебі неде? Қандай түйін жасауға болады?


Әкелер парақшаны екі бүктеп есімін жазады,өзінің отбасындағы әрекетіне қарай символмен суреттейді.отбасы мүшелерін жазады.

Көршілері барынша ол мәліметті таныстырады.


Қолпаштау

Қатысушылар 5топқа бөлінеді


Тыңдайды.





Қатысушылар топ топпен, бір-бірлеп ойларын ортаға салады


Парақшалар, маркерлер, түрлі-түсті бояулар

Видеоролик











Фонда Т.Мухамеджановтың «Детство» композициясы жаймен жіберіліп тұрады

Негізгі кезең:

Бейне материал қөру арқылы ой бөлісіп мәселені жан-жақсы талқылап, көзқарастарын постер арқылы баяндайдау


ІІ.«Әке, бір сағат уақытыңызды сатып алайыншы!»

Креативті үдеріс-топтарға тапсырма:

1.Әкені жақтау, дәлелдеу

2. Әкенің бала тәрбиесіндегі кемшіліктері.

3.Оны қалай жоюға болады – шешу жолдары

4. «Кеңестік кезеңдегі әкенің моделі» құрастыру

5. Қазіргі кезеңдегі әкенің моделі.

Сергіту сәті

«Әке арманы» әуенін караоке арқылы қосылып орындайды.

«Галереяны аралау»

топтық шығармашылық жұмыс- постер жасау


Әкелер көреді. Алғашқы сезімдерін байқау



Топтар тапсырманы орындайды, постер жасайды













Постерлерді қорғау,

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

арқылы бағалау

(видеоролик)

You tobe

флипчартар,

постерлер, тақта, фломастерлер, маркерлер

проектор





Фонда Т.Мухамеджановтың «Юность» композициясы жаймен жіберіліп тұрады.





Жұлдыздар.

стикерлер

Қорытынды кезең. Рефлексия: Топтар мен әр қатысушының әкелердін бала тәрбиесіндегі ролінің түйінің табуы, дәлелдеуі ойландырады.

сараптау мен кері байланыс арқылы пікірлер мен тілектері және келесі коучинг тақырыбы айқындалады.



ІІІ. «6 қалпақ» әдістемесі.

Қызыл қалпақ – Түйсік . Менің түйсіктік реакциям қандай?

Менің түйсігім маған не дейді. Өз ойларыңды жазыңыз.

Сары қалпақ - Позитив Жағымды тұстары қандай болды?

Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? Оң тармақтарын жазыңыз

Қара қалпақ - Жағымсыз Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?

Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.



Жасыл қалпақ - Креатив Менде қандай идеялар бар?

Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын? Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.

Көк қалпақ - шолу Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ?

Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.

Ақ қалпақ – Фактілер. Менде қандай ақпарат бар?

Маған қандай ақпарат алу қажет? Білетіңізді ғана жазыңыз.

ІҮ. Кері байланыс.

  1. Топ: әкенің

  2. Топ: ананың

  3. Топ: баланың

  4. Топ: үйдің

  5. Топ: мектептің

2. Рефлексия. «Танысу» парақшасының екінші бетіне ұсыныс қалдыру, пікір жазу




Сараптау –топтар бір-бірін бағалайды. Анализдеу-пікірлерін айқындайды




















































суреттерін қағаздан ояды.

Бір-біріне жалғайды.






Қалпақтар. Түстерге байланысты түсіндірмелер жазылған парақшалар.






















































Түрлі-түсті қағаздар, желім.







Коучинг өткізу қорытындысы бойынша рефлексия:

Коучинг мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұсынысы бойынша өткізілді. Бұл шараның ұйымдастырудың өзектілігі:

Мектеп үшін:

  1. Кейінгі кезде әкелер көбінесе жиналыстарға бармайды, сабақтарына қатыспайды, бала тәрбиесіне қатысын тек материалдық қолдаумен шектейді.

  2. алдын-ала жүргізілген сауалнамалар қорытындысы бойынша «әкенің отбасындағы рөлінің» төмен көрсеткіш көрсетулері;

Бұдан әрі, коучинг жоспарын құруды басшылыққа алдым. Ең алдымен әкелерді топтарға бөлуді жоспарлаудың әдістерін саралай отырып, қатысушы әкелерді жылдарына сәйкес яғни «Сап түзеу» әдісі арқылы бөлемін деп шештім.Топқа бөлудің бұл әдісінің ерекшелігі, өздері шамалас әкелер бір-бірімен ортақ пікірлесіп, ойларын ашық, еркін білдіре алады.Сондықтан ортақ тақырыпта ой қозғау сәтті болары сөзсіз еді. Бұдан соң ақ қағазды бүктеп өз есімдерімен, отбасында өзінің орнын білдіретін символды суреттеп, отбасының мүшелерінің есімдерін жазу тапсырылды. Бұл тапсырмада әкелердің «асқар тауға», «бәйтерекке», теңейтіндері басымырақ болды. Бұдан отбасылардың әлеуметтік жағдайларын білуге мүмкіндік алдым. Бұрын тек өз сыныбымдағы отбасылар туралы білсем, енді бүкіл мектеп жағдайындағы мәліметтермен таныстым. Әкелермен танысу «Көршіңді таныстыр» әдістемесі арқылы жүзеге асырылды.


Осы мәселелерді шешуге ықпал ету мақсатында ең алдымен әкелерге ой салатын түрлі бейне жазбаларды зерделеу мақсатында интернет желісінен материалдар іздестірдім және осы мәселені шешуде «Әке, бір сағат уақытыңызды сатып алайыншы!» видеоролигін көрстіп, топтарға тапсырмалар беремін деп ұйғардым. Видеоролик көрсетер алдында «Тан брейк» ұйымдастырылды. Видеороликті тамашалау кезінде (донер мен тан құйып үлестірілді) ұйымдастыру мен үшін уақытымды тиімді пайдалануға көмектесті.

«Әке, бір сағат уақытыңды сатып алайыншы!» видеосын көрсету өте сәтті, ұтымды болды, өйткені күнделікті өмірден алынған оқиғада әкенің жұмысты сылтауратып баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, баланың өміріндегі қиындықтарды жеңуге тек анасының міндеті деген бір жақты пікірдің болуы, баланың тамақ ішуге беретін тиын-тебенін әкесінің 1 сағатын сатып алу үшін жинауы қатысқан әкелерді қатты толғандырып, ой қозғады. Бұны әкелердің өз топтарына берілген тапсырмалардан айқынырақ көруге болады. Бұл тапсырмаларды қаншалықты орындалғанын бағдарлау мақсатында «Галереяны аралау» әдісін қолдандым. Бұл әдісте барлық топтар бір мезетте галереяға келушілерге өз туындысын топтың бір мүшесі түсіндіріп жатты. Бұдан мен уақытты ұттым. Өйткені, әрбір топ кезектесіп қорғайтын болса, әр топқа жекек-жеке 5 минут кеткенде барлық топ үшін 25 минут уақыт кеткен болар еді.

Осы кезде әкелерге караокемен «Әке арманы» әнін бірге орындап, әрі постерлерді бағалау үшін «екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазу тапсырылды.Ән аяқталысымен ұсыныстарын оқып таныстырып, жұлдыздарды қалаған жұмыстарына жапсырмалады.

Коучингтегі тақырыптың негіздемесін анықтау мақсатымен «Ойлаудың 6 қалпағы» әдістемесі арқылы әкелердің пікірлері тыңдалып, ой елегінен тағы бір өткізіп, қорытынды шешімге келдік.


«Шаңырақ, отбасы, бала,ұстаз және мектеп» бейнелерін әртүрлі қағаздардан ою арқылы, бір-біріне жапсырмаладық. Мұндағы мақсат: осы аталғандардың арасындағы тығыз байланыс ажырамасын, үнемі мектеппен ынтымақтастыққа бірігіп жұмыстанайық- дегенді білдіру еді.

Коучинг барысынан алынған кері байланыста, әкелер:«Отбасындағы баланың тәрбиесіне әкенің ықпалы керек екендігіне көз жеткіздім.Мектеппен тығыз байланыста болу керектігін түсіндім.Мектепке деген көзқарастарымды өзгерттім; Қазіргі кездегі білім саласындағы өзгерістер туралы білдім.Бала тәрбиесіндегі кейбір пікірлерінің қате екенін түсіндім»- деген пікірлерінен білдірді.

Шараның өту барысын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың «Аяқталмаған сөйлем..» әдістемесінің қорытындысымен жалғастырса. Мектеп директоры коучингтің өту барысына қорытындысын жасап, өз пікірін білдіріп, ұйымдастырушыларға деген ризашылығын білдірді.Сонымен қатар тәрбие саласының мамандары мен қатысқан ұстаздар үшін де әсері мол болды. Тек қатысып қана қоймай, әкелер алдында пікірлерін білдіре отырып, өздеріне әкелермен жұмыс мазмұны мен әдіс-тәсілдерін үйренгендерін «кері байланыс» парағында келтірген.

Пайдаланған әдебиеттер және интернет ресурстар тізімі:

«Отбасындағы әкелердің рөлі» сауалнамасы

«Аяқталмаған сөйлем...» әдістемесі.

«Әке, бір сағат уақытыңызды сатып алайыншы»You tobe

(Социальный видеоролик) | ВКонтакте vk.comvideo200826890_170837753;

«Әке туралы әндер» Н.Өнербаев, Е.Айдар, А.Дәрібаева, Қ.Нұртас, Т.Мұхамеджановтың композициялары (Детство, Нежность, Юность)

sabaqtar.kz 1035- bala-trb….сайты материалдары

Коучинг жұмысын талдау

Коучинг өткізу не берді?

Мектеп үшін

Әкелерге

Әріптестерге

Өзім үшін

  • Мектеппен әке арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік алды;

  • Кейбір отбасындағы проблемалардың шешілуіне бағыт-бағдар беруге көмек ұйымдастырды.

  • Отбасындағы баланың тәрбиесіне әкенің ықпалы керек екендігіне көз жеткізді.

  • Мектеппен тығыз байланыста болу керектігін түсінді.

  • Мектепке деген көзқарастары өзгерді;

  • қазіргі кездегі білім саласындағы өзгерістер туралы білді.

  • 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!