Қазіргі заманда функционалдық сауаттылықты дамытудың маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі заманда функционалдық сауаттылықты дамытудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалдық сауаттылықтың маңызы. Қаржылай сауаттылық пен креативті ойлау. Шығармашылық ойлауды қалайша дамытуға болады?
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сексенбаева А.М., Биахметова М.К.

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан, Семей қ.

Т. 87071206877

«Әлеуметтік жобаларды жоспарлау мен өткізу арқылы оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты арттыру»

Қазіргі уақытта күннен күнге білім жүйесі өзгеру үстінде. Оған себеп халықаралық білім жүйесінің негіздеріне сәйкес өзгертіліп, бағытталуы. Халықаралық білім беру талаптарына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығы басты орынға қойылған. Бәсекеге сай, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу үшін, бірінші кезекте функционалды сауаттылығын дамыту өте маңызды.

Функционалдық қабілеттердің жоғары дәрежеде дамуын адамның қоғамдық істерге белсене араласып, өзін өзі дамытуы мен мақсат қоя білуі, бойындағы потенциалын барынша ашуы деп білеміз. Яғни, біздің қоғамға функционалды сауатты, нәтижелерге жете алатын, әлеуметтік жағынан белсенді, жауапты азамат қажет.

Функционалды сауаттылық – бір ғана пәнді емес, барлық пәндерді қамтитындықтан әр түрлі сипатқа ие.

Олай болса, функционалдық сауаттылықтың аздығын неден байқай аламыз? Егер адам, қоршаған ортадағы құбылыстардың мәнін түсінбесе, жұмысын ауыстырған уақытта, жаңа технологияларды игере алмаса, жаңа сызбалар мен ақпаратты түсінбесе, ұялы телефон мен банкоматтарды пайдалана алмаған жағдайда білуге болады. Бұл үшін адамның жай ғана оқуы жеткіліксіз, ол оқыған мәтінді түсініп, сызбалардағы нұсқаулықты түсіне алуы қажет, сонымен қатар оны пайдалана алу, іске жарату сауаттылығын айтамыз.

Яғни, функционалды сауатты адам

  • өз әрекеттерін басқара алатын, басқалармен оңай әрекеттесе алатын, қоғам құңдылықтарына сәйкес әрекет ететін тұлға

  • шешім қабылдау барысында өзіне сенімді, өздігінен әрекет ететін

  • өз шешімі үшін жауап бере алатын

  • өзі үшін және жақындарының әрекеттеріне жауап бере алатын, қамқор бола алатын

  • оқу, үйрену дағдылары қалыптасқан, үнемі ізденісте болатын

  • әр түрлі құзырлыққа ие, өз пәні бойынша және жалпы көптеген білім салалары бойынша сауатты

  • кез келген шиеленіскен жағдайлардан шешім таба алатын, шешім шығарудан қашпайтын

  • кез келген жаңа ортаға тез сіңіп, өзін еркін ұстап, сол ортаға әсер ете алу қабілеті бар

  • жазба және ауыз тілдерін жоғары дәрежеде меңгерген, адамдармен әрекеттесіп, өз дегенің дәлелдей алатын

  • заманауи ақпарат құралдарын меңгерген тұлғаны айтамыз

Оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықтың дамуына келесі факторлар әсер етеді:

  1. білім беру бағдарламаларының құрылымы

  2. оқу әдістері мен нысандары

  3. оқушыларды бағалау әдістері

  4. қосымша білім беру мен мектептен тыс іс-шаралар, үйірмелер

  5. мектепті басқару моделі

  6. білім беру ортасының қауіпсіз болуы, әрі кез-келген тың идеяларды қабылдап, кез келген оқушыға тең көзқараста қарау, құрметтеу

  7. ата-аналардың оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде белсенді болуы

Функционалды сауаттылықтың көптеген түрлері кездеседі, түрлі салаларға байланысты, жіктейміз

Оқу сауаттылығы

Математикалық сауаттылық

Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық

Жаһандық құзыреттілік

Қаржылық сауаттылық пен креативті ойлау

Осының ішінде біз тәрбие жұмысымен тікелей айналысатындықтан, оқушылардың бойында креативті ойлау мен шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуды көздедік. Осы орайда креативті ойлау дағдыларын дамыту үшін бірнеше тапсырмалар берген болатынбыз. Бірінші кезекте, әлеуметтік акция өткізу идеясы келді. Әлеуметтік жоба координаторлары арасынан осы жобаға қатысқысы келетін адамдар бөлініп, арнайы чат құрды.

Ең бірінші кезекте, жаңа ұжымдасқан топ мүшелері мектеп кітапханасынан «Кради, как художник» атты кітапты алып оқыды. Екінші кезекте, акцияның жоспарын құру, атын қойып, логотип жасау болды. Бұл акция оқушылардың шешімі бойынша, ақпан айын өз өзіне қамқорлық айы деп атады. Мектептегі барлық адамдар үшін жағымды, позитивті орта құруды мақсат еткен, кішігірім қауымдастық қалыптасты. Олар өздерін және осы айды MOLIO деп атап, инста парақшасын ашты.

Өз ойларынан әр түрлі хабарламалар жазды, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытты, хабарландыруды дұрыс жазу үшін, көптеген үлгілермен танысты. Сонымен қатар, Canva бағдарламасында логотиптер құрастырып, үздігін таңдады. Бұл ретте біз оқушылардың бойында креативті ойлау дағдыларын байқай аламыз, оқушылар өздігінен түрлі креативті тапсырмалар құрастыра алады, мәтіндер жаза алады, сонымен қатар әлеуметтік желілер мен ұялы телефон мүмкіндіктерін еркін меңгерген. Яғни, бұл топта жұмыс істеген оқушылардың функционалдық сауаттылығы жақсы дамыған.

Креативті ойлау қабілеті бар адамдар қай кезде болмасын өте бағалы.Жапонияда мысалы, Кайдзен әдісін қолданып, кез келген үрдісті оңай әрі жеңіл орындауға тырысады. Креативті ойлай білетін адам, кез келген жағдайларда шешім таба алады, еш жерде жоқ жаңа идеялар құрастырып, оларды орындайды. Сабақ барысында «Ойлаудың алты шляпасы» әдістемелерін қолдана аламыз. Осы шаралар аяқталысымен, оқушылардан кері байланыс алынатын болады, ал әзірге креативті ойлауды анықтау бойынша Торренс тестін оқушыларға ұсындық. Торренс тесті көмегімен креативті ойлаудың оқушыларда қаншалықты дамығанын көре аламыз.

Тест нәтижесі бойынша оқушылар 60-65 балл жинап, креативті ойлаулары жоғары дәрежеде дамығаны байқалды. Тестіні орындауға бес минут уақыт берілді. Әрине, бұл жұмыстар осымен тоқтап қалмайды. Оқушылардың бойында функционалдық сауаттылық пен икемді дағдыларды дамыту тәрбие жұмысындағы жылдық жоспарына сәйкес жүргізіле бермек. Олай болса,ең басты мақсатымыз бәсекеге қабылетті, өзіне сенімді тұлғаны тәрбиелеу екенін естен шығармағанымыз жөн.



План мероприятии на февраль марафона «МОЛИО» организованного координаторами по социальным проектам школы

Цели проекта: Обьявить месяц февраль месяцем любви к себе, провести ряд мероприятии для поднятия общего настроения учащихся, а также поднять уровень мотивации у учащихся, подарить приятные эмоции, провести пропаганду стресса и эмоционального выгорания

Задачи проекта: открыть уголок антистресса, оформить фотозону и стенды для пожелании

Оформление стендов Арт терапия совместно с арт клубом

Запустить челлендж «Роза с пожеланием»

Проведение позитивного четверга

Раздача витаминов с пожеланиями

Снять рилсы

Стенды с пожеланиями

Уголок с мягкими игрушками и антистресс попитами










Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.«Как развить креативность? 31 способов для работы мозга» И.М. Намаконов, «Альпина Диджитал» 2019

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2023
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі