жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ермукашева Н.С. География магистрі, Семей қаласы, №7 ЖОББМ-лицейдің география пәні мұғалімі.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Заман талабына сай қазірігі білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей,сауатты маман болу мүмкін емес. Ақпараттық технологияларды бірге отырып немесе алыстан оқыту үшін де қолдануға болады. Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың көмегімен химия пәнінің өткізуіндегі ерекшелігі ұшан теңіз.
Жоғары сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру
формалары мен əдістерінің мазмұнын жетілдіру,
білім беру саласындағы қазіргі əлем дамуының негізгі
ерекшелігінен туындап отыр. Қазір біздің балалар электрондық
мəдениет əлемінде өмір сүруде, сондықтан бұл ақпараттық
мəдениетте мұғалімнің рөлі де өзгереді. Демек, қазіргі заманғы
педагогқа балалармен бір тілде қарым-қатынас жасау үшін жаңа
білім беру технологиялары мен əдістемелерін меңгеру
қажет.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)
қазіргі заманда адам өмірімен тығыз байланыста, ал ақпараттық
сауаттылық, оның білім деңгейін анықтайды, сондықтан
мектепте ақпараттық мəдениетті дамыту қажет, өйткені ол –
білім берудің негізін құрайды. Жоғары сынып оқушысы өз
бетінше шешім қабылдай алатын, белсенді əрекет жасай білетін,
ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан, өзгермелі өмір
жағдайларына епті бейімделуге тиіс болу
керек.
АКТ-ны қолдану сабақтары – инновациялық іс-əрекеттің
ең басты нəтижелерінің бірі. Мектепте ақпараттық
технологияларды пайдалану, оқытудың нəтижелілігін арттыруға
ғана емес, сонымен қатар педагогтың уақыты мен күшін тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл тақырыптың өзектілігін
көрсетеді.
Ақпараттық технология –ЭЕМ –нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішіндегі ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология “ адамдық факторға” үлкен көңіл бөледі және оның шеңберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.
Бұл талаптарды автор В.К.Буряк өз еңбектерінде
көрсетті,
оның пікірінше, өзіндік жұмыс көлемін жоспарлау кезінде
оқушылардың жұмыс қарқынын ескеру қажет. Сондықтан
сабақта уақытты үнемдеу жəне жұмысты жақсы ұйымдастыру
үшін автор мұғалімге, алдын ала өзі, оқушыларға беретін өзіндік
тапсырмаларды орындауды ұсынады. Сонда мұғалімнің бір
тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын 3 есе көбейту қажет,
осынша минут оқушыларға тапсырманы орындауға беріледі.
Тапсырманы орындау барысында мұғалім қандай элементтерді
оқушылар тез орындайды, ал қандай қиындау болатынын түсіне
алады.
Е.Л.Белкин АКТ-ны қолдана отырып, өз бетінше жұмыс
істеуге арналған тапсырмалардың кейбір мысалдарын
келтіреді:
– əр түрлі онлайн тестілерді пайдалану;
– сыныпта экранға шығаратын нұсқаулар немесе жоспарлар;
– сандық, сапалық, танымдық тапсырмалар – онлайн бағдарламаларды немесе компьютерлік тренажерлерді пайдалану кезінде білім алудың жаңа тəсілдерін іздеу, жаңабілімді іздеу;
– жаттығу тапсырмалары – онлайн-бағдарламаларды жəне компьютерлік тренажерлерді пайдалану кезінде білім алу тəсілдерін бекіту, білімді бекіту.
Бүгінгі күні мұғалім кез-келген мектеп пəні бойынша
АКТ-ны пайдалана отырып, сабақ дайындап, өткізе білуі тиіс, ол
мұғалім мен оқушының уақытын үнемдейді, оқушыға өз
қарқынында жұмыс істеуге, ал мұғалімге – оқушымен жеке
жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік
береді
Қазіргі уақытта көптеген мектептерде оқушылардың оқу
материалымен дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға
қатысты ақпараттық технологияларды пайдаланудың келесі
нұсқасы неғұрлым кең тараған болып табылады: оқушыларға əртүрлі
дербестік дəрежесімен жобаларды əзірлеу, берілген
тақырыптар бойынша баяндамалар, презентациялар дайындау
ұсынылады. Жобаларды ұйымдастыру жəне өткізу кезінде
əдістемелік жəне ұйымдастыру материалдарын
дайындау,
жұмыс нəтижелерін рəсімдеу
үшін ақпараттық технологиялар
белсенді қолданылады (мысалы, Microsoft PowerPoint, Microsoft
Word, Microsoft Excel, Microsoft
Publicher).
Ақпараттық технология сабақ барысын
қызықты,
қатысушылардың
танымдық қабілетін дамытады және шығармашылық
күшін
қалыптастырады. Алға
қойылған мақсаттардың шешімін мультимедиялық сабақтарда табуға
болады. Анимациялық дыбыстық және динамикалық эффект арқасында оқу
материалы жеңіл есте сақталады, дәстүрлі сабақта үйрене алмайтын
білімді оңай меңгеруге мүмкіндік
береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналан мемлекеттік бағдарламасы.
-
Веденина Т.И. Дифференциация обучения, как важный фактор развития познавательных интересов школьников. http://festival.1september.ru.
-
Галанов А.Б. Реализация метода проектов средствами компьютерных телекоммуникаций в системе профильного обучения www.eidos.ru
-
Имакаев В.Р. Образование и ось времени // Философия образования и реформа современной школы. – Пермь 2002.
-
Инновации общеобразовательной школе. Методы обучения. Сборник научных трудов /Под. Ред. А.В. Хуторского. - М.: ГНУ ИСМО РАО, 2006.
-
Матвеева И. А.. Реализация компетентностного подхода посредством технологии метода проектов. http://festival.1september.ru.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген