Қазіргі заманғы мұғалім бойында болуға тиіс кәсіби қабілеттер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі заманғы мұғалім бойында болуға тиіс кәсіби қабілеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы мұғалім бойында болуға тиіс кәсіби қабілеттер туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім бойындағы кәсіби қабілеттер тізбегі.


Адильбекова Замира Жаңабекқызы

Тараз қ.
№69 келешек мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Мұғалімде болуға керек деген сапаларға оның дауысы, сыртқы келбеті, қарым-қатынасы, дене күші, жақсы талғам, оқушыны өзіне тарта білуі, ойдың ұщқырлығы, көңілдің көтеріңкі болуы шарт болып табылады.

Педагогикалық керек емес деген сапаларға физикалық жетіспеушілікті де кіргізе аламыз. Мысалы, жүйке ауруларымен ауру, сыртқы келбетінің кемістігі, сөзінің кемістігі, есту қабілеті нашарлар, көрмейтін, саңыраулар, жүрек-тамыр ауруларымен ауыратындар педагогтық қызметке жарамсыз деп есептелінеді. Мұғалімге керек емес сапалар тобына: принципсіздік, ымырашылдық, қызбалық, аффектік, қызуқандылық, ұйымдастырушылдық білім таяздығы, өзін-өзі ұстай алмау т.б. критерийлермен ерекшеленеді. Осы сапалар тізбегі студенттің немесе педагогикалық оқу орнына түсетін абитуриенттің мұғалімдікке жарамсыз екендігін көрсетеді. Студенттерді педагогикалық қызметке бейімділігін анықтау әдістерінің біріне – педагогикалық бақылау, анкета алу, рейтинг жүргізу, педагогикалық консилиум, жазба жұмыстарына анализ жүргізу және т.б. жатады. Студенттердің педагогикалық қызметке деген ынта-жігерін, қызығушылығын, бейімділігін анықтап алғаннан кейін оған әрі қарай қандай жұмыстар, әдіс-тәсілдер, оқыту формаларының тиімді жолдарын қолдау керектігін анықтап алуға болады.

Педагогикалық қызметке, яғни ұстаздық қызметке студенттерді баулуда, олардың тұлғалық қасиеттерін анықтап отырып, кәсіптік таңдаулардың дұрыстығына, немесе дұрыс еместігін көз жеткізуге болады. Педагогикалық қызметке дайындау жұмысы студенттердің мұғалімдік қызметке терең үңіліп қарауға, оның еңбегінің қыр сырын терең зерттеп меңгеруге, оның өзіндік ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеу процесінің педагогикалық жақтарын анықтап алуға, мұғалімдіктің эмоциялылығын, болашағын, қоғамдық прогресс кезінде бұл мамандықты меңгерудің актуальдылығын, жауапкершілігін, қоғам алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі екендігін түсінуіне мүмкіндік береді. Мұғалімдік жұмысқа дайындауда тек студенттердің оқу-тәрбие процесімен қатар, оларды қоғамдық-педагогикалық жұмысқа араластыру жақсы нәтиже берген болар еді.

Педагогикалық қызметке дайындаудың мазмұны мен формалары.

Студенттердің педагогикалық қызығушылығын ояту, бейімділігін, қабілеттілігін арттыру, шығармашылыққа баулу, ғылыми жұмысқа қалыптастыру ең бірінші сабақта және сабақтан тыс уақытта қалыптасады. Мектеп – оқушы тұлғасының қалыптасуы мен әлеуметтенуінің, кәсіптік бағдар алуының ең бірінші баспалдағы. Студенттерде күнделікті өздерінің оқытушыларына, тәрбиешілерінің іс-әрекетіне, жұмысына бақылау жүргізе отырып, жалпы мұғалімдік қызметтің ерекшеліктері, қыр сыры туралы түсініктері қалыптасады.

Студенттердің педагогикалық қызметке дайындығын, кәсіптік қызығушылығын дамытуда педагогикалық практиканың және семинарлар, лабораториялық сабақтар, пәндік кештер, жеке пән әдістемелерінің ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі сабақтан тыс оқу формалары өз септігін тигізеді.

Студенттерді әлеуметтендіруде, тұлғалық ерекшеліктерін, сапалы қалыптастыруда, педагогикалық кәсіпті студент өз бойында дамыту үшін, олар кез-келген педагогикалық құбылысты, мәселені өздеріне сеніп тапсырып, сол жұмысты орындағы деген ынтасын байқауға болады. Бұл жерде студенттердің кәсіптік бағдары болады. Бұл жерде студенттердің кәсіптік бағдары, тұлғалық сапалары, теориялық білімін практикамен байланыстыруы, ішкі жан дүниесінің педагогикалық-психологиялықө дайындығының деңгейін көруге болады.

Сабақта педагогикалық қызметке баулу. Кәсіптік педагогикалық бағдар беру жұмысының маңызды факторы – оқу процесі, яғни барлық оқу пәндері болып табылады. Өйткені, студенттердің білімге, нақты бір ғылымға, кәсіптік бағдар алуына, кәсіптік нақтылануына, кәсіптік қызығуына сабақ бірден бір себеп болмақ. Әрбір оқытушы өз пәнін студенттерге жетік, нақты, мазмұнды, бас ынтасымен беру арқылы өзінің тыңдаушы болашақ педагог шәкірттерін педагогикалық ммандыққа баулуға өз үлесін қоса алады.

Студенттерді оқу процесінде кәсіптік дайындау мәселесі білім мазмұнымен, формалары, әдістері, тәсілдерін сабақтың оқу танымдылық іс-әрекетінде пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Шебер-педагог өз кәсібінің беделін оның қоғамдық-саяси белсенділігімен, жоғары адамгершілігімен, өз пәнін жетік меңгере алуымен, оны өз шәкірттеріне түсіндіре алуымен, оқушылармен ұдайы жақсы қарым-қатынас түзе білу қабілетімен, шығармашылығымен байланысты деп түсіндірер еді.

Студенттердің кәсіптік қызығушылығын білуде олардың танымдық деңгейлерімен байланыстылығын көрсетті. Студенттерді кәсіптік мамандығына, яғни мұғалімдік мамандыққа баулуды әрбір оқытушы өз пәнінің бағдарламасына, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығына қарай, жеке өзінің тәжірибесіне сүйене отырып ұйымдастыра алады. [ ]/22б/

Оқытудың қазіргі заман талабына сай мақсаты - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни қызмет субъектісін тәрбиелеп шығару. Мұндай мақсат білім мазмұнының құрылымына, оны іріктеп алудың дәстүрлі талаптарына сәйкес өзгерістер енгізуді талап етеді.

Республика мектептерінде білім мазмұны өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиіс.

Болашақ қоғамның азаматы:

  • дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын, белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін;

  • жаңа хабарларды өздігінен қабылдап, бағалай білуге, тез шешімін табуға қабілеттілікті;

  • кез-келген нақты жағдайларды өз бетінше талдай білуге т.б. меңгеруге міндетті.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – мемлекеттің әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын жоғары білімді, әрі бәсекеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі қолданылып жүрген білім үлгісіндегі этикаға, моральға және дүниенің жаратылыстану – ғылыми көріністеріндегі адамгершілікке мүлдем көңіл бөлінбеген.

Мән-мағыналық міндеттерді қазіргі дүниені танып-білуден, оны мақсатты түрде түлетуге барғанда білім берудің мүлде өзгеше мақсаттары қажет болады.

Жаңа инновациялық білім жүйесі адамға дүние (және оның заңдары) туралы білім, бұл дүниені түлету методологиясын да беруге міндетті. Инновациялық білім жүйесінің концепциясы синтезделген модельдерге сүйенуі тиіс. Инновациялық ілім жүйесі білімді гуманизациялау пробемаларын шешуді талап етеді.

Жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары мыналар:

  1. Адамның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту.

  2. Құрылғыны жобалаудан іс-әрекетті жобалауға өту.

  3. Оқушының бойында шешімдердің көп өлшемділігіне, басқаша ойлауға, төзімділікке және өзінің іс-әрекеттері үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген көзқарасты қалыптастыру.

  4. Пәнаралық байланысты дамыту.

  5. Оқытудың интеллектуалдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Солардың бірі – педагогикалық үрдісті ғылыми негізде ұйымдастыру.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық даму адам өмірінің, қызметінің барлық саласын қамтиды, ал ғылым саласындағы теориялық, практикалық және технологиялық өзгерістердің жалпы стратегиясы ғылымның тұрақты өзегі ретінде дүниенің ғылыми бейнесін білдіреді.

Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастырады, білімді еңбекпен, ғылыммен ұштастырып, іс-әрекеттің саналылығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылады, әсер етеді.

Қазіргі заманғы білім саласында, білім беру үрдісінде көптеген философиялық бағыттар, ағымдар, мектептер бар. Ғылыми-зерттеу туралы олардың барлығының негізіне сипаттама беру мүмкін емес. Біз тек қана ғылыми зерттеудің тұжырымдамасынан айқын көрінетін бірнеше философиялық негіздердің кейбіріне ғана тоқталамыз. Олар: материализм және идеализм, диалектика және метофизика, сцентизм және табиғи сәйкестік, гуманизм және антигуманизм, антропософия және теософия, прагматизм және экстенциализм.

Диалектикалық-материалистік - бағыт кеңестік дәуірде білім берудің өзегі болып табылғандықтан, одан басқа бағыт туралы айту мүмкін болмаған. Диалектикалық материализистік бағыт туралы біз сол кезде жарық көрген оқу-әдістемелік әдебиеттердің кез-келгенінен бұған түсінік таба аламыз.

Ізгілік – адамды жеке тұлға есебінде танып, оның құндылықтарын бағалап, оған еркіндік беріп, өз қабілетін көрсете білуге жағдай жасайтын жүйе.

Теософия – діни бағыттағы мектептердің маңызды іргетасы болып табылады. Теософиялық ізгілік парадигманың тамыры халықтық педагогикада жатыр.

Антропосопия – құдайшылдық емес, даналықты, кісілікті, ақылдылықты маңызды деп есептейтін философиялық бағыт. Ол рухани құндылықтар негізінде өмірге мақсатты, ойлы көзқарас қалыптастыруға негізделген.

Педоцентризм – философияның баланың қызығушылығы мен талабының, қажеттілігінің басымдылығын бағалай отырып, оның жан-жақты дамуына жағдай туғызуды негізгі міндет деп есептейтін бағыт.

Экстенциализм – «... адамның қандай болмағы өзіне байланысты, ол өзін-өзі жасайды» - дейді. [ ] /Барсай/

Прагматизм – тұжырымдамасы бойынша жеке бастың интелектуалдық және адамгершілік қасиеттері оның сирек кездесетін табиғатына жеке тәжірибесіне байланысты. Мұның негізі адамға табиғат берген қабілеттілікке, өзін-өзі икемдеуге байланысты шешіледі деп есептейді.

Қазіргі өмірдің прогрессивті өзгерісі мен білім беру жүйесінің, білім беру мақсаты мен формаларының, оқыту мазмұны мен технологиясының арасындағы сәйкессіздік білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауына соқтырды.

  • педагогикалық білімге деген сұраныс;

  • педагогикалық білім берудің кәсіптік деңгейін көтеру;

  • педагогикалық білім берудің ерекшелігі мен икемділігі;

  • педагогикалық білім берудің қоғамның талабына сәйкес келуі;

  • дәстүрлі технологияның тиімділігінің төменділігі;

  • қоғамның жеке тұлға дамуының деңгейі мен дәрежесіне қойып отырған талабының өсуі;

  • оқытудың жаңа технологиясын ендіруге;

  • білім мазмұнын ғылыми әдістермен ұштастырып, білімді ғылыми негізде құруға кері әсер етіп отырған психологиялық кедергілер;

  • білім беру білім мазмұнын анықтаудан басталуы қажет.

Мектептегі білім мазмұны мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептің білім мазмұны тұжырымдамасының методологиясы таным процесінің философиялық теориясынан, жеке тұлға болмысын түсінуге бағытталған іс-әрекет туралы ілімнен, түрлі оқу пәндерін оқытуға диалектикалық тұрғыдан қарау мен тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі қағидаларынан келіп шығады.

Қазіргі уақытта жалпы білім қоғам талап ететін қажеттілік қана емес, сонымен қатар жеке адамның өзінің интеллектуалды, адмгершілік гуманистік тұрғыдан дамуды қажет ететін, оның қоғамдық мәдени өмірге, кәсіптік еңбекке қатысып, білімін одан әрі жетілдірудің мөлшері болып табылады. Сондықтан да жалпы білім беру мектептің білім мазмұнын жаңарту үшін нақты әлеуметтік жағдайларда дамитын әрбір оқушының талғам-тілегін, оның табиғатын, биологиялық генетикалық ерекшеліктерін, қабілеттілік пен дарындылығын барынша ескере отырып, жеке тұлғаны шығармашылықпен іс-әрекет ете білу мақсаты басшылыққа алынады.

Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-әдістемелік негізіне дамыта оқыту идеясы алынған. Дамыта оқытудың ерекшелігі оқушыда пәндік білім, білік, дағды қалыптастырудың қажеттілігін айқындап көрсетіп, оқыту мен оқушыны дамыту міндеттерін бөліп қарастырады, яғни білімділік міндеттерінің басымдылығын қолдамайды, оқыту оқушының дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенді приоритет етіп кою. Оқытушы оқушының жеке бас тұлғасын дамытудың құралы деп қарастыру керек. Білім мазмұнында оқушыға білім беру процесінде оқушы меңгеруге тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны саналы меңгеретін жалпыланған амал-әрекеттер және ұстанымдары беріліп бейнеленуі қажет және бұл мазмұны оқулықта көрініс табуы шарт.

Оқу үрдісіндегі мұғалім әрекетінің психикалық әрекет және іс-әрекет тұрғысынан алғандағы сипаты, жұмыс әдісі, ұстанымдары, оқытудың мақсаты мен мазмұнына қарай әр алуан болып келеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысының психологиялық аспектілері. Кез-келген ғылыми-зерттеу адамның психикалық дамуын анықтайтын деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады. Дамудың негізгі жетекші факторына байланысты ғылыми зерттеулерді төмендегіше бөлуге болады.

  • психикалық дамуы – биологиялық тұқым қуалау арқылы анықталады деп қарастыратын биогендік ғылыми зерттеулер;

  • жеке тұлғаның қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжірибесіне, оқып-үйрену нәтижесіне байланысты деп қарастыратын социогендік технологиялар;

  • даму нәтижесі адамның өзіне, тәжірибесіне, өзін-өзі психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысты анықталады дегенді жақтайтын психогендік ғылыми зерттеулер;

  • жеке тұлға және оның қасиеттері материа емес деп ұғындыратын ғылыми зерттеулер.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі