Материалдар / Қазіргі заманғы өркениеттің ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі заманғы өркениеттің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
4974
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні/Дата/ Date «Бекітемін»

_________________ Директордың ОІЖ орынбасары

___ М.Сисенгалиева

Пән/Предмет/Subject

Қоғамтану


Топ/Группа/ Group 125К


Сабақ жоспары/ План урока/ Plan of the lesson

Сабақтың тақырыбы:     Қазіргі заманғы өркениетің ерекшеліктері

Тема урока: Особенности современной цивилизации

Theme of the lesson: Features of modern civilization

Сабақтың мақсаты: Цели урока:

 оқушыларға дәстүрлі және индустриялық қоғамдар мен қазіргі заманғы адамзат өркениеті жайлы түсіндіру. Қазіргі замандық ғаламдық проблемалар жайлы және оларға нелер жататынын баяндау, мәнін ашу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Сабақтың әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы/ Ход занятия/Procedure of the lesson

І. Ұйымдастыру бөлімі: студенттермен амандасу, түгендеу

Организационный момент

ІІ. Үй тапсырмасы сұрау:

Опрос домашнего задания:

Аctivity 1.

  1. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін негізгі фактор – тәрбие туралы не білесің?

  2. Тәрбиенің негізгі мақсаты не?

  3. Адамгершілік-рухани байлықты қалай түсінесің?


ІІІ. Өткен білімдерін бекіту: (активити үш тілде): Активизация предыдущих знаний: (активити на трех языках)

Аctivity 2

Тұлға – лицо – person

Адамгершілік – нравственность - morality

Тәрбие – воспитание – education

Осы сөздерді пайдалана отырып, «Синквейн» стратегиясын құру

ΙV. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Объяснение нового материала:

Сабақтын жоспары:
Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар.

  1. Индустриялық қоғам.

  2. Қазіргі заманғы өркениет.

  3. Қоғам және табиғат.

Жоғары құрылымдық орнықтылығы және әлеуметтік-мәдени реттелуі дәстүрге негізделгендіктен, егін және мал шаруашылығымен айналысатын қоғамдар дәстүрлі қоғамдар деп аталады.

Демек, дамуының сапалық қасиеттері тұрғысынан алып қарағанда, дәстүрлі қоғамдарға индустриялы (капиталистік) қоғамға дейінгі кезеңдегі аграрлық тұрпаттағы қоғамдық укладтары бар елдер кіреді.

Индустриялық қоғам дегеніміз – қазіргі заманғы дамыған қоғамдардың шығуын және сипатын айқындауда қолданылатын, оларды дәстүрлі қоғамдардан бөліп көрсететін, капиталистік қоғаммен қатар аталатын екі негізгі котегорияның бірі – өнеркәсіпті қоғам ұғымын білдіреді.

Индустриялық қоғамға өту адамзатты дәстүрлі мұрагерлік былықтарды талқандап, азаматтардың құқықтары мен теңдікті жоғары қоятын, қоғамдық-саяси өмірді демократияландыруды мақсат ететін тарихи прогресшіл өзгерістерге бастап әкеледі.

XV ғасырда адамзат тарихында түбегейлі бетбұрыстар жасалды. Осы кезден бастап Еуропа суырылып алға шықты. Еуропалықтар Шығыстың қағаз жасау өнерін пайдалана отырып, кітап басу, ақпарат сақтау және оны тез таратуды жолға қойды. Шығыстың құлабызын пайдаланып теңіздерде жүзді, жаңа құрлықтар ашты, оқ-дәрісін пайдаланып отарлап басып алды. Тапаралық қақтығыстар бұрын болып көрмеген жаңа әдістермен – құқықтық жолмен шешіле бастады. Еңбек шарттарының жалпыға бірдей формалары пайда болды. Тұрғындардың бәріне бірдей саяси-азаматтық құқықтар – саяси партияларға бірігу, дауыс беру құқықтары берілді. Монархиялық билікті шектейтін, заң шығарушы жоғары органы (парламент) бар, ұлттық либерал-демократиялық мемлекеттер қалыптасты.

XVIII ғасырда құқықтық мемлекет құру және қоғамда құқықтық жағдайлар қалыптастыру негізінде экономикалық және саяси биліктерді бөлісу үдерісі басталды. Бұл ерікті айырбас қатынастарын дамытуға және үшінші сословиеге қатыстының бәрін заңдастыруға мүмкіндік әперді.

Қазіргі заманғы өркениет деп XX ғасырдың екінші жартысынан – XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында Жер планетасын мекендеген күллі адамзат қоғамы жасаған өркениетті айтамыз.

Қазіргі заманғы өркениеттің келбеті өзінің көптүрлігімен, кереғарлықтарымен, қайшылықтарымен және ғылым мен техниканың мейлінше жетілуімен айқындалады. Оның негізгі бағыттарына автоматтандыру және ЭЕМ, материалдардың жаңа түрлерін шығару, энергияның жаңа көздерін ашу, ғарышты игеру жатады.

Қазіргі замандық өркениетің ғаламдық проблемаларына планетаны мекендеген күллі адамзат қоғамына, сондай-ақ биосферада тіршілік ететін жанды организмдердің бәріне және Жердің өзінің табиғи ресурстарына тура қатысты дүниежүзілік мәні бар проблемалар жатады. Олардың бастылары мыналар:

  • дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;

  • дүниежүзілік экологиялық дағдарыстың бетін қайтару;

  • дүниежүзілік демографиялық ахуалды, халықтардың қоныстауын реттеу;

  • ұлтаралық кикілжіңдерді шешу;

  • экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту.

Адамдар ресурстарды үнемді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау мәселелелерін шешумен айналысуда. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап экология мәселелері түрлі халықаралық конференцияларда белсенді көтеріле бастады. Рим клубы, ЮНЕСКО, т.б. халықаралық ұйымдар, экология мәселелерін талқылаған семинарлар өткізіп тұрады. Соңғы кездері ғаламшардың жылынып бара жатуына байланысты бұл үдерісті баяулату мәселелерімен алдыңғы қатарлы өркениетті қоғамдар көбірек айналыса бастады.

Қазақстанда Семей ядролық полигонын жабу, ядролық жарылыстардың салдарын жою, тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында «Невада-Семей» қозғалысы құрылып, белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Арал теңізі суын қалпына келтіру мақсатын көздеп, арнайы құрылған Комитет бар. Соңғы жылдары мемлекеттің ынтасымен құрылған экология мәселелерімен айналысатын ведомствалар пайда болуда.




ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:

Закрепление изученного материала:

  1. Дәстүрлі және индустриялы қоғамдардың арасындағы айырмашылық неде?

  2. Қазіргі замандық өркениет дегеніміз не?

  3. Қазіргі замандық өркениеттің ғаламдық проблемаларына нелер жатады?

.



Өздерін тұрған елді мекендегі экологиялық жағдайға назар аударындар, басты мәселені атаңдар, оның қалай шешілуі мүмкін екендігі туралы пікір талас жүргізу

Аctivity 3.

Мазмұндау

V. Сабақты қорытындылау және рефлексия/Подведение итогов занятия и рефлексия/Conclusion and reflection.

Рефлексия __Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық?_________________________________

Бағалау / Оценка______________________________________________________________________


Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату


VΙ. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание/ Hometask

§ 11. Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. Қазіргі заманғы өркениет



Пәні мұғалімі: _____________ Ж.Муханбеткалиева

Преподаватель: қолы/роспись

Teacher
























































Адам – ең жоғарғы құндылық.  Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.

Орыс жазушысы  К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.

Адамның адамгершілік қасиеті. Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болды және солай бола беруге тиіс.

Мораль мен адамгершілік бір-бірімен өзара тікелей байланысады. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүретін, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті. Мораль – адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі, олардың практикалық өмірдегі бейнесін жасайтын іс-әрекеті.

Адамгершілік қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте адамдардың іс-әрекетінің барысында бір-бірімен араласу  нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасып, дамиды. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік қасиет те қалыптаспайды. Адамның адамгершілігі – оның ең жоғарғы қасиеті, былайша айтқанда кісілігі. Арлы адам – ардақты. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адамгершілігі мол адам – басқаларға қашан да үлгі-өнеге.

Қарапайымдылық, кішіпейілділік, ақылдылық, парасаттылық сияқты ізгі қасиеттер де әрбір адамға тән болуы керек. Адамның асыл қасиеттерінің бірі- әділдік, адалдық, турашылдық, шыншылдық. Бұл қасиеттер – әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің алғы шарты. «Өтіріктің балын жалап, тірі жүргенше, - деген болатын Б.Момышұлы, - шындықтың уын ішіп өлген артық».

Адам бойында асыл қасиеттермен қатар, жағымсыз қасиеттер де көптеп кездеседі. Олар жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, пайдакүнемдік, қорқақтық, менмендік, мақтаншақтық, қулық, екіжүзділік, жарамсақтық, қатыгездік, ызақорлық т.б.

Адамның бар құндылығы – оның өмірі.

Өмірді ойламаса, алдына белгілі мақсат қоймаса, сөйтіп оның терең  мазмұнын көрмесе адам өз өмірінің құндылығын түсінбейді, өзінің, басқа адамдардың алдындағы ешқандай да жауапкершілігін сезінбейді. Алкоголь нашақорлық, жыныс бұзақылығы-өмірді текке өткізетін, тұлдыр ететін қасиеттер.

Өмірді тұлдыр ететін әртүрлі әрекеттер несімен сипатталады? Бірінші кезекте, кез-келген жағымсыз әрекеттер арыңды, ұятыңды, ақылыңды тұншықтырады. Ар, ұят, сана, ақыл – адамның жануардан ерекшеленетін ең жоғарғы сапасы.

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңді сүңгі де, түбін көзде

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме, деп жырлаған данышпан Абай. «Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат», деп жазды әл Фараби. Француз жазушысы В.Гюго: «Шын бақытты болу үшін бақытқа ие бола кету жеткіліксіз, оны іспен жеңіп алу қажет», - деген.

Өзінің алдына үлкен мақсат қойып, оны орындауға барлық күшін жұмсай білген адам ғана бақытты бола алады. «Бақыттың мәні – парасаттылықта, - деп жазды әл Фараби, - әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында»

Адамның тәртібі мен мәдениеті.

Адам өмірі – көп салалы, әрі көп қырлы. Осыған орай әркімнің өмірін жеңілдету, реніші мен қайғысын тең бөлісу үшін тәрбиелі, саналы, адамгершілікті адамның сол қайғы-мұңға ортақтаса білуі адамның жоғарғы сапасы. Себебі адамның тәртібі: жастардың үлкендерге сәлем беруі, жол беруі, құрдастарды, достарды құттықтауы, көршінің жақсы қылығын мадақтауы, т.б. секілді кәдімгі қарым-қатынастардан тұрады. И.Гете: «Ең алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда сен басқалардан үйренесің» - дейді.

Адам тәртібінің екі түрі болады: сөздік және нақтылы. Сөздік тәртіп – өз ойымызды білдіруіміз, пікіріміз, дәлеліміз. Біздер, кейде ашу үстіндегі шаршаған кезде немесе жиналған халық арасында, жұмыстағы өз сөзімізге онша мән бермейміз. Ал әрбір сөздің мазмұны іс-әрекетіміз бен қимылымыздан бірден-бір кем емес. Швейцар жазушысы Лафатер: «Ақылды болғың келсе, орнымен сұрауға, көңіл қойып тыңдауға, байсалды түрде жауап беруге және басқа ештеңе жоқ кезде сөйлеуді үйрен» - деген. Атақты жазушы Ілияс Есенберлин: «Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады» деген екен. Сондықтан орнықты әңгімелесу, сөйлесе білу, сөз арқылы пікірді, ойды жеткізу – адам мәдениетінің бір саласы. Жақсы әңгімелесуші болудың бір ғана тәсілі бар, ол – тыңдай білу. Тыңдауда – алдарыңызға жан салмайтын біртоға адам болсаңыз, ал сөйлесу қажет болғанда – сөздің соңын күтуге тырысу.

Мәдениет  - бүкіл адам баласының өндірістік, қоғамдық, саналылық, эстетикалық, тұлғалық, даралық бітім-болмыстарының жетістігінің жиынтығы. Адам мәдениеті мен оның тәртібінің өзара байланысты болуы табиғи іс.

Мәдениеттілік – жалпы қабылданған ережелерге сәйкес келетін тәртіп. Ол ережелердің өзгеріп отыруы да мүмкін, соған сәйкес тәртіп ережелері де өзгерістерге түседі. Жақсылыққа ұмтылу мен өзін нағыз жақсы жағынан көрсету бір-бірімен үйлеспейді. Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқығы болады.

Қоғамда жасанды түрде кішіпейіл болып көрінгісі келетін, жалған жақсылық жасауға тырысатын екі жүзді адамдармен жиі кездесеміз. Олар әдетте адам тағдырына, қайғысына немкетті қарайды, жақсыны көре алмайды. Сенің жетістіктерің мен кемшіліктеріңді көре тұрып, оларды көлгірси жақтайтын немесе тіпті бас изеп құптайтын адамдарға жоламау керек. Ондай адамдар – не жарамсақтар немесе бақытсыздыққа душар болғанда олардың ешқандай көмек күтуге болмайды. Арамза, жарамсақ пен екі жүздіге қарағанда ашық жаудың өзі артық.

Құйрығы – шаян, беті – адам,

Байқамай сенбе құрбыға.

Жылмыңы сыртта, іші-арам,

Кез-келер қайда сорлыға, - деп Абай айтпақшы, мұндай адамдар жақсылыққа жеткізбейді.

Мәдениетті адам өзін-өзі қарапайым, табиғи жағдайда ұстайды, кез-келген жерде бірдей мінез көрсетеді, өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқанда олардың қызметіне, лауазымына, туысқандық байланысына қарамайды, керісінше олардың кісілігіне, мәдениеттілігіне қарап қарым-қатынас жасайды. Ол өз-өзіне сын көзбен, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, күдіктенеді. Ол: «Мен осылай ойлаймын, мүмкін қателесермін», - деп, өз пікірін өткізуге тырыспай, басқаларды да тыңдайды. Жалпы алғанда өз пікіріне, іс-әрекетіне басқа адамдардың көзқарастарын бағалау, өзіне өзі күдіктілікпен қарау – адам мәдениетінің көрсеткіші.

Тәрбиелі адам және адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас.

Тәрбиелі адам өзін көпшілік арасында, қоғамда жақсы ұстайды.

Ескерімді, сыпайы, кешірімді, өнегелі, жақсы мінезді, өзін-өзі дұрыс ұстай алатын адамды тәрбиелі адам дейміз. Сократ: «Адам – құл өзін жеңіл ұстамаған», десе, осы ойды жалғастырып, Сенека: «Бәрінен күшті адам – өзіне-өзі ие болатын адам» депті. Ал орыс жазушысы Л.М. Леонов: «Барлық жеңіс өзіңді-өзің жеңуден басталады», - деп жазған.

Тәрбиелі  әрі мәдениетті адам басалардың арын, намысын, құндылығын түсірмейді. Абай: «Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» деп жырлаған екен. Тәрбиелі адамның бір сапасы – өнегелілік, ізгі ниеттілік. Бұл – оның рухани жағынан кемелденгендігінің белгісі, жоғары адамгершілік сапасы.

Тәртіп адамның айнасы десек, одан адамның шынайы бейнесі көрінеді, сөз бен істің бірлігі, өзін қандай да бір жағдайда дұрыс, тәрбиелі ұстай білуі көрінеді. Қазақта: «Жаманнан – жирен, жақсыдан үйрен», деген нақыл сөз бар. Тәрбиесіз адамға тән қасиет мыналар: өзімшілдік, күншілдік, пайдакүнемдік, мақтаншақтық, менмендік, қулық, суайттық, екіжүзділік, мылжыңдық, есерлік.

Адам қоғамның мүшесі, соның ішінде өмір сүреді, одан тыс қала алмайды. Жеке адам қашан да әлсіз. Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін – қоғам. Неміс ақыны И.Бехер: «Адамдар – тек адамдар арасында ғана адам бола алады» - деген. Адам өмірі қатынастар мен өзара қатынастардан тұрады. Тамақ ішу, киіну, уй болу қаншалықты табиғи қажеттілік болса, басқалармен қарым-қатынас та солай болуы керек.

Қарым-қатынастың да өзіндік мәдениеті болады, ол- қарым-қатынасқа қойылатын талап, жалпы азаматтық мәдениетке сәйкестігі. Адам белгілі бір ролді атқармай, адамдармен арадағы қарым-қатынасты іске асыра алмайды. Кәсіби, әлеуметтік, жеке адамдар арасындағы рол біздің қандай ортада екенімізді анықтайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату бедел мен адамгершілікті ажарландыра түседі.

Әдептілік, сыпайыгершілік – моральдық сапа, адамдарға деген құрмет, ал осы сапаны күнделікті тәртіпке айналдыру – адамдар тәртібінің сипаты. Әдептілік, сыпайыгершілік дегеніміз, жалпы алғанда ілтипаттылық, барлық адамдарға тән қайырымдылық қасиеттің сыртқы көрінісі. Ж.Ж. Руссо: «Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады», - деп жазған. Адамның сыпайыгершілік қасиеті мен әдептілігі күнделікті өмірдің әрқилы сәттерінде өзін-өзі дұрыс ұстауы арқылы байқалады, бағаланады. Әдепті, кішіпейіл болу үшін әрқилы талаптарды да жете білген жөн.

Тіл мен сөз – сөйлеу әрекетін, ойлау әрекетін тудырады. Тіл адамның өмір сүруінің шешуші факторына айналғандықтан, соның арқасында адамдар арасындағы қарым-қатынас пайда болды. Тіл мен сөз әрекет етуді, ойлауды туғызады. Адамдар тіл мен сөз арқылы өз сана сезімін байытып, әлемді және оның мазмұнын түсінеді. Асан қайғы:

Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас, жел толқыса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады. – деп жырлаған өз заманында.

Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті. Халықта «Ас тұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы саналы сөзімен сәнді» - деген нақыл сөз бар. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді ашады, жылытады, адам да, зат та тозады, жоғалады, бірақ асыл сөз бен тіл мәңгі жасайды.

Отбасы. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. «Кемеңгерге де кеңес керек» - демекші халық даналығы отбасы – өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт.

А.С. Макаренко «Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны» деген.

Бүгінгі таңда бүкіл ұлттың ұлттық санасын қалыптастыру қажеттігін түсіндіру. Бүгін тәрбие- тағылымның қай түрі болмасын, тек сол кемел тарихи сананы қалыптастырған күнде ғана мақсатқа жете алады...

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!