Материалдар / ҚМЖ 10-с Геометрия. Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ 10-с Геометрия. Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуге көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2020
5033
51 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түркістан облысы Қазығұрт ауданы

«Ақбастау» жалпы орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы :10.1А Мектеп: «Ақбастау» жалпы орта мектебі

Стереометрия аксиомалары.Кеңістіктегі параллельдік.

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Алимбаева Салиха

Нурмаханбетовна

Сынып:10 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ

тақырыбы

Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.1 стереометрия аксиомаларын және олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету.


Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

- стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын білу;

тереометрияның аксиомаларын сызбада бейнелеп, математикалық символдармен жазу;

-аксиомалардан шығатын кейбір қарапайым салдарларды дәлелдеп,оларды есептер шығаруда қолдану.


Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

- стереометрияның аксиомаларын сызбада кескіндейді және математикалық символдарды қолданып дұрыс жазады;

- аксиомалардан шығатын кейбір қарапайым салдарларды дәлелдеп,оларды есептер шығаруда қолданады.

- стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын тұжырымдайды.

-Аксиомаларға сүйеніп теоремаларды дәледейді, жауаптарын негіздейді.


Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • стереометрия аксиомалары мен олардан шығатын салдарларды тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • стереометрия;

  • жазықтық;

  • кеңістік;

  • аксиома;

  • салдар ;

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері:

  • Кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрия бөлімі — ..... ;

  • бір түзуде жатпайтын үш нүкте арқылы ... жүргізуге болады;

  • егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі болса, онда ... ;

  • егер түзудің ..... жазықтыққа тиісті болса, онда түзу толығымен осы жазықтықта жатады;

Құндылықтарды дарыту


Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуге дағдыландыру. Жұптық жұмыс барысында табандылықпен ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысын қалыптастыру. Азаматтық жауапкершілік пен адалдықты оқушы бойына сіңіру.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайдтар

Пәнаралық

байланыстар

Графика және жобалау

Алдыңғы білім

Планиметрия аксиомаларын біледі, нүктелердің түзуге тиістілігін математикалық символдармен жаза алады. Жазықтықта сызбаларды салады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ басында оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, зейінін шоғырландыруға көңіл бөлемін. Оларды 1-2-3 деп санау арқылы топтарға бөлемін.Үй тапсырмасына 7-сыныпта өтілген «Планиметрияның алғашқы түсініктері мен аксиомалары» тақырыбын қайталау және төмендегі сөйлемдерді математикалық символдардың көмегімен жазу берілген.

1.А және В нүктелері арқылы а түзуі өтеді

2.а мен в түзулері О нүктесінде қиылысады.

3. АС түзуінен тысқары жатқан В нүктесі арқылы АС түзуіне параллель ВД түзуі жүргізілген.

Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушы өз жауабын тақтаға жазады,оны сынып болып тексереді,қатесі болса түзетеді.

Сабақтың тақырыбына сәйкес мақсатын оқушылар өздері анықтайды.



Слайд

Сабақтың ортасы




10 мин.




































































Практикалық тапсырма

5 мин
















Деңгейлік тапсырмалар

15 минут






















СЫНЫППЕН ЖҰМЫС. Жаңа тақырыпты оқып шығуды тапсырамын. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырып тақырыпты меңгерту үшін «ойлан,бірік, бөліс» әдісін қолданамын.Олар төмендегідей үлгідегі графикалық органайзерді пайдаланып, сабақ мақсатын ашады. (блок –схема) Алдымен әр оқушы өзі жеке ойланып,өз идеяларын жазады.Одан кейін өз идеяларын тобындағылармен біріктіріп, блок-схеманы толтырады. Соңында бүкіл сыныптың идеяларын талқылайды, ой бөліседі.



Геометрия





Планиметрия

(жазықтықта)




Стереометрия

(кеңістікте)






Негізгі ұғымдары:

1.Нүкте 2.Түзу

Негізгі ұғымдары:

1.нүкте 2.түзу 3.жазықтық
















Белгіленуі:

Нүкте- ....

Түзу-.....

Белгіленуі:

Нүкте- ....

Түзу-

Жазықтық-









Планиметрия аксиомаларын сызбада бейнелеңдер

Стереометрия аксиомаларын сызбада бейнелеңдер








Бәріне ортақ сынып бойынша бір кластер түзіледі, ал кластер ойды жинақтау, мида сәулеленген ойларды, идеяларды топтастыру, ассосациялау болып табылады. Мұндай жүйелік органайзерлер оқушы жадында жатталып қалады.

Олай болса, осыған дейін планиметрияда оқып үйренген аксиома, теорема заңдылықтарымыз стереометрияда сақталады да, жазықтық ұғымын енгізуімізге байланысты біліміміз кеңейеді. деп оқушылар тұжырым жасайды.

Аксиомадан шығатын салдар:

Теорема 1. Түзу және түзуде жатпайтын нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол жалғыз.




Теорема 2. Өзара қиылысатын екі түзу арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол жалғыз.




Оқушылар стереометрия аксиомаларын қолдана отырып салдарларды дәлелдейді.

Қалыптастырушы бағалауда кері байланыс арқылы тақырыпты ашуға белсене қатысқандарды ауызша мадақтап,білуге ұмтылғандарға сөзбен қолдау білдіріп, ынталандырамын.

Оқушылардың танып білу қызметін арттыру және қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін «Айырмашылығын тап» әдісімен практикалық жұмыс ұсынамын.

Практикалық жұмыс.

Қатты қағаздан қиылған бірнеше фигураларды және картоннан жасалған бірнеше фигуралардың ішінен

а) кеңістік фигураларын анықтаңдар.

ә ) кеңістік денесі болатын себебін нақтылаңдар

Топтар кері байланыс жүргізіп,бірін-бірі қол сигналдары арқылы бағалайды.

Дескриптор

-жазықтық фигураларын бөлек тереді

-кеңістік денелерін бір бөлек тереді

-өлшемдерін нақтылап, себебін түсіндіреді

Қорытынды: кез келген жазықтық фигурасы кеңістік фигурасы болады,керісінше болуы мүмкін емес деп ортақ тұжырымға келеді.

ЖЕКЕ ЖҰМЫС:

Саралаудың қарқын тәсілімен басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейтін және негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көп көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беру мақсатында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар беремін.

А

  1. Мына сөйлемдерді символдарды пайдаланып, қысқаша жазыңдар:1) А нүктесі а түзуінде жатады; 2) а түзуі А және В нүктелері арқылы өтеді; 3) а және в түзулері О нүктесінде қиылысады; 4) жазықтықтары а түзуі бойымен қиылысады; 5) жазықтығы а түзуі мен осы түзуде жатпайтын А нүктесі арқылы өтеді ; 6) С нүктесі жатпайды; 7) l түзуі жазықтығын В нүктесінде қияды; 8) жазықтығы бір түзудің бойында жатпайтын А,В және С нүктелері арқылы өтеді.

В

  1. а) Кеңістікте нүкте және өзара қиылысатын түзулердің біреуі арқылы өтетін неше жазықтық жүргізуге болады? Барлық жағдайларды қарастырыңдар.

ә) А, В болатындай жазықтығы мен А,В нүктелері берілген. 1) АВ кесіндісінің ортасы; 2) АВ кесіндісі; 3) АВ түзуі жазықтығында жата ма? Жауаптарыңды негіздеңдер.

С

Теореманың дұрыс не бұрыстығын дәлелдеңдер:

  1. А,В; А,

  2. А,В; m

  3. Р Р

Бағалау критерийлері

Дескриптор

-математикалық символдарды қолданып, дұрыс жазады;


А

  • қажетті математикалық символдарды таңдайды;

  • сөйлемді символдармен қысқаша дұрыс жазады.

  • Тапсырманың басым бөлігін дұрыс орындайды.


- тапсырманы сызбада кескіндейді ;

- аксиомалар мен олардан шығатын салдарларды қолданып есептер шығарады.


В

  • есептің шартына сәйкес сызба салады

  • жазықтықтың санын анықтайды.

  • мүмкін жағдайдың бәрін қарастырады

  • жауаптарын негіздейді


- стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын дәлелдеуге қолданады.


С

  • теореманы тұжырымдайды

  • дұрыс/бұрыстығын анықтайды

  • аксиомаларға сүйеніп дәлелдейді



Оқушылар дескриптор арқылы тапсырманы орындаудағы қадамдарын, нәтижеге жету жолын нақтылайды. Калыптастырушы бағалау кезінде оқушылар «Бағдаршам» әдісімен өзара және өзін –өзі бағалайды.


ШыныбековӘ.Н Геометрия

10-сынып.

Алматы:Атамұра,2019










Слайд



















578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!