Педагог бүгінгі
сабақтың мақсаттарымен таныстырады:
мобильді құрылғылардың
қандай сипатқа ие екенін;
планшет, телефон сияқты
мобильді құрылғылардың негізгі құраушы
бөліктерінің
сипаттамаларын қалай
салыстыруға болатынын;
аппараттық және
программалық қамтамасыз етудің қандай даму
заңдылықтарының бар
екенін білетін боласыңдар.
Жеке
жұмыс:
№1 тапсырма: Тізімнен
аппараттық қамтамасыз етудің негізгі тенденцияларын
таңда.
Сандарттау.
Бағаның
көтерілуі.
Әмбебаптық.
Автономды жұмыс
уақытының көбеюі.
Мөлшердің
көбеюі.
Интеллектуалды
интерфейстің пайда болуы.
Жұптық
жұмыс
Сұрақ қойып, өзара
тексеру
1. Мобильді
құрылғылардың жақсы функционалды дизайны қандай болуы керек?
Мысал
келтіріңдер.
2. Күнделікті қолдануға
арналған экранның (смартфонның, планшеттің) ең жайлы және
ыңғайлы
көлемін атаңдар,
жауаптарыңды негіздеңдер.
3. Мобильді құрылғы
процессорының сапасы мен жылдамдығы неге
байланысты?
Топтық
жұмыс
Интернет-дүкендердің
онлайн прайспарақтарын қолданып, 10 танымал бюджеттік
мобильді
құрылғылардың тізімін жасап, олардың негізгі сипаттамаларын
көрсетіңдер.
|