2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / қмж 11 сынып "Тоғыз құмалақ" ойыны

қмж 11 сынып "Тоғыз құмалақ" ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” С. Аманжолов. Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: • Құмалақ • Қазан • Отау • Бастаушы • Қостаушы • Тұздық • Атсырау.Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім

Бөлім 6 – Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта

Педагогтың аты-жөні

Айтжан Нұрғали

Күні

29.02.2024ж

Сынып

11 Б; Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Тоғызқұмалақ ойыны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.5.5. Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру нәтижелерін бағалау.

Сабақтың мақсаты

Ұлттық ойындар бойынша жарыс ұйымдастыру және өткізу.

Бағалау критерииі

ұлттық ойындарға оқушылар белсене қатысады

ойынға төрешілік жасай алады

әділ ойын жүргізуді ұйымдастырады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 10мин

Оқушылар жоғары нәтижеге жеткен сайын, тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық , ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады.

Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақтың тақырыбымен және жетістік өлшемімен таныстыру.

Сабақ барысында дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

«Жылдам орныңды тап немесе алфавит ретімен саптал» ойыны арқылы оқушылар арасында өзара ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Дене қыздырыну жаттығуларын өткізу оқушы ағзасын келесі жүктемеге дайындау.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ






Ортасы 30мин

Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” С. Аманжолов.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: • Құмалақ • Қазан • Отау • Бастаушы • Қостаушы • Тұздық • Атсырау.Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды. Қазақша атаулары: №9 отау маңдай №8 отау көкмойын №7 отау қандықақпан №6 отау белбасар №5 отау бел №4 отау атсыратар №3 отау атөтпес №2 отау тектұрмас №1 отау арт.Мәтіні: Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды. Жүріс жасау ережесі Құмалақ ұту ережесі Тұздық алу ережесі Атсырау ережесі Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Мысалы үшін төмендегі № 1 диаграммаға назар аударалық: № 1диаграмма Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6 - шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7 - ші отауға жүрді делік, сонда 6 - шы отау бос қалады. Келесі № 2 диаграммаға қараңыз: № 2диаграмма Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9 - шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1 - ші отаудан жүріп, қостаушының 2 - ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.( № 3 - диаграмма ) № 3 диаграмма Міне осы сәтте қостаушы 5 - ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының 6 - шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады. № 4 диаграмма Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды. Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының1 – ші отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 - ші отауымен 2 - ші отауы аттас т. с. с. Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі мысалға назар аударалық: 9 8 7 6 5 4 3 2 1 2 2 80 Х 1 7 70 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Ойынның қасиеті туралы. Ойынның нәтижесі туралы айту. “Ми гимнастикасы” сабақты пысықтау арқылы сұрақтар қою Тоғызқұмалақ ойыны қазақ ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген? Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар? Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз? Тоғызқұмалақ терминдерін ата? Отаулардың аттарын білесің бе? Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз? Жұп, тақ сандар дегеніміз не? Видео корсету “Тоғызқұмлақ ережежелері” сабақты қайталау. ”Ойнай білмеген, ойлай білмейді” тоғызқұмалақ тақтасымен ойын және электронды түрде компьютермен жекелей ойын. Қателіктермен жұмыс. Қорытынды: Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Ережелерді есте сақтау, жаттығу.


Оқушылар топтық тапсырмалардың әр түрлі жағдайда негізгі қозғалыс дағдыларын талқылай отырып орта көрсте отырып түсіндіреді.

ұлттық ойындардар туралы өз ойларын жеткіздеді , асық, еңкею тақтайлары, құрсау, пластмасса доптар, қоржын ,тоғызқұмалақ, атсырау, тұздық, отау

жеті тас,қақпа доп(гольф),сақина салу,ақ сүйек , жеті тас,





Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырғыш.




Сабақтыңсоңы 5мин


Кері байланыс:«Тастарды жина» сабақтың басында мұғалім оқушыларға екі-үш тастан таратады. Сабақтың соңында мұғалім оқушылардан қолдарыңдағы тасты кімге бергісі келетінін сұрайды. Оқушылар қолындағы тасты өдерінің ойынша сабақта белсенділік танытқан оқушыларға табыстайды. Оқушылар өздерінің жасаған таңдауларын дәлелдейді.


Мұғалім: Оқушылардың алынған тастарына қарай бағалайды.



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.



















26 Наурыз 2025
77
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі