Материалдар / ҚМЖ 5- сынып Әдебиет Н.Ақыш "Нағыз әже қайда?"

ҚМЖ 5- сынып Әдебиет Н.Ақыш "Нағыз әже қайда?"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 5-сынып Әдебиет пәні бойынша Н.Ақыштың "Нағыз әже қайда?" әңгімесі ҚМЖ өзім сабақ берген сыныпта өткен сабағым. ҚМЖ үздік үлгіде құрылған. Жоспарланған тапсырмалар сабақ мақсаттарын толық қамтамасыз еткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2021
3552
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 4-бөлім. Отбасы құндылықтары

Күні:   Сынып: 5

Мұғалімнің аты-жөні: Байсенгирова Д.А

Сабақтың тақырыбы:

Н.Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға хат жазады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды

Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасын талдайды

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды іріктейді

Шығармадан алған әсері туралы жазбаша жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі:

қолдану және жоғары деңгей дағдылары


Бағалау критерийлері:

Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: Көркем шығарманың мазмұнын түсініп, эпизодтардан қорытынды шығара алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен шығарма жазуға арналған терминдер: Ұршық, кимешек, әже, кейуана, қамзол

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Аппақ кимешек, ұршық иіріп отыр, қазақы кейіптегі кейуана

Талқылау арналған сұрақтар: Әженің сырт келбеті, мінезі, өз әжесі туралы ойлары

Құндылықтарға баулу:

Отбасылық құндылықтар: туыстық қатынастар, дәстүр-салт, ырым, ұлттық киім

Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану, қазақ тілі, көркем еңбек

  1. Көркем шығармадағы отбасылық құндылықтарды түсіну үшін бүгінгі ұрпақ көзімен бағалайды және салыстырады.

  2. Қазақ тілі бойынша «Адамның сыртқы келбеті пен мінез» бөлімі бойынша білімін қортындылайды

Алдыңғы білім:

«Нағыз әже қандай?» әңгімесінің мазмұнын еске түсіреді, талдайды, өзіне үлгі алады, туыстық қатынасты құрметтеуге үйренеді

Әжесінің сыртқы келбетін сыйпаттау, мінез-құлқын баяндауды үйренеді, сауатты жауға дағдыланады

Сабақ барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер/ ресурстар

Сабақтың басы

7 минут




Айтылым Рухани әңгіме (Әдеттегідей үлкен шеңберде талқылау)

Мен үшін ең қымбат сыйлық

Сыйлық жасай аламыз ба?

Сыйлықтың бағалы болғаны дұрыс па, әлде пайдалы болғаны дұрыс па?

(Оқушының терең ойлауы мен көркем сөйлеу шеберлігі, креативті ой айтуы бағаланады. Мұғалімның ауызша бағалауы)

Терең ойлаймыз!

Көркем сөйлейміз!




Сабақтың ортасы

7 минут


















10 минут























10 минут

Жазылым

1- тапсырма. Әңгіме мазмұнында кездесетін тіркестердің мағынасын ашып жаз, кестені толтыр

Бейнелеу, суреттеу құралдары

Мағынасы

Бал-бұл жайнаған



Көл-көсір етіп дастарқан жайған


Бет жыртысу



Көңіл айту



Дескриптор: Берілген ауыспалы мағынада қолданылған сөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді, сауатты жазады

Бағалау: Дәптерлерін ауыстыру арқылы бір-бірін бағалау(4 ұпай)



Жазылым 2-тапсырма Берілген сөздерді немесе басқа да сипаттау сөздерді қолданып өз әжеңнің сыртқы келбеті мен мінез-құлқы туралы сипаттау мәтін жаз

Сыртқы келбеті

Мінез-құлық

Орта бойлы

Дөңгелек жүзді

Аққұба келген

Бидай өңді

Қой көзді т.б.

Мейірімді

Ардақты

Жанашыр т.б.



Дескриптор: Берілген немесе басқа сөздерді де қолданып өз әжелерінің сыртқы бейнесі мен мінезін сипаттап мәтін жазады, сауатты жазады

Бағалау: Мұғалім бағалайды

Ойы тереңдігі 2 ұпай

Сөзі көркемдігі 2 ұпай

Сауаттылығы 1ұпай


Оқылым Жазылым 3-тапсырма Берілген үзінді бойынша Аяға немесе уәде берген Аяның әкесіне өз ойыңды білдіріп хат жаз

Папа, сен бізге бәрібір нағыз әжені көрсетесің ғой. Айтшы, көрсетесің бе? — деді сосын ол жаңағыдан гөрі жадыраңқырап. Аялы жанарларында тұтанған үміт ұшқынын жасырмай, сәбилік сеніммен бетіме тура қарайды. Мен уәде еттім. Бірақ оны қалай орындайтыным туралы сол сәтте ойланған жоқ едім.

Дескриптор: Берілген үзінді бойынша Аяға немесе уәде берген Аяның әкесіне өз ойын білдіріп хат жазады, сауатты жазады

Бағалау: Мұғалім бағалайды

Хат жазу стилінің сақталуы 2 ұпай

Сөзі көркемдігі 2 ұпай

Сауаттылығы 1ұпай


Кесте тақтадан көрсетіледі

















Кесте тақтаға жазылады
















Оқулықтан үзінді оқылады




Сабақтың соңы

6 минут

Үйге тапсырма «Нағыз әже қайда?» әңгімесінің кез келген өзіңе ұнаған тұсын сахналық образ ретінде көрсетуге дайындалып кел (мәнерлеп оқу, монолог)

Рефлексия

  1. Сабақтың қай бөлігінде оқушылар белсенді болды?

  2. Қай оқушының өз әжесін сипаттауы жоғары болды?

  3. Айдос, Ислам, Альбиналардың тапсырманы орындауға уақыты жетті ме?

  4. Хат жазуда басты шарт не еді, орындалды ма?



Қосымша ақпарат:


Саралау – сіз оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)



Пәнаралық байланыс.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті?

Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Кері байланыс


Қорытынды бағалау

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Сертификатты жүктеу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ