Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ ашық сабақ 8 сынып биология Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ ашық сабақ 8 сынып биология Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Биология

Бөлім:

Бөлімше

Тірі ағзалардың көптүрлілігі құрылымы мен қызметтері

Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі.

Оқу мақсаты:

8.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Қантамырлар жүйесінің түрлерін біледі

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін көрсетіп түсіндіре алады.

Адам жүрегінің қызметін сипаттай алады.

Құндылыққа баулу

  • Құндылық: заң және тәртіп

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық


Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті


Сабақтың басы

0-1мин



2-5мин




Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Менен бір мотивациялық сөз» атты психологиялық ахуал туғызу.

Топқа бөлу арнайы рандом генераторында жүзегеасады


Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.




5-10мин


Алдыңғы білім

Кестеде түрлі жануарлардың жүрек құрылысының ерекшеліктері берілген

Қандауыршада жүрек қызметін атқарады A. Жүрек

B. Құрсақ қолқа қан тамыры C. Вена

D. Артерия

E. Арқа қолқа қан тамыры

2 . Қан тамырларына пішін, серпімділік және беріктік қасиет беретін сыртқы қабаты тұрады

A. Біріңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан B. Сілемейлі қабықшадан

C. Дәнекер ұлпасынан D. Жүйке ұлпасынан E. Тірек ұлпасынан

3. Қан тамырларына серпімділік қасиет береді, яғни қан тамырларын тарылтып, кеңейтетін ортаңғы қабаты

A. Біріңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан B. Сілемейлі қабықшадан

C. Дәнекер ұлпасынан D. Жүйке ұлпасынан E. Тірек ұлпасынан

4. Қан тамырларының ішкі қабаты жалпақ эпителий ұлпасының жасушаларынан тұрады

A. Біріңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан B. Сілемейлі қабықшадан

C. Дәнекер ұлпасынан D. Жүйке ұлпасынан E. Тірек ұлпасынан


Оқушылар өткен сабақты еске түсіру мақсатында берілген кестені қолдана отырып тест тапсырмасын орындайды


Сабақтың ортасы

10-13мин















«Миға шабуыл» Сабаққа ену:Физиологиялық танымал оқулықта былай деп жазылған: -Белгісіз миллиондаған тұрғындары бар бір елде қызыл теңіз бен қызыл өзендер ағады.Қызыл суда мұхит ағысымен кемелер жүзеді.Олардың бірі жүк тасымалдаушы, барлық тұрғындарға қажет өнімдерді тасымалдап, сонлай-ақ «қалдық өнімдерді» шеңбер бойымен әкетіп отырады. Осылайша қызыл судағы кемелер 23-28 секундта бір айналым жасап, тәулігіне 3700 айналым жасайды екен. Қойылатын сұрақтар: -Әңгіме қай ел туралы?: 1.Ашық және тұйық қан айналым жүйелеріне анықтама беріңдер. 2.Адамға қандай қан айналым жүйесі тән. 3. Үлкен қан айналым шеңбері деген не және олай атайды. Миллиондаған тұрғындар кімдер? -Қызыл теңіз және кемелер ше?

Бейнекөрсетілімдер ұсынады, мұғалім түсіндірме жүргізеді

Анаграмма тапсырмасын ұсыну арқылы термин сөздерді жаздыртады

Теорияны бекіту тапсырмасын ұсынады

Оқушылар берілген қызықты мәліметті оқиды, суретті қолдана отырып болжамды жауаптарын айтады

Бейнекөрсетілімді көре отырып жауаптарын негіздейді

Анаграмма тапсырмасын орындайды термин сөздерді анықтап, дәптерлеріне жазып алады







Берілген тасырмадан кіші қан айналым шеңберін дұрыс анықтап жазады


17-27мин

Топтық жұмыс. Постер

1-топ.Қанның үлкен жіне кіші қан айналым шеңберімен қозғалуы.

2-топ.Қанның қан айналым шеңберімен ағзаларда қозғалуы.

3-топ. Адам жүрегінің қызмет


Оқушылар өз тобында оқулықты және үлестірме материалдарды пайдалана отырып тапсырманы орындап,постерге сызба құрастырып топпен қорғайды. Берілген сызба бойынша қанның қозғалу бағытын белгілеп, бөліктерін атайды. Көк және қызыл түспен артериялық және веналық қанды белгілейді. Жүректің сызбасын сызып,жүрек жұмысының кезеңдерін сипаттайды. Оқушылар сандықшадан қан айналым шеңберлерін құрайтын бөліктерді суырады.Тез реттілік бойынша өз орындарын қателеспей табады.



30-35мин

Жұптық тапсырмалар

1-жұп оқушылары

1. Жақтаулы және жарты ай тәрізді қақпақшалар қайда орналасқанын жазады

2.Жүрек босаңсынған кезде қанның кері ақпауының себебі неде екеін атайды.

3. Кіші қан айналым шеңберінің маңызын түсіндіреді.

2-жұп тапсырмалары

Жүрек бөлімдерінің қанмен толу және жүректің жиырылу кезеңдерін талқылайды

2. Қолдың венасынан бастап қанның үлкен қан тамырларының бойымен және жүректің бөлімдерімен қозғалуын,оның қайта қолда аяқталуын сызба түрінде бейнелейді.

Оқушылар топта жұптасады, берілген тапсырманы орындап даптерлеріне жазады



Тапсырмалар:1. «Кардиограмма» әдісі бойынша тест.

1.Адамның жүрегі 4 қуысты.

2.Аорта –ең ірі артерия.

3.Үлкен қан айналым шеңбері сол жақ қарыншадан басталаы.

4.Өкпеде капиллярлар мен альвеола арасында газ алмасады.

5.Үлкен қан айналым шеңберінде артериялармен вена қаны қозғалады. 6.Кіші қан айналым шеңбері сол жақ қарыншадан басталады.

7.Үлкен қан айналым шеңбері оң жақ жүрекшеде аяқталады. 8.Артериялық қан- оттегіне қаныққан Оқушылар дәптерге сәуле сызады.

9.Вена қаны тек веналар бойымен қозғалады. Дұрыс жауап: 1,2,3,4,7,8 Қате жауап:5,9

Тапсырмалар 2

Платформада ұсыну

Оқушылар 0-9 арасындағы шкала сызады. Айтылған тұжырым дұрыс болса жоғары, қате болса төменгі жағына доға салады.


Функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмалар

35-40мин



Адамның және басқа да сүтқоректілердің жүректері төрт бөліктен тұрады: екі қарынша (оң жақ және сол жақ) және екі жүрекше. Жүректе қан тамырлары сияқты үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа дәнекер қабаты-перикард жүрек қабын түзеді. Жүрек пен жүрек қабының арасында аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады. Ортанғы қабат миокард деп аталады. Ол ерекше көлденең жолақты бұлшық ет қабатынан тұрады. Оның жасушалары бірігіп тұтасып кеткен (қаңқа бұлшық етінен айырмашылығы). Ішкі қабаты эндокард қанмен үйкелісін азайтатын тегіс эпителийден тұрады.

1.Жүректен шыққан қанды таратады

A. ВеналарB. Капиллярлар C. Артериялар

D. ЖүрекE. Қолқа

2. Ағзадағы ең ірі артерия қан тамыры A. Веналар

B.Капиллярлар C.Артериялар D.Жүрек

E.Қолқа(аорта)

3.Қанды денеден жүрекке айдайтын қан тамырлары A. Веналар

B.Капиллярлар C.Артериялар D.Жүрек

E.Қолқа

4.Зат алмасу мен газ алмасуды қамтамасыз ететін ең жіңішке қан тамырлары

A.Веналар B.Капиллярлар C. Артериялар D. Жүрек E.Қолқа

Берілген тапсырманы мәтінді қолдана отырып орындайды


40-43мин

Сұрақ:

Берілген тапсырманның қайсысы дұрыс:


Схема 1

2-тапсырма суреттен жауапты анықта


Схема 2





Оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап жауаптарын ұсынады

Дұрыс жауабы: Қан жүрекшелерден → қарыншаларға → қарыншалардан → артерия қантамырларына қарай ағады.




43-45мин

Кері байланыс: «Плюс, Минус және Қызықты» әдісі арқылы.


Плюс - «мен үшін қажет ..........................»

Қызықты - «мен әлі де болса .............. ізденуім керек»

Минус - « мен үшін ......................... кедергі болды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2024
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі