ҚМЖ Есту мүшесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ Есту мүшесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары ҚМЖ түрінде жасалған Пән мұғалімдеріне көмекші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 28 Бекбатыр Самал Қарпыққызы

ШҚО. Абай ауданы Саржал ауылы

«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі»КММ


«Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы»

Қысқа мерзімді жоспарлау

Күні «15.11.2016

Биология пәні. Тақырыбы «Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы»

Сынып 8 «А»

Қатысқандар саны- 15 Қатыспағандар саны-

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары.

Оқушылардың есту мүшесі туралы

білімдерін кеңейту. Сыртқы, ортаңғы,ішкі құлақ бөлімдерінің негізгі ерекшеліктері мен құрылысын, Дыбыс толқындарын есту жолын. Құлақ гигиенасын біледі. Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға,

ұтымды жауап беруге баулу, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.

Сабақ мақсаттары.

Барлық оқушылар:

Есту мүшесінің құрылысын, бөлімдерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақты толық сипаттайды.Қызметі мен гигиенасын біледі..

Кейбір оқушылар:

Дыбыс толқынынның таралу жолы схемасын меңгеріп айта біледі.

Тілдік мақсат.

Оқушылар: ( не істей алады?)

Сұрақтарға жауап береді. Жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана алады, өзін-өзі бағалап, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыртқы,ортаңғы,ішкі құлақ, құлақ қалқаны, дыбыс жолы, дабыл жарғағы, дыбыс сүйекшелері:балғашық, төс, үзеңгі,шытырман, кіреберіс, ұлудене

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар

Құлақ қанша бөлімнен тұрады, құлақ қалқаны қандай қызмет атқарадыСыртқы құлақ, ішкі құлақ, ортаңғы құлақ бөлімдеі.Есту мүшесінің гигиенасы

Сіз неліктен.....екенін айта аласыз ба?

Адам ұшақта отырғанда құлағы бітеліп қалады. Қандай шара қолдану керек.

Жазылым бойынша ұсыныстар.

Ортаңғы құлақта бірімен бірі байланысқан үш сүйекше бар Салмағы 0,05г Балғашық, үзеңгі, төс.

Ішкі құлақтың қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман деп атайды.

Алдыңғы оқу.


Сезім мүшелері, Рецептор, анализатор, көздің құрылысы. Қарашық, көзбұршақ, таяқша, құтышалар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар.

Басталуы


I.Ұйымдастыру кезең. М«Біліп қана қою аз, сол біліміңді істе қолдана білуің керек, ниеттенуің ғана аз , сол ниетіңді іске асыруың керек» Мұғалім оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға шақырыды.Ынталандырады.

Топқа бөлу: «Нысана»әдісі арқылы.(әр түсті қағаздан жасалған шеңберлерді оқушылар өз қалаулары бойынша таңдап алады,нысананы өз қолдарымен жабыстырып қояды.). Топтардың аты «Сыртқы», «Ортаңғы», «Ішкі». (көру, есту мүшесінің бөлімдеріне байланысты)

II.Үй тапсырмасын сұрау

1.Миға шабуыл «Ашық хат» әр топ өз калаулары мен конверт алады. Конвертте тек сандар болады . Тапсырма:сандарды сөйлет «Көру мүшесіне байланысты /2.5.3.80-90/

2Shape1 .Пирамида әдісі

Әр топқа жасалған пирамиданың макеті немесе ақ плакатқа сызылған үлгісі беріледі. Ортасына сұрақтар

Бірінші топқа «Сыртқы құлақ туралы не білесің?», екінші топқа «Ортаңғы құлақ туралы не білесің?», үшінші топқа «Ішкі құлақ туралы нен білесің?» Оқушылар жан жағында отырып өз білгенін жазады

Сұрақтар шеңбері I топқа

1.Бақылау сұрағы: суреттен не көріп тұрсың?/көздің суреті беріледі/. Сипатта.

2.Шешім қабылдауға арналған сұрақ: егер көзге бөгде зат түссе не істеу керек?

3.Талдау сұрағы: көздің қосымша мүшелері қандай қызмет атқарады?

4.Қиял ғажайып сұрақтар: көзге байланысты теңеу сөздер айта аласың ба?

II топқа

1. Бақылау сұрағы: Суретті баянда(көздің ішкі сыртқы құрылысы)

2.Шешім қабылдауға арналған сұрақ: Егер көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе не істеу крек?

3. Талдау сұрағы: Құтыша мен таяқша туралы не айтуға болады?

4.Қиял ғажайып сұрағы: Көзбен барлық затты көреміз. Нені көрмейміз?

III топқа

1. Бақылау сұрағы: Берілген макетті қалай баяндайсың/көздің құрылысы/?

2.Шешім қабылдауға арналған сұрақ: Көзіңді қалай сақтау керек?

3. Талдау сұрағы: Көздің түсі неге байланысты?

4.Қиял ғажайып сұрағы: «Көзіңнің қарашығындай сақта» сөз тіркесінің мағынасы қандай?





Слайд



Кеспе қағаз Түрлі түсті қағаздан жасалған нысананың үлгісі


Конверт







А3қағазы, түрлі түсті фломастер

Ортасы


III.Жаңа тақырып өту

Сабақтың эпиграфын айту

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен ми дағы ой хабар алып,

Жақсы-жаман әр істі сол тексермек

/Шәкерім/

Жаңа тақырыпта кездесетін термин сөздерге «Болжам жасау» әдісін пайдалану / Слайд арқылы бір неше сөздер беріледі, оқушылар өз ойларын айтады/

Оқушыларға тапсырма

Тұжырымдамалық картаны толтыра отырып жаңа тақырыптың ең негізгі бөлігін ашу

Мектеп мед бикесі есту мүшесінің гигиенасы туралы айтып береді

ІY. Бекіту бөлімі

Венн диаграммасы арқылы салыстыру. Көру мен есту

Shape4 Shape3 Shape2








слайд






А4 бет, фломастерлер,





.

Аяқталуы


ІV.Қорытынды бөлім

Оқушылар «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтарына жауап береді.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй ...

Әр топтағы оқушылар бірін бірі бағалайды. Нысанадағы әр түске өздерінің сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып береді

Кері байланыс

Стикерлер

Қосымша ақпарат Адам қоршаған ортадағы ақпараттың 14-16% есту мүшесі арқылы қабылдайды.Ортаңғы құлақта орналасқан төс сүйегі –адам ағзасындағы ең кішкентай сүйек. Құлақта 2000без болады. Адам 40-45 децибел шамасындағы дыбыстарды қиналмай қабылдайды.Теңіз ұлуының бақалшағын құлаққа тақап тыңдаған кезде естілетін «теңіз шуы», шын мәнінде құлақ қан тамырлар бойымен ағып жатқан қанның дыбысы.

Саралау

(сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?)

Бағалау

(оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?)

Дискрипторлар іріктеп алу, сол негізде бағалау

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс



Фомативті бағалау Нысанадағы әр түске смайликтер жабыстырады

. Математика. Қазақ әдебиеті.Физика

Электронды оқулық

Рефлексия

  1. (Сабақ /оқу мақсаттары шынайы болды ма?

  2. Бүгін оқушылар не білді?

  3. Сыныптағы ахуал қандай болды?

  4. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

  5. Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

  6. Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?)




Сабақта оқушылардың қатысы, қызығушылықтарының жоғары болуы бүгінгі сабақта алға қойған мақсаттың шынайы да нақты болуы ..


Есту мүшесінің құрылысын , бөлімдерін, жаңа терминдермен танысты.Тұжырымдамалық картамен жұмыс жасады.Сынып оқушылары топпен жұмыс жасауда бірлесіп, бірін бірі тыңдай отырып , ортақ шешім жасай білді. Сабақты жоспарлау кезінде түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың өз ойларын өмірмен байланыстыру, бір- бірлеріне жағымды тілек білдіруі сәтті болды.Үй тапсырмасын сұрау кезіндіе «миға шабуыл, пирамида, сұрақтар шеңбері» әдістерін қолдандым.Берілген уақытта жоспарлы жұмыстарға үлгердім.Өз жоспарыма түзетулер мен өзгертулер енгізген жоқпын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
2041
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі