Қмж «Масғұт» поэмасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қмж «Масғұт» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға н/е студенттерге жарамды сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қалың елім қазағым. Абай Құнанбаев. Масғұт поэмасы.

Бөлім:

1-бөлім: Қалың елім қазағым қайран жұртым

Педагогтің аты-жөні:

Қайрат Әсемай Кемелбек Мадина

Күні:


Сыныбы:10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қалың елім қазағым. Абай Құнанбаев. Масғұт поэмасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Әдеби шығармаға сюжеттік композициялық талдау жасай отырып идеялық мазмұнын түсінеді, үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Құндылықтарға баулу:

Ұлтжандылық, адамгершілік, мәдениеттілік

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Алдын ала тақтаға үш алманың суретін іліп (қызыл, ақ, сары). Оқушыларға әр түстің қандай мағына беретінін ойлануды ұсыну:

Қызыл алма — байлық пен сән-салтанат.

Ақ алма — білім мен парасаттылық.

Сары алма — тағдыр немесе өлім.

Оқушылар өз ойларын бөлісіп, алмалардың мән-мағынасын талқылайды.


Мақсаты: Сурет немесе символдармен жұмыс әдісінің мақсаты-оқушылардың қиялдау, абстрактілі ойлау,және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру.

Тиімділігі: Тақырыпты жақсы түсіну:

2.Ой қозғау және ассоциация құру:

3.Пікірталас дағдыларын дамыту:

Визуалды материалдар

(алма суреттері)


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» «Ой шақыру әдісі»

Әдіс оқушылардың жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын оятып, олардың алдын ала білімдерін белсендіреді. Әдіс оқушылардың өз ойларын еркін айтуына мүмкіндік береді және сабақ барысында жаңа материалды жақсы қабылдауға дайындық ретінде пайдаланылады.


Оқушылар сұраққа жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Масғұт” поэмасы бойынша: “Егер адамға өмірінде бір ғана таңдау жасауға мүмкіндік берілсе, ол не таңдауы мүмкін?” деген сұрақ қою арқылы оқушылардың ойларын қозғауға болады.


Мақсаты: Ой шақыру әдісі сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды белсенді жұмысқа дайындайды. Бұл әдіс сабақтың одан әрі өтуіне оң әсерін тигізіп, оқушылардың терең ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Тиімділігі: Қызығушылық

ты арттыру.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Белсенді талқылау және пікір алмасу.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Бақылау және кері байланыс» тәсілі көрінеді

Оқушылардың жауабын тыңдап, бақылап кері байланыс беру арқылы оқушыларға дұрыс жолды көрсетуге және олардың қателіктерін дұрыстауды үйренуге мүмкіндік береді


ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

6 мин.

Picture 129

1-тапсырма

Мәтінмен жұмыс

Мәтіннің негізгі бөлігін оқуды ұйымдастыру немесе оқушыларға поэманың үзіндісін оқулықтан оқуды ұсыну.Үйден оқып келуді тапсыру






Оқушылардан шығарманың басты оқиғалары мен негізгі кейіпкерлерін анықтау сұралады.

Мысал: “Масғұт” поэмасының кейбір үзінділерін оқып, Масғұттың таңдауының себебін талдау.

Оқушылар шығарманың тақырыбы мен негізгі идеясын анықтайды.

Шығарманың тақырыбы қандай? Абай поэма арқылы қандай идеяларды жеткізгісі келді? т.б оқушы ізденеді


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-тақырыбын, идеясын анықтайды.

Оқулықпен жұмыс


Picture 130

7мин

2-тапсырма.

«Масғұт» поэмасы мен И.С.Тургеневтің «Шығыс аңызы» атты шығармасымен салыстырып, ортақ құндылықтарды анықтайды.

«Масғұт» поемасы

https://abai.kz/post/39334

И.С.Тургенев нұсқасы

https://antongopko.livejournal.com/29280.html

Сілтемені пайдалану




Шығарма атауы

«Масғұт»

«Шығыс аңызы»

Көтерілген мәселе



Ортақ құндылық

тар




Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

-Екі шығарманы салыстырады

-Көтерілген мәселені анықтайды

-Ортақ құндылықты анықтайды

- кестені толтырады

Оқулық, жұмыс дәптерлері, Сілтемені пайдалану


13мин

3-тапсырма

«Әдеби кафе» әдісі

сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырып, талдау және пікір алмасуға бағытталған интерактивті әдіс. Әдіс барысында сынып 4-5топқа бөлінеді, әр үстелде шығарманың белгілі бір аспектісі талқыланады.

Үстелдердің тақырыптары:

- Үстел 1: Кейіпкерлердің бейнесі. Бұл үстелде оқушылар Масғұттың және басқа кейіпкерлердің ерекшеліктерін, мінез-құлықтарын талдайды.

- Үстел 2:Тақырып пен идея. Мұнда шығарманың негізгі тақырыбы және автордың идеясы талқыланады. Оқушылар Абайдың не айтқысы келгенін анықтауға тырысады.

- Үстел 3: Символдар мен метафоралар*. Поэмадағы символдар мен көркемдік құралдар (мысалы, алма символы) талқыланады.

- Үстел 4: Философиялық ойлар. Абайдың философиялық көзқарасы мен шығарманың өмірлік құндылықтары қарастырылады.

- Үстел 5:Шығарманың өзектілігі. Поэманың қазіргі заманмен байланысы мен оның оқушылар үшін маңызы талқыланады.

Әр топ өз үстелінде берілген тақырып бойынша талқылау жүргізеді. Олар шығармадан үзінділер келтіріп, өз ойларын дәлелдейді.

Белгілі бір уақыт өткен соң, әр топ келесі үстелге ауысады. Олар алдыңғы топтың жазған ойларын оқып, талқылауды жалғастырады немесе жаңа пікір қосады.

- Осылайша, барлық топтар барлық үстелдерден өтіп, әр тақырыпты талқылайды.


Қорытынды кезең:

- Әр топ өз үстеліне қайта оралып, қорытынды жасайды. Әр топтан бір өкіл шығып, сыныпқа өз талқылауларының нәтижесін ұсынады.

- Мұғалім оқушылардың айтқандарын жинақтап, шығарманың негізгі идеяларын қорытындылайды.


Жеке жұмыс

5мин

4-тапсырма.

Қолдану

Оқушыларға жаңа заман Масғұтының бейнесін жасау.Үш алманы қазіргі заманда не болуы мүмкін екені айтылады. Мысалы:

сары алма (байлық) — жаңа технологиялар мен жылдам табыс.

қызыл алма (сұлулық) — әлеуметтік желідегі сұлулық стандарттары, инстаграм мәдениеті.

ақ өмір алма(ақыл) — білімділік, жетістік


Оқушыларға қазіргі заманғы “алмаларды” сипаттап, Масғұт қандай таңдау жасайтынын жазуды ұсыныңыз.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Сұрақтар шеңбері» әдісі. Оқушылар шеңбер құрып, кезекпен сабақтан алған әсерін айтады. Әр оқушы бір сұраққа жауап береді

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Пікір айту: Сабақта ең маңыздысы не болды?

Нені көбірек үйрендің?

Қандай сұрақтар әлі де қалды?

Оқушылар берілген сұрақтардың бірін таңдап пікірін айтады


Мұғалім оқушыларды

«Смайлик әдісі»арқылы бағалайды

Өте жақсы!

Жақсы

Орташа


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі