Материалдар / Қобалжу деңгейін төмендету бойынша 12 психологиялық тренингтік сабақтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қобалжу деңгейін төмендету бойынша 12 психологиялық тренингтік сабақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда ҰБТ-ге 11 сынып оқушыларын психологиялық жағынан дайындау, яғни оларды өздерінің психикалық қалпыларын түсіну және басқара алуына үйрету мәселесі өзекті олып саналады. Бұрын жоғары оқу орнына түсу үшін мектеп түлектері билет арқылы ауызша емтихан тапсырған болатын. Билет 3 сұрақтан құрастырылып, жауап беруге 15-20 минуттай уақыт берілген. Кейкездерде қосымша уақыт берілген кездері де аз емес. Емтихан алушының алдында билеттің сұрақтарына жауап берген кезде, жас түлек өз ойын жан-жақты, шығармашылық тұрғыдан жеткізе алатын болған. Жас түлекте ондай мүмкіндік болса, уақытты аса шектелмей, емтихан алушыда да баланың қабілеттерін байқауға мүмкіндігі бар болатын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
1106
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


































Закираева Р.Т



«Қобалжу деңгейін төмендету бойынша

12 психологиялық тренингтік сабақтар»

БАҒДАРЛАМАСЫ

(ҰБТ-ге дайындық, барысында

11 сынып оқушыларына арналған)




























Озық тәжірибені насихаттау жинағы


Педагог-психолог ЖОМ М. Горький













Закираева

Раиса Турсынбаевна








Шардара қ. 2021 ж.


Рецензенты:


Жуман Н. – методист-психолог

районного отдела образования


Карюгина М Л – методист

ОСШ. им. М. Горького



Автор-составитель:



Закираева Р.Т. , педагог-психолог

ОСШ им. М. Горького



Рекомендовано учабно-методическим советом районного отдела образования г. Шардара


Программа «12 психологических тренинговых занятий по снижению уровня тревожности» для учащихся 11 классов помогает ученикам осознать и полностью «настроиться» на экзамен и понять его роль в их дальнейшей жизни. Программа может заинтересовать родителей, учителей, преподавателей непосредственно занятых практический психологической работой в школах, изучающих вопросы влияния показателей уровней тревожности на качество обучения и экзаменационную ситуацию. Уверена в том, что использование этой психологической программы даст положительный конечный результат.









МАЗМҰНЫ


Кіріспе

Пікір

«Қобалжу деңгейін төмендету бойынша 12 психологиялық тренингтік сабақтар» (ҰБТ-ге дайындық барысында 11 сынып оқушыларына арналған) түзету-дамыту бағдарламасы

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қолданылған әдебиеттер тізімі



Введение

Отзыв

Программа «12 психологических тренинговых занятий по снижению уровня тревожности» (для учащихся 11-х классов при подготовке к ЕНТ)

Приложение 1

Приложение 2

Приложение 3

Приложение 4

Список использованной литературы



«Қобалжу деңгейін төмендету бойынша 12 психологиялық тренигтік сабақтар» дамыту бағдарламасы (ҰБТ-ге дайындық барысында 11 сынып оқушыларына арналған)


Бағдарламаның мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату.


Бағдарламаның міндетті:

  • Жоғары сынып оқушыларына емтихан бағасының іс жүзінде қандай маңызы бар екенің саналы түрде түсінуге көмек көрсету;

  • Жоғары сынып оқушыларын қобалжу және оның түрлерімен теориялық жағанан таныстыру;

  • Жоғары Сынып оқушыларында қобалжуға байланысты туатын жеке даралық реакциялары туралы түсінік беру және оны жеңуге болатын мүміндіктер мен әдістерді ұсыну;

  • Жоғары сынып оқушыларында коммуникативтік және өзін-өзі таныстыру бойынша дағдыларын қалыптастыру;

  • Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда психологиялық көмек көрсету;

  • Жоғары сынып оқушыларың танымдық үрдістерін дамытуға үлес қосу.


Жоғары сынып оқушыларының емтихандарға психологиялық дайындығының мақсаттары мен міндеттеріне сүйенсек, психологтың іс-әрекетіндегі жұмыстың екі түрі жүргізіледі:

1. Ақпаратты-білімді (жоғары сынып оқушыларына әр бөлім бойынша ғылыми психологиялық ақпарат беріледі).

2. Дамытатын (сабақтар барысында жоғары сынып оқушылары өзін-өзі тани білу дағдыларын дамытып, өзін-өзі таныстыру бойынша тәжірибе алып, қарым-қатынас қабілеттерін дамытып, ойлау операциларын дұрыс қолдануға үйренеді)


«ҰБТ-ге психологиялық дайындық» түзету дамыту бағдарламасы 2,5 айға дейңн созылады.

Жүргізу шарты:

Кең бөлме. Топ бір сыныптың оқушыларынан құрылады.


Тақырыптық жоспар


Тақырыптар

Академиялық сағаттар саны

Қарым-қатынасты орнату

1

ҰБТ-ге қалай дайындалуға болады (қысқартылған ақпараттық дәріс)

1

Мамандық таңдауда көмек көрсету

1

Қарым қатынас дағдыларын дамыту

2

Өзін-өзі бағалау

1

Жағымсыз сезімдермен жұмыс

2

ҰБТ маңыздылығын түсіндіру

1

Өзіне-өзі сенімін жоғарылату

1

Барлығы

10


Қажетті құралдар: магнитофон, медитативту музыкасы бар дискілер, ватман қағаздары, магниттер, скотч, қайшылар, қаламдар, карандаштар, әр түрлі бейнелеу құралдары, А4 форматты ақ қағаз.

САБАҚ № 1


  1. Тәмсіл «Мұғалім мен оқушы»

Мақсаты: топ қатысушыларын ҰБТ-ге жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.

Нұсқама: барлығы шеңберде отырады және психолог топтың қатысушыларына тәмсілді әңгемелейді.

«Соңау заманда атақты, даңқы елге шыққан Мұғалім өмір сүріпті. Ол мұғалімде көп оқушысы болыпты. Бір күні сол оқушыларының біреуі өз Мұғалімін тексермек болады. Ол көбелекті ұстап алып, алақанында қысып ұстап, көп адам жиналған кезде Мұғаліміне мынадай сұрақпен «Менің қолымда көбелек. Айтынызшы, Мұғалім, ол тірі ме, әлде өлі ме?» деп жағындамақшы болады. Егер мұғалім оны өлі десе, мен алақанымды ашып, көбелекті қоя беремін. Егер де тірі деп жауап берсе, мен алақанымды қысып, оны өлтіріп тастаймын.

Сонымен оқушы Мұғаліміне келіп, мынадай сұрақ қояды:

  • Менің қолымда көбелек бар. Мұғалім, ол тірі ме, әлде өлі ме?

Мұғалімі күлімдеп, жауап береді:

  • Барлығы да сенің қолында!

Рефлексия.

  • Сіздер Мұғалімнің жауабын қалай түсіндіңіздер?

  • Сіздер онымен келісесіздер ме?

Батысты: топ қатысушыларының өздерінің болашақтарының іргетасын өдері қалайтындығын ұғынуы.


  1. «Менің жүрегім» жаттығуы

Мақсаты: топ қатысушымен танысу және әрі қарай жұмыс жасауға байланыс орнату.

Нұсқама: психолог қолында жүрек тәрізді жұмсақ ойыншықты ұстап тұрып, өзін-өзі сыйға тартады, содан соң жүректі шеңбер бойынша басқаларына береді: «Мен саған өз жүрегімді беріп, сен туралы көбірек білгім келеді (өзін-өзі сыйға тарту үш сөйлемнен: аты, ауес ісі, өмірдегі мақсаттары)! Ал енді өз жүрегінді басқа біреуге тапсыр». Солай жүрек әрбір қатысушының қолында болып көруі керек.


  1. Жаттығу «Топтық ережелерді құрастыру».

Мақсаты: топта тәртіптілікті сақтау үшін топ қатысушыларына ыңғайлы болатын және барлығы орындай алатын ережелерді құрастыру.

Нұсқау: топтық ережелерді топпен бірге құрастырып, оларды ватман қағазына жазғызу қажет.

  • Өз атынан сөйлеу.

  • Болып жатқан барлық жағдай туралы қазір және мұнда айту.

  • Басқаларға баға бермеу.

  • Бәрі белсенді болу керек.

  • Құпия сақтау.

  • Әркімнің өзінің жеке даралық пікіріне құқығы бар.

  • Бәрінің атынан сөйлеу.

  • Сабақтың бастауы мен аяқталының нақтылығы.


  1. Жаттығу «Екі әтеш дауласты».

Мақсаты: эмоционалды жағынан босаңсу, бұлшыкеттердегі қасымды төмендету.

Нұсқау: көңілді музыка ойнайды. Барлық топ қатысушылары бөлме ішінде көңілді жүріп, біріне-бірінің иығын жеңіл тиеді.


  1. Жаттығу «Аялдама».

Мақсаты: алдындағы келе жатқан психологиялық тамыту сабақтарынан топ қатысушыларының не күтетін анықтау.

Нұсқау: бөлменің 3 жағында келесі жазуы бар ватман қағаздары жабыстырылады:

Сезіну (тәжірибесі, эмоциялар)

Білімдер (білу)

Дағдылар (үйрену)

Топ қатысушылары 1, 2, 3 санауымен үш топқа бөлінеді. Кейін әр топ кезекпен-кезек әр ватман қағазына жақындап, олар аялдамада тұрғанын сезіну, елестету қажет. Орын ауыстырып, аялдамаға жеткен кезде, әр топ ватманда жазғанына сай олар осы тенингтік сабақтарда қандай сезімдер мен эмоцияларды сезіну, қандай білімдерді алу және қандай дағдыларға үйренуге талпынатынын жазу керек. Кейін әр топ соңғы тұрған аялдамадағы ватман қағазға барлық жазылғанын түсінікті түрде айтып, қорғау керек.

Талдау:

Аялдамаға жетіп, ватман қағазына жазу керек болған кезде не сезетін болдыңыз?

Ватман қағазында жазылған жазуды қорғаған кезде қандай сезімдер туды?

Осы жаттығу бойынша не айта аласыз?

Осы жаттығудың барысында біз неге келдік?


  1. Жаттығу «Тепе-тендік».

Мақсаты: топ қатысушыларды оңтайлы деігейге шығару, ішкі тепе-тендікті орнату.

Нұсқау: «Қазір қолайлы отырыңдар да, өзіңізбен бүкіл қажуды және тері ойларды тастаңыз. Көздеріңізді жауып, үш рет терең тыныс алыңыз...

Денедегі күш ақырын, бірте-бірте кетеді, сіз босаңсу қалпына жетесіз. Сіздің денеңіз демалуда.

Көзіңізді жабыңыз... Тек қана мені тыңдаңыз. Бүкіл зейінді менің дауысыма аударыңыз. Терең 3 рет тыныс алыңыз және тыныс шығарыңыз. Мұрнымен тыныс алып, ауызымен тыныс шығарыңыздар. Сіз тек қана менің дауысымды естіп отырсыз. Барлық ойлар кетіп отыр...

Енді өзіңізді табиғат аясының бір бұрышында жүргендей елестетіңіздер. Таза ауа, жылы желдің лебін, құстардың ән салғандығын сезініңіздер...

Көкжиекте күннің сәулесі сізді өз ылулығыменен қыздырып жатыр. Ол сузге: «Сәлем! Сен өте кереметсің! Мен саған өзімнің ылулығымды беріп, сені күш қуатқа толтырамын!».

Күннің көзінің сәулесі мен жылулығын сезініңіздер. Сізге қажетті күш құуты ол сздің бойыңызға дарытып жатқанын елестетіңіз.

Сіздің денеңіз жылулыққа, қуанышқа, сенімділікке, күш қуатқа толы! Осындай ерекше, керемет сәтті тамашалаңыздар.

Табиғатпен қайтадан қауышыңыздар да, одан сзге қажетті барлық күш қуатты алыңыздар!

Осы сезімді, түйсініді есте сақтап өз іштеріңізде қалдырыңыздар!

Терең тыныс алып оны сыртқа шығарыңыз. Тыныс алу арқылы сізге сенімділік, қуаныш, күш-жігер, қолдау кіріп жатады, ал сыртқа шығару барысында сіз алған осы сезімдіегі барлық дене-мүшеіңзге таратылып, бекітіледі.

Ал енді көдеріңізді ашыңыздар».

Рефлексия.

  • Өзіңіз туралы не біле алдыңыз?

  • Не сезініңіз?


  1. Жаттығу «Келесі кездескенше!».

Мақсаты: бір-бірлерінің арасындағы түсінісушілікті, сенімді дамыту, кері байланысты алу.

Нұсқау: «Менің қолымда әдемі доп бар. Қазір сіздер бұл допты бір-біріне беріп, бүгінгі өткен тренингтік күн туралы өдерінің сезімдерімен бөлісесіздер».

Талдау:

Бүгінгі күн сіздерге не берді?

Қандай жағалық болды?

Келешекте нені пайдаланасыздар?

САБАҚ № 2


  1. Жаттығу «Сәлемдесу».

Мақсаты: қатысушылардың жалпы көңіл-күйін және психологиялық дамыту абағына дайындығын анықтау.

Нұсқау: сабақ басталмас бұрын әрбіреуі дәл сол уақыттағы өзінің көңіл-күйі жайлы айтып өтеді.


Қысқартылған дәріс.

Мақсаты: топ қатысушыларына ҰБТ-ге байланысты туатын қобалжу мен стресс туралы ақпарат беру, олардың дүниетанымын кеңейту.

Нұсқау: топ қатысушыларымен қобалжу мен стресс жөнінде әңгімелесу жүргізіледі.

Бүгінгі күні ҰБТ-ге 180 минуттай уақыт беріліп, әр пәнінен 25 сұрақ беріледі. ҰБТ-ді қайтадан тапсыруға рұқсат етілмейді. ҰБТ – бұл уақыты шектелген, ұпай арқылы саналатын стандартталған әдістеме болып табылады. Мұнда баланың жедел логикасы, есте сақтау және логиканың иілгіштілігі болуы шарт. Тест кезінде жауаптары екі мағына беретін, бір-біріне ұқсас келетін сұрақтар кездескен кезде жас түлекте өзіне деген сенімсіздік пайда болып қобалжу туып, ол жоғары деңгейге жетуі мүмкін: «Бір жағынан қараса мынау да дұрыс, мынау да дұрыс көрінеді» және түлекте «Мен мектепті аяқтай аламын ба?», «Жоғары оқу орнына түсе аламын ба?» деген уайымдау сезімдері пайда болуы мүмкін.

Бүгін біз ҰБТ туралы сөйлесеміз де, қобалжу мен емтихандық стресс сияқты тақырыптарды қозғамақпыз.

Физиологиялық деңгейде қобалжу жүрек соғысының жиілеуінде, тыныс алудың жиңлеуінде, қан циркуляциясының миніттық көлемінінің артуында, қан қысымының жоғарылауында, жалпы көзушылықтың артуында, сезімталдық шектерің төмендеуінде, ауызда құрғақтық пен аяқта әлсіздіктің байқалуында, тағы басқа да көрінеді. Эмоционалдық деңгей өзін ешкімнің көмегінсіз қалғандай, әлсіз, қорғанышсыз, сезімдердің қарама-қайшылығы адам өзінің қойған мақсатына жетуі үшін шешім қабылдауы қиынға соғуымен сипатталады (когнитивті деңгей).

Ал енді стресс туралы сөз қозғасақ, стресс – бұл қобалжудың көрінуінің бір формасы болып табылады. Әдебиетте стрестердің пайда болу себептері туралы көп жазады. Бұл кінә сезімі, құндылықтардың жойылуы, оқуға деген жеккөрініш және т.б.

Әрине, кез-келген адам кем дегенде бір рет болсын қобалжу сезімін басынан өткізеді. Бұл белгісіз жағдайлардың әсерінен пайда болып қысылуды, мазасыздануды және жағымсыз сезімдерді түйсінуді тудырады. Бірақ қобалжу – жағымсыз эмоционалды қалып болғанмен, кей кездері қобалжу адамды реттейді. Сондықтан да бұл сөздің бір мағынасы – күреске дайындықты білдіреді. Қанға адреналин түсуімен адам ағзасы бұл айналымдық дайындыққа реттеледі. Оның әсерінен қан қасымы көтеріліп, жүрек күші бәсендеп, дем алу мүшесі терендей түседі. Бұны қалыпты стресс де атайды. Ол тосын жағдайларда адамға көмек береді: адамның стрестік жағдайда мүмкіндігі арта түседі, яғни, ер адам бұқадан қашу үшін жиырма метрлік биіктіктен секірсе, ал әйел адам балаларын құтқару үшін автомобильді көтеруі ықтимал.

«Стресс» терминінің кең мағыналы анықтамасын канад психологі Ганс Селье 1936 жылы берген. Ол стресстің екі түрін көрсеткен: эустресс – конструктивті, күшті жинақтаушы стресс және дистресс – деструктивті, асқынған ауруға әкелетін стресс.

Қобалжу мен стресс ҰБТ-ге да

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!