Материалдар / Қобыз - киелі аспап.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қобыз - киелі аспап.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қобыз-киелі аспап
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2020
904
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қобыз - киелі аспап

Қобыз - қазақ халкының кенеден қалған музыкалық аспабы, ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарыньң кейбір деректеріне қараганда, ғасырлар сырың жетелейтің коңыр үнді киелi аспапты VIII-IX ғасырларда Қоркыт жасаған деседі. Бұл аспаптың 4000 жылдық тарихы бар. Осыдан-ақ оның өте ертеде пайда болғанын анғару қиынға соқпайды. Музыкатанушы Бектай Әлімбай «Қобыз қайдан шыққан?» атты мақаласында: «Жалпы, ішекті аспаптарымыздың шығу тарихын, булардың қалай, қашан пайда болғанын бірден «былай еді» деп, дәл айту өте қиын. Ce6e6i, осы күнге дейінгі ізденулер мен зерттеулер ұлттық аспаптардың, пайда болуы жайлы 6iріздi, нақты niкіpre келген жоқ. Қайсыбір ғалымдар iшектi аспаптарды (адырна, қобыз, шертер, жетіген, домбыра) ұрмалы аспаптар (дабыл, данғыра) негізінде пайда болды десе, енді кей6ipi кәдімгі садақты ғасырлар бойы жетілдіргеннен пайда болды» деп есептейді.


Бүгінгі қазақ музыкасында қылқобызбен қатар қобыз-прима да кен қолданылып келеді. Олардың ерекшеліктері аспаптардың бұрауы ғана емес, жалпы қурылымында. Мысалы, қылқобыздың шанағы ожау тәрізді қуыс, бет жағы ашық, тү6i көнмен қаталған. Ал прима – қобыздың шанағы жабық, түбі көнмен қапталған. Кейінгі қобыздарда түбіндегі қапталған көн де алынып тасталган.Қылқобыздың iшeri аттың қылынан тағылса, қобыз-примада сым ішек қолданылады. Алғашкы қобыздар ушiшекті , кейін классикалық аспап-скрипканың iшектepi тағылып, төрт iшекті қобыз-прима болып қалыптасты. Табиғатына байланысты аспапта ойнау тәсілдері де ерекше. Мұнда скрипка секілді дыбыс iшекті грифке тигізіп шығарылмайды. Дыбыс шығapy мойында тағылган iшектердi бойлай тырнактың сырт жағын iшеккe тигізу арқылы жүзеге асырылады. Осы себепті, қобыз-прима кейбір аспаптар тәрізді жылдам меңгеруге көнбейтін аспап.

Қобыз-прима өзінің дыбыс бояуымен оркестрдің үнінін байытуға үлес қосып келеді сақталып, қобызга арналып шығарылған күйлер ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді. Алғашқы қылқобыз өнepi халқымыздың дәстүрлі мәдениетімен тамырласып жатыр. Бақсы мен жыраулардың салттық құрылуына айналуы қобыз өнерінің даму жолына өз әcepiн тигізді. Қобыз бақсылардың зікіp салу кезінде демеуші әруақтармен байланыс орнататын негізгі құралы болды. Бақсы өзінің сарындарын сұңқылдата тартып, асатаяғын cілкіп, адам, тайпа, елдің тағдырын болжаса, жыраулар ұрыстын, ақырын болжаған. 1936 жылдың көктемінде Мәскеуде өткен қазақ өнepi мен мәдениетінің Онкүндігіне қатыскан оркестрдін шығармашылық, орындаушылық шеберлігін шындау жағынан ғана емес, оркестр құрамын бірқатар жаңа, дамытып жасалған музыкалық аспаптармен толықтыру жағы да іске асырылды. Әртурлі үлгіде жасалған этнографиялық нұсқадағы домбыралардан ғана тұрған ансамбльдін қатарына аз уақыт iшінде қылқобыздан қобыз - прима, қобыз-альт, қобыз-бас аспаптары жасалып, оркестр құрамына енгізілді. А.Қ. Жубановтың жетекшілігімен өнер сахнасында келе жаткан қазақ оркестрінің болмыс 6iтіміне ресейлік В.Андреев оркестрінің тигізген ықпалы зор. Атап айтсақ, ұлттық қобыз бен домбыра аспаптары нұсқаларының еуропалық үлrire түсуіне себеп болды. Қазақ оркестрінің аспаптандыру, тәжірибеге енгізу ісінде А.Ермеков, И.Романенко секілді қолөнер шеберлерінің еңбектері зор. Бүгінгі таңда қобыз-прима өзіндік қайталанбас нәзік сазды үні оркестр бояуын ұлттық нақышта тылсым сезімге баураса, жеке орындауда да техникалық мүмкіндіктерге бай әлем классикалық шығармаларын ойнау мүмкіндіктерге ие болған аспап. Қобыз-прима аспабының техникалық мумкіндіктері, ойнау тәсілдepi өciп дамыған кез. Аспапқа лайықтап түсірілген танымал күйлермен қатар арнайы кәсіби деңгейде шығармалар жазатын композиторлар да көптеп табылады. Ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізде музыка оқу орындарында қобыз аспабынын, алатын орны ерекше. Қобыздың түpi мен үлгісін терең оқыту жоғарғы деңгейде меңгеру даму үстінде. Жалпы ұлттық музыканы насихаттау барысындағы педагогикалық процесс үздіксіз шығармашылық ізденіспен байланысты десек, ол да болса оқытушы мен студенттің ұйымдасқан ұжымдық ұмтылысын қажет етеді. Музыка мұғалімінің шығармашылық қатысының тиімділіri мен нәтижесінің негізгі мүмкіндігі - жүйелілік, орындау peттіліп, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Шығармашылық ic-әрекет - күрделі ұғым, оны танымның жоғарғы сатысы деп білеміз. Ғалым-ізденушілердің еңбектерінің қорытындылары көрсеткендей, оқушылардың музыкалық аспаптар жайындағы алған білімдері мен оны еркін қолдану, олардың өзіндік шығармашылығын дамыту, оның кендігі, ынғайлылығы, тиімділігі мен нәтижелігі проблемалық ситуация ерекшеліктеріне еңгізу музыка мұғалімінің біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Оқушылардың музыкалық аспаптарда ойнау кабілетін қалыптастырудың негізгі түйіні – танымның логикалы, интеллектуалды, сезімді – бейнелі жағына байланысты. Сонымен, шығармашылық үpдіcтeri маңызды бағыт – музыкалық аспаптарда ойнауды былайша түcіндіруге болады: қабылданар деректерді epкін тандау, саралау,жуйеліліп жеткізу, соның негізінде қорытынды жасау, жобалау, қайта оқыту сонымен қатар аспаптарға қатысты таным нәтижесін практикалық турғыда қолдану. Жалпы, музыкалық аспаптарда ойнау білім алушыларды ұйымшылдыққа, 6іpnіккe, сезімталдыққа, адамгершілікке баулиды, оның тәрбиелік мәні өте зор. Оқушылар әдетте өздері қолдарына ұстап, ойнап отырған аспап туралы, тындау ушін орындалған музыкалық шығарма туралы әчгіме басталсаақ болғаны елең eтіп үлкен ынтамен тындауға кіріседі. Ендеше балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана коймай, музыка әлемнің сырың ашып, саз маржанын, әнгіме маржанынан шашу үшін үлкен ізденгіштік қаблет керек. Уақыт алға басқан сайын, оқыту мәселесіне жаңа талаптар қойылу барысында оқу-тәрбие үрдісінде үздіксіз шығармашылық жұмыс жаңалана бермек. Ал ол болса, музыка маманыңа жоғарғы музыкалық талғамды, шығармашылық ізденісті, тынымсыз музыкалық жаттығуды, еңбектенуді қажет етпек. Талғамы жоғары ұстаздың шәкірттері де талғампаз болмақ.


Сарсембекова Ляззат, №2 Өнер мектебінің оқытушысы








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!