Қоғам үнсіздігінен арылу уақыты келді!
Қазіргі заманда харассмент мәселесі күнде жиі көтерілсе де, оған деген қоғамның реакциясы көбіне бейтараптықтан әрі аспайды. Бұл тақырыпты талқылау кезінде басым көпшілік өзін сыртқы бақылаушы ретінде ұстайды, ал жәбірленушілер жиі үнсіз қалуға мәжбүр. Мен харассментке қарсымын және бұл құбылысты түп-тамырымен жою үшін әр адамның жауапкершілік алуы қажет деп санаймын. Үнсіздік-зұлымдықтың серігі-,деп білемін. Харассменттің басты мәселесі-оны айналып өту немесе жоққа шығару. Көптеген жәбірленуші өздерінің бастан кешкендерін айтуға қорқады, себебі қоғамның реакциясы көбіне күмәнмен немесе кінәлаумен шектеледі. Мысалы, «неге ертерек айтпадың?», «мүмкін өзің кінәлі шығарсың?» деген сұрақтар жәбірленушіге екінші мәрте зиян келтіреді. Бұл стереотиптер қоғамның проблеманы түпкілікті түсінбеуінен туындайды. Біздің үнсіздігіміз харассменттің жалғасуына жол ашады. Егер біз жәбірленушіні қорғаудың орнына оны кінәлауды жалғастырсақ, бұл құбылыстың таралуын тоқтату мүмкін емес. Әрбір адам кез келген жағдайға әділ көзқараспен қарауды үйренуі тиіс, себебі қоғамның мәдени деңгейі дәл осындай мәселелерді шешудегі әрекетінде көрінеді. Әрқайсысымыз жауапкершілікті сезінгеніміз дұрыс. Харассментті жою тек заңмен шектелмейді. Адамдардың күнделікті өмірде көрсететін қарым-қатынасы мен санасынан басталатын күрес. Қоғам мүшелерінің әрқайсысы мына сұрақтарға жауап беруі керек: «Мен әділетті қоғам құруға қалай үлес қоса аламын?», «Жәбірленушіге қалай көмектесе аламын?». Егер біз әрдайым «менің ісім емес» деп жүрсек, бұл мәселеден арылу мүмкін болмайды. Әр адам харассментке қарсы қозғалыстың бір бөлігі бола алады. Ол үшін көп күш жұмсау да қажет емес: тек жәбірленушіні қолдау, оларға сенім арту, әрі мұндай жағдайға бей-жай қарамау жеткілікті. Әрбір әрекет, тіпті ең кішкентай қадам да, үлкен өзгерістерге бастау бола алады. Журналистикадағы медиа-қазіргі қоғамның негізгі бағыттаушы күші. Біз ақпараттың көп бөлігін әлеуметтік желілер мен жаңалықтардан аламыз. Осы тұрғыда журналистердің харассмент мәселесін көтеруі және оны дұрыс жеткізуі өте маңызды. Көптеген адамдар бұл тақырыпты қозғағанда тек жекелеген жағдайларды мысалға келтіріп, мәселенің тереңдігін ашып көрсетпейді. Ал шын мәнінде, харассмент-жүйелі проблема. Мен болашақ журналист ретінде харассмент тақырыбын қоғамның назарында ұстауды өзімнің парызым деп санаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қоғам үнсіздігінен арылу уақыты келді!
Қоғам үнсіздігінен арылу уақыты келді!
Қоғам үнсіздігінен арылу уақыты келді!
Қазіргі заманда харассмент мәселесі күнде жиі көтерілсе де, оған деген қоғамның реакциясы көбіне бейтараптықтан әрі аспайды. Бұл тақырыпты талқылау кезінде басым көпшілік өзін сыртқы бақылаушы ретінде ұстайды, ал жәбірленушілер жиі үнсіз қалуға мәжбүр. Мен харассментке қарсымын және бұл құбылысты түп-тамырымен жою үшін әр адамның жауапкершілік алуы қажет деп санаймын. Үнсіздік-зұлымдықтың серігі-,деп білемін. Харассменттің басты мәселесі-оны айналып өту немесе жоққа шығару. Көптеген жәбірленуші өздерінің бастан кешкендерін айтуға қорқады, себебі қоғамның реакциясы көбіне күмәнмен немесе кінәлаумен шектеледі. Мысалы, «неге ертерек айтпадың?», «мүмкін өзің кінәлі шығарсың?» деген сұрақтар жәбірленушіге екінші мәрте зиян келтіреді. Бұл стереотиптер қоғамның проблеманы түпкілікті түсінбеуінен туындайды. Біздің үнсіздігіміз харассменттің жалғасуына жол ашады. Егер біз жәбірленушіні қорғаудың орнына оны кінәлауды жалғастырсақ, бұл құбылыстың таралуын тоқтату мүмкін емес. Әрбір адам кез келген жағдайға әділ көзқараспен қарауды үйренуі тиіс, себебі қоғамның мәдени деңгейі дәл осындай мәселелерді шешудегі әрекетінде көрінеді. Әрқайсысымыз жауапкершілікті сезінгеніміз дұрыс. Харассментті жою тек заңмен шектелмейді. Адамдардың күнделікті өмірде көрсететін қарым-қатынасы мен санасынан басталатын күрес. Қоғам мүшелерінің әрқайсысы мына сұрақтарға жауап беруі керек: «Мен әділетті қоғам құруға қалай үлес қоса аламын?», «Жәбірленушіге қалай көмектесе аламын?». Егер біз әрдайым «менің ісім емес» деп жүрсек, бұл мәселеден арылу мүмкін болмайды. Әр адам харассментке қарсы қозғалыстың бір бөлігі бола алады. Ол үшін көп күш жұмсау да қажет емес: тек жәбірленушіні қолдау, оларға сенім арту, әрі мұндай жағдайға бей-жай қарамау жеткілікті. Әрбір әрекет, тіпті ең кішкентай қадам да, үлкен өзгерістерге бастау бола алады. Журналистикадағы медиа-қазіргі қоғамның негізгі бағыттаушы күші. Біз ақпараттың көп бөлігін әлеуметтік желілер мен жаңалықтардан аламыз. Осы тұрғыда журналистердің харассмент мәселесін көтеруі және оны дұрыс жеткізуі өте маңызды. Көптеген адамдар бұл тақырыпты қозғағанда тек жекелеген жағдайларды мысалға келтіріп, мәселенің тереңдігін ашып көрсетпейді. Ал шын мәнінде, харассмент-жүйелі проблема. Мен болашақ журналист ретінде харассмент тақырыбын қоғамның назарында ұстауды өзімнің парызым деп санаймын.
шағым қалдыра аласыз













