«Қоғамдық пәндерді оқытуда заманауи әдістерді қолдану».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қоғамдық пәндерді оқытуда заманауи әдістерді қолдану».

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қоғамдық пәндерді оқытуда заманауи әдістерді қолдану» - атты мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Олар марапаттар үшін күрескен жоқ.

9 мамыр — халқымыздың жүрегіне үміт пен шаттық сыйлайтын жарқын мереке. Осыдан тура 80 жыл бұрын адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыстардың бірі — Ұлы Отан соғысы өз мәресіне жетті. Зұлмат жылдары жат қолының табаны біздің қасиетті жерімізге тигенде, еліміздің әрбір азаматы — бала да, дана да, ер де, әйел де — бір жұдырықтай жұмылып, Отанды қорғауға аттанды.

Бүгінгі бейбіт өмір — сол ұлы ерліктің жемісі. Біз жанқиярлықпен жауға қарсы тұрған батырларды құрметпен, ризашылықпен еске аламыз. Арамызда жүрген ардагерлерге де, мәңгілікке аттанған қаһармандарға да бас иеміз. Олар болмаса, көгіміз ашық, күніміз шуақты болмас еді.

1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы, 1939-1945 жылдарды қамтыған Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі ретінде тарихқа енді.

Қазақстан одақтас республика мәртебесінде КСРО құрамында болды (Қазақ КСР), 1941 ж. 22 маусымда Кеңес Одағына фашистік Германия армиясының шабуылы басталғаннан, соғысқа белсене қатысты.

Қызыл Армия қатарына 1 млн. 200 мың адам, КСРО армиясында қызмет еткен 178 мың жауынгерге қосымша, алынды. Олардың 600 мыңнан астамы соғыс майданында немесе түрлі жарақаттардан қайтыс болды. Қазақстандық жауынгерлер барлық шайқастарға белсенді қатысқан болатын. Майданның барлық бағыттарында қазақстандықтар жаулармен батыл соғысып, ерлік пен патриотизмнің ғажайып үлгілеріне айналды. Ұлы Отан соғысы майданында көрсеткен ерлігі үшін Қазақстанның жүздеген мың жауынгерлері КСРО-ның әскери ордендерімен және медальдарымен марапатталған болатын, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың ішінде қазақ қыздары да – пулеметші М. Мәметова және мерген А. Молдағұлова.

Төрт қазақстандық әскери ұшқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағының иегерлері болды.

1941 жылдың қыркүйек айының соңында басталған Мәскеу шайқасында Қазақстанда құрылған генерал И.В. Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясы ерекше орын алғаны белгілі. 16 қарашада Панфиловтың дивизиясы Ұлы Отан соғысының аңызына айналған шайқасқа қатысты. Бұл шайқаста 28 панфиловшылар Дубосеково торабының қарсаңында неміс танк батальонының жолына тұрып, 20-дан астам танкіні жойып, тоқтатқан болатын. Панфиловтың жиырма сегіз батырының ерлігі Мәскеу үшін шайқастың жарқын үлгілердің бірі болып, Екінші Дүниежүзілік соғыс тарихындағы бетбұрысы болғаны мәлім.

Мыңдаған қазақтар неміс фашистері басып алған территориялардағы партизандық қозғалыстарға да белсенді қатысты.

1945 ж. 30 сәуірде Рейхстагқа Жеңіс туын бірінші көтерген қазақстандық лейтенант Рақымжан Қошқарбаев және ресейлік жауынгер Григорий Булатов болды.

Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Республиканың экономикасы әскери қажеттіліктерге бағытталды. Қазақстан әскери өнеркәсіпте қажетті мыс, қорғасын, висмут, молибден, полиметалл өндірудің жетекші орындарына айналды. Қазақстанның қорғаныс зауыттары қарудың жаңа түрлерінің, снарядтардың, миналардың және басқа да әскери мақсаттағы құралдардың өңдірістерін игерді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы майданды азық-түлікпен, өнеркәсіпті – қажетті шикізатпен қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың атап өткендей «Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі айқын көрінеді. Армияны қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды деп айтуға болады. 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан жасалған болатын. Майданға 1500 вагон киім мен азық-түлік жіберілді. Басқаша айтқанда, біздің Жеңіске жетудегі үлесіміз айқын болды».

1945 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қиыр Шығыстағы қазақ жауынгерлері фашистік Германияның одақтасы - Жапонияның Квантунг армиясын тоқтатуға белсенді қатысты.

Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алады және әрқашан халықтар арасындағы татулық пен достықты қолдайды.




























Они сражались не ради наград.

9 мая – это светлый и радостный праздник. В этот день 80 лет назад закончилась Великая Отечественная война. Много лет назад немецкие войска напали на нашу землю, а наш народ от мала до велика, мужчины и женщины, включая детей и стариков, встали на защиту нашей Родины. Мы с благодарностью вспоминаем воинов, отстоявших мир. Всем нашим защитникам, и тех, кого с нами нет, мы обязаны тем, что живём сейчас под мирным, чистым небом.

Великая Отечественная война Советского Союза в 1941-1945 годах вошла в историю как часть Второй мировой войны 1939-1945 годов. Казахстан в годы Великой Отечественной войны являлся частью СССР в статусе союзной республики (Казахская ССР), поэтому вступил в войну с момента вторжения армии нацистской Германии на территорию Советского Союза 22 июня 1941 года. В ряды Красной Армии было призвано 1 млн 200 тыс. казахстанцев в дополнение к 178 тысячам служивших в армии СССР. Более 600 тысяч из них погибло на фронтах войны. Воины Казахстана принимали участие во всех сражениях. Боевыми орденами и медалями СССР были награждены свыше ста тысяч воинов из Казахстана, более 500 человек удостоены звания Героя Советского Союза. Среди них казахские девушки — пулемётчица М. Маметова и снайпер А. Молдагулова.

4 казахстанских военных летчика - Талгат Бигельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский дважды были удостоены звания Героя Советского Союза. В Московской битве, начавшейся в конце сентября 1941 года, особенно отличилась 316-я стрелковая дивизия под командованием генерала И. В. Панфилова, сформированная в Казахстане. 16 ноября рота панфиловской дивизии приняла бой, которому суждено было стать легендой Великой Отечественной войны.В этом бою 28 панфиловцев, возле разъезда Дубосеково, встали на пути немецкого танкового батальона и остановили его, выведя из строя 18 танков и множество пехоты, таким образом внеся незаменимый вклад в остановку врага по всему фронту. Подвиг двадцати восьми героев панфиловцев стал одним из ярчайших символов битвы за Москву, поворотной вехи в истории всей Второй мировой войны.

Тысячи казахов приннимали активное участие в партизанском движении на территориях, оккупированных немецкими нацистами.

30 апреля 1945 года казахстанец лейтенант Рахимжан Кошкарбаев и россиянин рядовой Григорий Булатов в числе первых прикрепили красный флаг Победы к зданию Рейхстага.

Казахстан превратился в мощный арсенал фронта. Экономика республики была ориентирована на военные нужды. Более 700 тысяч казахстанцев были призваны в ряды трудовой армии и привлечены к работе на оборонных предприятиях. Казахстан занял ведущее место в производстве меди, свинца, висмута, молибдена, полиметаллов, необходимых для военной промышленности. Оборонные заводы Казахстана освоили выпуск новых образцов оружия, снарядов, мин и других видов продукции военного назначения. Сельское хозяйство Казахстана обеспечивало фронт и тыл продовольствием, промышленность — необходимым сырьём.

Как отметил Президент Казахстана К.Токаев «Вклад казахстанцев в победу был очевиден. Можно сказать, что Казахстан сыграл ключевую роль в снабжении армии. 9 из 10 пуль были отлиты из казахстанского свинца. Мы направили на фронт 1500 вагонов одежды и продуктов питания. Другими словами, наш вклад в достижение Победы был очевиден».

В августе-сентябре 1945 года казахстанские солдаты на Дальнем Востоке приняли активное участие в разгроме Квантунской армии Японии - союзницы нацистской Германии.

Народ Казахстана чтит память о погибших в Великой Отечественной войне и всегда будет выступать за мир и дружбу между народами.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.06.2025
54
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі