Қоғамға қызмет ету

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамға қызмет ету

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: қоғамға адал қызмет ету туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: • Отан,қоғам ұғымын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру; • жауапкершілік,адалдық қасиеттерін дамыту; • Отанды,қоғамды құрметтей отырып,татулық,бірлікке тәрбиелеу тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Свободный орта мектебі

Мерзімі: 28.11.2018ж

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Мұғалімі: Мұсатай Т.Ә. Сыныбы: 7 «А» Оқушылар саны:

Сабақ: №15

Тақырыбы: «Қоғамға қызмет ету»

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, татулық, бірлік,адалдық

Сабақтың мақсаты: қоғамға адал қызмет ету туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Отан,қоғам ұғымын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;
• жауапкершілік,адалдық қасиеттерін дамыту;

Отанды,қоғамды құрметтей отырып,татулық,бірлікке тәрбиелеу тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) видеоролик,

өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару. 5 «Т» ережесі

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық


Тыныштық сәтi.

"Ойша суасты патшалығына саяхат жасау."

(Оқушыларды түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды. Жайлы, баяу музыканы қою).

Мұғалім: Көздеріңді жұмып, бірнеше рет демалып, дем шығарыңыздар. Денені бос ұстаңдар.

Біз теңіз жағалауында жүрміз деп ойлаңыз. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсыз ба? Жалаң аяқ астында жұп- жұмсақ құмды сезесіз бе, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадыңыз, ол не екен? ... ол дельфин, дельфин жүзіп сізді теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлап оның арқасына отырып алыңыз да саяхатқа шығыңыз. Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досыңыз сізге бар ыңғайды жасап келеді. Мөп- мөлдір суастында сіз өмірі көрмеген түрлі- түсті өсімдіктер мен балықтың бірнеше түріне тап болдыңыз. Алдыңызда үлкен балықтар өтіп жатыр, ал анау алыстағы Сегіз аяқ болады. Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңізші... Кәдімгі көк экрандағыдай көрініс. Осы жағдайда сәл бола тұрыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз тұрады).

Ал енді жоғарыдағы өз әлемімізге қайту үшін дайындалыңыздар. Жан- жағыңызға мұқият қарап алыңыз. Неткен тыныштық, неткен сұлулық, осы тыныштықтың сізге қалай әсер ететіндігін есте сақтаңыз. Дельфин жер бетіне қайтпақшы, сіз жағалауға келдіңіз. Дельфиннен түсіп, оны маңдайынан сипап, саяхат үшін оған ризашылығыңызды білдіріңіз.

Бөлмеге келіп, өз орныңызға да жеттіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашасыз, бірақ осы тыныштық сезіміңізді сақтап қалуға тырысыңыз.


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына 15 сабақ Ы.Жақаев «Кезек сенікі,келер ұрпақ... » әңгімесі.

- Ыбырай Жақаевтың бізге деген өсиет әңгімесінен не ұқтыңдар?

- Өздеріңнен «Әлемдегі ең асыл не»? деп сұраса,қалай жауап берер едіңдер?

- Қарт диқан қоғамға қалай қызмет етті?

- Мәтіндегі «Бір үйлі жанбыз,бір-бірімізге мейманбыз» деген ойды қалай түсіндіңдер? ?

- Ал бізге қалай қызмет етуді аманаттайды

- Ыбырай Жақаев айтқан алты қасиет адам бойында болу үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар ?

Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама , ел үшін өзім не істей алам деп сұра»

Дж.Кеннеди

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет, бәрі бірге қайталайды


4.Мұғалім сыйы:

Мемлекеттік қызмет - елге қызмет!

атты видеоролик көрсетіледі,оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды таратылған әр түрлі кәмпит түрлері бойынша топтастыру.

Оқулықтағы 3,4- тапсырма. Мәтінді оқып,осындай жағдайларда қандай азаматтық көрсетер едіңдер?Ойларыңмен бөлісіңдер.


7. Топпен ән айту

Атамекен

Әні: Роза Әлқожа
Сөзі:Төлеген Айбергенов

1. Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп,
Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,
Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа
Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп.

о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте 
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет

мен сендік азаматтық сертімменен 
дауысыңа дауыс қосам шертілмеген .
мен сенің серпілмеген күніңе де 
қараймын кереметтеи серпінменен .

о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте 
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет

бәрін де мендегінің анамша ұғып ,
тұрсың ба болашағыма алаңшы үміт .
мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын 
кететін сенен шығып , саған сіңіп .

о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте 
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын .
2 рет


7. Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс 1- тапсырма

16сабақ 62-бет. Бауыржан Момыщұлы «Жас ұрпаққа айтар сөз» мәтінін оқып келу.



8. Сабақтың қорытынды минуты

Баяу әуен қою
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық.Бүгінгі сабақтан алған барлық айтылған жақсы ойларды, әсерлеріңді жүрегімізге орналастырайық!Жаймендеп көзімізді ашуға болады!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
932
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі