Материалдар / Қолдың ұсақ моторикасын дамыту қаншалықты маңызды?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту қаншалықты маңызды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолдың ұсақ моторикасын дамытудың маңыздылығы. Физиологиялық тұрғыдан айтқанда «ұсақ моторика» қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Ұсақ моториканы дамыту бұл ең алдымен сөйлеуді, тілді дамыту үшін керек. Себебі, қолдың саусақ қимылдары мен сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан, қолдың саусақтары қимылынан бастағы ми қыртысына импульс жіберіледі, осылайша оған жақын орналасқан сөйлеу аймақтары белсендендіріледі. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ағзадағы барлық қозғалысқа жауап беретін ми қыртыстарының үштен бір бөлігінің жүйке нүктелерінің кескіні алақан мен саусақтарда орналасқан. Сондықтан зерттеушілер алақанды екінші тіл деп те атайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Тамыз 2021
544
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту қаншалықты маңызды?


Баланың саусақтарындағы ұсақ моторикаларды дамыту туралы біз көп естиміз. Ал «ұсақ моторика» дегеніміз не? Ол моториканы дамыту не үшін керек?

Физиологиялық тұрғыдан айтқанда «ұсақ моторика» қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Ұсақ моториканы дамыту бұл ең алдымен сөйлеуді, тілді дамыту үшін керек. Себебі, қолдың саусақ қимылдары мен сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан, қолдың саусақтары қимылынан бастағы ми қыртысына импульс жіберіледі, осылайша оған жақын орналасқан сөйлеу аймақтары белсендендіріледі. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ағзадағы барлық қозғалысқа жауап беретін ми қыртыстарының үштен бір бөлігінің жүйке нүктелерінің кескіні алақан мен саусақтарда орналасқан. Сондықтан зерттеушілер алақанды екінші тіл деп те атайды.

Баланың жалпы дамуында ұсақ моториканың алатын орны ерекше. В.А.Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі.

Қол моторикасын дамытуды баланың нәрестелік шағында-ақ бастаған жөн. Нәрестенің қолына саусақ жаттығуы – саусаққа арналған массаж жасаған тиімді. Сол арқылы ми қыртысымен байланысты биологиялық нүктелерге әсер етеміз.

Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Өйткені біз тек сөйлеу тілін ғана дамытып қоймай, баланың қолын қаламмен жазуға да жаттықтырамыз. Өкінішке қарай, соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады. Әрине, бұл олардың кінәсі емес. Сөйлеу тілінің бұзылуы баланың белсенді қозғалысының жетіспегендігінен, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикасының дұрыс дамымағандығынан болады екен. Бұрынғы кезде қолдың моторикасына арнайы назар аударып дамытпаған, өйткені балалар ерте жастан бастап үй жұмыстарына етене араласып, 5-6 жасынан бастап қамырмен жұмыс істеп, дақылдарды тазалап, қоқым терген, оның үстіне таза ауада құммен, топырақпен де көп ойнаған, осылайша қол моторикасын арнайы жаттығусыз-ақ өздері дамытып жүрген.

Қазіргі, мына дамыған заманда тұрмысымыз жақсарды, уақытымызды үнемдейтін құрылғылар шығып қол еңбегімізді барынша қысқартты. Алайда, таяқтың екі ұшы бар дегендей, осы тұрмысымыз біздің балаларымызға кері әсер етіп, қол моторикасының табиғи түрде дамуына шектеу қоюда. Енді қол моторикасын арнайы түрде дамытуға мәжбүр болып отырмыз. Арнайы қол моторикасын дамытудың өз заңдылықтары бар. Ойындар мен жаттығулардың жас ерекшеліктеріне сай болуы және «оңайдан қиынға қарай» қағидасын ұстанылуы өте маңызды.

«Қуыр - қуыр қуырмаш» ойынын ойнасаңыз болады.

Балаңыздың қолын алып, алақанына өзіңіздің саусағыңызбен айналмалы қозғалыс жасаңызда: «Қуыр-қуыр қуырмаш, бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкетай бөбек» деп түгел айтыңыз. Сөйтіп, бес саусақты түгел жұмасыз. Тағы да бас бармақтан бастап, бес саусақты түгел ашып:"сен тұр - қойыңа бар, сен тұр - түйеңе бар, сен тұр - жылқыа бар", - деп санап шығуы керек. Содан кейін "қуыр- қуыр - қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Әжең келсе есік аш, Қасқыр келсе мықтап бас, Ұры бөрі сұғанақ, Мұның бәрі малға қас" деп балаңыздың алақанын қытықтайсыз. Сөйтіп, ойын бірнеше рет қайталап ойнаңыз.

Дәнді – дақылдар

А) Ең алдымен бір дәнді дақылды алыңыз, мысалы: күріш немесе маш. Сосын оны балаңызға бір ыдыстан екінші ыдысқа воронка арқылы салуды көрсетіңіз, осы кезде өз қолыңызбен салсаңызда болады немесе қасықпен воронкаға салсаңызда болады. Содан кейін балаңызға осыны қайталап жасатыңыз. Естен шығармаңыз! Кез келген ұсақ моториканы дамыту әдісін балаңызбен бірге отырып жасаңыз. Біріншіден, сақтық шарасы бала ұсақ затты аузына салып қоймас үшін бақылап отырасыз. Екіншіден, бала айтқанды емес көргенді жасайды, сондықтан, қасында бірге отырып жасағаныңыз дұрыс.

В) Екі немесе үш түрлі дәнді дақылды алып араластырыңыз, мысалы: фасоль күріш және макарон т.б. өз қалауыңыз бойынша. Сол араласқан дәнді дақылдарды әр ыдысқа бөлек бөлек ажыратып салу керек екенін көрсетіңіз және балңызбен бірге отырып жасаңыз.

Қағаздармен жаттығулар

А) Бұл жаста бала қағаздарды жақсылап мыжи алады. Сондықтан, балаңызбен қағаздарды мыжып бірге жинап дөңгелек «кішкентай доп» жасаңызда, оны бір ыдысқа лақтырып салуды ойнаңыз.

Есте сақтаңыз! Балаңызға кез келген қағазды жыртуға, мыжуға болады деген түсінік қалдырмаңыз. Арнайы ескі қазғазды ғана қолдануға болатынын көрсетіңіз. Және ешқашан ескі журнал, кітаптарды жыртып, мыжымаңыз, кейін балаңыз үйіңіздегі кез келген қағаздарды мыжып, жыртуы мүмкін. Ал, бұл өте қауіпті, себебі үйдегі қажетті құжаттарда осындай әрекеттерден құртылып, жоқ болуы мүмкін. Одан бөлек, осындай жағдай орын алса, балаңызға ұрсып, психологиялық травма, стресс алуы мүмкін. Ал кез келген стресс баланың ары қарай дамуына өзіндік кедергісін тигізеді.

2-3 жас аралығында баланың ұсақ моторикасын дамыту әдістері

Заттарды түстері және пішіні бойынша ажыратуды үйрету

Осылайша заттарды түстері бойынша ажыратып ойнауға болады. Мұндай кезде баланың зейінін, талдауы, ажыратуы және түстерді атау бойынша сөздік қоры көбейеді.

Нүктелі суреттерді қаламмен ұстап қосып сызу немесе ол суреттерді бояу




Ұсақ моториканы дамытуға арналған қажетті заттар:

Алақан және табан саусақтарына массаж жасау

Қағазбен жұмыс, қию, жабыстыру

Әртүрлі моншақтармен, түймемен, тастармен ойнау

Графикалық сызықтармен жұмыс жасау

Қайшымен қиып жұмыс жасау

Пластилинмен ойнау

Сурет салу

Бау жіптермен ойнау (шнуровка)

Конструктор мозайкамен ойнау

Саусақтарға арналған гиманстика жасау. Жалпылама айтқанда, осындай негізгі заттар арқылы балаңыздың ұсақ моторикасын дамытасыз.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!