Қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қоршаған орта арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру



Тұрғанбай С.Б. Тілеп Н.Н.

1Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

Қазақстан, Алматы қ., почта: sulu_04@icloud.com, tilepnargiz04@icloud.com


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан- 2030 стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық , отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған. Мұндай аса жауапты міндеттерді жүзеге асырудың алғашқы сатысы-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуден бастау алады.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа ғылыми білім берумен шектелу жеткіліксіз, оларды адамгершілікке тәрбиелеп, бала бойына ізгілікті, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру қажет.

Мақалада біз мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесі туралы айтатын боламыз. Біз бұл тақырыпты егжей-тегжейлі қарастырамыз.

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып, табиғаттың сулулығын сезіне білуге уйретеді. Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат кунтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жузеге асады. Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда сезіну, танып білу-жузеге асыру-осы уш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тимімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу қажет. Жана ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көзалдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан балабақшашамызда күнделікті жумыс барысында тәрбие ісіңің негізгі міндеттеріңің бірі-балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру болып табылады. Біз кунделікті жумысымызда баланы өз туған өлкесін, табиғатын суюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен өмір суретінін үйретеміз.



Түйін сөздер:

Адамгершілік, Тәрбие, Еңбек, Экологиялық тәрбие, Мектеп жасына дейінгі балалар, Қоршаған орта.



Адамгершілік деген ұлы сөз. Адамның игі іс – әрекеті, еңбек, достық, таттулық – осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу отбасы мен балабақшадан бастау алады. Адамгершілік тәрбиелеудің негізгі әдістерене түсіндіруді жатқызуға болады. Оның құралдар ретінде мақалдар мен мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер мен аңыз-әңгімелер жатады. Адамгершілік тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына көз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну кеңес, мақұлдау, сәттілік тілеу, тыйым салу, ант беру жатады.

Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам - адамдық тәрбие болып, тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалы қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік - қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Ал, адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың салт –дәстүр, әдет-ғұрпында, өнерінде. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Қай заман болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол келешек қоғамның иелерін жан-жақты жетілген, парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі. И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі.

И.Г.Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.

Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.

Адамгершілік тәрбиесі балалардың отбасына, қоғамға, еңбекке, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады.

Мектепке дейінгі жаста бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғат пен қарым-қатынас жасаудың бастапқы тәжірбиесіне ие болады.Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және инициатива көрсету сияқты адамдарға маңызды сипаттарды қалыптастырады. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Сондықтан да, балаларды қоршаған ортамен үнемі қарым- қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.

Қоршаған орта арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу барысында экологиялық тәрбие қатар жүреді. Себебі, экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтық борыш, ғылыми білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуға негізделген. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын бір рет өткізуге болады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардың пайдалы іс-әрекеті, ауладағы жапырақтарды жинау, жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б.). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, балыққа жем беру. Көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындалған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру.

Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ,бүршік, өсімдік т.б.) мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесі қарсаңында жас шыбықтар отырғызып, оны күтуді күнделікті әдет-дағдыға айналдыру. Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу, психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізу, сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларын табиғат көрінісінің суретін салып, әңгімелеп айтып беру. Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына, баққа, гүл алаңына барған кезде, айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттырады. Экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік, еңбек тәрбиелерімен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады.

Мысалы, серуен кезінде тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю қураған жапырақтарды бір жерге жинау, өсімдіктерді суару, ағаш түптерін тазалау сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады. Нәтижесінде өсімдіктерді жұлмауға, құстарды қорғай білуге дағдыланады, өздерінің мұның пайдалы іс-әрекетімен құрбыларына да ықпал жасайды. Ал осындай дағдыларға қалыптасқан баланың бойында адамгершілік тәрбиесі де қалыптасады.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын — жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Ұлы педагог В.Сухомлинский - ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар. Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.

Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады .

Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу проблемалары баланың екі билік арасында ауытқуы болып табылады. Бір жағынан бұлар тәрбиешілер болса, екінші жағынан ата-аналар. Бірақ бұл мәселенің оң жағы да бар. Ерте балалық шақтағы білім беру провайдерлері мен ата-аналар бірлесіп, үлкен нәтижеге жете алады. Бірақ, екінші жағынан, баланың қалыптаспаған тұлғасы өте шатастыруы мүмкін. Сонымен бірге, балалар санадан тыс деңгейде өзін тәлімгер деп санайтын адамның мінез-құлқы мен реакциясын көшіретінін ұмытпайық.

Бұл мінез-құлықтың шыңы алғашқы мектеп жасында болады. Егер Кеңес заманында әр баланың барлық кемшіліктері мен қателіктері бәріне көрініп тұрса, қазіргі әлемде мұндай мәселелер жабық есік жағдайында талқыланады. Сонымен қатар, ғалымдар сынға негізделген білім мен оқытудың нәтижелі бола алмайтынын әлдеқашан дәлелдеген.

Қазіргі уақытта кез-келген проблеманы көпшілікке жария ету жаза ретінде түсіндіріледі. Бүгінгі таңда ата-аналар мұғалімнің жұмысына көңілі толмаса, оның үстінен шағымдана алады. Көп жағдайда бұл араласу жеткіліксіз екенін ескеріңіз. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеуде тәрбиешінің беделі үлкен маңызға ие. Бірақ мұғалімдердің белсенділігі азайып барады. Олар бейтараптықты сақтайды, балаға зиян тигізбеуге тырысады, бірақ осылайша және оған ештеңе үйретпестен. [01:05, 07.12.2023] Nargiza?: Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі белгілі бір құралдар мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді, біз оларды төменде талқылаймыз.

Біріншіден, бұл шығармашылық өзінің барлық көріністерінде: музыка, әдебиет, бейнелеу өнері. Осының арқасында бала әлемді бейнелі түрде қабылдауға және оны сезінуге үйренеді. Сонымен қатар, шығармашылық өзінің сезімдері мен эмоцияларын сөз, музыка немесе суреттер арқылы білдіруге мүмкіндік береді. Уақыт өте келе, бала әркім өзін өзі қалағандай жүзеге асыруға ерікті екенін түсінеді.

Екіншіден, бұл сау психиканы қалыптастырудың қажетті факторы болып табылатын табиғатпен байланыс. Бастапқыда, табиғатта уақыт өткізу әрдайым баланы ғана емес, кез-келген адамды күш-қуатпен толтыратынын атап өтеміз. Қоршаған әлемді бақылай отырып, бала табиғат заңдылықтарын талдауға және түсінуге үйренеді. Осылайша, нәресте көптеген процестердің табиғи екенін түсінеді және олардан ұялмауы керек.

Үшіншіден, ойындарда, жұмыста немесе шығармашылықта көрінетін қызмет. Сонымен қатар, бала өзін-өзі көрсетуді, өзін-өзі ұстауды және өзін белгілі бір түрде көрсетуді, басқа балаларды түсінуді және қарым-қатынастың негізгі принциптерін практикада қолдануды үйренеді. Сонымен қатар, соның арқасында нәресте сөйлесуді үйренеді.

Қазіргі уақытта экология біліммен өте тығыз байланысты, өйткені жердің пайдасына адамгершілікпен және ақылға қонымды түрде қарайтын ұрпақ тәрбиелеу өте маңызды. Қазіргі адамдар бұл жағдайды бастады, ал экология мәселесі көпшілікті алаңдатады. Экологиялық апаттың қалай аяқталатынын барлығы жақсы біледі, бірақ ақша бәрібір бірінші орында тұрады.

Балаларға заманауи білім мен тәрбие беруде балалардың өз жері мен қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу маңызды міндеті тұр. Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты адамгершілік-патриоттық тәрбиені осы аспектісіз елестету мүмкін емес.

Экологиялық санасы бар адамдардың арасында уақыт өткізетін бала ешқашан аңшы болмайды, қоқысты ешқашан көшеге тастамайды, т.с.с. Ол өзінің кеңістігін үнемдеуді кішкентай кезінен үйренеді және осы түсінікті ұрпағына береді.

Тұжырымдай келе адамгершілік – адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау. Балалар - бүкіл әлемнің болашағы деп айтайық. Бұл біздің болашақ планетамыздың болашағы бар-жоғы болашақ ұрпақтың қандай болатынына байланысты. Мектеп жасына дейінгі балада адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу - бұл барлық тәрбиешілер ұмтылуға болатын мүмкін және жақсы мақсат.






ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. «Табиғатты қорғау» - Қаженбаев С., Махмудов С.// Алматы 1992 ж.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру.

3. Мектепке дейінгі педагогика. «Мектеп», 2006

4. «Жкология негіздері» - Жатқанбаев Ж.// Алматы «Зият» 2003 ж.

5. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» - Есполов А.// Алматы 2001 ж.

6. «Қазіргі жаратылысану конвенциялары» //Алматы 1997 ж.

7. «Экология» Оспанова А.Г.//Алматы 2001 ж.
























Формирование нравственных качеств дошкольников через среду.



Турганбай С.Б. Тилеп Н.Н.

1Казахский национальный женский педагогический университет,

Казахстан, Алматы, почта: sulu_04@icloud.com, tilepnargiz04@icloud.com


В стратегии «Казахстан-2030», предложенной нашим Президентом Н.А. Назарбаевым, одним из основных направлений является необходимость воспитания нового поколения казахстанцев, которое, учитывая национальную модель и традиции народа, сможет противостоять своим сверстникам в цивилизованном мире. стран с точки зрения образования и навыков и имеют сильный национальный и патриотический дух. Первый этап реализации столь ответственной задачи начинается с дошкольного образования и воспитания.

Сегодня недостаточно ограничить научное образование молодым поколением, необходимо воспитывать их в нравственности и формировать у ребенка добродетельные и общечеловеческие ценности.

В статье мы поговорим о нравственном воспитании детей дошкольного возраста. Мы рассмотрим эту тему подробно.

В дошкольном периоде ребенок знакомится с окружающей средой. Вызывая у ребенка интерес к познанию природы, педагог знакомит его с природой и учит чувствовать красоту природы. Овладение простыми экологическими понятиями тесно связано с повышением познавательного интереса ребенка к объектам окружающей среды. Познавательное развитие ребенка происходит во время игры, наблюдения за предметами и явлениями природы, рассматривания и изучения вещей, умения рассказывать результаты наблюдения за природой и погодой по природному календарю, работы и других занятий. Всестороннее развитие ребенка формируется на основе его активного взаимодействия с окружающей средой. В связи с этим необходимо организовать работу по этим трем направлениям: чувствовать, познавать, осознавать. Для этого необходимо выбирать эффективные методы. И мы не можем представить себе в этом столетии воспитание ребенка без природы. Поэтому одной из основных задач воспитания в ходе повседневной работы в нашем детском саду является познакомить детей с окружающей средой и обеспечить им экологическое воспитание. В своей повседневной работе мы учим ребенка любить свою родину, природу, беречь ее, повышать его заинтересованность в ее защите, усиливать его ответственность, жить с природой.



Ключевые слова:

Мораль, Образование, Труд, Экологическое воспитание, Дошкольники, Окружающая среда.

















Formation of moral qualities of preschool children through the environment.



Turganbai S.B. Tilep N.N.

1Kazakh National Women's Pedagogical University,

Kazakhstan, Almaty, mail: sulu_04@icloud.com, tilepnargiz04@icloud.com


In the “Kazakhstan-2030” strategy proposed by our President N.A. Nazarbayev, one of the main directions is the need to educate a new generation of Kazakhstanis, which, taking into account the national model and traditions of the people, will be able to withstand their peers in the civilized world. countries in terms of education and skills and have a strong national and patriotic spirit. The first stage of implementing such an important task begins with preschool education and upbringing.

Today it is not enough to limit scientific education to the younger generation; it is necessary to educate them in morality and to form virtuous and universal values ​​in the child.

In the article we will talk about the moral education of preschool children. We will look at this topic in detail.

During the preschool period, the child becomes familiar with the environment. By arousing a child’s interest in learning about nature, the teacher introduces him to nature and teaches him to feel the beauty of nature. Mastering simple environmental concepts is closely related to increasing the child’s cognitive interest in environmental objects. The child’s cognitive development occurs during play, observing objects and natural phenomena, examining and studying things, the ability to tell the results of observing nature and the weather according to the natural calendar, work and other activities. The comprehensive development of a child is formed on the basis of his active interaction with the environment. In this regard, it is necessary to organize work in these three areas: to feel, to cognize, to realize. To do this, it is necessary to choose effective methods. And we cannot imagine raising a child without nature in this century. Therefore, one of the main tasks of education during daily work in our kindergarten is to introduce children to the environment and provide them with environmental education. In our daily work, we teach the child to love his homeland, nature, take care of it, increase his interest in protecting it, increase his responsibility, and live with nature.



Keywords:

Morality, Education, Labor, Environmental education, Preschoolers, Environment






























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.12.2023
317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі