"Қош бол, білімнің бастауы- бастауышым!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қош бол, білімнің бастауы- бастауышым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті ағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Қош бол, білім бастауы-бастауышым!

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті ағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Мұғалім: Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4-сыныптың «Қош бол, білім бастауы-бастауышым!" атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!


Мереке 2 бөлімнен тұрады.

1бөлім «Білім бастауы- бастауыш»(пәндерден алған білімдерін ортаға салады)

2бөлім «Бастауыш саған мың алғыс» (мекереклік іс-шара)

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұнда күй болған сірә қаншаңыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «А» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға сахнаға шығады)
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман-тілек, талаптарың.
Айзере: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Қайсар:

 Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Бағлан: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Хормен: Ұлылықты аруақ тұтар үнемі

Алтын ұя ақ босаға киелі

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры: Мауленова Базар апайға беріледі.


Айзере:Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан

Бағлан:Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Қайсар:Білім бар білім десең баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.


1бөлім «Білім бастауы- бастауыш»


Айзере:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

 Бағлан: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

Қайсар: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 Айзере: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

 Қайсар:Үйренеміз жалықпай,

Орыс,ағылшын тілідерін шарықтай.

2бөлім «Бастауыш саған мың алғыс» (мекереклік іс-шара)
1 - жүргізуші:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.
Сондықтан Рита, Гульмира ұстаздарымызға
Хормен: «Мың алғыс!»

Ән: Ұстаз-Ана


Читать и писать на русском

Нас научила она

Это наша царица

Думан Хайсовна

Би: Галинка

Ән: Алғашқы ұстаз

Бану апайға біз сендік,

Шетел тілін үйрендік

Ағылшынша жазып та ,

Біз сөйлеуді үйрендік.

Ән:Ардақты ұстаз

Жылы сөзбен қарсы алып

Бізді баурап алдыңыз,

Үйреткен өзін-өзі тануды

Ақтоты апай сізге рахмет.

Ән: Алғашқы ұстазым

Алтын ұя мектеп рухын

Даралап тағзым етеміз,

Білімді әрі жалғастырып

Арманға біздер жетеміз.

Ән:Мектебім, аяулы мектебім

Би:Қара жорға

Ән: Ұстазға мың тағызым!

Барлық оқушылар қосылып:

Сүйікті біздің ұстазымыз...

Айтамыз біз рахмет

Денсаулық тілеп, бақ тілеп,

Аброй, атақ, бәр жақсыны

Тілейді Сізге, жас түлек.

Бәрі:

  • Орта буын қатарына қосыла отырып, салтанатты түрде ант етеміз!

Қайсар:

  • Тақта алдында бірде-бір сұрақты қалт жібермей, үздік қақпашыдай тұруға;

Айзере:

  • Жылдам да ширақ болуға, бірақ дәліздегі жылдамдықты 60км/ сағаттан асырмауға;

Бағлан:

  • Білім теңізінде түбіне дейін сүңги отырып, тек жақсы жүзуге;

Бәрі:

  • Ұстазымның сеніміне лайық болуға;

Бәрі: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

Музыкалық салем. Хор «Ақ тілек»
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.05.2019
781
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі