ҚОСАЛҚЫ МӘТІНДЕР
Рецензия (пікір) Рецензия (лат. recensio – шолу, тексеру, қарастыру) – ғылыми немесе басқа да ақпараттық құбылысты сыни тұрғыдан талдауды қамтитын жазбаша қосалқы мәтін. Мақсаты: ғылыми немесе басқа да ақпараттық құбылыс туралы негізделген бағалаушы пікір қалыптастыру. Рецензия ғылыми немесе публицистикалық рецензия болуы мүмкін. Рецензия ақпарат беруге бағытталуымен және еркін құрылымда болуымен сипатталады. Рецензияланатын шығарманың өзектілігі мен жаңашылдығына; оның ғылымға немесе мәдениетке қосатын үлесіне; өз саласында және қоғамда қалыптасқан жағдайға әсеріне баса назар аударылады. Рецензия пайымдама мәтінге жатады. Негізгі тезис – рецензенттің бұл жұмыстың жаңашылдығы туралы ойы осы жұмыс негізінде дәлелденіп, сипатталады. Дәлелдемелерде бастапқы мәтіннің материалдары, сала бойынша арнайы деректер мен рецензенттің жеке тәжірибесі, басқа адамдардың пікірлері келтіріледі. Рецензиялар аналитикалық сипатта және бағалауға бағытталған пікірлерді қамтиды. Рецензияның келесі құрылымдық қажетті компоненттері қарастырылады: 1) Шығарма туралы ақпарат (авторы, атауы, әзірленген және жарияланған орны мен уақыты). 2) Жалпы сипаттамалары – шығарманы бағалау (сюжетті баяндау және түсініктеме беру, шарықтау шегін сипаттау, үзінділер келтіру және басқа да тәсілдер). 3) Шығарманың мазмұны мен формасын талдау. 4) Шығарманың автор шығармашылығындағы немесе тұтас әдеби процестегі орнын айқындау. 5) Рецензияланатын шығармаға болашақ оқырманның назарын аудару. Сонымен, рецензия шығарманы талдау және оны тұлға ретінде қабылдау сипатын қамтитын тілдік тұжырымдама болып табылады.
Сұхбат (интервью) Сұхбат – диалогтік жанр, мақсатты түрде жүргізілетін әңгіме. Сұхбат түрлері: сұхбат-диалог – жазушымен, сыншымен сұхбат; сұхбат-полилог (мысалы, болжамдалатын дөңгелек үстел отырысы); сұхбат-монолог (әңгімелесу үшін таңдалған адамға сұрақ қойылады және сұхбат алушы оның сөзін бөлмей, егжей-тегжейлі жауап алынады) т.б. Сұхбаттың құрылымы: 1) кіріспе (сұхбат беруші мен сұхбат алушыны таныстыру; қарастырылатын проблеманы және сол проблеманы білетін адамды таныстыру); 2) негізгі бөлім (сұрақтар мен жауаптар жүйесі); 3) қорытынды (қорытындылаушы сұраққа жауап; сұхбат жүргізушінің қорытынды тұжырымы). Эссе
Эссе – дербестендірілген сипаттағы жанр; «шағын көлемді және еркін композициялы, белгілі бір жағдайға немесе мәселеге қатысты жеке әсер мен ой-пікірді білдіретін және тақырыпқа қатысты айқындаушы немесе толыққанды сипаттама болуға ұмтылмайтын прозалық шығарма» (В.С. Муравьев. Қысқаша әдеби энциклопедия. М., 1973). 8-том, 961-бет). Эссенің түрлері: философиялық, тарихи-өмірбаяндық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік, академиялық. Эссенің ерекшеліктері: образдылық, афоризмдік, әңгімелеу сипатын ұстану. Эссеге «қатаң емес» жанрлық сипаттама тән. Сондықтан оның құрылымы өте қарапайым болады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды; эссе кіріспесінің өзіндік ерекше құрылымы болады (екі немесе үш бөлімнен құралған), ол эссенің түріне қарай өзгешеленуі мүмкін. «Заманауи оқу стратегиялары: теория және практика. Мағынаны түсініп оқу және мәтінмен жұмыс» кітабының материалдары бойынша, авторлары Пранцова Г.В., Романичева Е.С
1
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚОСАЛҚЫ МӘТІНДЕР
ҚОСАЛҚЫ МӘТІНДЕР
ҚОСАЛҚЫ МӘТІНДЕР
Рецензия (пікір) Рецензия (лат. recensio – шолу, тексеру, қарастыру) – ғылыми немесе басқа да ақпараттық құбылысты сыни тұрғыдан талдауды қамтитын жазбаша қосалқы мәтін. Мақсаты: ғылыми немесе басқа да ақпараттық құбылыс туралы негізделген бағалаушы пікір қалыптастыру. Рецензия ғылыми немесе публицистикалық рецензия болуы мүмкін. Рецензия ақпарат беруге бағытталуымен және еркін құрылымда болуымен сипатталады. Рецензияланатын шығарманың өзектілігі мен жаңашылдығына; оның ғылымға немесе мәдениетке қосатын үлесіне; өз саласында және қоғамда қалыптасқан жағдайға әсеріне баса назар аударылады. Рецензия пайымдама мәтінге жатады. Негізгі тезис – рецензенттің бұл жұмыстың жаңашылдығы туралы ойы осы жұмыс негізінде дәлелденіп, сипатталады. Дәлелдемелерде бастапқы мәтіннің материалдары, сала бойынша арнайы деректер мен рецензенттің жеке тәжірибесі, басқа адамдардың пікірлері келтіріледі. Рецензиялар аналитикалық сипатта және бағалауға бағытталған пікірлерді қамтиды. Рецензияның келесі құрылымдық қажетті компоненттері қарастырылады: 1) Шығарма туралы ақпарат (авторы, атауы, әзірленген және жарияланған орны мен уақыты). 2) Жалпы сипаттамалары – шығарманы бағалау (сюжетті баяндау және түсініктеме беру, шарықтау шегін сипаттау, үзінділер келтіру және басқа да тәсілдер). 3) Шығарманың мазмұны мен формасын талдау. 4) Шығарманың автор шығармашылығындағы немесе тұтас әдеби процестегі орнын айқындау. 5) Рецензияланатын шығармаға болашақ оқырманның назарын аудару. Сонымен, рецензия шығарманы талдау және оны тұлға ретінде қабылдау сипатын қамтитын тілдік тұжырымдама болып табылады.
Сұхбат (интервью) Сұхбат – диалогтік жанр, мақсатты түрде жүргізілетін әңгіме. Сұхбат түрлері: сұхбат-диалог – жазушымен, сыншымен сұхбат; сұхбат-полилог (мысалы, болжамдалатын дөңгелек үстел отырысы); сұхбат-монолог (әңгімелесу үшін таңдалған адамға сұрақ қойылады және сұхбат алушы оның сөзін бөлмей, егжей-тегжейлі жауап алынады) т.б. Сұхбаттың құрылымы: 1) кіріспе (сұхбат беруші мен сұхбат алушыны таныстыру; қарастырылатын проблеманы және сол проблеманы білетін адамды таныстыру); 2) негізгі бөлім (сұрақтар мен жауаптар жүйесі); 3) қорытынды (қорытындылаушы сұраққа жауап; сұхбат жүргізушінің қорытынды тұжырымы). Эссе
Эссе – дербестендірілген сипаттағы жанр; «шағын көлемді және еркін композициялы, белгілі бір жағдайға немесе мәселеге қатысты жеке әсер мен ой-пікірді білдіретін және тақырыпқа қатысты айқындаушы немесе толыққанды сипаттама болуға ұмтылмайтын прозалық шығарма» (В.С. Муравьев. Қысқаша әдеби энциклопедия. М., 1973). 8-том, 961-бет). Эссенің түрлері: философиялық, тарихи-өмірбаяндық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік, академиялық. Эссенің ерекшеліктері: образдылық, афоризмдік, әңгімелеу сипатын ұстану. Эссеге «қатаң емес» жанрлық сипаттама тән. Сондықтан оның құрылымы өте қарапайым болады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды; эссе кіріспесінің өзіндік ерекше құрылымы болады (екі немесе үш бөлімнен құралған), ол эссенің түріне қарай өзгешеленуі мүмкін. «Заманауи оқу стратегиялары: теория және практика. Мағынаны түсініп оқу және мәтінмен жұмыс» кітабының материалдары бойынша, авторлары Пранцова Г.В., Романичева Е.С
1
шағым қалдыра аласыз













